Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы қаржы-валюталық бақылау комитетi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 19 маусымдағы N 753. Kүшiн жойған - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997.07.04. N 1061 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi туралы Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi мен оған тiкелей бағынатын облыстардағы және Алматы қаласындағы басқармалар аудандардағы және облыстық бағыныстағы қалалардағы бөлiмшелер қаржы-валюталық бақылаудың бiрыңғай жүйесiн құрайды және республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталады деп белгiленсiн.
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қазандағы N 1124 P941124_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 42, 457-бап);
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң салық салу мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және кейбiреуiнiң күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 тамыздағы N 1069 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж N 27, 320-бап) бекiтiлген салық салу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр

 

шешiмдерiне енгiзiлетiн Өзгертулердiң 12-тармағы;

     "Республикада валюталық бақылауды ұйымдастыру туралы" Қазақстан

Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 1207 


P951207_



қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж, N 29, 358-бап).

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi

                                     Қазақстан Республикасы

                                          Үкiметiнiң

                                     1996 жылғы 19 маусымдағы

                                        N 753 қаулысымен

                                          Бекiтiлген

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы

              қаржы-валюталық бақылау комитетi туралы

                            Ереже

              I. Жалпы ережелер


 
       1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегi бюджеттiң атқарылуын, бюджеттiк, кредиттiк және валюталық қаражатты, оның iшiнде мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылған шетелдiк займдар мен инвестицияларды қоса алғандағы мемлекеттiк меншiктiң, мемлекеттiң материалдық және қаржылық ресурстарының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырушы арнаулы атқарушы органы болып табылады.
      2. Өзiнiң қызметiнде Комитет Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Парламенттiң қаулыларын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бұйрықтары мен нұсқауларын және осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитет оған бағынатын облыстардағы, Алматы қаласындағы басқармалар және аудандар мен облыстық бағыныстағы қалалардағы бөлiмшелер жүйесiнде орталық орган болып табылады, арнаулы атқару және ведомствоаралық бақылау қызметтерiн дербес асырады.
      Комитеттiң аумақтық органдары өзiнiң қызметiн жергiлiктi атқарушы органдармен үйлестiредi, оларды жүргiзiлген тексерулер мен тексерiстердiң нәтижелерi туралы мезгiл-мезгiл хабардар етiп тұрады, кәсiпорындардың, ұйымдардың және басқа да заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметiндегi заңдылықтың бұзылуын, ақша қаражаттарын, материалдық игiлiктердi және басқа мүлiктердi ысырап қылу, ұрлау және олардың жетпеуi, лауазымды тұлғалардың қызмет бабын терiс пайдалануы фактiлерiн жоюға және оның алдын алуға бағытталған ұсыныстар енгiзедi.
      Бақылау-тексеру жұмысында қатар жүргiзуге және қайталауға жол бермеу мақсатында Комитеттiң бөлiмшелерi өздерiнiң жұмысын құқық қорғау, салық және басқа бақылаушы органдарымен кәсiпорындардың, ұйымдардың және басқа да заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметiне тексерiстер мен тексерулер жүргiзудiң жоспарларын келiсе отырып өзара байланыста жүргiзедi.
      4. Комитеттiң органдарына мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдардың жоғары экономикалық бiлiмi, не болмаса мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажымен бiрге тиiстi арнаулы орта бiлiмi болуы, сондай-ақ арнаулы тексеру мен конкурстық iрiктеуден өтуi қажет. Комитет органдарының қызметшiлерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiпте және мерзiмде, бiрақ кем дегенде үш жылда бiр рет аттестациядан өтедi.
 
          II. Қазақстан Республикасы Қаржы-валюталық бақылау
                   комитетiнiң мiндеттерiн мен қызметтерi
 
      5. Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң басты мiндеттерi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiтетiн Комитеттiң жұмыс жоспарына сәйкес қаржы-валюталық бақылауды жүзеге асыру жөнiнде, жоғары тұрған органдардың тапсырмасы бойынша да республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жекелеме тауарлар мен баптар бойынша, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң қаржы-шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметiне және бюджеттiк қаражаттардың есебiнен ұсталатын басқа да орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың, мемлекеттiк кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мемлекеттiк инвестициялық және кредиттiк ресурстарды, мемлекет кепiлдiк берген шетелдiк займдар мен кредиттердi мақсатты және тиiмдi пайдалануына жедел қаржы-валюталық бақылауды (тексерiстердi, тексерулердi) ұйымдастыру және жүргiзу;
      өзiнiң құзыретiнiң шегiнде және қолданылып жүрген заңға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардағы, ұйымдардағы, мекемелердегi заңды бұзушылық фактiлерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, әкiмдердiң тапсырмасы, азаматтардың хаттары, арыздары және шағымдары бойынша тексерулер мен тексерiстер жүргiзу;
      МТК, ҰҚК және прокуратура органдарының қылмыстық iстер қозғалуы негiзiнде шығарған ұсыныстары бойынша мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiне тексерулер мен тексерiстер жүргiзу;
      тексерулер мен тексерiстердiң материалдарын қорыту негiзiнде шетелдiк валютаны қоса алғандағы мемлекеттiк қаржылар мен ресурстарды ұтымды пайдалану, төлем тәртiбiн, бюджетпен және мемлекеттiк қорлармен есеп айырысуларды жақсарту, мемлекеттiк кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде ұрлықты, жетiмсiздiк пен ысырапқорлықты, сондай-ақ қаржы қаражаты мен мүлiктi тиiмсiз пайдалану фактiлерiн жою және кiнәлi лауазымды адамдарды тәртiпке шақыру, материалдық және әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
      6. Алға қойылған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында Комитетке және оның жергiлiктi органдарына мынадай қызметтер жүктеледi:
      Комитеттiң Жұмыс жоспарына сәйкес министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және басқа да орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың, мемлекеттiк кәсiпорындардың, бюджеттiк мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiне, оларда ақшалай қаражат пен тауар-материалдық құндылықтардың сақталуына тексерiстер мен тексерулер, мемлекет мүдделерiне қатысты басқа да қаржы мәселелерi бойынша тақырыптық тексерулер жүргiзу және олардың негiзiнде үнем тәртiбiн қамтамасыз етуге, мемлекеттiк қаржылар мен ресурстарды, оның iшiнде валютаны мақсатты және тиiмдi пайдалануға бағытталған ұсыныстар әзiрлеу;
      халықаралық шарттар мен келiсiмдер негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кепiлдiгi бойынша Қазақстан Республикасына берiлетiн кредиттердiң, республикаға бөлiнетiн гуманитарлық көмектiң, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және басқа да орталық , сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың, мемлекеттiк кәсiпорындардың, бюджеттiк мекемелердiң қызметкерлерiнiң шетелдiк iссапарларына арналған шығындардың тиiмдi және мақсатты пайдаланылуына бақылау орнату;
      кәсiпорындардың, ұйымдардың және басқа да заңды тұлғалардың валюталық түсiмiнiң толықтығын және мезгiлiнде түсiп тұруын және оны пайдалануды қамтамасыз ету, валюталық операциялар бойынша есеп пен есептiлiк жүргiзiлуi бөлiгiндегi сыртқы экономикалық қызметiне бақылауды жүзеге асыру;
      жарғылық қорында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгi бар шетелдiк капиталдың қатысуымен құрылған кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiне тексеру жүргiзу;
      Қазақстан Республикасының шет елдердегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерiн қаржыландыруға бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуын сол жерге барып тексерудi жүзеге асыру;
      шұғыл айналыстағы вексельдер мен мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелердi өтеу үшiн бөлiнген бюджеттiк қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына тексеру жүргiзу;
      акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн дивидендтердiң дұрыс есептелуiн және акционерлiк қоғамдардың оларды бюджеттiң кiрiсiне аударуының толықтығын бақылауды жүзеге асыру;
      республика экономикасын қаржы жағынан сауықтыру және нығайту, кәсiпорындардың, ұйымдардың және басқа да заңды тұлғалардың мемлекетпен қаржылық өзара қатынастарын, есеп айырысу-кредиттiк және валюталық-қаржы механизмiн жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлеуге қатысу;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп, ал қажеттi жағдайларда дербес, мемлекеттiк меншiктi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудi жүргiзу кезiнде белгiленген тәртiптiң және мемлекеттiң экономикалық мүдделерiнiң сақталуын тексерудi жүзеге асыру;
      қарамағындағы бөлiмшелердiң жұмысын ұйымдастыру, бақылау жұмысын жүргiзуде оларға практикалық және әдiстемелiк көмек көрсету, олардың оң жұмыс тәжiрибесiн зерттеу және оны барлық бөлiмшелер арасында тарату, сондай-ақ кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнiнде шаралар жүргiзу.
 
          III. Қазақстан Республикасы қаржы-валюталық
                   бақылау комитетiнiң құқықтары
 
      7. Комитет пен оның жергiлiктi органдарының өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде:
      тексерiлетiн объектiлерде нормативтiк сипаттағы құжаттаманы: жоспарларды, сметаларды, есептемелердi, бухгалтерлiк, банк және қаржы құжаттары мен iс жүзiнде қолда бар нақты ақша қаражатын, бағалы қағаздар мен материалдық иелiктердi тексеруге;
      министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге және басқа да орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға, мемлекеттiк кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, банкiлер мен басқа да мемлекеттiк кредит-қаржы мекемелерiне, әскери бөлiмдер мен бөлiмшелерге кедергiсiз баруға;
      кассаларға, касса және қызмет бөлмелерiне, қоймалар мен мұрағаттарға сүргi салуға, ал қолдан жасалған, жалған құжаттар, ұрлық пен жолсыздықтар анықталған жағдайда - iстi алу актiсiн, алынған құжаттардың көшiрмелерiн немесе тiзбесiн қалдырып қажеттi құжаттарды алуға;
      тексерiлген кәсiпорындардың, ұйымдардың және басқа да заңды тұлғалардың басшылары мен басқа да қызметкерлерiнен тексерiстер мен тексерулер барысында туындаған күмәндi және түсiнiксiз мәселелер бойынша жазбаша түсiнiктеме берудi талап етуге және оларды алуға;
      қозғалған қылмыстық iстер бойынша тексерiлетiн объектiлер бойынша банктер мен өзге де кредиттiк мекемелерден операциялар мен шоттардың жай-күйi туралы қажеттi мәлiметтер алуға, тексерiстер мен тексерулерге қатыстыру үшiн мүмкiндiкке қарай басқа ведомстволардың мамандарын тартуға;
      тексерiстер мен тексерулердiң барысында тексерiлген кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшыларымен бiрлесiп, анықталған қаржы тәртiбiнiң, бухгалтерлiк есеп жүргiзу тәртiбiнiң бұзылуын және қаражаттардың заңсыз жұмсалуын жоюға қажеттi шаралар қолдануға;
      тексерiстер мен тексерулердiң материалдары бойынша министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге және басқа да орталық атқарушы органдарға, кәсiпорындарға, ұйымдарға және басқа да заңды тұлғаларға бетi ашылмаған жолсыздықтарды жою, залалды кiнәлi адамдардың есебiнен өтеу және оларды заңда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тарту туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқаулар беруге;
      кезiнде анықталған жетiмсiздiктер, ысыраптар, ұрлық және жолсыздықтар жөнiндегi тексерiстер мен тексерулердiң материалдарын тергеу органдарына жiберуге. Соңғыларынан осы материалдар бойынша қолданылған шаралардың нәтижесi туралы ақпарат не болмаса материалдық залалды өтеу мәселесiн шеше отырып, қылмыстық iс қозғаудан бас тарту немесе материалдарды қарауды тоқтату туралы қаулылардың көшiрмелерi қоса берiлген уәжделген қорытынды берудi талап етуге;
      салық қызметiне есепке алу және қаржы мен айып санкцияларын қоса алғандағы, жасырып қалған салықтар мен төлемдердi бюджетке өндiрiп алу үшiн салық заңдары бұзылуының анықталған фактiлерi бойынша тексерiстердiң материалдарын беруге;
      мекемелер мен ұйымдардың республикалық бюджеттен алған басы артық қаржыларына есептеме жүргiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығына, ал тексерiстер мен тексерулердiң барысында анықталған қосымша төлемдер сомасын өндiрiп алу жөнiнде - салық органдарына ұсыныс енгiзуге;
      көрсетiлген қызметтердiң ақысы өздерiнiң көмегi арқылы анықталған, бүркемеленген соманың не жасырылған түсiмнiң немесе келтiрiлген өзге де залалдың есебiнен төлене отырып, Қазақстан Республикасы кәсiпорындарының, ұйымдарының және өзге де заңды тұлғалардың шетелдiк әрiптестермен есеп айырысуының негiздiлiгiн анықтау үшiн тиiстi шетелдiк қызмет орындарымен өзара iс-қимыл жасауға құқығы бар.
 
          IV. Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң қаражаты
 
      8. Комитеттiң органдары республикалық бюджет қаржылары есебiнен ұсталады. Қызметкерлердiң жалпы санының лимитiн және қызмет бабында пайдаланылатын жеңiл автомобильдер санын:
      Комитетке - Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстар, Алматы қаласы бойынша басқармаларға, аудандар мен қалалар бойынша бөлiмшелерге - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
      Комитеттiң орталық аппаратының құрылымы мен штат кестесiн Қазақстан Республикасының қаржы министрi, ал облыстар мен Алматы қаласы бойынша басқармаларда - осы органдардың басшылары бөлiнген адам саны шегiнде бекiтедi.
      9.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1997.04.08. N 505
               қаулысымен. P970505_
 
          V. Қаржы-валюталық бақылау комитетi қызметкерлерiнiң
                   әлеуметтiк және құқықтық қорғалуы
 
      10. Қаржы-валюталық бақылау органдарының қызметкерi қызмет бабындағы мiндеттерiн орындауға байланысты кездейсоқ оқиғалардан қаза тапқан жағдайда, не ол қаржы-валюталық бақылау органдарында жұмыс iстеген кезiнде алған жарақаты, ауруға шалдығуы салдарынан жұмыстан босатылғаннан кейiн қайтыс болған жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердiң отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне) қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердiң соңғы атқарған қызметi бойынша республикалық бюджет қаржылары есебiнен он жылдық орташа жалақысы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленiп, кейiннен бұл сома кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.
      Қаржы-валюталық бақылау органдарының қызметкерiне қызмет бабындағы iс-әрекеттi жүзеге асыруына байланысты жұмысын одан әрi жалғастыру мүмкiндiгiнен айыратын ауыр дене жарақатын салған жағдайда, оған республикалық бюджет қаржылары есебiнен бес жылдық орташа жалақысы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленiп, кейiннен бұл сома кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады, сондай-ақ оның айлық жалақысы мен зейнетақысы арасындағы айырма (өмiр бойы) төленедi.
      Қаржы-валюталық бақылау органдарының қызметкерiне қызмет бабындағы iс-әрекеттi жүзеге асыруына байланысты орташа ауыр дене жарақаты салынған жағдайда, оған республикалық бюджет қаржылары есебiнен бес орташа айлық жалақысы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленiп, кейiннен бұл сома кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.
      11. Комитет органдарының және оның жергiлiктi бөлiмшелерiнiң жедел iстермен айналысатын қызметкерлерi өздерiнiң функционалды қызметi мен мiндеттерi бойынша республикалық бюджет есебiнен мiндеттi сақтандырылуға жатады. Лауазымдардың номенклатурасын Комитеттiң кеңесi айқындайды.
 
            VI. Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң
                      жұмысын ұйымдастыру
 
      12. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын Төраға басқарады.
      13. Төрағаның орынбасарларын Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмiмен Қаржы министрi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      Комитеттiң облыстар, Алматы қаласы бойынша басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарларын, аудандық және қалалық бөлiмшелердiң басшыларын Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi тағайындайды.
      Комитеттiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының басшыларын тағайындау мен босату Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтетiн лауазымдардың номенклатурасына сәйкес жүргiзiледi.
      14. Комитеттiң Төрағасы Комитет пен оның жергiлiктi органдарының қызметiн басқарады. Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап бередi, орынбасарларының арасындағы мiндеттердi бөледi;
      Өз құзыретi шегiнде Комитеттiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң қызмет бабымен ауыстырылуын және жұмыстан босатылуын жүзеге асырады, оларға еңбек заңдарында көзделген көтермелеу және тәртiпке шақыру шараларын қолданады;
      тексерiстер мен тексерулердiң жоспарлануын, жүзеге асырылуын және олардың нәтижелерiнiң ресiмделуiн реттейтiн ведомстволық нормативтiк актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      Комитеттiң құзыретi шегiнде қолданыстағы заңдарға сәйкес орталық аппараттың барлық қызметтерi мен ведомстволық қарасты органдарының орындаулы үшiн мiндеттi бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады және нұсқаулар бередi.
      15. Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерi материалдық-техникалық қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету жағдайлары бойынша, ал Комитеттiң басшылары көлiк қызметiн көрсету жағдайлары бойынша да Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi орталық аппаратының қызметкерлерiне теңестiрiледi.
      16. Төраға, оның орынбасарлары мен Комитеттiң орталық аппаратының басқа да басшы қызметкерлерi құрамында құрылатын кеңес Комитеттiң алқалы басқару органы болып табылады. Комитеттiң алқалы жұмыс органының адам саны мен дербес құрамын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi.
      Осы орган өзiнiң мәжiлiстерiнде Комитеттiң ағымдағы және келешектегi мiндеттерiн айқындайды, бақылау-тексеру жұмысының әдiстерiн жетiлдiрудiң және тиiмдiлiгiн арттырудың, қабылданған шешiмдердi орындаудың, кадрларды iрiктеудiң, орналастырудың, қайта даярлаудың негiзгi мәселелерiн қарайды, аса маңызды бұйрықтардың, нормативтiк және әдiстемелiк құжаттардың жобаларын талқылайды, Комитет бөлiмшелерiнiң жұмысы туралы есептердi тыңдайды.
      Алқалы жұмыс органының шешiмдерi Комитет төрағасының бұйрықтарымен iске асырылады.
      17. Облыстық және Алматы қаласы бойынша басқармалар, сондай-ақ олардың облыстардың орталық қалаларындағы бөлiмшелерi заңды тұлғалар болып табылады, жеке мүлкi болады, банктерде ағымдағы және өзге шоттары және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленiп, қазақ және орыс тiлдерiнде өздерiнiң атаулары жазылған мөрi болады.
      Комитеттiң орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң орталықтандырылған бухгалтериясы арқылы жүзеге асырылады.
      Қалалық және аудандық бөлiмшелердiң қызметкерлерiн (басшыларын басқаларын) жұмысқа қабылдау, босату, оларды ұстап тұру жөнiндегi шығындарды қаржыландыруды және есебiн жүргiзудi Комитеттiң облыстар мен Алматы қаласы бойынша басқармалары, қажеттiгiне қарай, ақша қаражатын аудару үшiн қызмет көрсететiн банктiң мекемелерiнде атаулы ағымдағы шоттар ашу арқылы жүзеге асырады.
 
          VII. Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң
               таратылуы және қайта ұйымдастырылуы
 
      18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетiн тарату және қайта ұйымдастыру заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады