Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Алматы Халықаралық Мектебi арасындағы Келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 қыркүйек N 1191

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1996 жылғы 24 маусымда Алматы қаласында қол қойылған

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Алматы Халықаралық Мектебi

арасындағы Келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi


              Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Алматы

                    Халықаралық Мектебi арасындағы

                           Келiсiм шарт



 
       Қазақстан Республикасы Үкiметi Қазақстан Республикасы Бiлiм Министрi М.Жұрынов атымен және Алматы Халықаралық Мектебi "Куолити Скулз Интернэшнл" бас Ұйымының президентi Джеймс Е.Гилсон атымен
 
      дипломатиялық корпустың белсендi, кеңеюiне, Алматыдағы халықаралық ұйымдар өкiлдерi мен шетелдiк фирмалар санына назар аудара отырып және Қазақстан Республикасы үшiн Алматыдағы аталған шетелдiк ұйымдардың қажеттiлiгiн, сол сияқты бұлар үшiн қолайлы жағдай туғызу керектiгiн мойындай отырып,
 
      дипломатиялық қызметкерлер мен аталған ұйымдар қызметкерлерi балаларының мектептiк бiлiм алу жүйесiне ең жақсы жағдай жасауға ұмтылып және бұл Қазақстан Республикасы мен Алматыда ұйымдары бар мемлекеттер арасындағы достық пен еңбек бiрлестiгiн нығайтуға ықпал етедi деп есептеп
 
      төмендегiдей келiсiмге келдi:
 
      1. Шетелдiк мемлекеттiк емес, коммерциялық емес әрекеттегi ұйым есебiнде және "Куолити Скулз Интернэшнл" ұйымының бiр бөлiмi болып есептелетiн, сол сияқты мемлекеттiк емес, коммерциялық емес халықаралық ұйым ретiнде және АҚШ Мемлекеттiк Департаментi лайықты түрде куәландырған куәлiгi және гранты бар Алматы Халықаралық мектебi Қазақстанда Мектебi Қазақстан өз отбасымен еңбек етiп жатқан шетелдiк дипломаттар, сарапшылар, кәсiпкерлердiң талабын қанағаттандыратын бағдарлама бойынша жоғары сапалы бiлiммен қамтамасыз етудi мiндетiне алады.
      2. АХМ Қазақстан Республикасының белгiленген заңы бойынша және осы келiсiм шарттың негiзiнде қызмет етедi. Талас тудыратын жағдайларда бұл келiсiм шарттың ережесi Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 бабындағы 4 тарауға сәйкес нормативтiк-құқықтық акт алдында приоритет алады.
      3. АХМ-ге балаларын осы мектепке берудi ұйғарған Алматы шетелдiк ұйымдардың өкiлдерi - ата-аналардың талаптарына сәйкес ағылшын тiлiнде оқытылатын бағдарламаны жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнен лицензия берiледi. Өздерiнiң оқу бағдарламаларымен қоса, АЗМ оқушылардың еркiмен қазақ және орыс тiлдерiн, Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениетiн, экономикалық дамуын оқытуды қамтамасыз етедi.
      4. АХМ өздерiнiң бағдарламалары мен оқу жоспарларын жасауды және оларды жүзеге асыруды мiндетiне алады, сондай-ақ қызметкерлердi өз еркiмен жұмысқа қабылдай алады.
      5. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi, өзiнiң компетенциясы шеңберiнде, АХМ-нiң оқу бағдарламалары, құрылымы және мақсаттары жайында сұрауға, мәлiмет алуға құқықты.
      6. АХМ балаларды оқытуға, оқушыларды көлiкпен қамтамасыз етуге, тiркеуге және басқа да жұмыс түрлерiне ата-аналар немесе олардың ұйымдары тарапынан оқуды жоғары және сапалы деңгейге көтеруге төленетiн ақы алуға мiндеттi.
      7. Келешекте АХМ оқушылары контингентiнiң ұлғаю мүмкiндiгiне қарай және орта мектептiң толық бағдарламасымен оқуға көшкен жағдайда Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi әкiмшiлiк органдары АХМ-мен бiрлесiп мектеп үйiн және басқа да құрылыстарды салуға жер учаскесiн тегiн беру мүмкiндiгiн қарастырады, мұндай жағдайда жер және ол жерге салынған құрылыстар келiсiм шарттың мерзiмi бiткенде Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi әкiмшiлiгiнiң иелiгiне қайтарылады.
      8. АХМ тек қазақстандық оқушыларға оқушылардың жалпы санының он процентi көлемiнде тым төмен ақымен оқу мүмкiндiгiн туғызады. Төмендетiлетiн ақының көлемiн қазақстандық оқушылардың семьялық-материалдық жағдайына қарап АХМ әкiмшiлiгi белгiлейдi.
      9. АХМ Қазақстан Республикасының белгiленген заңы бойынша Қазақстан Республикасы Юстиция министрлiгiне тiркеуге тұрады, бұл банкалық есеп ашу, келiсiмге отыру, Қазақстанға және Қазақстаннан ақша аудару, мүлiктердi сатып алу және арендаға алу, қызметкерлердi жалдау сияқтылармен қоса, мектеп қызметiн жүргiзудiң негiзi болып табылады.
      10. Қазақстан Республикасының белгiленген заңы бойынша АХМ кiрiс салынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салықтар туралы және бюджетке басқа да мiндеттi төлеу жөнiндегi" жарлығының 4, 5, 6 тармақтарында көрсетiлгенiндей жергiлiктi салықтан босатылады.
      11. Қазақстан Республикасының белгiленген заңына сәйкес АХМ мектеп iсiнде пайдаланылатын және жобаланған жаңа мектеп үйiнiң құрылысына қажеттi материалдар мен құрал-жабдықтар, кеңсе бұйымдарын, т.б. заттарды шеттен әкелуде баж салығынан босатылады.
      Сонымен АХМ өз мақсаты үшiн шеттен әкелген кез келген көлiктiк құралдар немесе баж салынбайтын құрал-жабдықтар Қазақстан территориясында сатылмайды, егер:
      - сатқаны үшiн қажеттi кiрiс салығы немесе баж салығы төленбесе;
      - сатып алушының тауарларды баж салығынсыз шеттен әкелуге құқы бар болса.
      12. Қазақстан Республикасының белгiленген заң бойынша АХМ-нiң шетелдiк қызметкерi АХМ-де iстеген жұмысы үшiн алған еңбек ақысынан және басқа да табыстың түрлерiнен кiрiс салығын төлеуден босатылады.
      13. Қазақстан Республикасының белгiленген заңына сәйкес АХМ-нiң шетелдiк қызметкерi өзiнiң және отбасының, басқа да өзiмен бiрге тұрушылардың тұтынуына арналған алғашқы мүлiктенуге қажеттi бұйымдарға (мебель, тұрмыстық электроника, көлiктiк құралдар және т.б.) баж салығынан босатылады. Сонымен АХМ шетелдiк қызметкерiнiң алғашқы мүлiктенуге қажеттi бұйымдар есебiнде шеттен әкелiнген көлiктiк құралдардың кез келген түрi немесе баж салынбайтын басқа да құрал-жабдықтар Қазақстан территориясында сатылмайды, егер:
      - қажеттi кiрiс салығы немесе баж салығы төленбесе;
      - сатып алушының тауарларды баж салығынсыз шеттен әкелуге құқы бар болса.
      14. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi АХМ-нiң шетелдiк қызметкерiне және отбасы мүшелерiне кетуге рұқсат белгiсiн алуға үнемi қол ұшын бередi.
      15. АХМ-нiң шетелдiк қызметкерiнiң Алматыға тiркелуi Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жалпы заңы бойынша жүзеге асады.
      16. АХМ әкiмшiлiгi АХМ-нiң жергiлiктi қызметкерiне қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңы ережелерiн сақтауға мiндеттi, сонымен қатар оларға Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң дипломаттық өкiлдермен жұмыс Департамент арқылы Қазақстан Республикасы азаматынан алынатын кiрiс салығының барлық түрлерiн төлеу мiндетiн орындауға көмектесу қажет.
      17. Екi жаққа қатысты кез келген талас мәселелер бейбiтшiлiк арбитраж жолымен немесе басқа да өзара қолайлы жолмен шешiледi.
      18. Осы келiсiм шарт Қазақстан Республикасының iшкi заңдарына сәйкес қажеттi процедуралардан өткеннен кейiн күшiне енедi, бұнымен екi жақтағылар хабарландырылады және келiсiм шарт Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi мен Алматы Халықаралық Мектебi арасында ауыстырылады.
      19. Келiсiм шарт 10 жыл мерзiмге жасалады. Оның мерзiмi, егер

 

екi жақтың бiреуi өзiнiң шартты бекерге шығару ниетiн мерзiмi

бiткенге дейiн алты ай бұрын жазбаша хабарламаса, тағы 10 жылға

автоматты түрде ұзартылады.

     20. 24 маусымда 1996 жылы Алматыда екi данада дайындалды,

әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде, сонымен бiрге барлық

текстер бiрдей күшке ие.

     Екi жақтың осы келiсiм шартының түсiнiктемесiнде алшақтық

болған жағдайда, орыс тiлiндегi текст басшылыққа алынады.


     Қазақстан Республикасы             Алматы Халықаралық

         Үкiметi үшiн                      Мектебi үшiн


          М.Жұрынов                           Д.Гилсон

     Қазақстан Республикасы            "Куолити Скулз Интернэшнл"

         Бiлiм министрi                       Президентi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады