Қарағанды 2-ГРЭС-нiң мүлiктiк кешенiн жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 қазан N 1222

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн, аймақта электр энергиясының тапшылығын, Қарағанды 2-ГРЭС-iн шұғыл түрде жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарын жүргiзу қажеттiгiн ескере отырып, Қарағанды облысы энергетикасының қаржылық және шаруашылық қызметiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қарағанды 2-ГРЭС-i балансында тұрған мүлiктiк кешендi заңда белгiленген тәртiппен қабылдау-өткiзу актiсi бойынша өткiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қарағанды 2-ГРЭС-нiң мүлiктiк кешенiн голландық саудаластық ресiмдерiн қолдана отырып сату жөнiнде жабық инвестициялық тендер ұйымдастырып, өткiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қарағанды 2-ГРЭС-нiң iшкi және сыртқы мiндеттемелерi бойынша құқықтық мұрагерлерiн айқындасын.
      4. "Электр энергетикасындағы жекешелендiру және қайта құрылымдау

бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30
мамырдағы N 663 қаулысына N 2 қосымшасынан "Қарағанды 2-ГРЭС"
объектiсi алынып тасталсын.
     5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Премьер-Министрдiң
орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады