"Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрылымын қайта ұйымдастыру мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 1 қарашадағы N 1415

      Қарағанды көмiр бассейнiнiң көмiр өндiретiн кәсiпорындарындағы қаржылық-экономикалық жағдайды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясының негiзiнде оны 1 қосымшаға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындар етiп құра отырып, қайта ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 1 қосымшада аталған мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк басқару органы және мемлекеттiк меншiктiк құқық субъектiсiнiң қызметтерiн жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi бiр ай мерзiмде мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн.
      "Қарағандышахтакөмiр" және "Қарағандыкөмiрразрездерi" кәсiпорындары "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясының құқықтық мұрагерлерi болып айқындалсын.
      2. "Қарағандышахтакөмiр" және "Қарағандыкөмiрразрездерi" мемлекеттiк кәсiпорындарына 2 және 3 қосымшаларға сәйкес шаруашылық жүргiзу құқығымен еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi "Қарағандышахтакөмiр" және "Қарағандыкөмiрразрездерi" мемлекеттiк кәсiпорындарының құрамына кiретiн еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындардың бағдарламасын әзiрлесiн және қолданылып жүрген заңға сәйкес жеке жоба бойынша акционерлендiрудi жүргiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қарағанды облысының әкiмiмен бiрлесiп, 1 ай мерзiмде өндiрiстiк-технологиялық қызметтi 4 қосымшаға сәйкес жүзеге асыратын "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясының кәсiпорындары мен ұйымдарының мәртебесiн айқындасын.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi Қарағанды облыстық аумақтық комитетiнiң басшылығымен Қарағанды көмiр бассейнiнiң 5 шахтасын жабу жөнiндегi тарату комиссиясын құрсын.
      Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне /жалпы бөлiм/ сәйкес кәсiпорындарды таратудың, сондай-ақ таратылатын кәсiпорындардың кен-шахта жабдықтарын тәртiбi мен мерзiмiн белгiлесiн.
      6. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi тарату комиссиясы айқындаған шараларды жүзеге асыру мен оларды қаржыландыру үшiн заңды тұлға құқығына ие арнайы ұйым құрсын.
      Аталған арнайы ұйым көмiр кәсiпорындарын таратуға байланысты шараларды орындау жөнiндегi тапсырыс берушiнiң қызметiн жүзеге асырады және оларды iске асыру жөнiндегi мердiгердi айқындайды деп белгiленсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған арнайы ұйымға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi арқылы Қарағанды көмiр бассейнiнiң шахталарын тарату жөнiндегi шұғыл шараларды жүргiзу үшiн 1995 жылы - 402,5 млн. /төрт жүз екi миллион бес жүз мың/ теңге және 1995 жылы - қосымша келiсiлген есеп айырысу бойынша қаржы қаражатын бөлсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Қарағанды көмiр бассейнi шахталарының таратылуына байланысты босатылған қызметкерлердiң кәсiби дайындығын және оларды қайта дайындаудың шараларын қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi Қарағанды облыстық аумақтық комитетi Қарағанды облысының әкiмiмен бiрлесiп "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы кәсiпорындарының балансындағы және инженерлiк коммуникацияларымен қоса жергiлiктi атқару органдарына берiлетiн әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы және тұрғын үй қорының объектiлерiн бекiтсiн.
      Көрсетiлген объектiлердi беру екi апта мерзiмде аяқталсын.
      10. Қарағанды облысының әкiмi мен "Қарағандышахтакөмiр" және "Қарағандыкөмiрразрездерi" мемлекеттiк кәсiпорындарының басшылығы инженерлiк коммуникацияларымен қоса жергiлiктi атқару органдарының балансына берiлген әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы және тұрғын үй қорының объектiлерiн 1995 жылдың аяғына дейiн және 1996 жылдың 1 тоқсанында үлестiк негiзде қаржыландырудың тәртiбi туралы келiсiм жасасын.
      11. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 қарашадағы N 1303 қаулысы;
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 қарашадағы N 1303 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 ақпандағы N 198 қаулысы;
      "Қарағандыкөмiр" бассейнi кәсiпорындарының қаржылық-

-шаруашылық қызметiн сауықтыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi
шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 тамыздағы N 1110 қаулысымен бекiтiлген
"Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы кәсiпорындарының
қаржылық-шаруашылық қызметiн сауықтыру жөнiндегi бiрiншi 
кезектегi шаралар жоспарының 1-6, 18-тармақтары.

 
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

                                    Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң    
                                    1995 жылғы 1 қарашадағы
                                        N 1415 қаулысына
                                           1 қосымша
          "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясының
          негiзiнде құрылатын мемлекеттiк кәсiпорындардың
                             тiзбесi

     "Қарағандышахтакөмiр" мемлекеттiк кәсiпорны,
     Қарағанды қаласы

     "Қарағандыкөмiрразрездерi" мемлекеттiк кәсiпорны,
     Қарағанды қаласы

                                     Қазақстан Республикасы            
                                          Үкiметiнiң
                                     1995 жылғы 1 қарашадағы
                                         N 1415 қаулысына
                                            2 қосымша
          "Қарағандышахтакөмiр" мемлекеттiк кәсiпорны
          еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарының
                        Тiзбесi  
     1. "Стаханов" шахтасы
     2. "Қарағанды" шахтасы
     3. Костенко атындағы шахта  
     4. "Киров" шахтасы
     5. Горбачев атындағы шахта
     6. Қазан революциясының 50 жылдығы атындағы шахта
     7. Күзембаев атындағы шахта
     8. Байжанов атындағы шахта
     9. "Соқыр" шахтасы
     10. "Саран" шахтасы
     11. "Ақтас" шахтасы
     12. КСРО-ның 50 жылдығы атындағы шахта
     13. "Шерубай - Нұра" шахтасы
     14. "Абай" шахтасы
     15. Калинин атындағы шахта
     16. "Қазақстан" шахтасы
     17. Ленин атындағы шахта
     18. "Молодежная" шахтасы
     19. "Долинская" шахтасы
     20. "Шахтинская" шахтасы
     21. "Тентек" шахтасы
     22. "Қарағанды" орталық байыту фабрикасы
     23. "Сабырхан" орталық байыту фабрикасы
     24. "Восточная" орталық байыту фабрикасы
     25. "Саран" топтық байыту фабрикасы
     26. "Байтам" байыту фабрикасы
     27. Қарағанды тиеу-тасымалдау басқармасы /"Шұбаркөл" 
         разрезiне қызмет көрсету үшiн Шұбаркөл тиеу-тасымалдау
         басқармасына көлiк құралдарын бере отырып/.
     28. Автокөлiк кәсiпорны өндiрiстiк бiрлестiгi
     29. "Арнайышахтамонтаждегазация" газдан тазарту жүйелерiнiң
         құрылысы және монтаж, өрттен сақтандыру жөнiндегi 
         мамандырылған басқарма
     30. "Арнайышахтамонтаж" кен-шахта жабдықтарын монтаждау,
         демонтаждау және жөндеу жөнiндегi басқарма
     31. Жыныс үйiндiлерiнiң тұтануын болдырмау, сөндiру және
         жердi қалпына келтiру жөнiндегi басқарма
     32. Ұңғыларды бұрғылау және шахта алаңдарын құрғату жөнiндегi
         Қарағанды "Шахтақұрғату" құрылыс-монтаж басқармасы
     33. Мамандандырылған автокөлiк басқармасы 

                                         Қазақстан Республикасы      
                                              Үкiметiнiң
                                         1995 жылғы 1 қарашадағы
                                            N 1415 қаулысына
                                               3 қосымша
                                                         
          "Қарғандыкөмiрразрездерi" мемлекеттiк кәсiпорны
                 еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарының  
                              Тiзбесi

     1. "Шұбаркөл" разрезi
     2. "Молодежный" разрезi
     3. "Кушекi" разрезi
     4. Нұра тиеу-тасымалдау басқармасы
     5. Шұбаркөл тиеу-тасымалдау басқармасы   

                                         Қазақстан Республикасы        
                                              Үкiметiнiң
                                         1995 жылғы 1 қарашадағы
                                            N 1415 қаулысына
                                               4 қосымша
          "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясының
          өндiрiстiк-технологиялық қызметтi жүзеге
          асыратын кәсiпорындары мен ұйымдарының
                          Тiзбесi  

     1. "Қарағандыкөмiрқұрылыс" тресi
     2. Ақтас кiрпiш зауыты
     3. Жобалау кеңсесi
     4. Көмiрдiң сапасын техникалық бақылау басқармасы
     5. Оқу-курс комбинаты
     6. Нормативтiк-зерттеу станциясы
     7. Электрондық аппаратура бюросы
     8. Мамандандырылған "Көмiрсервис" монтаждау iске қосу 
        кәсiпорны
     9. "Қарағандыэнергиякөмiр" өндiрiстiк бiрлескен
        кәсiпорны
     10. Кен-көлiк жабдықтарын жөндеу жөнiндегi зауыт
     11. Энергиязауыт
     12. Стандарттық емес жабдықтар және шағын механизация
         зауыты
     13. Кен-шахта жабдықтарын жөндеу жөнiндегi    
         механикалық зауыт
     14. Материалдық-техникалық жабдықтау басқармасы
     15. "Қарағандыкөмiрбарлау" Қарағанды геологиялық
         барлау экспедициясы
     16. Мамандандырылған жөндеу құрылыс басқармасы
     17. Инженерлiк коммуникациялар шығару жөнiндегi
         мамандандырылған басқарма
     18. Ақпараттық есептеу орталығы
     19. Өндiрiстiк-технологиялық байланыс басқармасы
     20. Ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
     21. Жұмыстарды жабдықтау бөлiмi
     22. "Шахтерская слава" газетiнiң редакциясы
     23. Дәрiлермен орталықтандырылған жабдықтау жөнiндегi
         дәрiхана
     24. Қызметтiк үй-жайлар басқармасы
     25. Әскерилендiрiлген күзет басқармасы
     26. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы     
         және жөндеу-құрылыс басқармасы /саны-14/
     27. Совхоздар /саны-9/
     28. Көмiр өткiзу
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады