Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректi босату ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 мамырдағы N 752 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1287 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу туралы" 1993 жылғы 23  қаңтардағы N 1925-ХII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының  Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректi босату Ережелерi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1995 жылғы 29 мамырдағы     
N 752 қаулысымен       
бекiтiлген          

Қазақстан Республикасының ормандарында
өсiп тұрған сүректi босату
Ережелерi

Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректердi босату Ережелерi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес жасалған және ол сүректердi, қосымша ағаш материалдарын дайындау мен тасуды, алқаағаштардан шырын ағызу орман пайдалануды жүзеге асыруға, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануды жүзеге асыруға, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануды жүзеге асыруға байланысты және байланыссыз да басқа жұмыстарды өндiруге байланысты өндiрiстiк объектiлердi тұрғызу үшiн орман алқаптарын ормансыз алқаптарға көшiру кезiнде, орман қоры жерлерi құрамынан шығарылатын орман алқаптарын тазарту кезiнде ағаш кесудi жүзеге асыратын орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылар, өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады.
      Осы Ереженiң, орманның меншiк нысанына қарамастан, пайдалануға берiлген орман қоры, оның iшiнде жалға беру жағдайындағы телiмдердi қоса отырып, Қазақстан Республикасының орман қорының барлық аумағы үшiн күшi бар.
      2. Сүректi, қосымша ағаш материалдарын, алқаағаштардан шырын мен шайыр ағызуды дайындауға және тасуға ағаш саудаласуы (аукциондары) арқылы сатылған сүректi сатып алу-сату шарты негiзiнде орман иеленушi берген, өсiп тұрған сүректi шағындап босатуға арналған, тек ағаш кесу билеттерi мен ордерлерi бойынша рұқсат етiледi. <*>
      Ағаштар мен қосымша ағаш материалдарын дайындау мен тасу немесе алқаағаштардан шырын және шайыр ағызу үшiн ешбiр басқа құжаттар, сондай-ақ лауазымды адамдардың ауызша өкiмi негiз бола алмайды.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
      3. Өсiп тұрған сүректi шағындап босатуға арналған ағаш кесу билеттерi мен ордерлерiнiң нысанын, сондай-ақ оларды есепке алу, сақтау, жазып толтыру және беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органы белгiлейдi.
      Ағаш кесу билетiнде орман пайдаланушының атауы, оның салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен заңды мекен-жайы, орманды пайдаланудың түрi, көлемi мен мерзiмдерi, өсiп тұрған сүрек үшiн төлем сомасы көрсетiледi.
      Өсiп тұрған сүректi шағындап босатуға арналған ағаш кесу билеттерi мен ордерлерiнiң бланктерi* барлық орман иеленушiлер үшiн Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органы арқылы республика үшiн бiрыңғай үлгiде бiр орталықта әзiрленедi және қатаң есептегi бланктер ретiнде ескерiледi.
      * бұдан әрi текст бойынша - "ордер"
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.15. N 431 қаулысымен
      4. Ағаш кесу билетi немесе ордер жөнiндегi құқықты бiр орман пайдаланушыдан басқа бiр орман пайдаланушыға беру осы құжатты олардың жазбаша өтiнiштерi негiзiнде, облыстық орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органының рұқсатымен беретiн орман иеленушiлердiң дайындау үшiн белгiлеген мерзiмдерi шеңберiнде жүргiзiледi.
      Құқықты басқа орман пайдаланушыға берудi белгiлеудi орман иеленушi ағаш кесу билетiнiң, ордерiнiң барлық данасында жүзеге асырады.
      5. Сүректердi, қосымша ағаш материалдарын дайындау, алқаағаштардан шырын мен шайыр ағызу мақсатында орман қоры телiмдерiн пайдалану құқын тоқтату мынадай жағдайларда:
      а) орман ресурстарын пайдаланбағаны үшiн тиiстi айып сомасын орман пайдаланушыларға төлей отырып орман пайдаланудан өз еркiмен бас тартқанда немесе орман пайдалану мерзiмi бiткенде;
      б) орман қорының телiмi пайдалануға берiлген кәсiпорынды немесе шаруашылық қызметiндегi басқа да субъектiнi таратқанда;
      в) орман пайдаланудың белгiленген тәртiбi мен ережесiн бұза отырып орман пайдалануды жүзеге асырғанда;
      г) ормандардың жәй-күйiне, өсiрiлуiне терiс ықпал ететiн, олардың экологиялық қызметiн төмендететiн, сондай-ақ топырақ эрозиясының пайда болуын және басқа тұрлаусыз процестерге әкеп соқтыратын әдiстермен орман пайдалануды жүзеге асырғанда;
      д) орман пайдаланушылар рұқсаттық құжаттарда көзделген мiндеттердi орындамағанда;
      е) рұқсаттық құжаттарда көзделген орман пайдаланудың одан әрi мүмкiндiгiн тоқтататын қорғаныштық топтар мен категорияларға ормандарды жатқызғанда;
      ж) орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi мерзiмiнде жасамағанда жүзеге асырылады.
      Орман қоры телiмдерiн пайдалану құқын тоқтатуды оны берушiлер орман иеленушiнiң ағаш кесу билетi мен ордерiн жоя отырып ресiмдейдi.
      Орман қоры телiмдерiн пайдалануға құқық тоқтату туралы шешiммен орман пайдаланушы келiспеген жағдайда ол осы тәртiбiмен шағым бере алады.
      6. Орман пайдаланудың түрлерiне қарай орман пайдаланушылар мыналарға:
      а) жұмысты ормандардың жай-күйiне және ұлғайта өсiрiлуiне, басқа табиғат объектiлерiне керi әсер жасалмайтын тәсiлдермен жүргiзуге;
      б) топырақ эрозиясының тууына жол бермеуге;
      в) санитарлық ережелер мен өрт қауiпсiздiгiн сақтауға, жұмыстар атқарылатын жерлерге орман иеленушiлер белгiленген көлемде өртке қарсы шараларды жүргiзуге, ал орман өрттерi шыққан жағдайда оларды сөндiрудi жүзеге асыруға;
      г) орман пайдалануды жануарлар дүниесiн және олар өмiр сүретiн ортаны сақтауды қамтамасыз ететiн тәсiлдермен жүргiзуге;
      д) кеспеағаштарды кесу, қалдықтарынан тазартуды жүргiзуге, орман пайдалануды жүзеге асыру кезiнде бүлiнген орман қоры телiмiн рұқсат құжаттарда көрсетiлген және оларды белгiлi мақсатта пайдалану үшiн өз есебiнен жарамды күйге келтiрiп беруге, ағашы кесiлген жерлерде, сондай-ақ олардың қызметi салдарынан жойылған немесе оталған орманды қалпына келтiрудi жүзеге асыруға.
      Кеспеағашты кесу қалдықтарынан тазарту сүректi, қосымша ағаш материалдарын дайындау кезiнде бiр мезгiлде, рұқсат құжаттарда белгiленген тәсiлмен және уақытта атқаруға;
      е) оларға берiлген кеспеағаштарды, ал сондай-ақ шырын ағызуға және қосымша ағаш материалдарын дайындау үшiн бөлiнген орман ағаштарын барынша толық және ұтымды пайдалануға;
      ж) ағаш кесiлген жерлерде кесiлмеген ағаштар мен дайындалған сүректi және оларды дайындау мен тасу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн орманда қалдырмауға;
      кесуге белгiленген ағаштар мен орман телiмi, бiрақ рұқсат құжаттарында көзделген мерзiмде кесiлмесе, олар кесiлмеген ағаштар болып есептеледi;
      з) жолдар табаны үшiн, ағаш қоймалары, басқа да ғимараттарға арналған орман алаңдарын өңдеу мен тазарту кезiнде орман жерлерiн қоқыстандыруға, сондай-ақ орман жиегiне жанасатын ағаштарды жылжытуға және кесiлген ағаштарды қалдыруға жол бермеуге;
      и) жазғы кезеңде ормандарда қылқан, қабықталған сүректiң қабықтарын немесе көлеңкелей отырып сүректi тығыздай қатарлап үюдi немесе оларды зиянды жәндiктер мен ауруларға шалдығудан сақтандыратын басқа тәсiлдермен өңдеу, қорғауды қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес жүргiзуге;
      к) орман пайдалануды жүзеге асыру кезiнде рұқсат құжаттарда сақталуы көзделген тұқымдық топырақтар мен алқаптардың, тұқымдықтардың және басқа кесуге жатқызылмаған ағаштардың, өскiндер мен жас шыбықтардың сақтаушы, кеспеағашқа жапсарлас алқаағаштардың, сондай-ақ шекаралық, шаршылық, мөлдектiк бағаналар мен ағаштардағы және түбiрлердегi таңбалардың сатылуын қамтамасыз етедi. Алқаптардағы өсiндер мен жас шыбықтардың сақталу тәртiбiн Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органы бекiтедi;
      л) сүректi тасып шығару кезiнде бүлдiрiлген соқпақтарды, жолдарды, көпiрлер мен басқа да ғимараттарды тиiстi жәй-күйiне келтiруге және сақтауға;
      м) орманды пайдаланғаны үшiн ақыны белгiленген мерзiмiнде төлеуге;
      и) орман заңдары мен орман пайдалану ережелерiнде көзделген басқа да талаптарды орындауға мiндеттi.

Сүрек дайындау

      7. Орман пайдаланудың белгiленген тәртiбiне сәйкес өсiп тұрған сүректердi босату мынадай жолмен жүргiзiледi:
      а) басты мақсатта пайдалану үшiн бiрiншi және екiншi топтардағы ормандарда ағаш кесу барысында-қорықтардан, ұлттық және тарихи-табиғи саябақтардан, табиғат ескерткiштерi, қорықтар аймақтарынан, ғылыми маңызы бар ормандардан, орман саябақтарынан, жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарынан, жемiс ағаш екпелерiнiң ормандарынан, қала ормандарынан, жасыл аймақтардың орман саябақтары бөлiктерiнен, сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтары бiрiншi және екiншi белдеулерiнiң ормандарынан және курорттарды санитарлық қорғау округтерiнiң бiрiншi және екiншi аймақтарынан, мемлекеттiк орман алқаптары, эрозияға қарсы және субальпiлiк ормандарынан, ерекше құнды орман алқаптарынан, өзендер, көлдер, су қоймалары және басқа су объектiлерi жағалауларының тыйым салынған алқаптары ормандарынан (су жайылатын жерлердегi жапырақты ағаштардан басқалары), сондай-ақ ерекше қорғалатын телiмдердегi ормандардан басқа.
      Аталған қорғаныштық категориялардағы ормандарда тек орманды күтiп баптау үшiн кесуге және санитарлық кесуге, сондай-ақ облыстық мемлекеттiк орман шаруашылығын басқару органының рұқсаты бойынша басқадай кесуге не кесуге, шаруашылық жағынан құндылығы аз және қорғаныштық, су қорғаушылық қасиеттерiн жоғалта бастаған және экологиялық қызметiн қайта құруға байланысты ағаштарды кесуге ғана жол берiледi.
      Кесу ережелерiнде көрсетiлген тiзбеге сәйкес басты мақсатта пайдалану үшiн құнды және сирек, сүрек пен бұталық тұқымдарды кесу белгiленбейдi.
      б) аралық пайдаланудағы бiрiншi және екiншi топтардағы ормандарда орманды күтiп-баптау үшiн кесу мен санитарлық кесу және құндылығы аз орман екпелерiн қайта құруға байланысты кесудi жүргiзген кезде;
      в) ағашты басқа мақсатта кесудi жүргiзу кезiнде (гидротораптардың, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын салған кезде, өртке қарсы алаңқайлар жасаған кезде орман алаңдарын тазарту).
      Ағашты басқа да кесу жұмыстарды жүргiзуге арналып бекiтiлген жобалар мен техникалық жағдайларға сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Ағашты басты мақсатта пайдалану үшiн кесуге және орманды күтiп-баптау үшiн кесуге тек есептегi кеспеағаш пен жыл сайынғы аралық пайдалану көлемi белгiленген тәртiпте анықталған шаруашылықтарға ғана рұқсат берiледi.
      9. Ағаш кесудiң барлық түрi белгiленген тәртiпте бекiтiлген ережелерге (нұсқаулар мен ережелерге) сәйкес жүргiзiледi.

Сүректi дайындаудың, тасудың мерзiмi мен тәртiбi
және мерзiмдi кейiнге қалдыруға рұқсат алу

     10. Ағашын кесу белгiленген кеспеағашта сүрек дайындау мерзiмi сол жылғы қаңтардың 1-нен желтоқсанның 31-iне дейiн, ал тасу мерзiмi келесi жылғы мамырдың 1-iне дейiн белгiленедi.
      11. Сүректi ұсақ ағаш дайындаушылар мен азаматтарға босату кезiнде орман иеленушi ағаш дайындау көлемiне қарай оны дайындау мен тасып алуға қысқа мерзiм белгiлеуi мүмкiн.
      12. Сүректi босату кезiнде оның кеспеағаш алаңынан тасып шығарылуын сан жағынан есептей отырып, қанша дайындалғанын куәландырғанға дейiн ағаш кесу билетiнде немесе ордерде көрсетiлгендей уақытша ағаш қоймасында рұқсат берiледi.
      Алқаағаштардағы өрт зақымдаған, сондай-ақ дауыл омырған және жел сұлатқандарын өңдеу есебiнен сүректi сан жағынан есепте, босату кезiнде осы сүректi есептеудi ұйымдастыру кезiнде оны төменгi қоймаға тасуға рұқсат етiледi.
      13. Гидротораптар, құбырлар, жобалар, байланыс пен электр желiлерi құрылысына, кен орнын әзiрлеу, пайдалы кен өндiру iсiне байланысты тазартылатын алаңдағы сүрек босату, орманды алқапты ормансыз алқапта көшiруге байланысты өзге жағдайларда ағаштарды кесу жобалық құжаттамадағы осы жұмыстарды жүргiзу үшiн белгiленген мерзiмде атқарылады. Мұндай жағдайда рұқсат құжаттарды жыл бойы ағымдағы жылы игеру көзделген сүрек санына қарай берiледi.
      14. Орман иеленушiлердiң өздерi орманды күтiп-баптау және санитарлық кесу, мәдени ормандық, өртке қарсы және басқадай орман шаруашылық шараларын жүргiзу кезiнде, ағашты кесiлген жерлерде тұтынушыларға сату жағдайында дайындалған сүректi тасып алудың мерзiмi ағаш кесу билеттерiнде, ордерлерде көрсетiлмейдi. Осы сүректi тұтынушылардың, сондай-ақ орман иеленушiлердiң қарауына келiп түсетiн сүректi (иесiз, ағаш дайындаушылар дер кезiнде тасып алмаған және рұқсатсыз кесiлген) тасып алу мерзiмiн осындай сүректiң санына, тасып алу маусымына, тасымалдау жолдарына және басқа жағдайларға байланысты орман иеленушiлер осы сүректi тұтынушыларға берiлетiн күннен бастап 12 айға дейiнгi мерзiмге белгiлейдi.
      15. Басталған және ол жұмыс белгiленген мерзiмде аяқталмаған кеспеағаш болған жағдайда, сондай-ақ дайындалған сүрек орман iшiнде қалдырылған, бiрақ мерзiмiнде тасып алынбаған жағдайда ағаш дайындаушы бұл жұмыстарды бес айдан аспайтын мерзiм iшiнде жүргiзу үшiн уақытты кейiнге қалдыруға рұқсат алуы мүмкiн.
      Мерзiмдi кейiнге қалдыруға рұқсатты орман иеленушi ағаш дайындаушының жазбаша өтiнiшi бойынша бередi, ал бұл өтiнiш сүрек дайындауды аяқтау немесе оны тасып алу жөнiнде белгiленген мерзiмнен кейiн қалдырылмай берiлуге тиiс.
      Азаматтарға сүректi дайындауды немесе алып кетудi кейiнге қалдыруды шегеруге рұқсат олардың айтқан өтiнiштерi бойынша, егер олар сүректi дайындау мен әкету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн жасалмаса рұқсат берiледi.
      16. Сүрек дайындауға арналған мерзiм кейiнге қалдырылған жағдайда өсiп тұрған күйiнде қалған сүректiң таксациялық құнының айына 1,5 процентi мөлшерiнде ағаш дайындаушыдан өсiм алынады.
      Сүректi тасып әкету мерзiмi кейiнге қалдырылған жағдайда ағаш дайындаушылар кейiнге қалдырудың әр айы үшiн мерзiмiнде тасып әкетiлмеген сүрек көлемiн есепке ала отырып, оның таксациялық құнының 4,5 процентi мөлшерiнде өсiм төлейдi.
      Орман иеленушi ағаш дайындаушының өтiнiмiне көрсетiлген кесiлмей қалған және тасып әкетiлмеген сүректiң санына сәйкес бақылау тексерiсiн жүргiзуге мiндеттi.
      Ағаш кесу немесе ордерге мерзiмнiң кейiнге қалдырылуы туралы белгi жасауды орман иеленушi жүргiзедi.
      Орман иеленушi орманды күтiп-баптау үшiн кесуi және басқадай кесуi тәртiбiмен дайындалған сүректi тұтынушылардың тасып алуына да және орман иеленушiнiң қарамағына келiп түскен сүректi (иесiз және басқа сүректердi) франко-кеспеағаш тұрғысында сатуына осындай тәртiпте мерзiм кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
      17. Ағаш кесiлген жерлерден тасылып алынған сүрек, егер ол темiр және тас жолдар бойындағы қоймаларға, қондырғылар мен өңдеу үшiн бейiмделген, сондай-ақ ағаш тасылатын жолдар бойындағы немесе орман иеленушiмен келiсiлген және ағаш кесу билетiнде немесе ордерде көрсетiлген жерлерде орналасқан басқа да қоймаларға тасылып жеткiзiлген болса, тасылып алынған болып есептеледi.
      Белгiленген мерзiмдер өткеннен кейiн тасып әкетiлген сүрек (берiлген мерзiмiн кейiнге қалдыруды ескере отырып), сондай-ақ өз бетiмен кесiлген сүрек орман иеленушiнiң билiгiне түседi және олар заңнамада белгiленген тәртiппен сатады.
      Ескерту. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.15. N 431 қаулысымен
      18. Өздерiне бөлiнген кесiлетiн ағаш қорын толық пайдаланған ағаш дайындаушылар облыстық орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органының рұқсаты бойынша осы жылғы 1 қазаннан бастап өздерiне келесi жылға бөлiнген кесiлетiн ағаш қорының 20 процентке дейiнгi мөлшерiнде кеспеағашты жедел түрде кесе алады. Бұл орайда рұқсат тек кесу алқабын анықтаған, пайда болған қателiктерiн жойған соң ғана және кеспеағаштың жыл сайынғы есептелген белгiленген шегiнде берiлуi мүмкiн.

Кесiлетiн ағаш қоры

      19. Кесiлетiн ағаш қоры басты мақсатта пайдалану жөнiнде сүрек дайындау үшiн белгiленген толысу мерзiмi жетiлген сүректiң қорынан құралады.
      Кесiлетiн ағаш қорының жыл сайынғы мөлшерi ормандардың жеке-дара топтары бойынша қылқан жапырақты, қатқыл жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша бөлiнген мәлiметтермен анықталады.
      20. Кесiлген ағаш қоры ағаш дайындаушылардың ағаш саудаласуына (аукциондарына) қатысуға жазбаша өтiнiмдерi негiзiнде қалыптастырылады, олар қаңтардың 1-iнен наурыздың 1-i аралығын қоса мерзiмде, ағаш дайындау басталғанға дейiн бiр жыл бұрын облыстық орман шаруашылығын мемлекеттiк органына жолданады. <*>
      Ағаш саудаласуына (аукциондарына) Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн ағаш дайындаушылар жiберiледi.<*>
      Ескерту. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
      21. Облыстық орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органы өтiнiмдер қабылдау аяқталғаннан кейiнгi 15 күндiк мерзiм iшiнде өтiнiм жасалған кесiлетiн ағаш қорын орман иелерi бойынша олар үшiн белгiленген есептегi кеспеағаш шегiнде орналастырылады. Сәуiрдiң 15-iне дейiнгi мерзiмде облыстық экономика комитетiмен келiскеннен кейiн облыс бойынша материалдар деректерi Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органына жiберiледi. <*>
      Ескерту. 21-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
      22. Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органы мамырдың 15-iне дейiнгi мерзiм iшiнде кесiлетiн ағаш қорын орман иелерi бойынша бөлу жөнiндегi материалды қарайды, оны бекiтедi және облыстық орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органдарына жеткiзiп бередi.<*>
      Ескерту. 22-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
      23. Кесiлетiн ағаш қорын орман иелерi бойынша бөлу жөнiндегi бекiтiлген материалдарды маусымның 10-на дейiнгi мерзiм iшiнде облыстық орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органы орман иеленушiлер мен ағаш дайындаушыларға жеткiзедi. <*>
      Ескерту. 23-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
      24. <*>
      25. <*>
      Ескерту. 24,25-тармақтар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.04.15. N 431 қаулысымен
      26. Жалға берiлген орман қоры телiмдерiндегi басқадай ағаш дайындаушыларға кеспеағаш бөлiп беруге тыйым салынады.
      27. <*>
      Ескерту. 27-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.04.15. N 431 қаулысымен .
      28. Кесiлетiн ағаш қорын бөлу және таксациялау жөнiндегi нақты жұмыс ағаш саудаласуына (аукциондарға) қатысуға өтiнiм берген жылдың қыркүйек айының 1-iне дейiн аяқталуға тиiс, сонан соң орман иеленушi бөлiнген кеспеағашты материалдық және ақшалай бағалау құжаттарымен ағаш дайындаушыға танысу үшiн ұсынады. <*>
      Ескерту. 28-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
      29. Ағаш дайындаушы өзiне бөлiнген кеспеағашты қарап шығуға, материалдық және ақшалай бағасымен танысуға құқы бар. Орман иеленушiнiң мәлiметтерiнiң ағаш дайындаушылар мәлiметтерiнен айырмашылығы болған жағдайда, соңғысы ағаш кесу билетiн немесе ордердi алғанға дейiн орман иеленушiге жазбаша түрде қажеттi негiздеулермен өзiнiң қарсылығын бiлдiруге құқы бар. Орман иеленушi ағаш дайындаушыға тексерiс жүргiзiлетiн күн жөнiнде күнi бұрын хабарлайды және 10 күн iшiнде жергiлiктi жерде ағаш дайындаушы өкiлiнiң қатысуымен берiлген шағымды тексередi, тексерiс нәтижесi жөнiнде акт жасалады. Ағаш дайындаушының өкiлi келмей қалған жағдайда белгiленген мерзiмде орман иеленушi бiр жақты негiзде тексерiс жүргiзедi. Осылай жасалған тексеру актiсi ағаш дайындаушы үшiн мiндеттi болып табылады. <*>
      Орман иеленушiнiң алғашқы мәлiметтерiнен тексеру барысында анықталған 10 проценттен астам ауытқушылық, сондай-ақ ағаш кесу, кеспеағашты бөлу мен таксациялау ережелерiнен бас тартушылықты орман иеленушi 10 күн мерзiм iшiнде түзеуге тиiс.
      Ескерту. 29-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
      30. <*>
      Ескерту. 30-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
      31. Ағаш дайындаушы өзiне кесiлетiн ағаш қоры алдын-ала берiлгеннен кейiн осы Ережелердiң 49-55 тармақтарына сәйкес қабылдап алынған кеспеағаштарда дайындық жұмысын жүргiзуге құқы бар.
      32. <*>
      Ескерту. 32-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.15. N 431 қаулысымен .
      Ескерту. 32-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
      33. <*>
      Ескерту. 33-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
      34. Ағаш дайындаушыға келесi жылға арнап кесiлетiн ағаш қорын ресiмдеген кезде оған берiлетiн кесiлетiн ағаш қоры есебiне оған қалдырылған кесiлмеген ағаштар, кесу мерзiмi кейiнге қалдырылған ағашын кесу жұмысы аяқталмаған кеспеағаштар, өткен жылда ағашын кесу басталмаған кеспеағаштар, сондай-ақ дайындалған, бiрақ мерзiмiнде тасып алынбаған (мерзiмi кейiнге қалғанын ескере отырып) сүрек жатқызылады.
      35. Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органы қажет болған жағдайларда кесiлетiн ағаш қорын пайдалануға арналған рұқсат құжаттарды алу мерзiмiн ұзарта алады, мұның өзi ағаш дайындаушыны айыпқұннан босатпайды.
      Ескерту. 35-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.15. N 431 қаулысымен .
      36. <*>
      Ескерту. 36-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.04.15. N 431 қаулысымен .
      37. Орманды күтiп-баптау үшiн кесу, санитарлық кесу және басқа орман шаруашылығы, мәдени орман мен өртке қарсы шараларды жүргiзу кезiнде ғылыми-зерттеулердi, геологиялық орман орналастыру және басқа iздестiру мен зерттеу жұмысын, мелиорациялық жұмыстарды, құрылыс пен жолдарды жөндеудi,жолдық ғимараттарды салуды, құбырлар төсеудi, байланыс пен электр беретiн желiлер тартуды жүзеге асырушы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ шалғайдағы мал шаруашылығы қызметкерлерi мен жергiлiктi халық бүкiл жыл бойына ағаш кесу билеттерi мен ордерлердi алу құқын пайдаланады.
      38. Кесiлетiн ағаш қорын пайдалануға рұқсат құжаттарды алған күннен бастап ағаш дайындаушыға берiлген кеспеағаш оның қорғауына тапсырылған болып есептеледi, мұнда оған осы Ережелерде көзделген мiндеттердiң бәрi жүктеледi және де материалдық және ақшалай бағалаумен келiспеушiлiгi туралы шағымы қабылданбайды.
      39. Қажет болған жағдайларда орман иеленушiлер облыстық орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органының рұқсатымен ағаш дайындаушыларға жұмыс атқарылатын жерлерде берiлген, оның iшiнде бөлiнген сау алқаағаштарда ағашын кесу басталған кеспеағаштарды, екпелерiнде табиғи апат, орман аурулары мен зиянкестер бүлдiрген кеспеағаштарды алмастыра алады.
      40. Бiр жылға бөлiнген мөлшерден тыс сүректi қосымша босатуға:
      а) <*>
      б) барлық топтағы ағаштарда облыстық орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органдарының рұқсатымен:
      жел құлатқан, өртенген ағаштарды кесу жүргiзу талап етiлетiн алқағаштарда жоспарда белгiленгендегiден тыс ормандарды күтiп-баптау үшiн кесу және санитарлық кесу тәртiбiмен, сондай-ақ орман орналастыруды жүргiзу барысында белгiленетiн көлемде жекелеген ағаштарды, тұқымдық және сирек ағаштарды кесу тәртiбiмен;
      белгiленген тәртiппен орманды алқапты ормансыз алқапқа көшiруге байланысты, сондай-ақ ағымдағы байланыс желiлерiн және электр берудi, жолдарды, құбырларды, соқпақтарды, шекаралық желiлердi, мелиорациялық желiлердi ұстауға байланысты ағаштарды басқа да кесудi жүргiзгенде;
      в) орман иеленушiнiң рұқсатымен барлық топтағы ормандарда:
     белгiленген жоспар бойынша мәдени орман, орманға орналастыру, өртке қарсы және басқа орман шаруашылық жұмыстарын жүргiзуге байланысты ағаштарды кескенде;
      кеме жүру жағдайында белгiлердiң көрiнуiн қамтамасыз ету үшiн ағаштар мен бұталары, сондай-ақ кеме жүруiне қауiп тудыратын ағаштарды кесу барысында;
     тоқу және басқа мақсаттар үшiн бұта (талдар) талдарды кесу есебiнен;
     шырпы және кеуiп тұрған сүректер есебiнен;
     орман шаруашылығының қажетi үшiн орманшылық жылы (есептелген кеспеағашты толық пайдаланбағанда) iскерлiк кеспеағашты 100 куб. метрге дейiн дайындау үшiн, орман қоры аумағында салынатын жолдар, байланыс және электр беру желiлерi, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, геологиялық iздестiру және зерттеу жұмыстарын жүргiзуге дайындау үшiн шағын топтармен босатуға рұқсат етiледi.
      Ескерту. 40-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .

Шайыр дайындау

      41. Шайыр дайындауға осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген қорғаныштық категориялардан басқа, бiрiншi және екiншi топтардағы ормандарда рұқсат етiледi және ол Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органы бекiтетiн шайыр дайындау Ережесiне сәйкес жүргiзiледi.
      42. Мiндеттi түрде шырын алу аймағындағы шайыр дайындау басты мақсатта пайдалану үшiн кесуге арналған барлық толысқан алқаағаштарда жүргiзiледi. Егер толысқан сүрекдiңде шырын алудың шикiзат базасы сарқылған болса, онда шырын ағу мерзiмi аяқталғанға дейiн кесу жасына жететiн толыса бастаған алқаағаштарда жүргiзiлуi мүмкiн.
      43. Алқаағаштарды шырын ағызу мерзiмiмен бұрын есептен шығаруға тек олардың санитарлық жәй-күйi күрт нашарлаған немесе өрттен зақымданған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
      44. Қазақстан Республикасының ормандарында шайыр дайындау Ережелерiне сәйкес белгiленген алқаағаштардан шырын алуды жүргiзу мерзiмi сол жұмыстар басталатын жылғы қаңтардың 1-iнен жылдың соңы желтоқсанның 31-iне дейiн бүкiл кезеңiне арнап белгiленедi.

Қосымша ағаш материалдарын дайындау

      45. Қосымша ағаш материалдарын дайындау, әдеттегiдей, кесуге бөлiнген сүрекдiңдерде жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органы бекiтетiн қосымша ағаш материалдарын дайындау Ережелерiне, сондай-ақ ағаш кесу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      46. Өнеркәсiптiк ұқсату, ағаш кәсiпшiлiгiн дамыту және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн қосымша ағаш материалдарын дайындау орманға залал келтiрмейтiндей етiп жүзеге асырылуға тиiс.
      Қабық пен сүрек көгершiн дайындау мақсатымен өсуi тоқтаммаған ағаштарды кесуге тыйым салынады.
      Қабық пен сүрек көгершiн (қылқан жапырақтылар мен жалпақ жапырақты тұқымдар бұталарын) дайындауға тек ағаш кесудiң барлық түрлерiн сақтау тәртiбiмен кесiлген ағаштардан жүргiзуге рұқсат етiледi.
      Қурап тұрған және ағаштар шырпыларынан қабық дайындауды орман қорының бүкiл аймағында жүргiзуге рұқсат етiледi.
      47. Орман iшiндегi дайындау, ұқсату және қосымша ағаш материалдарын тасу мерзiмдерiн ағаш дайындаушылармен келiсiм-шарт бойынша 12 айға дейiнгi шекте орман иеленушi белгiлейдi. Дайындалған қосымша ағаш материалдарын куәландырғанға дейiн рұқсат құжаттарда көрсетiлген уақытша ағаш қоймаларына тасып әкелуге ғана жол берiледi.
      48. Ағаш дайындаушылардың қосымша ағаш материалдарын тасымалдауды кейiнге қалдыруына осы Ережелердiң 16-тармағында көзделген тәртiппен рұқсат етiледi.

Даярлық жұмыстары

      49. Даярлық жұмыстарына мыналар:
      сүректi алғаш бөлу мен өңдеу үшiн қондырғы мен жамылғылар салу, сондай-ақ уақытша мақсаттағы түрлiше тұрпатты ғимараттар, тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстар салу;
      ағаш қоймалары мен олар орналастырылатын алаңдарды тазарту;
      ағаш таситын жолдар салу мен сүрлеулер жасау;
      соқпақтарда кеспеағаштарды бөлу, жұмыс қауiпсiздiгiне бөгет жасайтын ағаштарды жинастыру, сондай-ақ кеспеағашты пайдалануға даярлыққа байланысты басқа да жұмыстар жатады.
      50. <*>
      Ескерту. 50-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
      51. <*>
      Ескерту. 51-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
      52. Даярлық жұмыстарын (жолдар, ағаш қоймаларын салу т.б.) жүргiзуге байланысты кеспеағаш шегi сыртындағы алаңдарды бөлiп беруге - бiрiншi топта облыстық орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органының, екiншi топта - орман иеленушiнiң рұқсатымен жол берiледi.
      53. Даярлық жұмыстарын жүргiзу кезiнде дайындалған сүрек ағаш дайындаушыға бөлiнген кесiлетiн ағаш қоры есебiне жатқызылады.
      54. Қосымша ағаш материалдарын дайындаушылар белгiленген тәртiпте ағаш материалдарын ұқсату үшiн уақытша қондырғылар, сол сияқты рұқсат құжаттар берiлген күннен бастап өнiмдер үшiн уақытша қора-қопсы мен қоймалар салуға құқысы бар.
      55. Белгiленген тәртiпте тұрғызылған құрылыстар, ғимараттар, қондырғылар мен лапастарды ағаш дайындаушы сүректер мен орман материалдарын тасып алуды аяқтаған соң бiр жыл iшiнде бұзып алуға тиiс. Белгiленген мерзiм iшiнде бұзып алынбаған барлық құрылыстар, ғимараттар, қондырғылар мен лапастар орман иесiнiң қарамағында қалады.
      Облыстық орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органы қажет болған жағдайда құрылыстарды, ғимараттарды, қондырғылар мен лапастарды неғұрлым ұзақ мерзiмге ағаш дайындаушының қарамағында қалдыруға құқы бар.

Ағаш кесетiн, алқаағаштардан шырын мен шайыр
алатын және қосымша ағаш материалдарын дайындайтын
жерлердi куәландыру

      56. Орман иеленушi орман пайдаланушылардың қолданылып жүрген орман заңдары талаптарын берiк сақтауына, ал жұмыстар аяқталған соң кеспеағаштардың толықтығын және дұрыс әзiрлеуiн, алқаағаштардан шырын мен шайыр алынуын жүргiзудi, қосымша ағаш материалдарын дайындауды анықтау мақсатында, сондай-ақ орман пайдалануды кесiлмей қалған ағаштар мен тасылып алынбаған сүректi, қосымша ағаш материалдарын және басқа тәртiп бұзушылықты анықтау үшiн ұдайы бақылауды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органы бекiтетiн алқағаштарды кесетiн, шырын мен шайыр алатын, қосымша ағаш материалдарын дайындайтын жерлердi куәландыру жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес алқаағаштарды кесетiн, шырын мен шайыр алатын, қосымша ағаш материалдарын дайындайтын жерлердi куәландыруды жүргiзуге мiндеттi.
      57. Рұқсат құжаттарда көрсетiлген тасымалдау мерзiмi аяқталған жерде ағашы кесiлген және қосымша ағаш материалдары дайындалатын барлық жерлер, сондай-ақ жыл сайын шырын ағуының белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiнгi шырын ағатын барлық алқаағаштар орналасқан жерлер куәландырылады.
      Мерзiмнiң аяқталуы бойынша сүрек пен қосымша ағаш материалдарын дайындау мен тасып алуға арналған мерзiмдi кейiнге қалдыруды беру кезiнде осы шегерушiлiктi қайтадан куәландырылу жүргiзiледi.
      58. Сүрек пен қосымша ағаш материалдарын саны бойынша есепке ала отырып босату кезiнде оларды тасып алу басталғанға дейiн олар уақытша тасып үйiлген жерлердегi дайындалған сүрек пен қосымша орман материалдары санына куәландыру жүргiзiледi. Бұл орайда өрт зақымданған алқаағаштарда, сондай-ақ дауыл құлатқан және жел сұлатқан ағаштарды әзiрлеу кезiнде осы сүректi есепке алуды ұйымдастырған жағдайдағы төменгi қоймаларда куәлiк беру жүргiзiлуге тиiстi.
      59. Куәландыру мынадай мерзiмнен кешiктірiлмей:
      ағаш кесiлетiн жерлерде - сүректi тасып шығару үшiн белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап отыз күн iшiнде;
      шырын ағатын алқаағаштар үшiн - жыл сайын шырын ағу мен шайыр ағатын маусым аяғында;
      қосымша ағаш материалдарын дайындалған жерлерде - осы материалдарды тасып алу үшiн белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап 20 күн iшiнде жүргiзiледi.
      60. Куәландыру, жұмыстар аяқталған соң, ағашы кесiлген жерлердегi анықталған кемшiлiктердi дер кезiнде жою және орман шаруашылығы шараларын жүргiзу мақсатымен техникалар мен жұмысшылардың басқа объектiге орын ауыстыруына дейiн жүргiзiлуi керек.
      Жұмыс рұқсат құжатында белгiленген мерзiмнен ертерек аяқталған жағдайда, орман пайдаланушы орман иеленушiге жұмыстардың аяқталған мерзiмi жөнiнде 10 күн бұрын хабарлайды.
      Орман иеленушi жұмыстар аяқталған соң 10 күн iшiнде орман пайдаланушыға куәландыру күнi туралы алдын-ала хабарлап, ағаш кесiлетiн жерлер мен қосымша ағаш материалдарын дайындауды куәландыруды өткiзуге мiндеттi.
      61. Кеспеағаштарды әзiрлеуге объективтi баға беру мақсатында (өскiндi сақтау, кеспеағашты тазарту, т.б.) куәландыру қарсыз кезеңде жүргiзiлгенi орынды болмақ. Табиғат жағдайларының қанағаттанғысыз кезiнде (қар қабатының елеулi қалыңдығы, өзеннiң тасуы, жолдың бұзылуы т.б.) орман пайдаланушымен келiсiм бойынша орман иеленушiнiң анықтауымен куәландыру басқа уақытқа ауыстырылады.
      62. Дайындалған сүректi немесе ағаш кесiлетiн жерлердi куәландыру күнi туралы орман иеленушi орман пайдаланушыға белгiленген мерзiмге дейiн 15 күннен кешiктiрмей хабарлайды.
      Белгiленген мерзiмге орман пайдаланушының өкiлi келмеген жағдайда орман иеленушi куәландыруды оның қатысынсыз-ақ өткiзуге құқы бар. Бұл жөнiнде жасалған куәландыру актiсi орман пайдаланушыға жiберiледi және бұл ол үшiн мiндеттi болып табылады.
      63. Куәландыруды жүргiзушi орман иеленушiнiң өкiлдерiнде мыналар:
      рұқсат құжаттар (ағаш кесу билеттерi, сүректi шағындап босатуға арналған ордер) немесе оның көшiрмесi және сүрек пен қосымша ағаш материалдары тасылып үйiлетiн жерлер көрсетiле отырып куәландырылуға тиiстi әр кеспеағаштың (мөлдектiң) абрисi;
      өлшеуiш аспаптар мен құралдар (бұрыш өлшейтiн құрал, өлшеуiш лента, өлшеуiш айыр және басқа);
      кеспеағаштарды бөлу мен таксациялау материалдары (ағаштарды санау ведомосы, кеспеағаштарды материалдық-ақшалай бағалау ведомосы, кесiлетiн ағаш қорын алдын-ала беру актiсi);
      куәландыру актiлерiнiң, орман бұзушылық туралы актiлердiң бланктерi, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзушылық туралы хаттамалар, есепте алу ведомостары, материалдық-ақшалай бағалаулар, сондай-ақ қажеттi кестелер мен прейскуранттар болуы тиiс.
      64. Куәландыруға қатысатын орман пайдаланушының өкiлдерiне мыналар:
      өз атына жазылған кәсiпорынның (ағаш дайындауышының) сенiм хаты;
      дайындалған сүрек (оның iшiнде кәделiк ағаш, отындық жарамсыз шырпы мен бұтақтар), шайыр, қосымша орман материалының саны туралы кәсiпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қойған анықтама;
      белгiленген тәртiпте рәсiмделген технологиялық карта болуы тиiс.
      Орман пайдаланушы сондай-ақ куәландыру кезеңiнде жұмысшылар мен көлiктiң қажеттi санымен қамтамасыз етедi.
      65. Ағаш кесiлетiн, алқаағаштардан шырын мен шайыр алатын және қосымша ағаш материалдарын дайындайтын жерлердi куәландырудың нәтижелерi және орман иеленушiмен толық есеп айырысуды жүргiзу үшiн қажеттi көрсеткiштер, сондай-ақ оның куәландыру жүргiзу үшiн қажеттi көрсеткiштер, сондай-ақ оның куәландыру кезiнде жасалған ескертпелерi орман иеленушiнiң, орман пайдаланушының өкiлдерi және куәландыруға қатысқан барлық адамдар қол қойған актiге жазылады. Куәландыру актісiне, нақты куәландыру кезiнде алынған мәлiметтерден басқа, сондай-ақ орман пайдаланушының анықтамасының мәлiметi бойынша дайындалған кәделiк және ағаш сүрегi, шайыр мен қосымша ағаш материалдарының саны жөнiндегi мағлұмат енгiзiледi. Анықтама, есептеу ведомосы, абристер мен басқа да қажеттi құжаттар куәландыру актiсiне қоса тiгiледi.
      66. Өсiп тұрған сүректi шағындап босатуға арналған ордерлер бойынша сүрек пен қосымша ағаш материалдарын босату кезiнде куәландыру әрбiр ордер бойынша жүргiзiледi, нәтижелерi ордердiң сыртқы бетiндегi куәландыру актiсiне енгiзiледi. Әрбiр ордер бойынша куәландыру нәтижелерi негiзiнде тұтастай кеспеағаш (мөлдек, телiм) және ағаш кесу билетi бойынша куәландыру актiсi жасалады.
      67. Куәландыру кезiнде қолданылып жүрген орман заңдарын бұзушылық анықталған жағдайларда орман бұзушылық жөнiнде актi жасалады.
      68. Куәландыру нәтижелерi бойынша жинақталған мәлiметтердi орман иеленушi статистикалық есеп берудiң белгiленген нысаны бойынша облыстық орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органына ұсынады.
      69. Ағаш дайындаушыларға бөлiнген кесiлетiн ағаш қорын дұрыс орналастыру мақсатында орман иеленушiлер әр жылғы қаңтардың 1-iндегi жәй-күйге қарай ормандардағы өткен жылы кесiлмей қалған ағаштардың, ағашын кесу аяқталмаған кеспеағаштардың - оған кесу мерзiмi кейiнге қалдырылған және өткен жылдың ағашын кесу басталмаған кеспеағаштардың барлық топтарын, ал 1 мамырға осындай мөлшерi дайындалған, бiрақ тасылып алынбаған, мерзiмi кейiнге қалғанын есепке ала отырып - сүрек санын анықтауға және олардың келесi жылдың кесiлмеген ағаш қоры есебiне жатқызылуына ескертуге мiндеттi.
      70. Куәландыру, нәтижелерiнiң есебi әрбiр кеспеағаш (мөлдек) бойынша жүргiзiледi, ол жөнiндегi мәлiметтер ағаш кесу билетiнде жеке-дара жазылып енгiзiлген. Сондай-ақ кеспеағаштармен қатарлас орналасқан 50 метрлiк алқаптар да куәландыруға жатады.
      71. Ағаш кесiлетiн жерлердi куәландыру кезiнде кеспеағаштардың толымдығы мен әзiрлеу дұрыстығы, кеспеағаштарды әзiрлеу технологиясының технологиялық картаға және ағаш кесу ережелерiне сәйкестiгi (кеспеағаштар мен соқпақтардың енi, жүк тиелетiн алаңдарды, қоймаларды және басқа көмекшi объектiлердi орналастыру, орман өсiру талаптарын сақтау) анықталады.
      Әрбiр кеспеағаш бойынша куәландыру кезiнде мыналар:
      кеспеағаш шекарасының және онымен қанаттас орналасқан 50 метрлiк алқаптың жәй-күйi, сондай-ақ шекаралық, шаршылық, орман шектеу және басқа бағаналар;
     дайындалған сүректiң саны;
     тасылып алынбаған сүректiң болуы;
     тыйым салынған уақыттағы дайындалған және сүйретiлетiн сүрек саны;
     қабығынан аршылмаған немесе басқаша тәсiлдермен қорғалмаған сүректiң болуы;
     ағаштардың болуы;
     тұқымбақтардың, тұқымдық телiм мен алқаптың, сондай-ақ кесуге болмайтын ағаштардың сақталуы;
     сүйемелi ағаштардың болуы;
     биiк түбiрлердiң болуы, ағаштар дiнi мен түбiрлердегi нөмiрлер мен таңбалардың сақталуы;
     өскiндердiң, жас шыбықтардың және орман өсiмдiктерiнiң сақталуы;
     кеспеағашты тазартудың сапасы;
     топырақ эрозиясының тууына ұшыратқан өсiмдiк жамылғысы тұтастығының бұзылуы;
     орманды қалпына келтiру шараларын өткiзу қажеттiгi және орын орындау мерзiмi;
     қолданылып жүрген орман заңдарының өзге бұзылуы анықталады.
     Орманды күтiп-баптау үшiн ағашты кесе отырып өткiзiлген алқаағаштарды куәландыру кезiнде оның өткiзу сапасына ормантану тұрғысында баға (дер кездiлiгi, интенсивтiлiгi, кесуге ұйғарылған ағаштардың негiздiлiгi және т.б.) берiледi бұл жөнiнде куәландыру актiсiнде белгi жасалады.
      Куәландыру кезiнде сондай-ақ ағаш тасылатын жолдар бойына (негiзгi жол, тармақтар, мүйiстер) тасталған ағаштардың саны анықталады.
      72. Орман иеленушiлер жыл сайын шырын (шайыр) ағызу жұмысы басталар шақта берiлген телiмдердегi екпелердiң ұтымды пайдаланылуын және жәй-күйiн, сондай-ақ қабылданған технология мен стимуляторлардың берiк сақталуына тексерудi жүзеге асырады. Маусымның соңында осы екпелердi куәландыруды жүргiзедi.
      Куәландыру кезiнде мыналар:
      шырын (шайыр) ағызудың басталуы мен аяқталуы мерзiмдерiнiң сәйкестiгi;
      орманның нақты шырын ағызылып алынған телiмдерiнiң алаңы мен шекарасының ағаш кесу билетiнде көрсетiлген мәлiметпен сәйкестiлiгi;
     алқаағаштардың жәй-күйi, қоқыстардың бар-жоғы;
     шаршылық, орман шектеу, мөлдектiк және өзге бағаналардың жәй-күйi;
     телiм шегiндегi, сондай-ақ онымен жапсарлас 50 метрлiк алқаптағы кесiлген және зақымдалған ағаштардың (өсуiн тоқтатуының жеке деңгейiне дейiнгiсi және оған тең келмейтiнi) болуы;
     қалдырылған тұқымбақтар мен тұқымдық телiмдердiң сақталуы мен
жәй-күйi, сондай-ақ олардағы таңбалар мен нөмiрлердiң сақталуы;
     жұмыстарды жүргiзудiң қабылданған технологияға сәйкестiлiгi;
     орман заңдарын өзге де бұзу фактiлерi белгiленедi.
     73. Қосымша ағаш материалдары дайындалатын жерлердi куәландыру кезiнде мыналар:
     учаскелердiң алаңы мен шекарасының сәйкестiлiгi;
     ағаш дайындауға бөлiнген алаңдардың толық пайдаланылуы;
     учаскенiң жәй-күйi, оның қоқыстылығы; 
     шаршылық, орман шектеу, мөлдектiк және өзге бағаналардың жәй-күйi;
     телiмдегi сияқты онымен жапсарлас 50 метрлiк алқаптардағы кесiлген және зақымданған ағаштардың болуы;
     топырақ эрозиясының тууына ұшыратқан өсiмдiк жамылғысы тұтастығының бұзылуы;
     жұмыстарды жүргiзудiң қабылданған технологияға сәйкестiлiгi;
     қолданылып жүрген орман заңдарын өзге де бұзушылығы белгiленедi.
      74. Куәландыру процесiне тәртiп бұзушылық болған жағдайда орман пайдаланушыға орман шаруашылығына келтiрiлген нұқсанды өтеу бойынша белгiленген тәртiппен айыптық санкция қолданылады.
      75. Сүрек пен қосымша ағаш материалдарын саны бойынша есептеп босату кезiнде куәландыру дайындалған сүректi немесе материалдарды аралық куәландыру актiлерi бойынша уақытша үйiлген жерлерден тасылып алынуға дейiн жүргiзiледi.
      76. Ағаш дайындаушының анықтамасы және аралық куәландыру актiлерi бойынша алынған мәлiметтер ағаш кесу билеттерiнiң мәлiметтерiмен салыстырылады, сөйтiп, бұл нақты дайындалған сүректiң барлық саны үшiн ағаш дайындаушыға түпкiлiктi есеп айырысу үшiн негiз болып табылады.
      77-82. <*>
      Ескерту. 77-82-тармақтар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.04.15. N 431 қаулысымен .
      83. Орман пайдаланушылармен түпкiлiктi есеп айырысудың негiзi мыналар:
      ағаш кесу билеттерi (ордерлер);
      ағаш кесiлетiн жерлердi, қосымша орман материалдарын, алқаағаштардан шырын мен шайыр алатын жерлердi дайындауды куәландыру актiлерi, дайындалған сүрек пен материалдар саны туралы анықтамалар, сондай-ақ нақты дайындалған сүректiң немесе материалдардың мөлшерiн дәлелдейтiн басқа да құжаттар;
      төлемдердiң қайта есеп айырысу материалдары;
      осы Ережелердi бұзушылық туралы орманшылық, орман шаруашылықтары, жоғары деңгейдегi орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органдары мен салық органдары жасаған актiлер болып табылады.
      84. <*>
      Ескерту. 84-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.04.15. N 431 қаулысымен .

Осы Ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      85. Осы Ережелердi бұзғаны үшiн айыпты адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады