"Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамын қаржылық сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 ақпандағы N 251 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамын қаржы дағдарысынан шығару және оның төлем қабiлетiн қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2173  U952173_  Заң күшi бар Жарлығына сәйкес "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамы дәрменсiз борышқор деп танылсын және онда соттан тыс емес қайта ұйымдастыру процедуралары жүргiзiлсiн. 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне акциялардың мемлекеттiк пакетiн және комбинат ұжымына иелiк ету құқығымен берiлген акциялар пакетiнiң өткiзiлмеген бөлiгiн берсiн. 
      Қайта ұйымдастыру процедуралары жүргiзiлген кезеңде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру тоқтатылсын. 
      2. "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамында санация жүргiзу үшiн Қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын. 
      Комиссия "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының қаржы-шаруашылық қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралардың жоспарын, оны материалдық-техникалық және шикiзат ресурстарымен қамтамасыз ету бағдарламасын он күн мерзiм iшiнде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынатын болсын, сондай-ақ қаржы жағдайын бағалап, комбинат қарыздарының құрылымына талдау жүргiзсiн және оларды өтеудiң тетiгiн әзiрлесiн. 
      Комиссияға "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының мемлекет және мемлекеттiк кәсiпорындар алдындағы қарыздарына қатысты бөлiгiн кейiнге қалдыру құқығы берiлсiн. Санация басталған сәттен бастап ағымдағы барлық төлемдер мiндеттi болып саналсын. 
      3. "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамы банктiк қызмет көрсетiлуi үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлсiн. 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамына кредит берудi, оның қаржы-шаруашылық қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларға сәйкес санациялау жоспарын әзiрлеп, бекiткенге дейiн бастасын. 
      4.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күшi жойылды - ҚР Президентiнiң 1996.07.15. 
               N 3059 жарлығымен.  U963059_  
      5. 1996 жылдың 26 ақпанынан бастап өнiм өткiзу, шикiзат, отын, материалдар беру бойынша жасалған контрактiлердiң күшi тоқтатылсын, "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының сенiмдi басқарушысына контрактiлердi сараптау және қайта жасау тапсырылсын. 
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, мемлекеттiк Медетшi банкi 1996 жылдың 26 ақпанынан бастап "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамы үшiн 300 (үш жүз) млн. теңгеге дейiнгi сомада кредит берудiң бiрiншi кезектегi лимитiн белгiлесiн. Бұдан арғы ай сайынғы кредит беру қоймадағы дайын өнiм көлемiнiң кемiнде 85% есебiнен жүргiзiлсiн. 
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Шығыс Қазақстан облысының әкiмi "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының әлеуметтiк сала объектiлерiнiң аяқталмаған құрылысын (1296 оқушы орнына арналған мектеп, тазарту құрылғылары) мемлекет меншiгiне алсын. 
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Шығыс Қазақстан облысының әкiмiмен бiрлесе отырып, 1996 жылдың 10 наурызына дейiн әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi басқару органдарының балансына берсiн. 
      9. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi акциялардың мемлекеттiк пакетiн сырттан басқаруға берудi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi бөлген кредиттердi қайтару мүмкiндiгiн ескере отырып, "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамын жекешелендiру жөнiнде дайындық жұмысын жүргiзсiн. 
      10. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Шығыс Қазақстан облысының әкiмi және "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамы бiр ай мерзiм iшiнде "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының босаған қызметкерлерiн еңбекпен қамтуға жәрдемдесу бағдарламасын бекiтсiн. Босаған қызметкерлердi кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауға байланысты шараларды қаржыландыру Еңбекпен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi мемлекеттiк қордың қаражаты есебiнен жүргiзiлсiн. 
      11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi Г.Г. Штойкке жүктелсiн. 
      12. "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты", "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамдарының және Ертiс мыс балқыту зауыты акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқаруға беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 қыркүйектегi N 1247 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: 
      осы қаулының атауы мынадай редакцияда баяндалсын: 
      "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" акционерлiк қоғамы мен "Ертiс мыс балқыту зауыты" акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқаруға беру туралы"; 
      1-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда баяндалсын: 
      "Далекс, Трейдинг Лимитед" фирмасының (Кипр) онымен "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" акционерлiк қоғамы мен "Ертiс мыс балқыту зауытының" акциялары мемлекеттiк пакетiн басқаруға беру туралы шарт жасасу туралы ұсынысы қабылдансын"; 
      13. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 қыркүйектегi N 1247 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 қыркүйектегi N 1273 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. 

    Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi

                                           Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң 1996 жылғы

                                              27 ақпандағы N 251

                                                   қаулысына

                                                    қосымша

 
              "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамында 

 

                  қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу

                      жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның

                                    ҚҰРАМЫ

 

     Оспанов Х.А.          - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және

                             сауда министрiнiң орынбасары, комиссия

                             төрағасы

 

     Итеғұлов М.С.         - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк

                             Медетшi банкi басқарма төрағасының

                             орынбасары, комиссия төрағасының

                             орынбасары

 

     Шоқпытов А.М.         - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

                             мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк

                             комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары,

                             комиссия төрағасының орынбасары

 

                            Комиссия мүшелерi:

 

     Әбiлқасымов С.С.      - Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi

                             жанындағы еңбекпен қамту департаментiнiң

                             төрағасы

 

     Ахметов Ф.И.          - Қазақстан Республикасы Экономика

                             министрлiгiнiң Экономикалық саясат

                             жөнiндегi басқармасы бастығының 

                             орынбасары

 

     Забелин Ю.В.          - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң

                             бiрiншi орынбасары

 

     Құлдаров Е.           - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

                             Бас салық инспекциясының бас салық

                             инспекторы

 

     Маңсұров А.Г.         - Шығыс Қазақстан облысы салық

                             инспекциясының бастығы

 

     Мұхамедқалиева М.М.   - Қазақстан Республикасы Қаржы

                             министрлiгiнiң бөлiм бастығы

 

     Раханов М.С.          - Қазақстан Республикасы Жекешелендiру

                             жөнiндегi мемлекеттiк комитетi

                             төрағасының бiрiншi орынбасары 

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады