Қазақстан Республикасының Ұлыбританияның Бiрiккен Корольдiгi мен Солтүстiк Ирландиядағы Елшiлiгiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 27 қазандағы N 1394

      "Қазақстан Республикасының Ұлыбританияның Бiрiккен Корольдiгi мен Солтүстiк Ирландиядағы Елшiлiгiн ашу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 қазандағы N 2569 U952569_ Жарлығын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлыбританияның Бiрiккен Корольдiгi мен Солтүстiк Ирландиядағы Елшiлiгiнiң штат саны 24,5 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлыбританияның Бiрiккен Корольдiгi мен Солтүстiк Ирландиядағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық жалақысы айына 3500 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн. <*>
      Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасымен айлық жалақысына қарай штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1996.12.18.
               N 1545 қаулысымен. P961545_
      3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге арналған аударым олардың шетел валютасымен жалақы қорының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы Iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Ұлыбританияның Бiрiккен Корольдiгi мен Солтүстiк Ирландиядағы Елшiлiгiнiң штаттық кестесiн және смета шығынын бекiтсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылдың

аяғына дейiнгi кезеңге арналған үй-жай жөндеуге, автокөлiк,
қажеттi құрал-саймандар мен жабдықтар алуға iс-сапарға шығындарды
қоса алғанда Қазақстан Республикасының Ұлыбританияның Бiрiккен
Корольдiгi мен Солтүстiк Ирландиядағы Елшiлiгiнiң қызметiн
қамтамасыз ету үшiн қажеттi қаражатты республикалық бюджет 
қаражатының есебiнен бөлетiн болсын.


     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады