Қазақстан Республикасының Экология және табиғат пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк кеңесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 4 шiлде 1995 ж. N 912. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

       Мемлекеттiк экология саясатын тиiмдi жүзеге асыруды қамтамасыз ету және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi шараларды орындау, республикадағы табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Экология және табиғат пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк кеңесiнiң құрамы; 
      Қазақстан Республикасының Экология және табиғат пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк кеңесi туралы Ереже бекiтiлсiн (қоры берiлiп отыр). 
      2. "Қазақстан Республикасының Экология жөнiндегi мемлекеттiк кеңесi туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 қазандағы N 1042 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 42, 501-бап) күшiн жойған деп танылсын. 

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы       
Министрлер Кабинетiнiң       
1995 жылғы 4 шiлдедегi       
N 912 қаулысымен          
БЕКIТIЛГЕН              

          Қазақстан Республикасының Экология және табиғат
            пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк кеңесiнiң
                           ҚҰРАМЫ

  Қажыгелдин Ә.М.  - Қазақстан Республикасының Премьер-министрi,
                     төраға

  Есiмов А.С.      - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
                     орынбасары (төрағаның орынбасары)

  Медведев С.А.    - Қазақстан Республикасы Экология және
                     биоресурстар министрi (төрағаның орынбасары)

  Бәйiшев Қ.С.     - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
                     Аппаратының Агроөнеркәсiп кешенi, табиғат
                     пайдалану және айналадағы ортаны қорғау
                     бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi (жауапты хатшы)

               Кеңес мүшелерi

  Әкiмбеков Н.Қ.   - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң
                     орынбасары

  Әлиғожанов С.Қ.  - Қазақстан Республикасының Көлiк және
                     коммуникациялар министрi

  Байтулин И.О.    - Ботаника және фито шетел өнiмдерi
                     институтының құрметтi директоры,
                     өсiмдiктердiң экологиялық морфологиясының
                     лаборатория меңгерушiсi

  Бақтыбаев I.Ж.   - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
                     орынбасары (келiсiмi бойынша)

  Баядiлов Е.М.    - Қазақстан Республикасының Атом энергиясы
                     жөнiндегi агенттiгiнiң бас директоры

  Бижанов Н.Қ.     - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
                     жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы төрағасының
                     орынбасары

  Божко В.К.       - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк
                     комитетi Бас басқармасының бастығы (келiсiмi
                     бойынша)

  Даукеев С.Ж.     - Қазақстан Республикасының Геология және жер
                     қойнауын қорғау министрi

  Дерновой А.Г.    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                     министрiнiң орынбасары

  Дұлқайыров М.Т.  - Алматы қаласының әкiмiнiң орынбасары

  Ерғожин Е.Е.     - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                     академиясының вице-президенті

  Есыров О.В.      - Қазақстан Республикасы Бiлiм министрiнiң
                     бiрiншi орынбасары

  Қалыбаев А.А.    - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
                     жанындағы Ұлттық аэрокосмос агенттiгiнiң бас
                     директоры

  Қыпшақпаев Н.Қ.  - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
                     жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитет
                     төрағасы

  Косарев В.А.     - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                     министрiнiң орынбасары

  Красносельский Н.Ф.-Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
                      орынбасары

  Құнанбаев С.Қ.   - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
                     Аппаратының Агроөнеркәсiп кешенi, табиғат
                     пайдалану және айналадағы ортаны қорғау
                     бөлiмiнiң меңгерушiсi

  Менжулин Б.И.    - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                     орынбасары

  Озолинг Э.И.     - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын
                     үй және аумақтарда құрылыс салу министрiнiң
                     орынбасары

  Темiрбеков С.Ж.  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң
                     орынбасары

  Үмбетов С.Ә.     - Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары

  Шәменов А.М.     - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
                     жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас
                     басқарманың бастығы

  Шегебаев О.Ш.    - Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының
                     вице-президентi

  Школьник В.С.    - Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа
                     технологиялар министрi

  Штойк Г.Г.       - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және
                     сауда министрi

  Юрьев А.Ф.       - Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр
                     өнеркәсiбi министрiнiң орынбасары

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1995 жылғы 4 шiлдедегi     
N 912 қаулысымен        
БЕКIТIЛГЕН           

           Қазақстан Республикасының Экология және табиғат 
           пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк кеңесi туралы 
                          ЕРЕЖЕ 

                     1. Жалпы ережелер 

      1. Қазақстан Республикасының Экология және табиғат пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк кеңесi /бұдан әрi - Кеңес/ Қазақстан Республикасында экологиялық қауiпсiздiктi және ұтымды табиғат пайдалануды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша бiрiңғай мемлекеттiк саясат жасау мен оны жүзеге асыру мақсатында құрылады. 
      2. Кеңес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы тұрақты жұмыс iстейтiн үйлестiрушi орган болып табылады. Кеңестi екi орынбасары, бiр төраға басқарады. 
      3. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

                 2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi  

      4. Айналадағы ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөнiндегi (табиғат ресурстарының қайта өсiп-өну және оны өндiрудi қоса отырып) бiрыңғай мемлекеттiк саясаты қалыптастырып, жүзеге асырады. 
      5. Нарық экономикасына көшу кезiнде республиканың экологиялық проблемалары шешудегi негiзгi басымдықтарды белгiлейдi. 
      6. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ жергiлiктi жерлердегi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарының айналадағы ортаны қорғау мен табиғат пайдалану мәселелерiн шешу бөлiгiндегi қызметiн үйлестiредi. 
      7. Айналадағы ортаны қорғау, табиғат қорғау қызметiн мемлекеттiк басқару әдiстерi, жер, су, ресурстарын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, ауа және жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi шешiмдердi жүзеге асыруға бақылауды қамтамасыз етедi. 
      8. Жекелеген аймақтардың экологиялық жағдайын сауықтыру және олардың халқының қалыпты өмiр сүруi үшiн қажеттi шарттарды сақтау жөнiндегi практикалық шаралар туралы ұсыныстарды қарайды. 
      9. Айналадағы ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша басым бағыттарды, кешендi (мақсатты) бағдарламаларды және жобаларды қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды қабылдайды. 
      10. Мемлекетаралық және халықаралық органдармен айналадағы ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар жасайды және шешiмдер қабылдайды. 
      11. Қажет болған жағдайда белдi ғалымдарды, жоғары бiлiктi мамандар мен жұртшылықты тарта отырып айналадағы ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану бөлiгiнде түскен ұсыныстарды практикалық жүзеге асыру бойынша оларды кейiннен нақты шаралар жасай отырып талдап, зерттеу үшiн жұмыс топтары мен комиссиялар құрады.

         3. Кеңес өкiлеттiгi мен жұмыс регламентi  

      12. Кеңестiң өз құзырына кiретiн мәселелер жөнiндегi шешiмдерi ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, әскери өнеркәсiп кешенiн қоса отырып, Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, ведомстволарының, ұйымдары мен кәсiпорындарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. 
      13. Кеңес төрағасы Кеңес қызметiне жалпы басшылық жасайды Төрағаның орынбасарлары Кеңес жұмысын жоспарлайды және Кеңес қабылдаған шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шараларды белгiлейдi. 
      14. Кеңес шешiмi оның қаулысы ретiнде хатталады. 
      15. Кеңес мәжiлісiнде мәселелерi қаралатын министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар оның жауапты хатшысына немесе төрағасының орынбасарына белгiленген мерзiмде анықтамалар, баяндамалар мен Кеңес шешiмдерiнiң жобаларын, ал қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Үкiмет жарлықтарының, қаулыларының жобаларын да ұсынады. 
      16. Кеңес мүшелерiнiң: 
      Қазақстан Республикасының министрлiктерiнен, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарынан, кәсiпорындарынан, ұйымдарынан қажеттi материалдар мен құжаттарды сұрауға және алуға; 
      өз талапкерлiктерi бойынша Кеңес қарауына ұсыныстар, пiкiрлер мен тиiстi шешiмдер жобаларын енгiзуге; 
      Кеңес мәжiлiсiнiң хаттамасында жазылатын Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiгi қабылдаған мәселелерi бойынша ерекше пiкiр енгiзуге; 
      Кеңес қызметiнiң мәселелерi бойынша оған шығындарды жатқыза отырып, өздерiнiң негiзгi жұмыс орны бойынша орган қаржысы есебiнен iссапарға баруға құқы бар. 
      17. Кеңес мүшелерi: 
      Кеңес қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеу мен талқылауға белсендi түрде қатысуға; 
      Кеңес төрағасының, оның орынбасарларының тапсырмаларын, Кеңес мәжiлiсiнiң шешiмдерi мен қаулыларын дер кезiнде орындауға; 
      Кеңес мәжiлiсiне ауысу құқынсыз қатысуға мiндеттi. 
      18. Кеңес жұмысты төраға бекiткен жоспар бойынша ұйымдастырады, қажет болғанда, бiрақ тоқсанында бiр реттен кем емес, мәжiлiс өткiзедi. 
      Кеңестiң мәжiлiсi егер оған бекiтiлген тiзiмдiк құрамдағы Кеңес мүшелерiнiң үштен екiсi қатысқанда заңды болады. Шешiмдер Кеңес мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауыстарының ашық дауыс беруi арқылы қабылданады. 
      Кеңес мәжiлiсiне қажет болған жағдайда министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен мамандары, сондай-ақ мүдделi облыстық, аудандық және қалалық басқару органдарының, қоғамдық құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады