Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттiк сараптау туралы ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 1288 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 87 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.08 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N  968 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы  Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Z100291 қараңыз
     Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттiк сараптау туралы ережесі бекiтiлсiн.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N  968 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.

         Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi 

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң             
1996 жылғы 18 қазандағы     
N 1288 қаулысымен        
Бекiтiлген             

Қазақстан Республикасының жер қойнауын
мемлекеттiк сараптау
ЕРЕЖЕСІ

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N  968 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.

         1. Жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасы - пайдалы қазба қорлары туралы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану кезiнде оларды қолдану мүмкiндiгiне арналған жер қойнауының басқа қасиеттерi туралы ақпараттың кешендi сараптамасы. 
      2. Барланған кен орнының пайдалы қазба қорлары мемлекеттiк сараптауға жатады, бұл жер қойнауын тиiмдi және кешендi түрде пайдалану, пайдалануға берілген жер қойнауларын пайдаланғаны үшiн төлем құны мен жер қойнауы учаскелерiнiң шекарасын белгiлеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында жүргiзiледi. 
      3. Жер қойнауын пайдалану құқығы пайдалы қазба қорлары мемлекеттiк сараптамадан өткiзiлгеннен кейiн берiледi. Барланған пайдалы қазба қорларын әзiрлеудiң экономикалық тиiмдiлiгi туралы мемлекеттiк сараптама қорытындысы оларды мемлекеттiк балансқа қою үшiн негiз болып табылады. 
      4. Мемлекеттiк сараптамаға өндiруге байланысты емес, жер асты ғимараттарын салу және пайдалануға жарамды жер қойнауының учаскелерi туралы геологиялық ақпарат жатады. Жер қойнауының мұндай учаскелерiн жер қойнауын пайдалануға беруге геологиялық ақпаратқа мемлекеттiк сараптау жүргiзгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi. 
      5.  (алынып тасталды)
       Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N  968 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
        6. Жер қойнауын мемлекеттiк сараптаудың негiзгi мақсаты пайдалы қазбалар қоры және жер қойнауының қасиеттерi туралы ақпараттар бар материалдарды, оларды тиiмдi пайдалану үшiн талдау және бағалау болып табылады. 
      7. Өзiнiң басты мiндетiне сәйкес жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасы: 
      пайдалы қазба қорларының көлемi, сапасы, құрамы, технологиялық және өзге де қасиеттерi туралы, сондай-ақ жер қойнауының өзге де ерекшелiктерi туралы мәлiметтердiң сенiмдiлiгiн; 
      геологиялық кен-техникалық, гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, экологиялық (мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оңды қорытындысына сәйкес), техникалық-экономикалық және пайдалы қазбаларды өндiрудiң шарттары мен өндiруге байланысты емес мақсаттарда жер қойнауының учаскелерiн пайдалану жөнiндегi өзге де мәлiметтердiң толықтығы мен сенiмдiлiгiн; 
      әзiрлеудiң экономикалық тиiмдiлiгiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн, пайдалы қазбалар шығарудың коэффициенттерiн, минералдық-шикiзат базасын кеңейту жөнiндегi қорытындылар мен ұсыныстарды, қорлар мен жер қойнауы учаскелерiнiң пайдалануға дайындық дәрежесiн; 
      жер қойнауын геологиялық зерделеу және бағалау бойынша iздеу, барлау, тәжiрибе-пайдалану және өзге де жұмыстардың нәтижесi мен сапасын бағалайды. 
      8. Геологиялық сараптама геологиялық зерделеудiң және жер қойнауын игерудiң кез келген сатысында мемлекеттiк сараптамаға берiлетiн геологиялық материалдар пайдалы қазба қорларының саны мен сапасына немесе жер қойнауын пайдалану шарттарына әсер ететiн жер қойнауының қасиеттерiне объективтi баға беруге мүмкiндiк бередi деген шартпен жүргiзiледi. 
      9. Жер қойнауын мемлекеттік сараптауды Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі - ҚМК) жүзеге асырады.
       Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N  968 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
      9-1. Жер қойнауын пайдалануға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға жер қойнауын геологиялық зерделеу және игеру бойынша орындалған жұмыстар туралы материалдарды есеп нысанында ҚМК-ның қарауына ұсынады.
       Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N  968 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
      9-2. Сараптама тәуелсiз сарапшылар мен сарапшы топтар тартыла отырып, материалдар ҚМК-ға ұсынылған сәттен бастап үш айға дейiнгi мерзiмде жүргiзіледi.
       Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N  968 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
      9-3. Егер ҚМК терiс қорытынды берген жағдайда жер қойнауын пайдаланушының ҚМК-нің хаттамасында жазылған ескертулер мен ұсынымдарды ескере отырып, оларды қайта өңдеу шартымен, материалдарды қайталама сараптамаға беруге құқығы бap.
       Ескерту. 9-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N  968 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
         10. Пайдалы қазбалар кен орындарын зерделеудi және игерудi жеделдету мақсатында әлеуметтi коммерциялық объектiнiң қорларын жедел санау материалдарына алдын-ала сараптама жүргiзуге рұқсат етiледi. Дұрыс баға жағдайында пайдалы қазбалар қорлары мемлекеттiк балансқа қойылады және жер қойнауын пайдаланушы барлау процесiнде сараптамаға кейiннен қорытынды есеп беру шартында объектiге тәжiрибелiк (сынақтық) пайдалануды жүргiзуге құқық алады. 
      11. Сараптамаға берiлетiн геологиялық, сонымен қатар пайдалы қазба қорлары туралы ақпараттарға қойылатын талаптарды геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi өкiлеттi орган белгiлейдi. 
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N  968 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
      12. Жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасының нәтижелерi ПҚМК  хаттамаларымен ресiмделедi, онда пайдалы қазба қорларын бекiту туралы, қорларды санаттар бойынша бөлу, қатты пайдалы қазбалардың көлемi мен оны тәжiрибелiк пайдалану мерзiмi пайдалы қазбалар мен компоненттердi шығару коэффициентi, пайдалы қазба қорларын есептен шығару, жер қойнауы туралы ақпаратты өнеркәсiптiк ғылыми және басқа мақсаттарда қолдану мүмкiндiгi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N  968 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады