Таратылатын кәсiпорындардың қызметкерлерiне жәрдемақы төлеудiң механизмiн енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 22 мамырдағы N 729. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес әрi шығынды кәсiпорындардың банкроттығы мен таратылуының әлеуметтiк салдарын төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн және банкроттық туралы заңға сәйкес таратылған кәсiпорындардың мүлкiн өткiзуден алынған қаражаттың мемлекеттiк үлесi Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң есеп айырысу шотына жiберiлсiн; 
      аталған қаражат таратылатын кәсiпорындардан босатылатын қызметкерлердiң екi айлық жалақысы мөлшерiнде жәрдемақының жетпеген сомасына өтемақы үшiн пайдаланылсын; 
      таратылатын кәсiпорындардан босатылатын қызметкерлерге жәрдемақы төлеу процедурасы аяқталғаннан кейiн осындай қаражаттың қалдығы мемлекеттiк бюджетке жiберiлсiн; 
      2. Аталған қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.
      3. Қызметкерлерi жәрдемақымен қамтамасыз етiлуге жататын таратылатын кәсiпорындардың тiзiмi қоса берiлiп отыр.      

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1995 жылғы 22 мамырдағы      
N 729 қаулысына          
қосымша                

            Қызметкерлерi екi айлық жалақы мөлшерiндегi
             жәрдемақымен қамтамасыз етiлуге жататын
                     таратылатын кәсiпорындардың
                              Тiзiмi

     "Гарант" АҚ, Ақтөбе облысы
     "Ақтас" АҚ, Ақтөбе облысы
     "Шалқарқұрылыс" АҚ, Ақтөбе облысы
     "Қиыршық тас зауыты" АҚ, Жамбыл облысы
     "Құрылыс-монтаж басқармасы - ҚМБ" АҚ, Жамбыл облысы
     "Монолит құрылыс фирмасы" АҚ, Семей облысы
     "Барлау" АҚ, Атырау облысы
     "Қайрақтыауырқұрылыс" АҚ, Жезқазған облысы

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады