1996 жылы Табиғи монополияшы-кәсiпорындарды құрылымдық қайта ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 28 наурыз N 361. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылы реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шараларының кең ауқымды жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. 1996 жылы табиғи монополияшы-кәсiпорындарды құрылымдық қайта ұйымдастырудың жоспар-кестесi қосымшаға сәйкес бәсекелес буындарды көрсете отырып бекiтiлсiн.
      2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер табиғи монополияшы-кәсiпорындарды құрылымдық қайта ұйымдастыру жобасын бәсекелес буындарды және табиғи монополия объектiлерiн көрсете отырып жоспар-кестеде белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне ұсынсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
1996 жылғы 28 наурыздағы     
N 361 қаулысына         
қосымша               

           1996 жылы табиғи монополияшы-кәсiпорындарды
          бәсекелес буындарын көрсете отырып құрылымдық
                       қайта ұйымдастырудың
                          ЖОСПАР-КЕСТЕСI
___________________________________________________________________
     Табиғи монополияшы-кәсiпорын     |     Орындау мерзiмi
______________________________________|____________________________

"Қорғау" ҰАК                                  наурыз

"Қазтелеком" ҰАК                              наурыз-сәуiр

"Қазақстан әуе жолы" ҰААК                     сәуiр

"Мұнайгаз" МХК                                сәуiр

"Қазақстанэнерго" ҰЭЖ                         мамыр

"Гидрогеология" МХК                            -"-

"КАТЭП" ҰАК                                    -"-

"Коском" АХК                                  маусым

"Алаугаз" МХК                                  -"-

"Қазақгаз" МХК                                 -"-

___________________________________________________________________ 

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады