Құрылыс құнын арзандату жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 31 тамыз N 1209. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Баға түзу факторын тұрақтандыру және құрылыс құнының өсуiн тежеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Министрлiктер, ведомстволар, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi елдi мекендердiң инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдарын дамытуға арналған құрылыс өнiмдерiне шығындарды жүктеу практикасын тоқтатып, өздерiнiң ведомстволық актiлерiн қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарға сәйкес келтiрсiн. 
      Электр, газ, сумен жабдықтау, жылу жүйесi мен су құбырларын, көлiк коммуникацияларын және басқа да әлеуметтiк инфрақұрылымдар объектiлерiн дамытуға арналған шығындар салынып жатқан тұрғын үйлердiң құнына енгiзiлмесiн және "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 35, 405-бап) айқындалған көздердiң есебiнен қаржыландырылатын болсын. 
      2. Аталған шығынды жаңадан салынған үйлердiң сатуға қалдырылған бөлiгiне жатқыза отырып, тұрғын үйдi өтеусiз берудi жергiлiктi атқарушы орындардың талап етуiне, ал тапсырыс берушiлердiң оны басқа бiреуге беруiне тиым салынсын. 
      3. Құрылысты мемлекеттiк қаржылар мен шетелдiк инвестициялар есебiнен жүргiзген кезде шаруашылық жүргiзушi субъектiлер құрылыста мердiгерлiк конкурстар мен сауда (тендер) әзiрлеп, өткiзу жөнiнде 1994 жылы 30 қарашадағы  N 29  қолданылып жүрген ереженi орындайтын болсын. 
      4. "Қазақстан КСР құрылыс кешенiнiң нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге көшуi жөнiндегi кейбiр кезек күттiрмес шаралар туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 8 сәуiрдегi N 225 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады