"Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және азаматтарды 1995 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 2 қазандағы N 2474 Жарлығын жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 11 қазан N 1317

      "Жалпы әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және азаматтарды 1995 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 1995 жылғы 2 қазандағы N 2474 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жергiлiктi атқару органдары:
      1995 жылдың қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн;
      темiр жол станцияларында, әуежайларда, әскерге шақырылушылардың жаңа легiн жинау мен жөнелту орындарында күшейтiлген кезекшiлiк белгiлесiн;
      командаларды жинау мен қызмет атқару орындарына шығарып салуды ұйымдастыруда әскери комиссариаттарға және әскери бөлiмдер өкiлдерiне пәрмендi көмек көрсетсiн.
      2. Әскери комиссариаттар әскер жасындағы азаматтарды әскери қызметке шақырудың барысы туралы жергiлiктi атқару органдарына уақтылы хабарлап тұрсын.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi әскерге шақыру пункттерiн медициналық жағынан қамтамасыз етудi, сондай-ақ әскери комиссариаттардың өтiнiшi бойынша әскери қызметке шақырылғандарға медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мерзiмдi әскери қызметтен запасқа шығарылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсiн.
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен келiсiлген тариф бойынша тасымалдау үшiн есеп айырысу жүргiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары "Жалпы әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 2 қазандағы N 2474 Жарлығының талаптарын орындау бойынша әскери қызметке шақырылған жастар арасында профилактикалық жұмысты жандандырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы және Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесе отырып, азаматтарды әскери қызметке шақыруға дайындау мен өткiзудi көрсетсiн, Қарулы Күштерде қызмет атқаруды кеңiнен ұғындырсын, азаматтардың конституциялық борышын орындау жөнiнде түсiндiру насихат жұмысын жүргiзсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Жастар Одағының Орталық комитетiне, Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымының орталық кеңесiне, Ауғанстан соғысы ардагерлерiнiң Қазақ республикалық ұйымына, сондай-ақ барлық мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдарға әскерге шақырылатын және шақырылған жастарға патриоттық тәрбие беруде кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелер мен оқу орындарына қолдау көрсету жұмысын жандандыру ұсынылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады