Жамбыл облысының фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарын дағдарыстан шығару бойынша Қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның шешiмiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 11 сәуiр N 424

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ Заң күшi бар Жарлығы мен "Жамбыл облысының фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарды дағдарыстан шығару жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 ақпандағы N 195 P960195_ қаулысына сәйкес, сондай-ақ шетелдiк инвестицияларды "Қаратау" акционерлiк-холдингтiк компаниясын дамытуға тарту және республикалық бюджетке оның акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн сатудан ақша қаражаттары түсуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Жамбыл облысының фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарын дағдарыстан шығару бойынша Қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның 1996 жылғы 5 сәуiрдегi шешiмi бекiтiлсiн (N 5 хаттама).
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi үш күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Инекон Групп" акционерлiк қоғамына (Чех Республикасы) сату үшiн "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясы акцияларының жалпы санының 51 процентi мөлшерiнде оның акцияларының мемлекеттiк пакетiн беретiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi "Инекон Групп" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп бес күн мерзiм iшiнде "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясының өндiрiстiк және шикiзаттық базасын кезең-кезеңмен дамытуға бағытталған инвестицияларын жүзеге асырудың жоспар-кестесiн жасасын және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне бекiтуге ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр апта мерзiм iшiнде "Инекон Групп" акционерлiк қоғамымен "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясы акцияларының 51 процентi мөлшерiнде оның акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатып алу-сату контрактiсiн жасасын.
      5. "Инекон-Групп" акционерлiк қоғамымен жасалған контракт күшiне

енгеннен кейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң айрықша шешiмiне
дейiн "Жамбыл облысының фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарды
дағдарыстан шығару жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 ақпандағы N 195 қаулысындағы 2-тармақтың
екiншi абзацының 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарының қолданылуы
тоқтатылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады