Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 28 наурыз N 370. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.17. N 1596 қаулысымен. ~P971596

      "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 сәуiрдегi N 2227 U952227_ Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 28 наурыздағы
                                           N 370 қаулысымен
                                            БЕКIТIЛГЕН
             Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi
                          ұлттық комиссиясы туралы
                              Е Р Е Ж Е
                    I. Жалпы ережелер
      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - БҚҰК) бағалы қағаздар нарқын мемлекеттiк реттеудi, бағалы қағаздардың нарқына кәсiби қатысушылардың, қор биржалары мен эмитенттердiң қызметiн бақылауды, сондай-ақ оның қатысушыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады.
      2. БҚҰК өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары мен басқа да шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен өкiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

                    II. БҚҰК-ның мiндеттерi мен функциялары
      3. Бағалы қағаздар нарқын ұйымдастыру мен дамыту саласында бiртұтас мемлекеттiк саясат жүргiзу кезiндегi БҚҰК-ның басты мiндеттерi:
      бағалы қағаздар нарқындағы қатынастарды реттеу;
      бағалы қағаздар нарқына қатысушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
      БҚҰК өз құзыретiнiң шеңберiнде бағалы қағаздар нарқында мемлекеттiк органдардың, заңды және жеке тұлғалардың бағалы қағаздар жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарын сақтауына бақылау жасауды қамтамасыз етедi.
      4. Жүктелген мiндеттерге сәйкес БҚҰК мынадай функцияларды орындауды:
      бағалы қағаздар нарқын қалыптастыру мен дамыту саласында Қазақстан Республикасы үшiн басымдықтарды айқындау жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi;
      бағалы қағаздар шығару және олардың айналысы саласындағы қатынастарды бағалы қағаздар нарқындағы кәсiби қатысушылардың, олардың бiрлестiктерiнiң және қор биржаларының қызметiн реттейтiн заң жобалары мен өзге де нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысады;
      эмитенттердiң бағалы қағаздардың эмиссияларын тiркеудi, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң эмитенттерi шығарған бағалы қағаздарды қор нарқында айналысқа жiберудi жүзеге асырады;
      мемлекеттiк тiркеуден өткен бағалы қағаздарға бiрегейлендiрiлген нөмiрлер беру;
      бағалы қағаздарды шығарудың шарттары мен айналысын орындау бойынша эмитенттерге бақылауды жүзеге асырады;
      шығаруға тiркелген бағалы қағаздардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздардың реестрiн жүргiзедi;
      бағалы қағаздардың ұлттық нарқын дамытудың жай-күйi мен перспективасын талдайды;
      бағалы қағаздар нарқында брокерлiк, дилерлiк, депозитарлық, бағалы қағаздардың портфельдерiн басқару жөнiндегi, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрiн жүргiзу жөнiндегi, бағалы қағаздарды сақтау жөнiндегi биржа нарқынан тыс еркiн өтiмдi жүйелердiң, қор биржаларының, бағалы қағаздар бланкiлерiн жасау және әкелу, сондай-ақ бағалы қағаздар бланкiлерiнiң белгiленген халықаралық стандарттар мен БҚҰК-ның талаптарына сәйкестiлiгiн ескерiп, оларды әзiрлеу мен толтыру кәсiби қызметiн жүзеге асыру құқына және кәсiби қызметтiң өзге де түрлерiне (БҚҰК-ның белгiлеуi бойынша) лицензия бередi;
      бағалы қағаздар бланкiлерiнiң белгiленген талаптар мен стандарттарға сәйкес болуын ескерiп, оларды, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне рұқсаттар бередi;
      бағалы қағаздар нарқының кәсiби қатысушыларын оқыту және қайта даярлауды ұйымдастырады;
      бағалы қағаздар нарқының эмитенттерi мен қатысушыларының (Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерiнiң) бағалы қағаздар нарқында операциялардың жүргiзiлуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарын, заңдық нормативтiк актiлерiн сақтауын бақылайды;
      бағалы қағаздар нарқына кәсiби қатысушылардың, қор биржаларының қызметiнiң өздерi алған лицензияларға сәйкестiлiгiне тексерiс жүргiзедi;
      эмитенттердiң Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарымен операциялары бойынша берушiлiгiне тексерiс жүргiзедi;
      бағалы қағаздар нарқындағы бағалы қағаздар нарқы субъектiлерiнiң қызметi туралы ақпараттың толымды, ақиқат, қол жетiмдiлiгi, сондай-ақ аталған ақпараттың халыққа жүйелi түрде жеткiзiлу талаптарын ескерiп, оны жариялау тәртiбiнiң сақталуын бақылауды;
      бағалы қағаздар нарқының жай-күйi мен жұмыс iстеуi туралы есептi Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiбередi;
      шаруашылық жүргiзушi объектiлердiң бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша және бағалы қағаздар нарқы мен қор биржаларына кәсiби қатысушылардың негiзгi қызметi бойынша бухгалтерлiк есепке алу мен есеп берудi ұйымдастырудың бiрыңғай әдiстемелiк негiздерiн айқындауға қатысады;
      меншiктi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң мемлекеттiк бағдарламаларын жүзеге асыруға, жекешелендiру жүргiзу, жекешелендiрiлген кәсiпорындар мен ұйымдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн басқару жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге қатысады;
      эмитенттердiң, бағалы қағаздар нарқына және қор биржаларына кәсiби қатысушылардың бухгалтерлiк баланстарын қарайды, бағалы қағаздарды орналастыру барысы туралы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң есептерiн бекiтедi;
      "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарқы" журналында бағалы қағаздар нарқының жұмысына байланысты ресми материалдарды жариялайды.
      5. БҚҰК жүргiзетiн тексерiстер БҚҰК-нiң өз бастамашылығымен де, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмалары, құқық қорғау органдарының ұйғарымдамалары, БҚҰК-ке өтiнiш бiлдiрген бағалы қағаздар нарқына қатысушылардың өтiнiштерi бойынша да тағайындалады. Мұнда құқық қорғау органдарының ұйғарымдамасы бойынша тексерiстер бiрiншi кезекте жүргiзiледi.

                    III. БҚҰК-ның құқықтары
      6. Жүктелген мiндеттерi мен орындайтын функцияларына сәйкес БҚҰК-нiң мыналарға құқы бар:
      бағалы қағаздар нарқы субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк актiлер шығарады;
      бағалы қағаздар нарқын ұйымдастыру және дамыту мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн ведомстволық актiлердiң күшiн тоқтата тұру немесе күшiн жою туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi;
      БҚҰК атқарушы аппаратының аймақтық бөлiмшелерiн құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерiн белгiленген тәртiппен шешедi;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен, министрлiктерiнен, мемлекеттiк комитетiнен және басқа да мемлекеттiк атқарушы органдардан, заңды және жеке тұлғалардан олардың бағалы қағаздар нарқындағы қызметiне қатысты қажеттi ақпаратты сұратып алады және мұндай ақпаратқа талдау жүргiзедi;
      шетел валютасындағы бағалы қағаздардан басқа, бағалы қағаздардың эмиссиясының жалпы көлемi мен оларды орналастыру тәсiлдерiне қарамастан, бағалы қағаздардың эмиссияларын тiркеудi жүзеге асырады;
      басқа мемлекеттердiң эмитенттерi шығарған бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа түсiредi;
      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарқында бағалы қағаздардың жаңа түрлерiн және туынды бағалы қағаздарды айналысқа түсiру туралы шешiм қабылдайды және тиiсiнше осы қағаздарды тiркеу мен олардың айналысының тәртiптерiн белгiлейдi;
      бағалы қағаздардың нарқында кәсiби қызметтiң жаңа түрлерiн, сондай-ақ мұндай қызметтiң тәртiптерi мен стандарттарын айқындайды;
      акционерлiк қоғамдарға, басқа да эмитенттерге бағалы қағаздарды шығару мен орналастыруды қолданылып жүрген заңдарды бұзып жүзеге асырған кезде оларды орналастыру мен шығарудан бас тартады немесе тоқтата тұрады;
      бағалы қағаздардың нарқына кәсiби қатысушылардың қызметiне қойылатын бiлiктiлiлiк талаптарын әзiрлейдi, бағалы қағаздар нарқында кәсiби қызметтi, қор биржаларында қызметтi жүзеге асыру құқына лицензиялар бередi;
      қолданылып жүрген заңдарда көзделген жағдайларда бағалы қағаздар нарқында кәсiби қызметтi, қор биржаларында қызметтi жүзеге асыру құқына берiлген лицензияларды қайтып алады немесе олардың қолданысын тоқтатады;
      бағалы қағаздар нарқына және қор биржаларына кәсiби қатысушылардан қызметiнiң қаржылық нәтижелерi туралы есептер, БҚҰК белгiлеген тәртiппен бағалы қағаздармен операциялар туралы ақпарат алады;
      бағалы қағаздар шығару мен оларды орналастыруды жүзеге асыратын республиканың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнен оларды орналастырудың нәтижелерi туралы БҚҰК айқындаған талаптарға жауап беретiн есептер алады;
      эмитенттер мен бағалы қағаздар нарқына кәсiби қатысушылардың бағалы қағаздармен операциялар жасау, дивидендтер төлеу жөнiндегi есебi мен есеп беруiнiң ақиқаттығын тексередi;
      тексерiстерге қатыстыру үшiн қаржы органдарының, салық инспекцияларының, құқық қорғау органдарының мамандарын, сондай-ақ консультанттар ретiнде контрактiлiк негiзде отандық және шетелдiк мамандарды келiсуi бойынша тартады;
      бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiлерiн тапқан жағдайларда лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту мәселелерi бойынша мемлекеттiк құқық қорғау және сот органдарына өтiнiш жасайды;
      қор нарқындағы қатынастарға, бағалы қағаздардың нарқын реттейтiн нормалардың бұзылуы кезiндегi iс-қимылды келiсуге қатысты мәселелер бойынша өзге мемлекеттердiң бағалы қағаздар нарқын мемлекеттiк реттеу органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      бағалы қағаздар шығару және олардың айналысы процесiнде бұзылған бағалы қағаздар нарқы субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау туралы сот органдарына шағым жасайды;
      <*>
      БҚҰК-нiң жанынан халықаралық ұйымдардың өтеусiз көмегi қаражатының есебiнен кейiн сертификатталатын бағалы қағаздар нарқында жұмыс iстеу үшiн мамандарды оқытуды жүзеге асыратын оқу орталығын құрады;
      <*>
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа да құқықтары бар.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың 20, 22-абзацтары алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1997.04.08. N 505 қаулысымен. P970505_

                    IV. БҚҰК қызметiн ұйымдастыру
      7. БҚҰК БҚҰК-на жүктелген мiндеттердi орындау үшiн барлық толық өкiлеттiктер мен жауапкершiлiкке ие Төрағадан және комиссияның төрт мүшесiнен тұрады.
      БҚҰК төрағасы мен мүшелерi бағалы қағаздар нарқын реттеу саласында шешiмдер қабылдау жөнiнде бiрдей мәртебе мен тең құқықтарға ие.
      8. БҚҰК төрағасы мен мүшелерiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша лауазымға Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды және босатады.
      9. БҚҰК-ның төрағасы мен қойылған мiндеттердi орындау жөнiндегi қызметiн ғылыми, шығармашылық және оқытушылықтан басқа қызметтiң өзге түрлерiмен қоса атқара алмайды.
      10. Бағалы қағаздар нарқын реттеу мәселелерi жөнiндегi БҚҰК шешiмдерi БҚҰК мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады, ол үш дауыстан кем болмауы тиiс. Шешiмдер қаулылар мен хаттамалар түрiнде ресiмделедi.
      11. БҚҰК қызметiн қамтамасыз ету үшiн оның тұрақты жұмыс iстейтiн атқарушы аппараты мен оның аймақтық бөлiмшелерi құрылады.
      12. Төраға:
      атқарушы аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аймақтық бөлiмшелерiне басшылық бойынша БҚҰК мүшелерiнiң арасындағы мiндеттердi бөледi;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеуiмен бөлiнген еңбек ақы қорының және қызметкерлердiң санының шегiнде штатты, лауазымдық жалақыларды, атқарушы аппараттың және оның аумақтық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына сыйақылар мен үстеме ақылардың мөлшерiн бекiтедi;
      БҚҰК-ның атқарушы аппараты мен оның аймақтық бөлiмшелерiнiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      атқарушы аппарат пен оның аймақтық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдауды, орнын ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға ынталандыру шараларын қолданады және еңбек заңдарында көзделген тәртiптiк шаралар жасайды;
      өз құзыретiнiң шегiнде атқарушы аппараттың және оның аймақтық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды, қызметтiк орын ауыстыру жасайды және жұмыстан босатады, оларға еңбек заңында көзделген ынталандыру шараларын қолданады және тәртiптiк шаралар қолданады;
      БҚҰК атқарушы аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi, оның аймақтық бөлiмшелерi туралы ережелерi бекiтедi;
      тексерiс нәтижелерiн жоспарлау, жүзеге асыру және ресiмдеудi реттейтiн тәртiптi бекiтедi;
      мемлекеттiң және Үкiметтiң басшылығымен, республиканың министрлiктерi мен ведомстволарымен, сондай-ақ халықаралық не шетелдiк үкiметтiк және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда БҚҰК-нi бiлдiредi.
      13. БҚҰК мен оның атқарушы аппаратының лауазымды адамдарды өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде қолданылып жүрген заңдарды басшылыққа алуға, эмитенттер, бағалы қағаздар нарқы мен қор биржаларына кәсiби қатысушылар туралы алынған мәлiметтердi тек қызметтiк мақсатта ғана пайдалануға мiндеттi. Өз мiндеттерiн орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны және мемлекеттiк, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де құпияларды сақтамағаны үшiн олар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.
      14. БҚҰК және оның атқарушы аппараты республикалық бюджет қаражатының есебiнен ұсталады.
      15. БҚҰК төрағасына еңбек ақы төлеу, материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, көлiктiң және медициналық қызмет көрсету шарттары Министрдiң деңгейiнде, ал БҚҰК мүшелерiне - Қазақстан Республикасы министрiнiң бiрiншi орынбасарының деңгейiнде белгiленедi.
      16. БҚҰК-на мен оның атқарушы аппаратының аймақтық бөлiмшелерiне берiлген немесе бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi иелену, пайдалану және басқару құқығы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
      17. БҚҰК заңды тұлға болып табылады, оқшау мүлiкке ие, банктерде ағымдағы, есеп айырысу және өзге де шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленiп, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар.

                    V. Тарату және қайта ұйымдастыру
      18. БҚҰК тарату және қайта ұйымдастыру белгiленген заң тәртiбiмен жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады