Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарға арналған Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мен қайта құрылымдардың бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 27 ақпан N 246. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы  N 2721  Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарға арналған Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мен қайта құрылымдардың бағдарламасы бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп 1996 жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде Үкiметтiң бекiтуiне: 
      жекешелендiруге жатпайтын және ерекше мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк мүлiк объектiлерiнiң тiзбесiн; 
      жеке жобалар бойынша жекешелендiрiлген iрi және бiрегей объектiлер тiзбесiн ұсынсын. 
      3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдарымен бiрлесiп екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiм бойынша коммуналдық меншiктi жекешелендiру жөнiндегi бағдарламалар мен шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң 1996 жылғы      
27 ақпандағы            
N 246 қаулысымен         
бекiтiлген              

           Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiктi 
          жекешелендiрудiң және оның құрылымын өзгертудiң 
                     1996-1998 жылдарға арналған 
                           БАҒДАРЛАМАСЫ 

                             Кiрiспе 

      Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығымен бекiтiлген 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес әзiрленген. 
      1991-1995 жылдарда Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң екi бағдарламасы жүзеге асырылды. Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1991 жылғы 22 маусымдағы бағдарламасы 1991-1992 жылдарды қамтып, негiзiнен сауда мен қызмет көрсету саласының объектiлерiн сатуға, сондай-ақ мемлекеттiк меншiктi кәсiпорындардың еңбек ұжымдарына беруге бағытталды. Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған 1993 жылғы 5 наурыздағы ұлттық бағдарламасы шағын жекешелендiрумен қатар жаппай жекешелендiрудi, жеке жобалар бойынша жекешелендiрудi және агроөнеркәсiп кешенiн жекешелендiрудi қамтыды. Жоғарыда аталған бағдарламаларда белгiленген мақсаттарға негiзiнен қол жеттi. 
      Шағын жекешелендiру шеңберiнде 11 мыңға жуық объектiлер сатылды, оның өзi шағын жекешелендiруге жататын барлық объектiлердiң 2/3 бөлiгiн құрайды және сонымен бiр мезгiлде шағын жекешелендiру объектiлерiнiң көпшiлiгiн құрайтын объектiлер және халықтың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн аса маңызды - сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету саласы объектiлерi бойынша кәсiпорындардың 84 процентi жекешелендiрiлдi. 
      Жаппай жекешелендiру бағдарламасы толық аяқталды: 22 аукционда ИЖК-терге сатуға 1600-ден астам кәсiпорынның акциялары қойылды. Осы аукциондарда кәсiпорындардың жарғылық қорын құрайтын нақты құны 1261,5 млн. теңгелiк акциялар сатылды. 
      5 мыңнан астам адам жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды қамтитын жеке жобалар бойынша жекешелендiру шеңберiнде 5 кәсiпорын сатылды, 44 кәсiпорын сенiмдi басқаруға, оның iшiнде 12 кәсiпорын шетелдiк субъектiлердiң басқаруына берiлдi. 
      Агроөнеркәсiп кешенiн жекешелендiру шеңберiнде 1995 жылдың аяғына дейiн 1967 кәсiпорын сатылды, оның өзi агроөнеркәсiп кешенiндегi барлық объектiлердiң 93 процентiн құрайды. 
      1996 жылдың бас кезiндегi жағдай бойынша жекешелендiрiлетiн кәсiпорындардың жарғылық қорларының 60 процентi (шағын жекешелендiрудi есептемей) жеке меншiкке көштi. Жекешелендiрiлген капиталдың 1/3 бөлiгi ИЖК-терге, 1/3 бөлiгi ақшаға сатылды және 1/3 бөлiгi жекешелендiрiлетiн және жекешелендiрiлген кәсiпорындардың 43 процентiнде, дауыс беру акцияларының 50 проценттен астамы, соның iшiнде кәсiпорындардың 29 процентiнде - акциялардың 80 процентi және одан көбi жеке меншiкке көштi. 
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мен оның құрылымын өзгертудiң 1996-1998 жылдарға арналған осы Бағдарламаның негiзгi мақсаты-жекешелендiру процесiн негiзiнен аяқтау жолымен, Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншiк сектордың басым болуына қол жеткiзу және орнықтыру болып табылады. Бұл мақсаттың жүзеге асырылуы мемлекеттiк меншiкте қалатын объектiлердiң құрылымын өзгертумен ұштастырылатын болады. Өзара байланысты осы процестер - жекешелендiру мен құрылымды өзгерту - жеке меншiк және мемлекеттiк секторда тиiмдi меншiк иесiнiң қалыптасуына жәрдемдесетiн болады. 
      Бағдарламаны жүзеге асыру кезiнде жекешелендiрудiң тек қана нарықтық, бәсекелiк нысандарын қолдану негiзiнде жекешелендiрудi жүзеге асырудың әйгiлiлiгi мен жариялылығы сақталатын болады. 
      Жекешелендiрiлетiн объектiлерiмен байланысты құқықтар мен мiндеттемелер бойынша жаңа меншiк иелерiнiң құқық мұрагерлiгiн сақтауы меншiк құқықтарының, нақты бiр меншiк нысандарына қарамастан, құрметтелуi заңмен қамтамасыз етiлуi нығайтылады. 
      Жекешелендiру жобаларын әзiрлеу барысында және оларды жүзеге асыру кезiнде жекешелендiрiлетiн кәсiпорын қызметкерлерiнiң әлеуметтiк мүдделерi Қазақстан Республикасының еңбек заңын меншiк құрылымында болып жатқан өзгерiстерге сәйкес келтiру жолымен, сондай-ақ жекешелендiрiлетiн объектiлер қызметкерлерiнiң мүдделерiн қорғау жөнiндегi талаптарды тендерлер шарттарына енгiзу жолымен ұдайы ескерiлетiн болады. Сондай-ақ қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттiгi ескерiлуге тиiс. 
      Осы Бағдарламаның жүзеге асырылуы монополиясыздандыруға және экономикадағы тепе-теңдiктi шағын және орта бизнестi, сондай-ақ қызмет көрсету саласын басым дамыту бағытында өзгертуге жәрдемдесетiн болады. 
      Бағдарламада жекешелендiру процесiн аяқтау, сондай-ақ құрылымды өзгерту мен мемлекеттiк меншiктi басқару жөнiндегi, республиканың тиiстi министрлiктерiмен және ведомстволарымен келiсiлген өзара байланысты шаралар кешенi көзделген. 

 

              I. ЖЕКЕШЕЛЕНДIРУ ПРОЦЕСIН АЯҚТАУ 

 
      Жекешелендiрудiң бұдан бұрынғы кезеңдерiнiң, республикада жүзеге асырылған экономикалық реформалардың нәтижелерi жекешелендiру үдерiсiн тыңғылықты етiп, мына шаралардың жүзеге асырылуын қажеттi еттi: 
      шағын жекешелендiру шеңберiнде iшiнара жекешелендiрiлген кәсiпорындар, сондай-ақ II кезеңде сатылмаған объектiлер акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн жекешелендiрудi ақшаға сату жолымен аяқтау; 
      мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiрудiң жеке жобаларын жүзеге асыру; 
      бұрын жекешелендiруге жатпаған, сондай-ақ бұдан бұрынғы кезеңдерде жекешелендiрiлмеген кәсiпорындар мен ұйымдардың бiр бөлiгiн жекешелендiру процесiне қосу; 
      экономиканың жекелеген секторларын жекешелендiру жоспарларын әзiрлеу; 
      жекешелендiрiлген кәсiпорындарда стратегиялық инвесторлар тобының қалыптасуына жәрдемдесу; 
      шетелдiк капиталдың жекешелендiруге қатысуын кеңейту. 
      1996 жылдан бастап мемлекеттiк меншiктi жекешелендiрудiң кез келген түрi тек ақшалай қаражатпен жүзеге асырылатын болады. Жекешелендiруге жататын мемлекеттiк мүлiктi сатуға: 
      мүлiктiк кешен ретiнде мемлекеттiк кәсiпорын мен мекеменiң; 
      заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорын құрамынан бөлу балансы негiзiнде бөлiнгеннен кейiн тұйық технологиялық циклды бұзбай жекешелендiрiлетiн мүлiктiк кешен ретiнде өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелер мен құрылымдық бiрлiктердiң; 
      мемлекеттiк кәсiпорын таратылған жағдайда, таратылатын кәсiпорынға кредиторлардың талап қоюы үшiн заңда белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн тек аукционда кәсiпорын мүлкiнiң; 
      шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық қорларындағы мемлекет акциялары мен үлестерiнiң өткiзiлуi кiредi. 
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңында жекешелендiрудiң екi түрi көзделген: 
      1. Сауда-саттықта (аукцион, тендер) сату. Мемлекеттiк меншiктi аукционда сату сауда-саттық барысында ең жоғары баға ұсынған, мүлiктi сатып алуын белгiленген тәртiппен ресiмдеп, оның құнын төлеген адамға меншiк құқығының берiлуiн көздейдi. Объектiнi сату шарттары белгiленген жағдайда (бейiндi, жұмыс орындарының санын сақтау және т.т.) объектiлер тендерлерде тендер шарттарын орындау кезiнде ең жоғары баға немесе ең жақсы шарттар ұсынған тұлғаларға сатылатын болады. 
      2. Белгiлi бiр адамға тiкелей сату. Жекешелендiру объектiлерiн белгiлi бiр адамға, егер мүлiктiң сатып алу құқығымен жалға берiлуi яки акциялардың мемлекеттiк пакетiн кейiн сатып алатындай етiп тендер негiзiнде сенiмдi басқаруға бере отырып акционерлендiрiлуi жекешелендiру алдындағы шараларда қамтылған болса, тiкелей сатуға болады. 
      Объектiлердi жеке жобалар бойынша жекешелендiру кезiнде бәтуаласқан шарттармен белгiлi бiр инвесторға сатудың көзделуi мүмкiн. Ықтимал инвесторды таңдау тендер негiзiнде жүзеге асырылады. 

 

        1. Мемлекеттiк мүлiктiк кешендердi жеке жобалар
                       бойынша жекешелендiру 

 
      Объектiлердi жеке жобалар бойынша жекешелендiруге жатқызудың мөлшерi олардың ерекше iрi ауқымы мен бiрегей сипаты болып табылады. Ондай объектiлердiң тiзбесiн Үкiмет 1996 жылғы 1 наурызға дейiн бекiтедi. 
      Жеке жобалар бойынша жекешелендiруге жататын кәсiпорындар мынадай категорияларға бөлiнуге тиiс: 
      1. Жекешелендiру алдында құрылымын арнайы өзгертудi қажет етпейтiн тұрақты рентабельдi немесе перспективалық кәсiпорындар. 
      2. Қаржылай тұрлаулылығы мен монополиясыздандырылуы жекешелендiру алдында құрылымының өзгертiлуiмен қамтамасыз етiлетiн кәсiпорындар. 
      Объектiлердi аталған категорияларға жатқызу үшiн 1996 жылғы 30 маусымға дейiн мемлекеттiк басқару органдары (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Экономика және Қаржы министрлiктерiмен, тиiстi салалық министрлiктермен бiрлесiп) жеке жобалар бойынша жекешелендiрiлетiн кәсiпорындардың өндiрiстiк-қаржы жағдайын бағалайды және тиiстi ұсыныстар әзiрлейтiн болады. Объектiлердi әзiрленген ұсыныстар негiзiнде аталған категориялардың әрқайсысына жатқызу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды. 
      Тұрақты рентабельдi немесе перспективалы кәсiпорындар қолданылып жүрген заңмен белгiленген тәртiппен (егер олар жекешелендiрудiң алдыңғы кезеңiнде жекешелендiрiлмесе) алдын-ала акционерлендiрiлуге тиiс. 
      Мемлекет билiгiндегi акцияларды былайша бөле отырып сату ұсынылады: 
      акциялардың кемiнде 15 процентi нарықтық бағасын анықтау үшiн қор биржасында жария сату жолымен сатылады; 
      акциялардың жалпы санының (акционерлердiң жалпы жиналысында кемiнде 1/2 + 1 дауысты қамтамасыз ететiн) кемiнде 50 процентi тұтас пакетпен белгiлi бiр инвесторға сатылады. Инвесторды таңдау тендер негiзiнде белгiленедi. Ол инвестор стратегиялық (акциялардың бақылау пакетiне иеленетiн), сондай-ақ белсендi, яғни жекешелендiрiлетiн кәсiпорынның құрылымын өзгертуге әзiр инвестор болуға тиiс; 
      қалған акциялар ашық ақша сауда-саттығында, соның iшiнде қор биржасы немесе маманданған делдалдар арқылы сатылады. 
      Осы объектiлердiң акцияларын сату кезiнде мына шарттарды орындау қажет: 
      акцияларды сату құны меншiк иесi белгiлеген бағадан кем болмауға тиiс; 
      акциялар ашық сатылған жағдайда жекешелендiру процесiне субъектiлердiң барынша көп санының қамтылуы үшiн жағдайлар жасалуға тиiс; 
      акциялар белгiлi бiр инвесторға сатылған жағдайда инвестор кәсiпорынды дамыту мүдделерiн негiзге ала отырып, белгiленуге тиiс, олар тендер шарттарына енгiзiледi. 
      Қаржы тұрлаулылығы мен монополиясыздандырылуы, жекешелендiру алдында құрылымның өзгертiлуiмен қамтамасыз етiлетiн кәсiпорындар, мына тәртiппен қайта құрылуы мүмкiн: 
      1. Объектiнiң алдын-ала диагностикасын мынадай деректер жинау негiзiнде әзiрлеу; 
      мүлiктер мен мүлiктiк құқықтардың жағдайы мен құрылымы (жер учаскесi, жылжымайтын мүлiк және т.т.) туралы; 
      қызмет пен өндiрiлетiн өнiм (жұмыс пен қызмет көрсету) бейiнi туралы; 
      жабдықтың технологиялық деңгейi мен техникалық жағдайы туралы; 
      кәсiпорынның қаржы-экономикалық жайы туралы (бухгалтерлiк есеп деректерi); 
      кәсiпорынның ұйымдық құрылымы мен оны басқару жүйесi туралы; 
      кәсiпорын өнiмiн негiзгi берiп тұрушылар мен тұтынушылар туралы; 
      жұмыспен қамту құрылымы мен динамикасы туралы; 
      кәсiпорынның әлеуметтiк инфрақұрылымының объектiлерi туралы. 
      2. Алдын-ала диагностика деректерi негiзiнде: 
      кәсiпорынды (акциялардың, мемлекеттiк пакетiн) сенiмдi басқару тендер жарияланады, сенiмдi басқаруға арналған контрактi шарттарына басқарушы фирманың объектi құрылымын өзгерту мен оны кейiн жекешелендiру жобасын әзiрлеуi кiредi; 
      сенiмдi басқаруға нақты үмiткерлер болмаған немесе жалпы алғанда объектiнi тұтас сенiмдi басқаруға беру тиiмсiз болған жағдайда, конкурс шарттарымен маманданған консультанттарды тарта отырып, кәсiпорынның жағдайына толық талдау жасау туралы шешiм шығарылады. 
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер ретiнде одан әрi жұмыс iстеуiнiң орынды болатыны анықталған кәсiпорындар мүлкi, жекешелендiрiлгеннен кейiн таратылуға тиiс. 
      Бұл шешiмдердi мемлекеттiк меншiктi басқару мен иелену жөнiнде шешiмдер қабылдауға өкiлдiк берiлген мемлекеттiк орган қабылдайды. Мемлекет дауыс беретiн акциялардың бiрден-бiр иесi болып табылмайтын акционерлiк қоғамдарда бұл шешiмдер қолданылып жүрген заңмен белгiленген тәртiппен қабылдануға тиiс. 
      3. Объект диагностикасының деректерi негiзiнде құрылымды өзгерту жобасы әзiрленiп, онда кәсiпорынның жағдайына жасалған терең талдау және мына мәселелер бойынша: 
      кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарының құжатпен қуатталуын қамтамасыз ету, құрылымды өзгерту кезiнде бөлiнуге тиiстi заңды тұлғалардың саны және олардың арасында мүлiктiк құқықтарды бөлу жөнiндегi ұсыныстар; 
      өндiрiстiк қуаттарды пайдалану деңгейi, өндiрiстiк құрылымын өзгерту (жан-жақты дамыту) жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
      кәсiпорында пайдаланылатын технологиялар мен жабдықтың бәсекелестiк қабiлетi, инвестициялар тарту және (немесе) жабдықтың бiр бөлiгiн алу; 
      рентабельдiлiк, өтiмдiлiк деңгейi, кәсiпорын мiндеттемелерiнiң құрылымы, кәсiпорынның айналым активтерi мен мiндеттемелерiнiң ара қатынасы, қаржы құрылымын өзгерту жөнiндегi ұсынымдар; кәсiпорынды басқарудың ұйымдық құрылымының нарықтық жағдайлардағы пәрмендi қызметке және басқару жүйесiн бөлшектеу мен қайта ұйымдастыру жөнiндегi ұсынымдарға сәйкестiгiнiң дәрежесi; 
      маркетингтiк талдау және маркетингтiң жаңа стратегиясын әзiрлеу жөнiндегi ұсыным; 
      кәсiпорынның құрылымын өзгерту кезiнде жұмыспен қамту құрылымын өзгерту жөнiндегi ұсынымдар; 
      әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн пайдалану жөнiндегi ұсынымдар (баланстан алу және өзге шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге немесе әкiмшiлiктерге беру, бөлшектеу кезiнде бөлiнетiн заңды тұлғалар арасында бөлу); 
      өндiрiстiк экологиялық сауықтыру жөнiндегi ұсынымдар болады. 
      4. Енгiзiлген жобалар бойынша өкiлеттi орган объектiнiң құрылымын жекешелендiру алдында өзгерту және оны жеке жоба бойынша жекешелендiру түрi туралы шешiм қабылдайды. Жекешелендiру алдында құрылымды өзгертуге құрылымды өзгерту жобасының iшiнара жүзеге асырылуын қамтуы мүмкiн. Бұл жағдайда құрылымды өзгерту жобасын толық жүзеге асыру, белгiлi бiр инвесторға жекешелендiру шарттарын әзiрлеу үшiн негiзге айналады. 
      Ерекше iрi объектiлердiң құрылымын өзгерту жөнiндегi мемлекеттiк шаралар олардың болашақта бәсекелестiк қабiлетi бар жекелеген шаруашылық субъектiлерiне технологиялық тұрғыдан негiзделе бөлшектенуiн, бөлiнген объектiлердiң әрқайсысы бойынша жекешелендiрудiң жеке жоспарларын әзiрлей отырып, олардың құрылымының өзгертiлуiн қамтиды. 
     Жекешелендiрудiң жеке жобаларын әзiрлеудiң жалпы процедураларына:
     аудиторлық және консалтингтiк фирмаларды конкурс арқылы iрiктеудiң өлшемдерiн белгiлеу;
     қаржы консультанттары мен аудиторларын конкурс арқылы таңдау;
     жобаны жүзеге асыру әдiстерiн таңдау;
     жекелеген инвесторлардың өзiне қабылдауға әзiр мiндеттемелер бойынша ұсыныстарын, соның iшiнде әлеуметтiк мiндеттемелер бойынша ұсыныстарды бағалау жатады. 
     Жекешелендiрудiң жеке жобаларын жүзеге асырудың негiзгi әдiстерiне:
     мемлекеттiк меншiктi тендер арқылы сату;
     бәтуаласқан шарттармен белгiлi бiр инвесторға сату;
     акцияларды ашық сату;
     кейiн жекешелендiретiндей етiп басқаруға контрактiлер жасасу;
     құрылымды алдын-ала өзгерту жатады.
      Объектiнi жекешелендiрудiң жеке жобасында оны жүзеге асырудың бiрнеше әдiстерiнiң бiр мезгiлде қолданылуының көзделуi мүмкiн. Акциялардың ашық сатылуын және акциялардың бөлшектелген пакеттерiн сатудың басқа да нысандарын акциялардың бақылау пакетiн белгiлi бiр белсендi инвесторға сатумен бiрiктiрген жөн. 

 

             2. Жекешелендiрудiң секторлық бағдарламалары 

 
      Қазақстанның экономикасы үшiн ерекше маңызды мұнай және газ өнеркәсiбi, энергетика, көлiк пен байланыс, қара және түстi металлургия сияқты секторлар жөнiнде диагностикалық және талдау жұмыстары жүргiзiлетiн болады, олар жалпы осы секторларда меншiктiң оңтайлы құрылымын, сондай-ақ оған жетудiң стратегиясын қалыптастыру үшiн негiз болады. Диагностикалық және талдау жұмыстарының нәтижелерi, өкiлеттi органдардың ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiрудiң және, қажет болған жағдайда, олардың құрылымын өзгертудiң секторлық бағдарламаларын бекiтетiн болады. 
      Аталған секторлардың әрқайсысы бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерi министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, жекешелендiру объектiлерiнiң өздерiнiң ұсыныстарын ескере, бiлiктi консультанттарды тарта отырып, көбiнесе жеке жобалармен объектiлер бойынша жекешелендiрудiң арнаулы бағдарламасы әзiрленетiн болады. 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi объектiлерi секторлық бағдарламалар шеңберiнде жекешелендiруге объектiлер құрамының қажеттi түрде өзгертiлуiн және елеулi қаржы ресурстарының қосылуын қамтамасыз етуге қабiлеттi белгiлi бiр белсендi, соның iшiнде институционалдық инвесторларды, инвесторларды (халықаралық қаржы институттарын, даму банктерiн, екi жақты және көпжақты кәсiпкерлiк қорларды) тартпақ. 
      Жекешелендiрудiң секторлық бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыру кезiнде бәсекелестiк ортаны қалыптастыру мен монополияға қарсы заңды сақтау жөнiндегi талаптар қатаң сақталуға тиiс. Мұны: 
      бiр салалы объектiлердi түрлi бәсекелесушi инвесторларға сату; 
      қатаң тендерлiк негiзде үкiметтiк iрi контракт-тапсырыстар жасасу және бiр контракт-тапсырыс ұлттық және (немесе) шетелдiк бiрнеше фирмалар арасында бөлу жолымен орындауға болады. 

 
                    Электр энергетикасының кешенi  

 
      Электр энергетикасы кешенiнiң салалық бағдарламасында құрылымды экономикалық жағынан дербес объектiлер қалыптастырылатындай және олар кейiн жекешелендiрiлетiндей етiп қайта құру көзделетiн болады. 
      1996 жылы электр энергетикасы кешенiнiң ұйымдық құрылымын өзгерту аяқталады, олар мыналар болады: 
      мемлекеттiк реттеушi органдар атынан Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау мен Электр энергетикасында баға белгiлеу жөнiндегi мемлекеттiк реттеушi комиссия; 
      жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк кәсiпорындар, оның iшiнде электр берудiң жүйе құраушы және жүйеаралық желiлерi, шағын станциялар, диспетчерлiк басқарма, есептеу орталықтары және бiрыңғай энергетикалық жүйенiң тұтастығын қалыптастыратын және оның жұмысын қамтамасыз ететiн басқа объектiлер. Оларға Қазақстанның Бiрлескен диспетчерлiк басқармасының, аймақаралық және мемлекетаралық электр желiлерi объектiлерi құрамында "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетика жүйесiн жатқызуға болады; 
      жекешелендiруге жататын мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ не дербес кәсiпорын, не болмаса бөлу балансы негiзiнде бөлiнетiн құрылымдық бөлiмшелер. 
      Электр энергетикасы кешенiнде мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып әзiрлеген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнаулы шешiмiмен бекiтiлген бағдарлама негiзiнде жүргiзiлетiн болады. Электр энергетикасы кешенiнiң объектiлерiн жекешелендiру жеке жобалар бойынша жүзеге асырылады. 
      Әрбiр облыста аймақтық энергия жүйелерiнiң құрамынан электр желiлерi негiзiнде мемлекеттiк кәсiпорындар бөлiнiп, кейiн олар жекешелендiрiлетiн болады. 
      Жекелеген электр және жылу стансаларын, сондай-ақ жылу желiлерi кәсiпорындарын бөлу балансы негiзiнде бөлiнгеннен кейiн жекешелендiруге болады. 
      Технологиялық және экономикалық мақсатқа сәйкестiгiне байланысты жылу желiлерiн өкiлеттi органның жылу электр стансалары құрамына беруге болады. 
      Энергетика объектiлерiнде жөндеу-реттеу жұмыстарын жүзеге асырушы өндiрiстiк бiрлестiктер (кәсiпорындар), сондай-ақ ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру институттары акционерлiк қоғамдар етiп қайта құрылатын болады. 
      Аймақтық энергия жүйелерiнiң құрамынан құрылыс-монтаж және жөндеу-реттеу жұмыстарын жүзеге асырушы құрылымдық бөлiмшелер, жекелеген электр стансалары, жылу желiлерi кәсiпорындары, облыстық электр желiлерi кәсiпорындары және аймақтық энергетика жүйелерiнiң қалған мүлiктiк кешендерi бөлiнiп, акционерлiк қоғамдарға айналдырылады да, кейiннен жекешелендiрiледi. 
      Электр энергетикасы кешенiнде мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлендiру мен жекешелендiру қызмет бейiнiн мiндеттi түрде сақтай отырып және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша дауыс беретiн акциялардың кемiнде 1/3 бөлiгiн акционерлiк қоғамдарда ықтимал бекiте отырып, жүзеге асырылатын болады. 
      Жекелеген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша, технологиялық циклi бiрдей объектiлер құрамындағы бiртұтас мүлiктiк кешен ретiнде жалпы аймақтық энергия жүйесiнiң акционерлiк қоғам болып қайта құрылуы мүмкiн. 
      Акционерлiк қоғам болып қайта құрылған кәсiпорындар бойынша акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сенiмдi басқару қолданылатын болады. Республикалық меншiк объектiлерi бойынша басқарушы (заңды немесе жеке тұлға) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесе отырып өткiзетiн тендерлер негiзiнде, ал коммуналдық меншiк объектiлерi бойынша - өкiлеттi жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен, қаржы консультанттарын тарта отырып белгiленетiн болады. 
      Аймақ және жалпы республика үшiн әлеуметтiк маңызы бар, энергия жүйелерінiң балансындағы әлеуметтiк-мәдени тұрмыс объектiлерi, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген тәртiпке сәйкес, жергiлiктi атқару органдарына немесе облыс әкiмдерiнiң қарамағына берiледi. Энергия жүйесiнiң әлеуметтiк инфрақұрылымын қалыптастыруға қажеттi әлеуметтiк-мәдени тұрмыс объектiлерi тиiстi энергия жүйелерiнiң баланстарында қалады. 
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңымен көмiр өндiру кешенiнде, барлау мен кен өндiрудi тиiстi лицензия алуға арналған тендерлерде жеңген инвесторлар жүзеге асыратын болады деген принцип сақталған жағдайда, жер қойнауы мен пайдалы қазбалар қорларына ерекше мемлекеттiк меншiк жарияланған. Жеке меншiк капитал Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi бойынша сенiмдi басқаруға шарттар жасасу негiзiнде көмiр өндiретiн кәсiпорындардың қаржы жағдайының жақсартылуын қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшiн тартылатын болады. 

 
                     Мұнай-газ және мұнай-химия кешенi  

 
      Мұнай-газ және мұнай-химия кешенiнiң салалық бағдарламасында зерттеу-барлау және жобалау, мұнай мен газ өндiру жұмыстарын, сондай-ақ труба құбыры тасымалын, тұтынушыларға мұнай, газ және олардың ұқсатылған өнiмдерiнiң сатылуын қамтамасыз ететiн кәсiпорындар мен ұйымдардың құрылымын өзгерту және оларды жекешелендiру жолдары көзделетiн болады. 
      1996-1998 жылдар iшiнде ұлттық, холдингтiк және өзге де мемлекеттiк акционерлiк компанияларды, сондай-ақ iрi акционерлiк қоғамдарды бөлшектеу жолымен олар қайта ұйымдастырылатын болады. Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерi бөлiнiп, олар коммуналдық меншiкке берiледi. 
      Мұнай-газ және мұнай-химия кешенiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес, соның iшiнде халықаралық тендер жариялау жолымен және жобалар бойынша жекешелендiрiлетiн болады. Барлауға және кен өндiруге байланысты жобаларды, мұндай қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу тендерлерiнде жеңген инвесторлар жүзеге асыратын болады. 
      Жұмыс iстеп тұрған труба құбырлары, сондай-ақ салынып жатқан труба құбырларының мемлекеттiк мүлкi институционалдық, соның iшiнде шетелдiк инвесторларды тарта отырып, жаңа заңды тұлғалар қалыптастыру үшiн негiз ретiнде пайдаланылады. 
      Мұнай өңдеу кәсiпорындары негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк пакеттерi тендер негiзiнде жекешелендiрiлетiн болады. Бұл жағдайда мемлекет дауыс берушi акциялардың кемiнде 1/3 бөлiгi мөлшерiндегi пакеттi белгiлi бiр уақыт сақтай алады. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң тендер негiзiнде сенiмдi басқаруға берiлуi мүмкiн. 
      Сенiмдi басқару және (немесе) акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сатып алу құқығына тендерлер өткiзу шарттары мынадай: 
      кәсiпорынның қаржы жағдайының жақсартылуын қамтамасыз ету; 
      қажет болған жағдайда, объектi құрылымын оның қаржы тұрақтылығына қол жетуiн қамтамасыз ететiндей етiп өзгертудiң толық бағдарламасын әзiрлеу; 
      жобаның толық жүзеге асырылуын ұзақ мерзiмдi қаржыландыру; 
      жұмысы жалпы саланың қалыпты жұмыс iстеуi үшiн қажеттi рентабельдiлiгi төмен немесе шығынды бөлiмшелердiң ұзақ мерзiм бойы қаржыландырылуын қамтамасыз ету; 
      әлеуметтiк және экологиялық талаптарды орындау. 
      Кәсiпорындарды жекешелендiрудiң жеке жобаларын жүзеге асыру кезiнде негiзгi және қызмет көрсетушi өндiрiстердiң iрi көлемде инвестициялануын жүзеге асыра алатын нақты, мүдделi белгiлi бiр инвесторды, соның iшiнде институционалдық инвесторды таңдауға ұмтылу керек. 
      Жөндеу, пайдалану, геофизика, кадрлар даярлау жөнiндегi ұсақ компаниялар ашық ақша сауда-саттықтарында сату арқылы белгiленген тәртiппен бөлек жекешелендiрiлетiн болады. 
      "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамынан шығарылған объектiлердi жекешелендiру 1996 жылдың бiрiншi жартысында аяқталуға тиiс. 
      1996 жылы "Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы қайта ұйымдастырылатын болады, газ тасымалын және оның көтерме бағамен сатылуын жүзеге асыратын акционерлiк қоғам бөлiнедi. Газды тiкелей тұтынушыларға бөлшек бағамен сатумен айналысатын "Алаугаз" МХК бөлiмшелерi аймақтық принцип бойынша дербес заңды тұлғалар ретiнде бөлiнедi. Мүлкiнiң құнына және атқаратын жұмысының көлемiне қарай, олар, акционерлiк қоғамдар немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер түрiндегi шаруашылық серiктестiктерi етiп өзгертiлуге тиiс, мемлекеттiк меншiктегi жарғылық қорларда олардың үлесiнiң 1/3 бөлiгiнiң сақталуы мүмкiн. Шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық қорларының қалған бөлiгi стратегиялық инвесторды мiндеттi түрде қалыптастыра отырып жекешелендiруге немесе кейiннен жекешелендiретiндей етiп, басқаруға берiлуi мүмкiн. 
      "Мұнай-газ" және "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компанияларын жекешелендiру кезiнде акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң сақталуы көзделетiн болады, кейiннен ол Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнаулы шешiмi бойынша "алтын акцияға" ауыстырылуы мүмкiн. 

 
                    Металлургия және кен-руда кешенi 

 
      Құрылымды өзгерту мен жекешелендiрудiң салалық бағдарламасында ұлттық, холдингтiк және өзге де мемлекеттiк акционерлiк компаниялардың жарғылық қорларынан металлургия кешенi акционерлiк қоғамдары акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн шығару жолымен оларды қайта ұйымдастыру мен ықшамдауды аяқтау көзделетiн болады. 
      Металлургия кешенiнiң кәсiпорындарын жекешелендiрудiң негiзгi жолы жеке жобаларды әзiрлеу мен жүзеге асыру болады. Негiзгi өндiрiс объектiлерi жекешелендiру алдындағы шаралар ретiнде акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн тендер негiзiнде сенiмдi басқару қолданылатын болады. 
      Басқаруға сенiп тапсыру және (немесе) акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сатып алу құқығына тендерлер өткiзу шарттары мыналар: 
      кәсiпорынның қаржылық сауықтырылуын қамтамасыз ету; 
      қажет болған жағдайда, объектi құрылымын оның қаржы тұрақтылығына қол жетуiн қамтамасыз ететiндей етiп өзгертудiң толық бағдарламасын әзiрлеу; 
      жобаның толық жүзеге асырылуын ұзақ мерзiм қаржыландыру; 
      өндiрiстi және оның шикiзат (руда) базасын дамыту; 
      әлеуметтiк және экологиялық талаптарды орындау. 
      Металлургия кәсiпорындарын жекешелендiрудiң жеке жобаларын жүзеге асыру кезiндегi ең маңыздысы - өндiрiстiң iрi көлемде инвестициялануын және өнiмнiң дүниежүзiлiк рынокта өткiзiлуiн жүзеге асыруға қабілеттi нақты, мүдделi белгiлi бiр инвесторды, соның iшiнде институционалдық инвесторды бiлiктiлiкпен таңдау (iздеу). 
      Бiртұтас технологиялық циклмен байланысы жоқ қосалқы және қызмет көрсетушi бөлiмшелер дербес заңды тұлғалар ретiнде бөлiнiп, кейiн жекешелендiрiлуге тиiс. 
      Жарғылық қорлардағы дауыс берушi акциялардың 1/2 бөлiгiнен астамы жекешелендiрiлген акционерлiк қоғамдар бойынша, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, қалған мемпакеттердi сауда-саттықта сату аяқталып, белсендi стратегиялық инвестор мүмкiндiгiнше қалыптастырылатын болады. 
      Рудалы материалдар өндiру саласында жер қойнаулары мен пайдалы қазбалар қорларына Қазақстан Республикасының ерекше меншiгiн сақтау-негiз қалаушы болып табылады. Кен көзiн игеруге мемлекеттiк емес сектордың қатысуы кен көзiн пайдалануға концессиялар беру немесе кенiштi сенiмдi басқаруға шарт жасасу кезiнде қатаң лицензиялық негiзде жүзеге асырылатын болады. 

 
                     Көлiк-коммуникациялық кешен 

 
      Көлiк-коммуникациялық кешен бағдарламасы негiзгi өндiрiс кәсiпорындарының, жер үстi, әуе көлiгi мен байланыс инфрақұрылымының құрылымын өзгерту мен оларды жекешелендiру жолдарын белгiлейдi. Осы сектор объектiлерiн жекешелендiру бағдарламаларын әзiрлеу кезiндегi негiзгi амал инфрақұрылымның iрi объектiлерiне республикалық меншiктi сақтау, инфрақұрылымның ұсақ объектiлерiн коммуналдық меншiкке беру немесе оларды мүмкiндiгiнше жекешелендiру болып табылады. Жекешелендiру объектiлерi өз функцияларының орындалуын бұзбай, түрлi бейiндегi жеке меншiк тұлғаларды көптеп құра отырып, мүмкiндiгiнше ықшамдалуға тиiс. 

 
                         Жер үстi көлiгi 

 
      Көлiк кәсiпорындарын бөлшектеудiң ең тәуiр нұсқасы негiзгi өндiрiс бөлiмшелерiн (жүк және жолаушылар тасымалы), қызмет көрсететiн бөлiмшелердi (жөндеу және материалдық-техникалық жабдықтау) бөлiп алып, тәуелсiз жекешелендiру болып табылады. Көлiк кешенiнiң негiзгi және қосалқы өндiрiсiн жекешелендiру халық көлiк қызметiн пайдаланған жағдайда, оларға қосымша қызмет көрсететiн кәсiпорындарды (вокзалдар мен станциялар, темiр жол вокзалдары мен станцияларынан басқалары; қоғамдық тамақтандыру орындары және т.т.) жекешелендiрумен ұштастырылатын болады. 
      Жолаушыларға қалада, қала маңында және қалааралық қоғамдық көлiк қызметiн көрсететiн республикалық (қалааралық автобус және темiр жол) және коммуналдық кәсiпорындар, сондай-ақ қатынастың реттелуi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн кәсiпорындар түрiндегi мемлекеттiк меншiк объектiлерiн бөлiп алу, осы бағдарламаның элементi болып табылады. Мемлекеттiң табиғи монополиясы саласына яки басқаруға мемлекеттiң уақытша қатысуын қажет ететiн секторларға жататын iрi объектiлер жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз процент немесе басым қатысуын сақтай отырып, акционерлiк қоғамдар болып қайта құрылады. 
      Көлiк құралдарын жасап шығаратын, жөндейтiн, жол салу мен жөндеу үшiн материалдар өндiретiн өнеркәсiп орындары негiзгi қызмет бейiнiн сақтай отырып, тендер негiзiнде жекешелендiрiлуге тиiс. 
      Темiр жолдардың аз салмақ түсетiн учаскелерi мен тар табанды линиялары жекешелендiрiлуге тиiс. 

 
                          Әуе көлiгi 

 
      "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы бөлшектеу жолымен қайта ұйымдастырылатын болады. Өз қызметiне сәйкес әуе көлiгiнiң жұмыс iстеуiн жалпы қамтамасыз ету функциясын орындайтын және жекешелендiруге жатпайтын қызметтердi (аэронавигациялық ақпарат қызметi, метеорологиялық қамтамасыз ету қызметi, дәрiгерлiк-ұшқыштық сараптау комиссиясы, азаматтық авиация академиясы, Ақтөбе қаласындағы оқу-жаттығу орталығы және т.б.) компания құрамынан бөлiп шығару қажет. 
      Компания құрамынан жекелеген аймақтардың авиаотрядтарын бiрiктiретiн акционерлiк қоғам бөлiнетiн болады, кейiннен авиатасымалдар жүйесiн дамыту бағдарламаларының тендер шарттарымен жекешелендiрiледi, немесе оның негiзiнде бiрлескен кәсiпорын құрылатын болады. 
      Авиатасымалдарға қызмет көрсететiн жер үстi қызметтерiмен қоса аэропорттар мен аэровокзалдар акционерлiк қоғамға айналдырылады, оның акцияларының бақылау пакетi тендер шартымен сатылуы немесе бiрлескен кәсiпорын құру үшiн негiз болуы мүмкiн, сонымен бiрге дауыс берушi акциялардың кемiнде 1/3 бөлiгi мемлекеттiк меншiкте қалдырылатын болады. 
      Ұшақ жөндеу зауыттары акционерлiк қоғамдар болып қайта құрылып, акцияларының бақылау пакетi ұлттық авиация өнеркәсiбiнiң дамытылуын қамтамасыз етуге қабілеттi белгiлi бiр инвесторларға сатылуға тиiс. Оларды жекешелендiрудiң ықтимал нұсқасы ұшақтар жасап шығаруға маманданған шетелдiк заңды тұлғалардың қатысуымен бiрлескен кәсiпорындар құру болып табылады. 

 
                              Байланыс 

 
      "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясын бұрын құрылған "Бесет", "Арна-Спринт", "Арна", "Декател" шаруашылық серiктестiктерiнiң мемлекеттiк үлестерiнiң жарғылық қорынан шығару жолымен ол ықшамдалып, кейiн сатылады, мемлекеттiк кәсiпорындарды иелену, пайдалану және басқару құқықтары керi шақыртып алынады. КазҒЖӨбайланыс институты мен Бiлiктiлiктi арттырудың республикалық орталығы акционерлiк қоғамдар етiп қайта құрылып, белгiленген тәртiппен жекешелендiрiлетiн болады. 
      "Қазақтелеком" ҰАҚ-сын жекешелендiру кезең-кезеңмен жүзеге асыруға арналған: 
      бiрiншi кезеңде акциялардың мемлекеттiк пакетiн телекоммуникациялық желiге қызмет көрсетумен және оны жетiлдiрумен шұғылданатын iрi инвестор-оператордың басқаруына беру жөнiнде халықаралық тендер өткiзу, тендерге iрi халықаралық телекоммуникациялық компанияларды тарту ұйғарылған. Сондай-ақ стратегиялық меншiк иесiн анықтауды және Компания акцияларының бiр бөлiгiн республика халқына ашық сатуды көздейтiн жекешелендiрудiң жеке жобасы әзiрленетiн болады; 
     екiншi кезеңде Компания акциялары жекешелендiрудiң жеке жобасына сәйкес сатылатын болады.
     Көлiк-коммуникациялық кешендi жекешелендiру бағдарламасын 1996-1998 жылдардың iшiнде орындау, соның iшiнде: 
     автокөлiк кәсiпорындары мен ұйымдарын жекешелендiрудi 1996 жылы аяқтау;
     темiр жол және авиация көлiгi объектiлерiн жекешелендiрудi 1996-1997 жылдары;
     телекоммуникация кешенiн жекешелендiрудi 1996-1998 жылдардың iшiнде жүзеге асыру ұсынылған.

                      Агроөнеркәсiп кешенi 

       Агроөнеркәсiп кешен объектiлерiн жекешелендiрудiң салалық бағдарламасы тиiмдi ауыл шаруашылық тауар өндiрiсiн қалыптастыру мақсатымен реформаларды тереңдету шараларын қамтитын болады. 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылыми академиясымен, Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетiмен, Орман шаруашылығы комитетiмен және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесiп мемлекет меншiгiнде қалатын кәсiпорындардың тiзбесiн белгiлеп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне бередi. 
      1996 жылдың бiрiншi жартысында қалған кеңшарларды жекешелендiру, сондай-ақ мемлекеттiк акционерлiк компанияларды қайта ұйымдастыру аяқталады. 
      Бұрын жекешелендiрiлмеген ұқсату кәсiпорындарын жеке жобалар бойынша, көбiнесе тендерлiк негiзде, негiзгi өндiрiске қызмет көрсететiн, мысалы, орап-буатын, ыдыс жасайтын және т.б. кәсiпорын (бөлiмше) мiндеттi түрде құрылатындай етiп жекешелендiрiледi. 
      Жарғылық қорда мемлекеттiк үлестi сақтай отырып жекешелендiрiлуге тиiстi объектiлер тобы, соның iшiнде Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының құрамына кiретiн шаруашылықтар, асыл тұқымды мал шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу және тәжiрибе станциялары, тәжiрибе-эксперименттiк шаруашылықтар белгiленетiн болады. 
      1996 жылдың аяғына дейiн, Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетiмен және басқа да мүдделi ведомстволармен бiрлесiп су пайдаланушылардың жеке меншiк бiрлестiктерiнiң сенiмдi басқару шарттары бойынша берiлуге тиiстi объектiлердiң тiзбесi жасалатын болады. 
      Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп 1996-1998 жылдары iшiнде жекешелендiрiлетiн орман шаруашылығы объектiлерi белгiленетiн болады. 
      Шаруашылық жүргiзудiң мемлекеттiк емес нысандарын кеңейту мақсатында шаруашылық серiктестiктерiне, фермерлiк шаруашылықтарға ауыл шаруашылығы кооперативтерiне, басқа да жеке және заңды тұлғаларға жердi ұзақ мерзiмге пайдалану, сондай-ақ жерде ұзақ мерзiмге және қысқа мерзiмге жалға алу, жердi қайталап пайдалану мен қайталап жалға алу құқықтарын беру тәртiбi белгiленетiн болады. 
      Сондай-ақ мемлекеттiк ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына жердi пайдалану құқығын беру тәртiбi белгiленетiн болады. 
      Ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң мүлiктiк құқықтарын, жердi иелену құқығын қоса қамтамасыз етудiң кредиттердi қамтамасыз ету ретiнде мүлiк пен жер кепiлдiгiн ресiмдеудi көздейтiн тетiктер әзiрленетiн болады. 
      Селолық жеке тауар өндiрушiлерге жекешелендiруден кейiн қолдау көрсету, қажеттi техникамен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық машиналарының ескiрген паркiн жаңарту үшiн машина-технология станцияларының желiсi құрылып, техника мен көлiк құралдары лизингi кеңiнен қолданылатын болады. 

 
             Денсаулық сақтау, халыққа бiлiм беру, ғылым және 
                               мәдениет 

 
      1996 жылдың iшiнде денсаулық сақтау, бiлiм және мәдениет объектiлерiн жекешелендiру бағдарламаларын әзiрлеу аяқталып, оларды жүзеге асыру басталады. 
      Бағдарлама мемлекеттiк меншiктегi барлық объектiлердi екi топқа: жекешелендiруге жататын объектiлер мен жекешелендiруге жатпайтын объектiлерге бөлудi қамтиды. Тиiстi министрлiктердiң келiсiмi бойынша кепiлдiк берiлген мемлекеттiк көлемде медициналық және жалпы бiлiм беру қызметiн көрсететiн ұйымдар мен мекемелердiң, сондай-ақ бiрегей және әлеуметтiк маңызы ерекше денсаулық сақтау, бiлiм беру, ғылым және мәдениет объектiлерiнiң тiзбесi, соның iшiнде аумақтық тұрғыдан, анықталатын болады. Бұл объектiлердi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ерекше шешiмдерiмен ғана жекешелендiруге болады. 
      Жоғарыда аталған тiзбелер негiзiнде 1996 жылдың бiрiншi жартысында ғылыми-зерттеу ұйымдары мен ғылыми-жобалау институттарының бiр бөлiгiн жекешелендiру жөнiнде шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылатын болады. 
      Тiзбелерге енгiзiлмеген ұйымдар мен мекемелер жекешелендiрiледi және денсаулық сақтау, бiлiм беру, ғылым және мәдениет салаларында жеке меншiк секторды қалыптастырудың негiзiне айналады. Бұл объектiлердi жекешелендiру не акционерлiк қоғамдар құрып, кейiннен акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сату жолымен, не мүлiктiк кешендердi тиiстi әзiрлiк дәрежесi бар немесе бұл салаларды қызметпен шұғылдану құқығын беретiн лицензиялары бар жеке меншiк заңды және жеке тұлғаларға тендер арқылы сату жолымен жүзеге асырылатын болады. Объектiлер мен мүлiктiк кешендерге төлем қабілетi бар сұраныс болмаған жағдайларда мүлiктi сенiмдi басқару немесе сатып алу құқығымен мүлiктiк жалға беру шарттары негiзiнде, соның iшiнде объектiлер бейiнi сақталған жағдайда жеке заңды тұлғаларға беруге болады. 
      Халыққа қызмет көрсетудiң аралас режимi, яғни тегiн қызметтердiң нақты бiр көлемiн (ол шалғай аудандар жағдайында кеңiрек болуға тиiс) қамтамасыз ету, ақылы қызмет көрсетумен қатар объектiнi тендер арқылы немесе нақты тұлғаға сатудың шарттарына айнала алады. 
      Iрi объектiлер жеке жобалар бойынша, алдын-ала акционерлендiре отырып, сондай-ақ, жекешелендiруге дейiн құрылым өзгертiлген жағдайда, мемлекеттiк пакеттi кейiн сатып алу құқығымен сенiмдi басқаруға бере отырып, жекешелендiрiлуге тиiс. Жекешелендiруге дейiн құрылымын өзгертудi қажет етпейтiн акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сату кезiнде акциялардың бақылау пакеттерiн белгiлi бiр инвесторға бiр пакет етiп сату ұсынылады. 

 
                 3. Коммуналдық меншiктi өзгерту  

 
      1996 жылдың бiрiншi жартысында Қазақстан Республикасында коммуналдық меншiктi қалыптастыру процесi жүзеге асырылатын болады. Коммуналдық меншiкке жергiлiктi қазына және коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген мүлiк жатқызылады. Мүлiктерi республикалық меншiктен коммуналдық меншiкке берiлетiн заңды тұлғалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
      Коммуналдық меншiк объектiлерiн иелену, пайдалану және билiк ету жөнiндегi мемлекеттiк органдар - жергiлiктi атқару органдары. 
      Коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiру жергiлiктi атқару органдары қолданылып жүрген заң нормаларына және осы Бағдарламаның ережелерiне сәйкес әзiрлейтiн арнаулы бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын болады. 
      Коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiру бағдарламаларында мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылықты жүргiзу құқығымен жұмыс iстейтiн кәсiпорындар мен қазыналық кәсiпорындарға бөлiнген тiзбесi, сондай-ақ акцияларының мемлекеттiк пакеттерi республикалық меншiктен коммуналдық меншiкке берiлген акционерлiк қоғамдардың тiзбесi болуға тиiс. Осы кәсiпорындардың iшiнен жекешелендiруге жатпайтын кәсiпорындар тобы белгiленедi. Жекешелендiруге жататын коммуналдық меншiк объектiлерi: 
      өкiлеттi органның билiгiндегi белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк бақылау үлесiн (немесе вето құқығын беретiн үлестi) сақтай отырып, шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылатын (немесе бұрын қайта құрылған) объектiлерге: бұл топқа электр энергиясы мен жылу өндiрумен және бөлумен шұғылданатын коммуналдық заңды тұлғаларды, труба құбыры көлiгi кәсiпорындарын, газ шаруашылығын пайдалану жөнiндегi кәсiпорындарды, қоғамдық көлiк кәсiпорындарын ғана жатқызуға болады; 
      ешбiр шектеусiз жекешелендiруге жатқызылатын объектiлерге бөлiнедi. 
      Объектiлердi жекешелендiруге шектеулер қою кезiнде жергiлiктi атқарушы органдар коммуналдық меншiкте мемлекеттiк үлестердi сақтаудың мақсаттарын, шарттарын және мерзiмiн белгiлейдi. 
      Шаруашылық серiктестiктерiнде бекiтiлетiн мемлекеттiк үлес толық бақылау қажет болған жағдайларда дауыс беретiн акциялардың кемiнде 2/3 бөлiгi; вето құқығын қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда, дауыс беретiн акциялардың 1/3 бөлiгi болуы мүмкiн. 
      Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша, коммуналдық меншiктiң жекешелендiруге жататын объектiлерге жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттердiң өткiзуiне берiледi. Коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiру акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн, мүлiктiк кешендердi, мүлiктiң жекелеген түрлерiн сауда-саттықта немесе коммуналдық меншiктi сенiмдi басқару немесе сатып алу құқығымен жалға берiлген жағдайда бағыштап сату жолымен жүзеге асырылады. 
      Акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының кемiнде 1/3 бөлiгiн құрайтын акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сатудың басым түрi аукциондар немесе бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылар арқылы ашық сату болып табылады. Акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының 1/3+1 және одан көп бөлiгi болып табылатын акциялардың мемлекеттiк пакеттерi сауда-саттықта, соның iшiнде бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылар арқылы көбiнесе тұтас пакетпен сатылады. 
      Жергiлiктi атқарушы орган объектiнi жеке жоба бойынша жекешелендiру туралы шешiм қабылдай алады, бұл жағдайда белгiлi бiр инвесторға сату сатудың бiрден-бiр түрi ретiнде белгiленуi мүмкiн. Ықтимал белгiлi бiр инвесторды таңдау тендер негiзiнде жүзеге асырылады. Жеке жобалар бойынша жекешелендiруге жататын коммуналдық меншiк объектiлерi түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Нақты объектiлердi жекешелендiру жөнiндегi шешiмдердi жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды. 

 
              4. Кәсiпорындарды жекешелендiруден кейiн қолдау 

 
      Қазақстан Республикасында қабылданған жекешелендiру моделi жекешелендiрiлген объектiлердiң жұмысын жақсарту жөнiндегi қажеттi шарт ретiнде жекешелендiруден кейiнгi шаралар кешенiнiң жүзеге асырылуын қажет етедi. Ол үшiн: 
      жекешелендiрiлген кәсiпорындардың экономикалық қолдаудың алуан түрлерiне қол жеткiзiлуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк шаралар жүйесiн жасау; 
      жекешелендiрiлген және басқа мемлекеттiк емес кәсiпорындардың техникалық көмектiң барлық түрлерiне қол жеткiзiлуiн қамтамасыз ету; 
      жеке шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, соның iшiнде ауыл шаруашылық субъектiлерi арасында ассоциациялық нысандар дамуының процесiне жәрдемдесу; 
      жекешелендiрiлген кәсiпорындардың басшылары мен бас мамандарын нарықтық экономика жағдайларында жұмыс iстеуге үйрету қажет. 

 
           5. Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру 
                мен дамыту жөнiндегi шаралар 

 
      1991-1995 жылдарда кәсiпорындарды акционерлендiру, жаппай жекешелендiрудi жүзеге асыру, сондай-ақ акционерлiк қоғамдардың қалың тобының пайда болуы бағалы қағаздар нарығын дамыту мен ретке келтiру жөнiндегi шаралар жүйесiн әзiрлеудi қажет еттi. 
      Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi шаралардың негiзгi мақсаты - оны акционерлiк қоғамдарды инвестициялауға арналған қаржы ресурстарын тартудың тұрақты жұмыс iстейтiн тетiгiне айналдыру. 
      Бағалы қағаздар нарығын дамуы ең маңызды бағыттар бойынша шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi. 

 
      1. Бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылар жүйесiн: 
      бағалы қағаздармен сауда жасау қызметiн көрсететiн және толық коммерциялық дербестiк принципiнде iс-қимыл жасайтын делдалдық фирмалар, дилерлер мен брокерлер; 
      тәуелсiз тiркеушiлер мен жеке депозитарийлер; 
      институционалдық инвесторлар, соның iшiнде инвестициялық компаниялар, қорлар, инвестициялық банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру және трастар компаниялары; 
      инвестициялық бизнес пен бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың кәсiпқой ассоциациялары; 
      бағалы қағаздармен сақтандыру операцияларын қамтамасыз ететiн фирмалар атынан құру. 

 
      2. Қор биржасы жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру: 
      акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң бiр бөлiгiн және басқа бағалы қағаздарды биржа арқылы өткiзу; 
      мүдделi инвесторларға биржада сату үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар (облигациялар, вексельдер) шығару; 
      жаңадан шығарылған акциялар эмиссиясы, соның iшiнде акционерлiк қоғамдарға мемлекеттiк қатысушының ұсынысы бойынша (акционерлердiң жалпы жиналыстарының шешiмi негiзiнде) оларды биржада сату негiзiнде жүзеге асырылатын болады. 

 
      3. Бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеуiне халықтың қалың тобын жұмылдыру: 
      тартымды кәсiпорындар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн ашық сату; 
      бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылар қызметiнiң құнын бәсекелестiк және бағалы қағаздармен операциялар көлемiн ұлғайту есебiнен кемiту; 
      бағалы қағаздармен операцияларға және тұлғалар үшiн шектеулердiң алынуын заңмен қамтамасыз ету, соның iшiнде, акционерлердiң өздерiнiң иелiгiндегi акцияларды еркiн сатуына тыйым салатын ашық үлгiдегi тармақтардың акционерлiк қоғамдардың жарғыларынан алып тасталуын бақылау; 
      акционерлердiң, соның iшiнде жекешелендiру купондарын салушылардың ИЖҚ акцияларын бағалы қағаздар нарығында еркiн сатуын енгiзу жолымен жүзеге асырылатын болады. 

 
      4. Бағалы қағаздар иелерiнiң мүдделерiн қорғаудың мемлекеттiк шаралары: 
      бағалы қағаздар иелерiнiң мүдделерiн заңдармен және нормативтiк актiлермен қорғауға; 
      бағалы қағаздар иелерiнiң мүдделерiн қорғайтын заңдар мен нормативтiк актiлердiң орындалуын өкiлеттi мемлекеттiк органдардың бақылауына бағытталатын болады. 

 
      5. ИЖҚ-ларды бағалы қағаздар нарығының мына функцияларды орындауға қабiлеттi толыққанды субъектiлерiне айналдыру: 
      өз акцияларын ақшаға сату және жекешелендiру купондарын салушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындау; 
      бағалы қағаздардың қайталама нарығында жекешелендiрiлген кәсiпорындардың өз портфелiндегi акцияларымен, сондай-ақ өздерi эмитенттерi болып табылатын акциялармен операциялар жасау; 
      өз акцияларының иелерi болып табылатын акционерлiк қоғамдар жөнiнде белсендi инвестициялық саясат жүргiзу.
      6. Отандық коммерциялық ұйымдардың бағалы қағаздарын халықаралық қор нарығында өткiзу жөнiнде оларға жағдайлар жасау:
      акциялардың толық листингiне акционерлiк қоғамдарды барынша көп қосуды;
     қор биржасында акциялардың бағамын белгiлеудi;
     қор биржаларын бағалы қағаздардың халықаралық нарығына қосуды;
     акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiнiң бiр бөлiгiн шетелдiк инвесторларға сатуды, соның iшiнде дүниежүзiлiк қор биржаларында сауда жасауды қамтиды.

            II. Құрылымды өзгерту және мемлекеттiң меншiк
               иесi функциясын жүзеге асыруы

           1. Мемлекеттiк меншiктi басқару

       Бұдан бұрынғы кезеңдердегi жекешелендiру бағдарламаларын орындау мемлекеттiң жекешелендiрiлуi аяқталмаған кәсiпорындар, сондай-ақ жекешелендiрiлуге жатпайтын объектiлер жөнiндегi меншiк иесi ретiндегi функцияларын айқын белгiлеу проблемасын қойды. Мемлекеттiк меншiк объектiлерi бойынша олардың басқарудың институционалдық жүйесiнiң нарықтық экономика талаптарына тепе-теңдiгiне қол жеткiзiлуге тиiс. 
      1991-1995 жылдардың iшiнде мемлекеттiк кәсiпорындардың көпшiлiгi акционерлiк қоғамдар болып қайта құрылған болатын. Сол акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк пакеттерiнiң бiр бөлiгi жаппай жекешелендiрудiң аяқталуына қарай акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн жекешелендiрудiң басым түрiне айналып келе жатқан ақшалай сауда-саттықта сатылды. II кезеңде жаппай жекешелендiру шеңберiнде жекешелендiрiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сату 1996 жылдың бiрiншi жартысында аяқталатын болады. 
      Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң мөлшерiне қарамастан, мемлекет заң жүзiнде тиянақты етiлген нысандарда серiктестiкке қатысушы (акционер) болып, акционер ретiндегi өз құқықтарын шаруашылық серiктестiгiн басқару органдарындағы өз өкiлдерi арқылы ғана жүзеге асырады. 
      Мемлекеттiң меншiк иесi функцияларын пәрмендi жүзеге асыруы ең маңызды бағыттар бойынша шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi. 
      1. Мемлекет үлесiне (мемпакет) дауыстың 1/3 бөлiгi келетiн толық шаруашылық серiктестiктерiнiң (акционерлiк қоғамдардың) басқару органдарында мемлекеттiк қатысушы функцияларының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларға мыналар жатады: 
      мемлекет үлесiне (мемпакет) дауыстың 1/3 бөлiгiнен астамы келетiн шаруашылық серiктестiктерiнде (акционерлiк қоғамдарда) мемлекеттiк қатысушы атынан iс-қимыл жасайтын бақылау кеңестерiнiң мүшелерi мен мүшелiгiне кандидаттар тiзiлiмiн жасау; 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанынан шаруашылық серiктестiктерiнде (акционерлiк қоғамдарда) байқаушы кеңестерiн құру мен оларға бақылау жасау комиссиясын құру; 
      шаруашылық серiктестіктерiнде (акционерлiк қоғамдарда) байқаушы кеңестерiн құру туралы ереже әзiрлеу; 
      мемлекет атынан iс-қимыл жасайтын Байқаушы кеңес мүшесiнiң мiндеттерi туралы ереже әзiрлеу; 
      шаруашылық серiктестiктерiнiң (акционерлiк қоғамдардың) жарғыларына өзгертулер енгiзу жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу; 
      мемлекет үлесiне (мемпакет) дауыстың 1/2 бөлiгi келетiн шаруашылық серiктестiктерiнiң (акционерлiк қоғамдардың) басқару органдарында мемлекет мүдделерiн бiлдiретiн адамдардың әзiрленуiн және қайта әзiрленуiн, соның iшiнде бұл мақсаттар үшiн халықаралық ұйымдардың мүмкiндiктерiн пайдалана отырып қамтамасыз ету. 
      Акционерлiк қоғамдардың басқару органдарында мемлекеттiк қатысушы болып табылатын адамдар меншiк иесiне өкiлеттiк мемлекеттiк орган атынан жүйелi түрде есеп беруге мiндеттi. 
      2. Мемлекеттiк меншiк пен жекешелендiрудiң жүйелi есебi мен мониторингiн жасау мен енгiзу жөнiндегi шаралар мыналарды қамтуға тиiс: 
      жекешелендiру барысын жүйелi түрде көрсете отырып, мемлекеттiк меншiктiң толық тiзiлiмiн жасау; 
      жарғылық қордың бөлiнуiн жыл сайын көрсете отырып, жекешелендiрiлетiн объектiлердiң тiзiлiмiн жасау; 
      статистика органдарының мәлiметi мен мемлекет үлесiне (мемпакет) дауыстың 1/2 бөлiгi келетiн шаруашылық серiктестiктерiнiң (акционерлiк қоғамдардың) басқару органдарындағы мемлекеттiк қатысушы өкiлдерiнiң есептерi негiзiнде жекешелендiрiлетiн объектiлердiң қаржы жағдайына бiлiктi талдау жасалуын қамтамасыз ету; 
      қызметi жеке секторға да қатысты болатын отандық мамандандырылған аудиторлық фирмалардың дамытылуына жәрдемдесу. 
      Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк кәсiпорындар мен мониторингтiң меншiк иесi және оларды мемлекеттiк басқару функцияларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдi мемлекеттiк органдары жүзеге асырады. 
      3. Жекешелендiруге жатпайтын немесе жекешелендiрiлуi қосымша шараларды қажет ететiн объектiлердi меншiк иесiнiң шешiмi бойынша, тиiстi министрлiктермен және ведомстволармен келiсiм бойынша, контракт негiзiнде мемлекеттiк емес заңды және жеке, соның iшiнде шетелдiк тұлғалардың сенiмдi басқаруына беруге болады. 
      Мемпакеттiң мөлшерiне және алға қойылған мақсаттарға сәйкес сенiмдi басқаруға контрактiлердiң мынадай түрлерiнiң қолданылуы мүмкiн: 
      жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк кәсiпорынды сенiмдi басқару; 
      мемпакетке дауыстың 1/2 бөлiгiнен астамы келетiн акционерлiк қоғамды сенiмдi басқару және оның құрылымын өзгерту; 
      мемпакетке дауыстың 1/2 бөлiгiнен астамы келетiн акционерлiк қоғам акцияларының мемпакетiн сенiмдi басқару, оның құрылымын өзгерту және оның акцияларының сатылуын әзiрлеу; 
      мемпакетке дауыстың 1/3 бөлiгiнен аз келетiн акционерлiк қоғам акцияларының мемпакетiн сенiмдi басқару және мемпакет акцияларының сатылуын әзiрлеу. 
      Мемлекеттiк меншiктi сенiмдi басқаруға контрактiлер мына принциптерге сәйкес жасалуға тиiс: 
      контрактiлер жасасуға кандидаттар шақырудың жариялылығы мен әйгiлiлiгi; 
      кандидаттардың меншiк иесiнiң талаптарына сәйкес жасалған бизнес-жоспарлар (басқару бағдарламаларын) ұсынуы; 
      басқарушыларды тендер арқылы таңдау; 
      басқарушының контракт шарттарын орындауын меншiк иесi атынан контракт жасасқан өкiлеттi органның бақылауы. 
      4. Отандық мамандандырылған басқарушы фирмалар қалыптастыру жөнiнде мынадай шаралар орындалуға тиiс: 
      кейбiр холдинг және басқа мемлекеттiк компанияларды (акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша) кәсiпқой басқарушы жеке фирмалар етiп қайта құру үшiн жағдайлар жасау; 
      жеке басқарушы фирмалардың құрылуы мен жұмыс iстеуi жөнiндегi ұсынымдар мен нормативтiк базаларды әзiрлеу; 
      жеке басқарушы фирмалардың басшылары мен мамандарын даярлау мен қайта даярлау жүйесiн қамтамасыз ету; 
      шетелдiк басқарушылардың, соның iшiнде ықтимал инвесторлардың қатысуымен басқарушы фирмалардың құрылуына жәрдемдесу. 

 

       2. Мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң құрылымын өзгерту

       
      1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде мемлекеттiк сектордағы дәрменсiз кәсiпорындарды, соның iшiнде мемпакетке дауыстың 1/2 бөлiгiнен астамы келетiн шаруашылық серiктестiктерiн қайта ұйымдастыру мен тарату жұмысын тиiмдi жүргiзу үшiн қажеттi барлық құқықтық және ұйымдық жағдайлар жасалатын болады. 
      Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанынан Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк құрылады. Агенттiктiң басты мiндеттерi: 
      кәсiпорындар қайта ұйымдастыру, санациялау және тарату бағдарламаларымен қамтылатын өлшемдердi белгiлеу; 
      сол өлшемдердiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, қайта құру, санациялау және тарату процедуралары қолданылатын кәсiпорындардың тiзбелерiн жасау; 
      кәсiпорындардың дәрменсiздiгiне (банкроттығына) жол бермеуге бағытталған шаралар жүйесiн әзiрлеу мен енгiзу; 
      дәрменсiз кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру, санациялау және тарату процедураларын жүзеге асыру жөнiндегi шараларды (өз бетiмен немесе мамандандырылған ұйымдарды қатыстырып) әзiрлеу мен өткiзу; 
      нақты кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру, санациялау және тарату бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыру үшiн сырттан консультанттар (консалтинг фирмаларын) тарту; 
      банкроттық процедуралары қажет еткен жағдайда дәрменсiз-борышқор кәсiпорынның өкiлеттi өкiлi функцияларын орындау; 
      Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен және мекемелермен бiрлесiп бағдарламалар әзiрлеу және кәсiпорындар дәрменсiздiгi (банкроттығы), сондай-ақ сенiм көрсетiлген басқарушылар мәселелерi бойынша мамандар даярлау жүйесiн ұйымдастыру; 
      дәрменсiз кәсiпорын мүлкiне мамандандырылған ұйымдарды тарту мүмкiндiгiмен билiк ету тәртiбiн белгiлеу; 
      санацияланатын және қайта ұйымдастырылатын кәсiпорындар мониторингiн өткiзу болып табылады. 
      Кредиторлық берешегiнiң мөлшерi аса жоғары деңгейiн сипаттайтын, сонымен бiрге ерекше маңызды халық шаруашылығы және (немесе) әлеуметтiк маңызы бар iрi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң (негiзiнен мемлекеттiк кәсiпорындардың) белгiлi бiр санының құрылымы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң қатысуымен өзгертiлетiн болады. Бұл жоба шеңберiнде осы Бағдарламада мына шараларды дәйектi түрде жүзеге асыру көзделген: 
      1. Банктер, бюджет және сабақтастар жөнiнде кредиторлық берешек деңгейi негiзiнде кәсiпорындар iрiктеу. Мұндай кәсiпорындар тiзбесi бойынша шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды. 
      2. Осы кәсiпорындарға кредит беру жөнiнде қатаң шектеулер енгiзу. Кәсiпорындар Қазақстан Республикасының банк жүйесiнен оқшауланады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi осы кәсiпорындардың бiрден-бiр кредиторы функциясын өзiне алады. 
      3. Бағдарламаға енгiзiлген әрбiр кәсiпорын меншiк иесiмен бiрлесiп, өзiнiң өмiршеңдiгiн негiздей отырып, құрылымды өзгерту жөнiнде ұсыныс жасауға тиiс. Ол ұсыныстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi қарағаннан кейiн төмендегi екi шешiмнiң бiрi қабылданады: 
      егер құрылымды өзгерту жөнiндегi ұсыныстар негiздi деп танылатын болса, құрылымды өзгертудiң нақты жоспарын әзiрлеу туралы шешiм қабылданады, оны енгiзу егжей-тегжей пысықталады; 
      егер кәсiпорын құрылымды өзгерту жөнiнде ұсыныстар әзiрлемейтiн болса немесе ол ұсыныстар негiзсiз (немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң талаптарына сәйкес келмейдi) деп танылатын болса, кәсiпорынды тарату туралы шешiм қабылданады. 
      4. Құрылымды өзгертудiң бекiтiлген жоспарлары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады. Қаржыландыру кезең-кезеңмен, құрылымды өзгерту жоспарының кезектi кезеңдерiнiң жүзеге асырылуымен байланыстырыла жүзеге асырылады. Егер құрылымды өзгерту жоспарының жүзеге асырылуы қанағаттанғысыз болса (кәсiпорынның қаржылық сауығуына қол жеткiзбесе) кәсiпорын таратылуға тиiс. 
      Бағдарламаға енгiзiлген кәсiпорындардың қаржылық сауығуына қарай олар (жекешелендiруге жатпайтын кәсiпорындардан басқалары) жеке жобалар бойынша жекешелендiрiлетiн болады. 
      Бiртұтас мүлiктiк кешендер ретiнде одан әрi жұмыс iстеуiнiң тиiмсiздiгi анықталатын дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындар жөнiнде өкiлеттi орган кәсiпорынның құрылымын мына әдiстердiң бiрi бойынша: 
      кәсiпорынды бөлшектеу және бiрнеше перспективалы рентабельдi заңды тұлғалар құрумен; 
      жұмыс iстеп тұрған заңды тұлғаға заңда белгiленген тәртiппен қосылуымен; 
      артық мүлiктi заңда белгiленген тәртiппен алумен және ол мүлiктi сауда-саттықта сату немесе кейiн сатып алу құқығы бойынша жалға берумен; 
      кәсiпорынды таратып, оның мүлкiне қожалық ету (ол мүлiктi сауда-саттықта алдымен сатумен немесе мүлiктi кейiн сатып алу құқығы бойынша жалға берумен, басқа мемлекеттiк кәсiпорынның балансына берумен) өзгерту жүргiзетiн болады. 
      Тарату процедурасын жеделдету, жеңiлдету және неғұрлым кеңiнен қолдану мақсатында шаруашылық практикасында кәсiпорынды тарату жөнiндегi барлық өкiлеттiктердi кәсiпқой таратушыларға, осындай операцияларға машықтанған және жеткiлiктi дәрежеде бiлiктi заңды және жеке тұлғаларға беру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету қажет. 
      Кәсiпорынның құрылымын өзгерту кезiнде төлем қабiлетiнiң жоқ болуы салдарынан өткiзiлмеген мүлiктi мүлiк сатуға маманданған коммерциялық фирмаларға беру әдiсiн пайдалануға болады. 
      Қайта құрылатын кәсiпорын мүлкiнiң бiр бөлiгiн мемлекеттiк емес, соның iшiнде шетелдiк инвестициялар тарату, кәсiпорынды бөлшектеу, санациялау және тарату кезiнде босайтын мүлiктi тиiмдi пайдалану мақсаттарында мемлекеттiк меншiк негiзiнде құрылтай қызметi үшiн, сондай-ақ басқа әдiстермен өткiзiлмеген мүлiктi жекешелендiру үшiн пайдалануға болады. 
      Ауыл шаруашылық кәсiпорындарын банкрот деп танудың және таратудың ерекшелiктерiн регламенттейтiн нормативтiк база әзiрленетiн болады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады