Фашизмнiң бұрынғы тұтқындарына өтем төлеудiң тәртiбi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 16 қазан N 1331

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Украинаның және Германия Федеративтiк Республикасының арасындағы 1993 жылғы 30 наурыздағы Келiсiммен немiс басқыншылары Ұлы Отан соғысы жылдарында бұрынғы КСРО аумағынан күштеп әкеткен, қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында тұратын азаматтарға олар сол аумақтан әкетiлген республикалардың өзара түсiнiстiк және татуластық қорынан өтем төлейтiн болып белгiлегенi еске алынсын.
      2. Фашизмнiң бұрынғы тұтқындарына өтем төлеудiң қоса берiлiп отырған Тәртiбi бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
      қажеттi құжаттарды әзiрлеудi және оларды өтем төлеуге арналған соманы анықтау үшiн тиiстi республикалардың өзара түсiнiстiк пен татуластық қорларына ұсынуды ұйымдастырсын;
      фашизмнiң бұрынғы тұтқындарына өтемнiң бөлiнуiне және

 

төленуiне бақылауды қамтамасыз етсiн.

     4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне фашизмнiң

бұрынғы тұтқындарына өтем төлеу кезiнде Қазақстан Республикасының

Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне валюталық есепшот ашу

ұсынылсын.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                           Үкiметiнiң

                                       1995 жылғы 16 қазандағы

                                           N 1331 қаулысымен

                                            БЕКIТIЛГЕН



            Фашизмнiң бұрынғы тұтқындарына өтем төлеудiң

                           Т Ә Р Т I Б I

            I. Өтем алуға құқығы бар азаматтардың санаттары



 
       1. Ұлы Отан соғысы жылдарында немiс басқыншылары бұрынғы КСРО аумағынан күштеп әкеткен немесе бұрынғы КСРО-ның жаулап алынған аумағында нацистiк лагерлерде ұсталған Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың өтем алуға құқығы бар.
      2. Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Украина айқындаған қуғын-сүргiннiң ауыртпалығына қарай өтем алуға құқығы бар азаматтардың санаттарына мыналар жатады:
      қуғын-сүргiн қолданған сәтте 18 жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған тұтқындар, Германияның және оның одақтастарының аумағында, сонымен бiрге бұрынғы КСРО-ның жаулап алынған аумағында немесе немiстердiң жаулап алуына ұшыраған және басқа мемлекеттерде орналасқан нацистiк концлагерлерде, түрмелерде, лагерь режимiндегi геттоларда, еңбек лагерлерiнде, күштеп ұстайтын және күштеп жұмыс iстететiн және басқа жерлерде болғандар, сондай-ақ сонда туғандар;
      лагерь режимiндегi фашистiк концлагерлердiң, түрмелер мен геттолардың жасы кәмелетке толған тұтқындары;
      еркiнен тыс жұмыс iстеткiзу үшiн бұрынғы КСРО аумағынан Германияға, онымен одақтас елдерiне және өздерi жаулап алған мемлекеттерге күштеп әкетiлiп, лагерь режимi жағдайында ұсталған азаматтар қатарынан жасы 18-ден асқан адамдар;
      18 жастан асқанда еркiнен тыс жұмыс iстеткiзу үшiн бұрынғы КСРО аумағынан күштеп әкетiлген және кәсiпорындарда, село әрi үй шаруашылығында жұмыс iстейтiн, бiрақ лагерь режимiнде ұсталмаған азаматтар.
      3. Германияға өз еркiмен жұмыс iстеуге кеткен адамдардың, соның iшiнде солармен бiрге кеткен жасы кәмелетке толмаған балалардың, сондай-ақ Отанға немесе адамзатқа қарсы қылмыс жасаған азаматтардың өтем алуға құқы жоқ.
 
             II. Өтем мөлшерi
      4. Өтем мөлшерiн төлем жасау солар арқылы жүзеге асырылатын өзара түсiнiстiк және татуластық қорлары өз азаматтарына өтем төлеу үшiн қолданылатын шартпен және тәртiппен айқындайды, атап айтқанда:
      өтем мөлшерi аталған төлемдерге құқы бар адамдардың санаттары, тұтқында болған уақытының ұзақтығы, оған медициналық тәжiрибенiң жүргiзiлуi, мүгедектiгi және басқалары ескерiле отырып белгiленедi.
      5. Өтемнiң жалпы мөлшерi өтем алуға құқы бар азаматтардың санаттарына қарай сараланатын бiржолғы сомадан, еркiнен тыс еңбек еткен әрбiр ай үшiн қосымша сараланатын үстеме сомадан және басқа үстемелерден құралады.
      6. Күштеп ұсталған жерлерде болғандығы туралы құжаттарда сол жерлерде болған уақытының ұзақтығы туралы деректер болмаған жағдайда өтемнiң бiржолғы мөлшерi төленедi.
      7. Тиiстi жақтар өтемдi есептеудi немiс маркасымен жүргiзедi.
 
             III. Өтем төлеу туралы мәселенi шешу үшiн
                            қажеттi құжаттар
      8. Өтiнiш беруiне байланысты өтем төлеу туралы мәселенi қарауға мынадай құжаттар жарамды болады:
      архивтiк мекемелер, Қорғаныс министрлiгiнiң, ҰҚК-нiң (бұрынғы МҚК-нiң), Iшкiiсминiнiң органдары, әскери бөлiмдер немесе одақтық әскерлер, Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамдары, Халықаралық iздестiру қызметi, музейлер, соның iшiнде бұрынғы нацистiк концлагерлер орналасқан жерлерде құрылған музейлер берген анықтамалар;
      балалар үйiнiң түлектерi тiркелген кiтаптан көшiрiмдер;
      немiс өкiметi берген анықтамалар (мәселен, бұрынғы совет азаматтарының және басқалардың еңбегiн еркiнен тыс пайдаланатын қайсыбiр немiс кәсiпорындарына кiруге рұқсат қағаздар және басқа).
      9. Қажеттi құжаттар мен айғақтамалар болмаған немесе олардағы деректер жеткiлiксiз болған жағдайда қарауға мыналар қабылдануы мүмкiн:
      лагерлiк номерлер туралы деректер;
      1985 жылға дейiн толтырылған жеке iс қағазындағы еркiнен тыс жерлерде болғандығын көрсететiн анкетасынан немесе өмiрбаянынан көшiрiмдер;
      өтiнiш жасаушының нацистердiң қудалауында болғандығы туралы мәлiметтер жазылған сот iс қағазынан көшiрiмдер, үзiндiлер, анықтамалар;
      егер бұл өтiнiш жасаушыны қуғын-сүргiнге ұшыратуға соқтырса отбасы мүшесiнiң және жақын туыстарының партизандарға, астыртын жұмыс iстеушiлерге, Қызыл Армияның командалық құрамына, кеңес белсендiлерiне жататындығын растайтын көшiрiмдер;
      музейлердiң материалдары, баспасөз бетiндегi мақалалар, т.б.;
      нацистiк қуғын-сүргiн құрбандарының еркiнен тыс ұсталатын жерлерде болғандығын және фактiсi мен болу мерзiмiнiң ұзақтығын анықтағаны туралы сот айқындамасы;
      өтiнiш жасаушының еңбегiн еркiнен тыс пайдаланған адамдардың белгiленген тәртiппен жазбаша куәландiрiлген растаулары.
      Еркiнен тыс ұстайтын жерде болу фактiсi бiрге болудың күнi мен мерзiмiн атай отырып екi куәгердiң көрсетулерi негiзiнде белгiленген тәртiппен айқындалуы мүмкiн. Бұл орайда тұтқынды еркiнен тыс ұсталған жерден бiлетiн бiр куәгер өзiнiң еркiнен тыс жерде болғандығын растайтын құжатқа ие болуға тиiс.
      Шетелдегi куәгерлердiң жазбаша көрсетулерi нотариалдық тәртiпте куәлендiрiлуi және Қазақстан Республикасының Сыртқыiсминiнде расталуы керек.
      Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Украина қабылдаған өтем төлеу туралы мәселенi шешу үшiн қосымша деректердi қолдану мүмкiндiгi жөнiндегi нормативтiк актiлердiң ерекшелiгiн ескере отырып, осы деректер бойынша түпкiлiктi бағасын берiп, шешiм шығару аталған мемлекеттердiң тиiстi қорларына қалдырылады.
      10. Егер өтiнiш жасаушыда өтем алу құқын және оның мөлшерiн анықтайтын қажеттi құжаттар жетiспей жатса, тиiстi мекемелер, соның iшiнде халықты әлеуметтiк қорғау органдары жетiспеген құжаттар мен айғақтамаларды алуға, архивтiк және басқа мекемелерге сұрау салу жiберуге қоса көмектеседi.
 
             IV. Өтем алуға өтiнiш жасаудың тәртiбi
      11. Өтем алуға үмiткер адам тұрған жерi (тiркелген жерi) бойынша халықты әлеуметтiк қорғаудың қалалық немесе аудандық бөлiмiне жазбаша өтiнiш бередi.
      Өтiнiш жасаушының өтем алуға құқы бар екенiн растайтын жоғарыда аталған қажеттi құжаттар өтiнiшке қоса берiледi. Бұл орайда құжаттар түп нұсқасында немесе көшiрмесi бойынша (соның iшiнде суретi және көбейткiштен өткiзiлгенi қабылданады). Көшiрменi нотариалдық кеңсе немесе өтем алуға құжатты ресiмдейтiн халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi куәлендiру керек.
      12. Бұл мәселенiң күрделiлiгi мен ерекшелiгiн, құжаттарды өте мұқият қабылдау қажеттiгiн, оларға дұрыс баға берiлуiн ескере отырып, барлық облыстардың, қалалар мен аудандардың халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнде жұмыстың осы учаскесiне неғұрлым даярлығы мол және бiлiктi қызметкерлердi қою керек.
      13. Бөлiм қызметкерi өтiнiш пен құжаттарды қабылдай отырып, өтiнiш жасаушының жеке басын, жасын және тұрған жерiн куәландыратын құжат деректерiмен танысады, өтiнiштi рет номерiн және қабылдаған күнiн көрсете отырып, арнайы журналға тiркейдi, паспорттан көшiрiм жасайды, оған бөлiм меңгерушiсi қолын қойып куәландырады және мөр басылады.
      Қабылданған өтiнiш пен құжаттарға екi данада қолхат жасалады, онда бөлiмге өткiзiлген құжаттардың саны ретiмен тiзбеленiп, оны қабылдаған күн мен тiркелу номерi көрсетiледi. Қолхаттың бiр данасы өтiнiш иесiне берiледi, ал екiншiсi құжаттармен бiрге сақталады.
      14. Тапсырылған құжаттардың ресiмделуiне және қаралуына қарай халықты әлеуметтiк қорғаудың қалалық немесе аудандық бөлiмi оларды халықты әлеуметтiк қорғаудың облыстық басқармасына ұсынады. Тексеруден өткеннен кейiн барлық қажеттi құжаттар Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жiберiледi.
      Өтем алу құқы туралы одан әрi шешiм қабылдауды және өтем төлеу үшiн құжаттарды өзара түсiнiстiк пен татуластықтың тиiстi қорына жiберудi Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң ұсынысымен Қазақстан Республикасында тұратын фашизмнiң бұрынғы тұтқындарының құжаттарын қарау және оларға өтем төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк бiлiктi комиссия шешедi.
 
             V. Өтем төлеу
      15. Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасы мен Украинаның өзара түсiнiстiк және татуластық қорларының өтем төлеуге арналған сомалары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiндегi Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң валюталық есепшотына аударылады.
      16. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi өтем төленуге тиiстi адамның тұрған жерiне қарай өтем төлеуге арналған соманы оның өз мақсатында төленуiн ұйымдастыру үшiн фашизмнiң бұрынғы тұтқындарына өтем төлеу кезеңiнде Қазақстан Республикасы Халықтық банкiнiң облыстық филиалдарында ашылатын облыстардың, Алматы қаласының халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының есепшотына аударады.
      17. Облыстардың, Алматы қаласының халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары өтем сомаларын Қазақстан Республикасы Халықтық банкiнiң тиiстi филиалдарына аударғаннан кейiн өтем алуға құқы бар адамдардың тiзiмiн, алатын нақты сомасын немiс маркасымен көрсете отырып жасайды және сонымен бiр мезгiлде оны алушыларға хабарлайды.
      18. Өтем төлемдерi есептелген аударым жасалған күнгi мерзiммен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағамы бойынша немiс маркасында немесе алушының қалауы бойынша ұлттық валюта - теңгемен жүргiзiледi.
      Өтем төлейтiн банктердiң бөлiмшелерi төленген төлемдер туралы тиiстi халықты әлеуметтiк қорғау органдарына он күн сайын хабарлап отырады, ал олар өз кезегiнде 3 күн мерзiмде өтем алған адамдардың аты-жөнi жазылған тiзiмдi, алған өтем сомасы мөлшерiн бiрге көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне ұсынады.
      Ескерту. 18-тармақтың 1-абзацы сөздермен толықтырылды - ҚРМК-нiң
               1996.03.01. N 269 қаулысымен. P960269_
      19. Өтем нотариалдық тәртiпте куәландырылған яки үй басқармасы немесе өтем алушының тұрған жерiндегi тұрғын үй шаруашылығының басқа да ұйымы куәландырған, сондай-ақ өтем алушы стационарлық ем алып жатқан жердегi емдеу мекемесi куәландырған сенiм-хат бойынша төленуi мүмкiн.
      20. Өтiнiш берген адамға өтем төлеу орынды деп ұйғарылғаннан кейiн ол адам қайтыс болып кетсе оған тиесiлi өтем сомасын оның отбасының асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы алатын мүшелерiне, сондай-ақ еңбек ету қабiлетiне және олар оның қарауында болған-болмағанына қарамастан төленедi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады