Қазақстан Республикасында Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлердi қора-қопсы құрылыстарымен пайдалануға қабылдау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 шiлдедегі N 1018 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы N 1278 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.11.02 N 1278 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасында құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлердi қор-қопсы құрылыстарымен пайдалануға қабылдау тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. "Қазақ ССР-iнде құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлердiқора-қопсы құрылыстарымен пайдалануға мемлекеттiк қабылдау комиссияларының қабылдау Ережелерiн бекiту туралы" (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., N 18, 75-бап) Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1982 жылғы 20 тамыздағы қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                       1995 жылғы 25 шiлдедегi
                                           N 1018 қаулысымен
                                              БЕКIТIЛГЕН

       Қазақстан Республикасында құрылысын аяқталған
      жеке тұрғын үйлердi қора-қопсы құрылыстарымен
           пайдалануға қабылдау тәртiбi туралы
                           ЕРЕЖЕ

      1. Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлердi қора-қопсы құрылыстарымен немесе оларсыз да (бұдан әрi жеке тұрғын үйлер) пайдалануға қабылдауды құрылысты iске асыру тәсiлдерiн байланыссыз барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалып және бөлiнген жер учаскесi жөнделiп жабдықталған соң, жергiлiктi атқару органдары тағайындаған қабылдау комиссиялары тапсырыс берушiнiң (салушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi .
      Қабылдау комиссияларының құрамына төраға - жергiлiктi әкiмнiң орынбасары, комиссия мүшелерi - саулет және қала құрылысы, мемлекеттiк санитарлық және өрт қадағалау органдарының, жобаны жасаған заңды немесе жеке тұлғаның, мердiгер салушының (егер объект мердiгерлiк әдiспен салынған болса) және тапсырыс берушiнiң (салушының) өкiлдерi кiредi. Инженерлiк қамтамасыз ету деңгейiне қарай комиссияның құрамына жергiлiктi тиiстi инженерлiк қызметтердiң өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн.
      2. Қабылдау комиссиясы өтiнiш түскен күннен бастап бiр апта мерзiмде тағайындалады немесе қала, немесе ауданның аумағында күнтiзбелiк жыл бойы тұрақты жұмыс iстейтiн болуы мұмкiн (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейiн).
      3. Тапсырыс берушi (салушы) қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
      бас жоспарымен немесе салыну сызбасымен қоса жеке тұрғын үй салынатын жер учаскесiнiң бөлiнуi туралы;
      белгiленген тәртiп бойынша әзiрленген және келiсiлген жобалық құжаттаманы;
      жұмыстар жүргiзуге мемлекеттiк сәулет-құрылыстық бақылау органдарының рұқсаты;
      тиiстi инженерлiк коммуникацияларға қосу актiсi және олардың орындалатын сызбалары;
      белгiленген құрылыс нормалары мен ережелерiне (құрылысты мердiгерлiк әдiспен салғанда) сәйкес орындалатын техникалық құжаттама.
      4. Қабылдау комиссиясы тағайындалғаннан кейiн екi апта мерзiмде жеке тұрғын үйдiң қалыпты пайдалануға дайындығын, сапасы мен орындалған жұмыстардың жобалық құжаттамаға сәйкестiлiгiн тексеруге мiндеттi.
      5. Жеке тұрғын үйдi пайдалануға қабылдау актiмен ресiмделедi, оны комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қойғанда ғана қабылдау комиссиясының төрағасы бекiтедi және комиссия тағайындаған органның мөрiмен куәландырады. Жеке тұрғын үйдi қабылдау актiсi төрт дана етiп жасалып, жергiлiктi атқару органына, техникалық инвентаризациялау және статистика органдарына, сондай-ақ тапсырыс берушiге (салушыға) берiледi.
      Актiде мынадай негiзгi мәлiметтер мiндеттi түрде көрсетiледi:
      оған сәйкес қабылдау комиссиясы тағайындаған құжаттың атауы, күнi және номерi;
      тегi аты-жөнi, атқаратын лауазымы көрсетiлген қабылдау комиссиясы мүшелерiнiң тiзiмi және өкiлдiк етушi ұйымының атауы;
      құрылысқа бөлiнген жер учаскесi, жобалау және мердiгерлiк ұйымдар жұмыстарды жүргiзуге рұқсат берген құжат туралы деректер;
      оның конструкциялық, сондай-ақ қора-қопсы құрылыстары мен инженерлiк коммуникацияларын қоса пайдалануға берiлген тұрғын үйдi қабылдауда қойылған талаптарға нақты және жобалық көрсеткiштердiң сәйкестiгi;
      оның барлық мүшелерiнiң қолы қойылған қабылдау комиссиясының шешiмi.
      Актiнiң нысанын Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi белгiлейдi.
      6. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтарының және республикаға тарихи отаны ретiнде қайтып оралғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ тұрақты тұрғындардың жаңадан салынған жеке тұрғын үйлерiн пайдалануға қабылдау осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Жеке тұрғын үйдi қайта салуға, қайта жоспарлауға және жабдықтауға байланысты қайта құру жұмыстарынан кейiн қабылдау, жергiлiктi атқару органдары белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi.
      8. Қабылдау комиссиясының мүшелерi, құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келмейтiн жеке тұрғын үйлердi пайдалануға қабылданғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
      9. Қабылдау комиссиясының актiсi тапсырыс берушiге (салушыға) жеке тұрғын үйге меншiк құқығы туралы куәлiк беруге негiз болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады