Техникалық қызмет көрсететiн және мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарының жұмысын қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 19 қыркүйек N 1142. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.11. N 41 қаулысымен. ~P020041

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1. Техникалық қызмет көрсететiн және мемлекеттiк органдар мен

олардың аппараттарының жұмысын қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк

қызметшi болып табылмайтын қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына

еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу тәртiбi туралы

қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     2. Осы қаулы 1996 жылдың 20 тамызынан бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                     1996 жылғы 19 қыркүйектегi

                                         N 1142 қаулысымен

                                          Бекiтiлген


          Техникалық қызмет көрсететiн және мемлекеттiк органдар

  мен олардың аппараттарының жұмысын қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк

   қызметшi болып табылмайтын қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына

  еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу тәртiбi туралы


                               ЕРЕЖЕ



 
       Осы Ереже техникалық қызмет көрсететiн және мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарының жұмысын қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметi болып табылмайтын қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу тәртiбiн белгiлейдi.
      Техникалық қызмет көрсететiн және мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарының жұмысын қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарындағы жұмыс стажына қарай төленедi.
 
      1. Еңбек сiңiрген жылдарына үстеме ақы алуға құқық беретiн
                            стажды есептеу
 
      1. Еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы алуға құқық беретiн стажға мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарында жұмыс iстеген барлық уақыт кiредi.
      2. Еңбек сiңiрген жылдарына үстеме ақы алуға құқық беретiн стажға сондай-ақ:
      1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштерде, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармасы органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикалық ұланында мiндеттi әскери қызметiн өткерген уақыты;
      2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер органдары жүйесiндегi қызмет өткерген, прокуратура органдарындағы қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағында сот аппараттарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген уақыты;
      3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер органдарында, прокуратура органдарында, соттарында, КСРО мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары мен Мемлекеттiк тергеу комитетiнде еңбек сiңiрген жылдарына үстеме ақы алу құқығын беретiн лауазымдарда жұмыс iстеген уақыт;
      4) КСРО мемлекеттiк банкiсi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң жүйесiнде жұмыс iстеген уақыт;
      5) мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарында жұмыс iстеген адамдарға бала бiр жарым жасқа жеткенге дейiнгi баланы күту жөнiндегi iшiнара ақы төленетiн демалыс және бала үш жасқа жеткенге дейiнгi баланы күту жөнiндегi жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс уақыты;
      6) шетелге жiберер алдында қызметкер мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарында жұмыс iстеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күннен бастап екi айдың iшiнде мемлекеттiк органға немесе оның аппаратына қызметке тұрса, шетелде жұмыс iстеген уақыты;
      7) 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасының партия, кәсiподақ және комсомол органдарында жұмыс iстеген уақыт;
      8) қызметкер курсқа түскенге дейiн мемлекеттiк органда немесе оның аппаратында жұмыс iстеп, оны бiтiрген соң мемлекеттiк органға немесе оның аппаратына оралған жағдайда оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру курстарында мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарының жолдамасымен жұмыстан қол үзiп оқыған уақыты кiредi.
 
      2. Еңбек сiңiрген жылдарына үстеме ақыны есептеу мен төлеу
                              тәртiбi
 
      3. Осы Ережеге сәйкес еңбек сiңiрген жылдарына есептелетiн мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарындағы жұмыс стажы күнтiзбелiк есептеу бойынша есепке алынады.
      4. Еңбек сiңiрген жылдарына үстеме ақы мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарындағы жұмыс стажына қарай ай сайын лауазымдық жалақыға проценттiк қатынаста мынадай мөлшерлерде төленедi: үш жыл еңбек сiңiргенде - он, бес жылда - он бес, он жылда - жиырма, он бес жылда - отыз, жиырма жылда - қырық процент.
      5. Күнтiзбелiк ай iшiнде еңбек сiңiрген жылдарына үстеме ақының мөлшерiн көтеру құқығы пайда болған қызметкерлерге бiр айлық үстеме ақының жалпы сомасы айдың кезеңдерi бойынша тиiстi мөлшерде есептелген үстеме ақыларды қосу арқылы айқындалады. Еңбек сiңiрген жылдарына үстеме ақы сомасы күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақысы өзгерген жағдайда да осындай тәртiппен есептеледi.
      6. Еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерге қалдырылатын (демалыс, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау кезiнде, еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңде, мемлекеттiк зейнетақы тағайындағанда және басқаларында) орташа жалақыны есептен шығарғанда ескерiледi.
      7. Еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу үшiн жұмыс стажын Еңбек стажын белгiлеу комиссиясы айқындайды, оның құрамын тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтедi.
      Комиссияның жұмыс стажын белгiлеу жөнiндегi шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнiң көшiрмесi екi данада жасалып, бiр нұсқасы кадр бөлiмiне, екiншiсi бухгалтерияға берiледi.
      8. Жұмыс стажын белгiлеу үшiн негiзгi құжат еңбек кiтапшасы немесе қызметтiк тiзiм болып табылады. Еңбек кiтапшасы, қызметтiк тiзiм болмағанда, сондай-ақ жұмыс кезеңдерi туралы тиiстi жазба жоқ болса немесе қате не бұрыс жазылған жағдайда, еңбек стажын растау

 

үшiн жұмыс кезеңдерi туралы мәлiметтерi бар анықтамалар, бұйрық

көшiрмелерi, есепшоттар мен еңбекақы төлеу ведомостары және өзге де

құжаттар қабылданады. Еңбек сiңiрген жылдарына үстеме ақы алуға құқық

беретiн стажды куәлардың көрсетуiмен растау заңдарда белгiленген

тәртiппен жүзеге асырылады.


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                     1996 жылғы 19 қыркүйектегi

                                         N 1142 қаулысымен

                                          Бекiтiлген

                                            Ережеге

                                            қосымша


            Техникалық қызмет көрсететiн және жұмыс iстеуiн

     қамтамасыз ететiн қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдары үшiн

        үстеме ақы алуға құқық берiлетiн Қазақстан Республикасы

                        мемлекеттiк органдарының

                             ТIЗБЕСI


     Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi


     Парламенттiң, Үкiметтiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан

     Республикасының басқа соттарының, Конституциялық Кеңестiң,

     Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараттары


     Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағыныстағы және

     есеп беретiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары


     Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және Қазақстан

     Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн басқа да орталық

     атқарушы органдар


     Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен олардың құрылымдық

     бөлiмшелерi


     Қазақстан Республикасының Елшiлiктерi







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады