Қазақстан Республикасы оңтүстiк облыстарының тұтынушыларын газбен жабдықтауды жақсарту шаралары жөнiндегi Келiсiмдi жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 12 ақпандағы N 0187

      Қазақстан Республикасы оңтүстiгiнiң тұтынушыларын табиғи газбен қамтамасыз ету жөнiндегi Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң атынан 1995 жылғы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында қол қойылған Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi газ өндiру және өңдеу жөнiндегi iшкi резервтердi барынша пайдалану тұжырымдамасы шегiнде республиканың газбен қамтамасыз етiлуi мен газ жүйесiнiң дамуының тұрақтандыру жоспарын әзiрлеп, 1996 жылдың 1 сәуiрiне Үкiметтiң қарауына ұсынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының тапсырысы бойынша және газ құбырлары трубаларын Газли поселкесi ауданында қосушы газ құбырларын салу үшiн Өзбекстан Республикасының белгiленген станциясына дейiн тасымалдауға бiрiншi кезекте темiржол вагондарын бөлудi қамтамасыз етсiн. "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы көлiк шығыстарын төлеудi жүргiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Қазақстан кәсiпорындарының өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының кеден аумағы шегiнен әкелiнетiн газ құбыры трубаларын, жабдықтар мен материалдарды жөнелтудi ресiмдеудi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_

Жарлығының 149-бабының 2-тармағында көзделгенiндей кеден төлемдерiн 
алмай жүргiзсiн.
     4. "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы жоғарыда аталған
Келiсiмге сәйкес қосылатын газ құбырының құрылысын және оны кейiн
Қазақстан тарабының меншiк құқығы негiзiнде пайдалануға берудi
қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады