Бюджет қарыздары бойынша есептеме жасау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 20 қазандағы N 1360

      Бюджеттiк мекемелердiң жылу мен электр энергиясы үшiн жинақталып қалған берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бюджетке төлемдерi бойынша төменде аталған шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен республикалық бюджет арасындағы жалпы сомасы 516,0 (бес жүз он алты) млн. теңге берешекке бiржолғы есептеме жасайтын болсын, оның iшiнде:
      директивалық кредиттер бойынша "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамына 137 (жүз отыз жетi) млн. теңге, Экономиканы жаңғырту қорына - 95 (тоқсан бес) млн. теңге және Жер қойнауын қорғау мен минералдық-шикiзат базасын ұлғайту қорына - 70 (жетпiс) млн. теңге есептеме жасасын;
      Экономиканы жаңғырту қоры бойынша Тың темiр жолы басқармасына - 160 (жүз алпыс) млн. теңге есептеме жасасын;
      директивалық кредиттер бойынша "Алтайэнерго" электр энергиясы жөнiндегi өндiрiстiк бiрлестiгiне - 37 (отыз жетi) млн. теңге есептеме жасасын;
      Экономиканы жаңғырту қоры бойынша Алматы темiр жол басқармасына - 17 (он жетi) млн. теңге есептеме жасасын;
      қаржыландыру кезiнде "Қазақстанэнерго" мемлекеттiк электр энергиясы компаниясы жүйесiнiң кәсiпорындары 1995 жылдың 1 қазанына дейiн оларға берген жылуы мен электр энергиясы үшiн мыналарға қарасты бюджеттiк мекемелердiң берешегiне: Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне - 120 (жүз жиырма) млн. теңге сомасында, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне - 238 (екi жүз отыз сегiз) млн. теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне - 12 (он екi) млн. теңге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне - 120 (жүз жиырма) млн. теңге, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына - 12 (он екi) млн. теңге, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiне - 5 (бес) млн. теңге және Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне - 9 (тоғыз) млн. теңге, аталған сомаларды бюджеттiң кiрiсi мен шығысы бөлiктерiнде көрсете отырып, есептеме жасасын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады