Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Жетi жарғы" республикалық заң әдебиетi баспасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 11 қараша N 1403. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.29. N 1348 қаулысымен. ~P981348

      Заң әдебиетiмен жедел қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) қаулысымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Жетi жарғы" республикалық заң әдебиетi баспасы енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Жетi жарғы" республикалық заң әдебиетi баспасына екi мемлекеттiк еншiлес кәсiпорын құруға рұқсат етiлсiн және олардың жарғылары белгiленген тәртiппен бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне "Жетi жарғы"

республикалық заң әдебиетi баспасына мемлекеттiк меншiк құқығының
баспаға қатысты функциялар субъектiн жүзеге асырушы мемлекеттiк
басқару органы өкiлеттiгi берiлсiн.
     4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне "Жетi жарғы"
республикалық заң әдебиетi баспасының жарғысын белгiленген тәртiппен
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiрсiн және оны
тiркесiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады