Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық авиатасымалдарын уақытша схема бойынша ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 23 тамыз N 1170

      Қазақстан Республикасының халықаралық тасымалдарын одан әрi ұлғайту мақсатында, сондай-ақ халықаралық әуежайлар ашу үшiн республиканың қаржы жағдайы қиын екенiн ескерiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
 

      1. Халықаралық авиатасымалдарына әуежайларды уақытша схемамен қосуға рұқсат берудiң Ережесi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 
 

      2. Орал, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шымкент, Жамбыл, Павлодар, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларының әуежайларында халықаралық авиатасымалдары үшiн өткiзу пункттерiн ашу туралы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, мүдделi ведомстволардың ұсынысы қабылдансын.<*><*>
       Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 1996.04.19. N 328  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ сөзбен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 1997.04.25. N 660  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ сөзбен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 1998.12.07. N 1253  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ сөзбен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2000.05.04. N 666  қаулысымен .

      3. Уақытша схема рұқсат бойынша халықаралық авиатасымалдарына әуежайларды қосуға рұқсат беру Ережесiне сәйкес облыстардың әкiмдерi, "Қазақстан әуе жолы" ұлттық авиакомпаниясы өз қаражаттарының есебiнен әуежайларды қажеттi объектiлермен және үй-жайлармен қамтамасыз етсiн, қажет болған жағдайда құрылысын салуды және жаңғыртуды жүзеге асырсын, шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылау пункттерiнiң қызметкерлерi үшiн қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдай туғызсын. 
 

      4. Орал, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының әкiмдерi жаңадан ұйымдастырылған өткiзу пункттерiндегi шекара әскерлерiнiң жеке құрамы үшiн тұрғын алаңды тегiн бөлсiн.<*><*> 
       Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 1996.04.19. N 328  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ сөзбен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 1997.04.25. N 660  қаулысымен .
 

      5. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, облыстардың әкiмдерi уақытша схема бойынша халықаралық авиатасымалдарына қосуға рұқсат берiлген әуежайларда шекара, кеден және санитарлық тәртiптердiң сақталуын қамтамасыз етсiн. 
 

      6. "Қазақстан әуе жолы" ұлттық авиакомпаниясы уақытша схемамен жұмыс iстейтiн өткiзу пункттерiн қарап-тексеру мен байланыстың қажеттi техникалық құралдарымен тегiн қамтамасыз етсiн. 
 

      7. Осы қаулымен көрсетiлген әуежайларда бақылау-тексеру пункттерiн ұйымдастыру үшiн: 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Кеден комитетi штаттарды жинақтауды жалпы сандарының шегiнде жүзеге асырсын. 
 

      8. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      мемлекеттiк шекарадан өткен азаматтар мен тасымалданған жүктер туралы өткiзу пункттерi қызметтерiнiң мәлiметтерiн статистикалық есепке енгiзсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1995 жылғы 23 тамыздағы
                                           N 1170 қаулысымен
                                            бекiтiлген

       Уақытша схема бойынша халықаралық авиатасымалдарға
              әуежайларды қосуға рұқсат берудiң
                          ЕРЕЖЕЛЕРI

      1. Кедендiк тексерудiң "ұшу", "қону" бөлек залдарының болуы.
      2. Т-6 нысанындағы жолаушы декларациясын ресiмдеуге арналған үй-жайлардың болуы.
      3. Кедендiк тексеру залында кемiнде үш тексеру тақтасының, соның iшiнде әуежайларды тексерудiң арнайы техникалық құралдарының болуы. 
      4. Авиажолаушыларды тiркеу және қажеттi құжаттарды ресiмдеудi жүргiзу үшiн халықаралық сектордың болуы. Жеке халықаралық сектор болмаса-халықаралық рейстердiң жолаушыларын ресiмдеу кезеңiнде көпшiлiк залды жабу. 
      5. Халықаралық авиарейстердiң транзиттiк жолаушыларын орналастыру үшiн үй-жайдың болуы. 
      6. Жүк пен қол жүгiн тексеру үшiн интроскоптың болуы. 
      7. Халықаралық байланыстың болуы. 
      8. Өрттен сақтану және күзет сигнализациясы бар қойма үй-жайларының болуы. 
      9. Әуежай қызметтерiнiң шекара және кеден қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасауының технологиялық схемалары. 
      10. Төлқұжатты тексеру желiсiнiң кемiнде екi кабинамен (жарықпен, турникеттермен және т.с.с.) жабдықталуы. Құжаттарды алдын ала тексеру және зерттеудi жүргiзу үшiн төлқұжатты тексеру кабиналарының жанынан екi жеке бөлме бөлу. Өзара iс-қимыл жасайтын қызметтердiң бақылау желiсiн жабдықтау. Кету құжаттарын ресiмдеу кезiнде төлқұжаттарды тексеру желiсiне дейiн жолаушылар мен жүктердi бөлу және келген кезде жүктердi төлқұжат тексеру желiсiнен кейiн алу. 
      11. Ресiмделген жолаушылардың бөгде адамдармен араласуына және байланысуына жол бермейтiн жеке жинақтауыш бөлу. 
      12. Шетелге ұшатын кемелерi үшiн аялдама орындарын бөлу, оларды жарықтандыру, бигульдермен қоршау. Жолаушылардың жинақтауыштан әуе кемесiне және керi жеткiзiлуiн қамтамасыз ету. 
      13. Ауысымның демалысы және кiдiртiлген авиажолаушыларды ұстау үшiн санитарлық-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз етiп, қызметтiк үй-жайлар бөлу. 
      14. Металл iздейтiн, радиоактивтiк, есiрткi, жарылған заттарды тауып көрсететiн аппаратурамен арнайы қарап-тексеру желiсiн жабдықтау, мүмкiндiк болса-оларды халықаралық тасымалдар үшiн пайдалану шарттарын айқындау. 
      15. Транзиттiк жолаушыларды орналастыру үшiн үй-жай бөлу. 
      16. Әуежайға дейiнгi және қайту жолын қоса Шекара әскерлерi бөлiмшелерiн ұстау жөнiндегi шығыстардың орны жабылатындығына кепiлдiк. 
      Аталған талаптарды орындау кезiнде "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындаған тұрақты жұмыс iстейтiн жұмыс тобын жiберудi ұсынып, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне өтiнiш бередi. 
      Жұмыс тобы әуежай қызметтерi мен екi ведомствоның халықаралық тасымалдарды орындауға дайындығын тексередi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады