Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 5 тамыз N 1084. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.01. N 922 қаулысымен.

      СПИД жөнiндегi эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты және республикада ВИЧ-инфекциясының одан әрi таратылуын болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi құрылсын. 
      2. Мыналар бекiтiлсiн: 
      СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң құрамы (қоса берiлiп отыр). 
       Ескерту. 2-тармақтың 2 абзацы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1998.07.07. N 647   қаулысымен .  
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, республикада СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi Мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына ұсынсын.
     4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
     10 миллион (он миллион) теңге сомасына диагностикалық тест-жүйелерi мен жабдықтар сатып алу үшiн қаржыландыру көздерiн iздестiрсiн; 
     1996 жылға арналған республика бюджетiнiң жобасын қалыптастыру кезiнде СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi Мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражатты қарастырсын.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы        
Министрлер Кабинетiнiң        
1995 жылғы 5 тамыздағы        
N 1084 қаулысымен          
Бекiтiлген              

  ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже <*>

       Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.05.20. N 468   қаулысымен

  1. Жалпы ережелер

      1. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының аумағында АҚТҚ инфекциясы таралуының алдын алу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

      2. Кеңестiң құрамына мүдделi орталық атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өкiлдерi кiредi.

      3. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  2. Кеңестің негізгi мiндеттерi мен функциялары

      4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
      1) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес мәселелерiне қатысты бөлiгiнде заңнамалық және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетілдiру;
      2) АҚТҚ/ЖҚТБ таралуының алдын алу жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу мақсатында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру мен халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      3) АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.

      5. Кеңестiң негiзгi функциялары мыналар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
      1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiрудi жетiлдiру;
      2) халықаралық және басқа да ұйымдармен АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1207  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаның (бұдан әрi - Бағдарлама) iске асырылуын қамтамасыз ету;
      4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың АҚТБ/ЖҚТБ-ның алдың алу жөнiндегi тиiмдi iс-шараларды қамтамасыз етуi.

      6. Кеңес өз мiндеттерiн iске асыру мен функцияларын жүзеге асыру үшiн:
      1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан Кеңестiң мiндеттерiн iске асыруға қажеттi ақпаратты сұрауға және алуға;
      2) Кеңестiң отырыстарында Кеңестiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша орталық және жергілiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға;
      3) Кеңестiң құзыретiне жататын өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бap.

  3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

      7. Кеңестi оның қызметiне басшылық ететiн, отырыстарда төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын және Кеңес шешiмдерiнiң iске асырылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары басқарады.

      8. Кеңестiң хатшысы отырыстың күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, оны өткiзу үшін қажеттi құжаттар мен материалдар дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.

      9. Кеңестiң отырыстары хаттамалармен ресiмделедi.

      10. Шешiмдер ашық дауысқа салумен қабылданады және егер олар үшiн Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусы берiлген  болса, қабылданды деп  есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.

      11. Кеңестiң отырыстары жылына кемiнде екi рет өткiзiледi. 

      12. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы        
Министрлер Кабинетiнiң        
1995 жылғы 5 тамыздағы        
N 1084 қаулысымен            
Бекiтiлген                

  СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi
үйлестiру кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ

Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
                     орынбасары (төрағасы)

Дерновой А.Г.      - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                     министрiнiң орынбасары, Бас Мемлекеттiк
                     санитарлық дәрiгер (төрағаның орынбасары)

Сапарбеков М.К.    - СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес
                     жөнiндегi Республикалық орталығы Бас
                     директорының орынбасары (хатшы)

Әкiмбеков Н.Қ.     - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң
                     орынбасары

Беркiмбаева Ш.К.   - Қазақстан Республикасы Бiлiм министрiнiң
                     орынбасары

Дәненов Н.Ж.       - Қазақстан Республикасы Сыртқы Iстер
                     министрiнiң бiрiншi орынбасары

Есмұханов Ғ.Е.     - Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi
                     жанындағы Көшi-қон департаментiнiң төрағасы

Көпiшев Ә.С.       - "Қазақстанның теледидары мен радиосы"
                     республикалық корпорациясының президентi

Клебанов Я.А.      - СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес
                     жөнiндегi Республикалық орталығының Бас
                     директоры

Қалижанов У.Қ.     - Қазақстан Республикасының Баспасөз және
                     бұқаралық ақпарат министрiнiң орынбасары

Құсымжанов М.Қ.    - Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк

                     қорғау министрiнiң орынбасары

Лебеденко Л.Ю.     - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
                     Аппаратының Iшкi саясат бөлiмiнiң
                     консультанты

Ким А.Г.           - Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм
                     және спорт министрiнiң орынбасары

Панов Ю.В.         - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                     коммуникациялар министрiнiң орынбасары

Сүлейменов Н.И.    - Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары

Тоқсейiтов Р.Қ.    - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                     орынбасары

О создании Координационного совета по профилактике и борьбе со СПИДом в Республике Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 августа 1995 г. N 1084. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 1 сентября 2004 года N 922 (P040922)

      В связи с осложнением эпидемиологической ситуации по СПИДу и в целях предотвращения дальнейшего распространения ВИЧ-инфекции в республике Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Создать Координационный совет по профилактике и борьбе со СПИДом.
      2. Утвердить прилагаемые:
      Положение о Координационном совете по профилактике и борьбе со СПИДом.
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 июля 1998 г. N 647 P980647_ .
      3. Министерству здравоохранения Республики Казахстан совместно с заинтересованными министерствами и ведомствами разработать и представить на рассмотрение Кабинета Министров Республики Казахстан Государственную программу по профилактике и борьбе со СПИДом в республике.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан:
      изыскать источники финансирования для приобретения диагностических тест-систем и оборудования на сумму 10 млн. (десять миллионов) тенге;
      предусмотреть необходимые ассигнования для реализации Государственной программы по профилактике и борьбе со СПИДом при формировании проекта бюджета республики на 1996 год.

       Премьер-министр
     Республики Казахстан

                                             Утверждено
                                  постановлением Кабинета Министров
                                         Республики Казахстан
                                      от 5 августа 1995 г. N 1084

                             Положение
                    о Координационном совете по
                  профилактике и борьбе со СПИДом <*>

      Сноска. Положение - в редакции постановления Правительства РК от 20 мая 2003 г. N 468  .

     

1. Общие положения

      1. Координационный совет по профилактике и борьбе со СПИДом (далее - Совет) образован с целью обеспечения взаимодействия центральных и местных исполнительных органов, международных и других организаций в проведении мероприятий по предупреждению распространения ВИЧ-инфекции на территории Республики Казахстан.

      2. В состав Совета входят представители заинтересованных центральных исполнительных органов, международных и других организаций.

      3. Совет осуществляет свою деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением.

2. Основные задачи и функции Совета

      4. Основными задачами Совета являются выработка предложений по:
      1) совершенствованию законодательных и иных нормативных правовых актов в части, касающейся вопросов профилактики и борьбы со СПИД;
      2) координации работы центральных и местных исполнительных органов и обеспечению взаимодействия с международными и другими организациями с целью проведения мероприятий по предупреждению распространения ВИЧ/СПИД;
      3) организации мероприятий, направленных на улучшение эпидемиологической ситуации по ВИЧ/СПИДу.

      5. Основными функциями Совета являются выработка предложений по:
      1) совершенствованию координации деятельности центральных и местных исполнительных органов по вопросам ВИЧ/СПИД;
      2) обеспечению взаимодействия и сотрудничества с международными и другими организациями по вопросам ВИЧ/СПИД;
      3) обеспечению реализации Программы по противодействию эпидемии СПИДа в Республике Казахстан на 2001-2005 годы, утвержденной постановлением  Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2001 года N 1207 (далее - Программа);
      4) обеспечению эффективных мероприятий центральными и местными исполнительными органами по профилактике ВИЧ/СПИД.

      6. Для реализации задач и осуществления своих функций Совет имеет право:
      1) запрашивать и получать от центральных и местных исполнительных органов и иных организаций информацию, необходимую для реализации задач Совета;
      2) заслушивать на заседаниях Совета представителей центральных и местных исполнительных органов и иных организаций по вопросам, входящим в компетенцию Совета;
      3) осуществлять иные полномочия, относящиеся к компетенции Совета.

3. Организация деятельности Совета

      7. Совет возглавляет Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, который руководит его деятельностью, председательствует на заседаниях, планирует его работу и осуществляет общий контроль за реализацией решений Совета. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.

      8. Секретарь Совета готовит предложения по повестке дня заседания, необходимые документы и материалы для его проведения и оформляет протоколы после его проведения.

      9. Заседания Совета оформляются протоколами.

      10. Решения принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Совета. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.

      11. Заседания Совета проводятся не реже двух раз в год.

      12. Рабочим органом Совета является Министерство здравоохранения Республики Казахстан.