Байланыс формасы

Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Респбуликасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 1285 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы N 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.08 N 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.25. N  323 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi) қаулысымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы  Заңын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Z100291 қараңыз
     Қоса берiлiп отырған Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережесі бекiтiлсiн.
      Ескерту. Кіріспеге, мәтiнге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.25. N  323 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi) қаулысымен.

         Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi 

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң               
1996 жылғы 18 қазандағы       
N 1285 қаулысымен          
Бекiтiлген               

  Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және
пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң
мемлекеттiк кадастрын жүргiзу
ЕРЕЖЕСІ

      Ескерту. Тақырыбына, мәтiнге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.25. N  323 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi)   қаулысымен.

        1. Осы Ереже зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды көмудiң мемлекеттiк кадастрын (бұдан әрi - мемлекеттiк кадастр) жүргiзудiң тәртiбiн анықтайды және Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жер қойнауын пайдаланушыларға мiндеттi болып табылады. 
      2. Мемлекеттiк кадастрды жүргiзу жер қойнауларының мемлекеттiк қорын есепке алу жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. 
      3. Мемлекеттiк кадастрды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган республикалық және аймақтық жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында жүргiзедi. Мемлекеттiк кадастр жедел ақпарат алу, қоршаған ортаны қорғау саласында шешiмдер қабылдау, жеке ұйымдар, аймақтар және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша зиянды заттар радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын су көмiлген жерлердiң жай-күйiне жоспарлы бақылау жүргiзу үшiн негiзгi құжат ретiнде қызмет етедi. 
      Мемлекеттiк кадастрдың мәлiметтерi жер қойнауы туралы бiртұтас сандық ақпарат жүйесiне (мәлiметтер банкiне) енгiзiледi және жер қойнауы мемлекеттiк мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.25. N  323 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi)   қаулысымен.
      4. Мемлекеттiк кадастрдың есепке алуына зиянды заттарды радиоактивтi қалдықтарды көму объектiлерi мен пайдаланылған ағын су жер қойнауына сiңiрiлетiн жерлер жатады. 
      5. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттiк кадастры көмiлген заттар мен ағызылған сулардың сандық және сапалық көрсеткiштерiн, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнайы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайларын көрсете отырып, олардың типi мен түрiн сипаттайтын мәлiметтердi және мыналарды қамтиды:
      1) зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көметiн объектiлердiң және ағын суды көметiн орындардың жалпы сипаттамасын: орналасқан жерiн, пайдалану кезеңiн, ұстауға жұмсалатын шығындарды, қоршаған орта және жер қойнауы мониторингiнiң қадағалау желiсiнiң болуын және орналасуын;
      2) зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көметiн объектiлердiң және ағын суды көметiн орындардың физикалық сипаттамасын:
      оқшаулау сипаттамасын, тау жыныстарының типiн, жатқан тереңдiгiн және коллекторлы қабаттың тиiмдi қуатын, оның алаңын, ұсақ тесiктiлiк коэффициентiн, төсенiш және жабылғыш сутiректiң сипаттамасын, жер асты суларының табиғи ағынының жылдамдығын, көмудi сақтауды және басқа сапалық және сандық көрсеткiштерiн;
      3) зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың, ағын судың сипаттамасын: өнiмнiң атауын, технологиялық өндiрiс немесе нәтижесiнде өнiм пайда болатын процесс, физикалық сипаттамасын (толық химиялық құрамы, улы құрауыштарды сақтау, өрт-жарылыс қауiптiлiгi, ерiгiштiгi, сақтауда басқа заттармен үйлесiмдiлiгi, негiзгi ластаушы радионуклидтер, олардың белсендiлiгi және басқа сипаттамалар), тасымалдау жүйесiнiң сипаттамасын.
       Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.04.25. N  323 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi)   қаулысымен.
      6. Мемлекеттiк кадастр зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын сулар үшiн Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi әзiрлеп, бекiтетiн жеке-жеке нұсқаулық талаптарға сәйкес жүргiзiледi. 
      7. Осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген мәлiметтер жыл сайын (есеп жылынан кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсаны iшiнде) 1-қаңтарға қарасты жағдай бойынша екi данада қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын су пайда болатын ұйымдардан және зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды көму объектiлерiнен келiп түседi. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органда ұйымдардан келiп түскен мәлiметтер негiзiнде әкiмшiлiк облыстар және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша жиынтық мемлекеттiк кадастрлар жасалынады. 
      8. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi мемлекеттiк кадастрдың дұрыс толтырылуына жауап бередi және: 
      ұйымдардан мәлiметтердiң уақтылы келiп түсуiне бақылауды; 
      мемлекеттiк кадастр материалдарын жинауды, есепке алуды, жүйелеудi және сақтауды; 
      есептеу техникасын пайдалану арқылы және жер қойнауын пайдаланушыларға анықтама-ақпараттық қызмет көрсету негiзiнде мемлекеттiк кадастрдың мәлiметтерiн өңдеудiң автоматтық жүйесiн құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. 
      9. <*>
       Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.04.25. N  323 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi)   қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады