Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке басының куәлiктерiн айырбастау және беру процесiн жеделдету жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 қыркүйек N 1137

      Қазақстан Республикасының халықтарын паспортпен және жеке басының куәлiгiмен құжаттандыру процесiн жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне:
      халықты құжаттандырудың аймақтық орталығы Ақмола қаласында 1997 жылдың аяғына дейiн, Орал қаласында 1998 жыл iшiнде құрылсын;
      паспорттар мен жеке басының куәлiктерiн сатудан арнаулы шотқа түскен қаражатты, 1998 жылдың аяғына дейiн, республикалық бюджетте тиiстi қаржылық жылға арнап белгiленген тәртiппен көзделген қаражаттан тыс, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң органдарын дамытуға пайдалануға рұқсат етсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
               1997.08.13. N 1255 қаулысымен. P971255_
      2. Облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi iшкi iстер органдарының паспорт бөлiмшелерiне қосымша штат санын ұстауға, оларды азаматтарды қабылдау жөнiндегi талаптарға жауап беретiн үй-жайлармен, сондай-ақ қажеттi жабдықтармен және халықты жаппай құжаттандыру кезеңiнде ұйымдастыру техникаларымен қамтамасыз етуге қаражат бөлу жөнiнде шаралар қабылдасын.
      3. "Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 256 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 124-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Паспорттардың ескi үлгiсiн Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа үлгiдегi паспорттар мен жеке басының куәлiктерiне ауыстыру 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейiн аяқталсын".
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады