Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы. 1996 жылғы 9 желтоқсан N 1502

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 мамырдағы N 3001 Жарлығын орындау үшiн (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 21, 179-құжат) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасының Ғылыми министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағыныстағы ғылыми ұйымдардың тiзбесi;
      Ескерту. 2-абзац алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.10.29. N 1148 қаулысымен.

      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.10.29. N 1148 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы ғылымды қаржыландыруға көзделген республикалық бюджет қаражаты есебiнен негiзгi мiндеттер мен көрсеткiштерге сәйкес мақсатты бағдарламаны қамтамасыз ететiн "Агроөнеркәсiп кешенiн ғылыми қамтамасыз етудiң" ғылыми-техникалық бағдарламасын белгiленген тәртiп бойынша бiр ай мерзiм iшiнде бекiтсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы Еңбек министрлiгiмен бiрлесiп Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу туралы Ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
1996 жылғы 9 желтоқсандағы    
N 1502 қаулысымен        
Бекiтiлген             

Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясына ведомстволық бағыныстағы ғылыми
ұйымдардың
ТIЗБЕСI

_________________________________________________________________
Ғылыми ұйымдар                    |  Орналасқан жерi
_________________________________________________________________
              1                   |          2 _________________________________________________________________
В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егiншiлiк
Алматы облысы ғылыми-зерттеу институты        Қаскелең ауданы

Еңбек Қызыл Ту ордендi Қазақ қой
Алматы облысы шаруашылығы ғылыми-зерттеу
технологиялық институты                       Жамбыл ауданы
 

  Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу           Алматы облысы
технологиялық институты                        Қаскелең ауданы
 
Қазақ картоп және көкөнiс шаруашылығы          Алматы облысы
ғылыми-зерттеу институты                       Қаскелең ауданы

Қазақ мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу            Алматы қаласы
станциялары бар (МҒЗС) мал дәрiгерлiк
ғылыми-зерттеу институты:

     Батыс Қазақстан МҒЗС                      Орал қаласы
     Қарағанды МҒЗС                            Қарағанды қаласы

     Академик К.И.Скрябин атындағы
     Жамбыл МҒЗС                               Жамбыл қаласы
 
     Қостанай МҒЗС                             Қостанай қаласы
     Целиноград МҒЗС                           Ақмола қаласы

     Оңтүстiк Қазақстан МҒЗС                   Шымкент қаласы
 
Қазақ экономика және агроөнеркәсiп кешенiн     Алматы қаласы
ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты

Қазақ экономика және агроөнеркәсiп кешенiн     Ақтола қаласы
ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының

Тың бөлiмшесi
Қазақ өсiмдiк қорғау ғылыми-зерттеу институты  Алматы облысы
                                               Қаскелең ауданы

Арал өңiрi агроэкология және ауыл шаруашылығы  Қызылорда қаласы
ғылыми-зерттеу институты

Қарағанды ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу      Қарағанды облысы
кеңшар институты                               Тельман ауданы

Солтүстiк мал шаруашылығы және мал             Солтүстiк Қазақстан
дәрiгерлiгi ғылыми-зерттеу институты           облысы
                                               Бескөл ауданы

Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу       Шымкент қаласы
институты

Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты  Жамбыл қаласы
Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу            Алматы облысы
институтының Алматы кешендi бөлiмi             Талғар ауданы

А.И.Бараев атындағы Еңбек Қызыл Ту ордендi     Ақмола облысы,
Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу         Шортанды ауданы
институты

Қазақ орман тәжiрибе стансалары (ОТС) бар      Көкшетау облысы
орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты:    Щучье қаласы

     Алматы орман-тәжiрибе стансасы            Алматы қаласы
 
     Алтай орман-тәжiрибе стансасы             Лениногор қаласы

     Батыс Қазақстан орман-тәжiрибе стансасы   Ақтөбе қаласы

     Қостанай орман-тәжiрибе стансасы          Қостанай қаласы

Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу         Орал облысы
институтының Жәнiбек стационары                Жәнiбек ауданы

Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу         Алматы қаласы
институты және оның бөлiмдерi:

     Балқаш                                    Балқаш қаласы

     Алтай                                     Өскемен қаласы

     Арал                                      Арал қаласы

     Атырау                                    Атырау қаласы

Қазақ экспериментальды базалы ет және сүт      Семей қаласы
өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу және конструкторлық
институты

Қазақ экспериментальды базалы астық және оны   Ақмола қаласы
ұқсату өнiмдерi ғылыми-зерттеу институты

Қазақ экспериментальды базалы астық және оны   Алматы қаласы
ұқсату өнiмдерi ғылыми-зерттеу институтының

Алматы бөлiмшесi
Қазақ құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу           Алматы облысы
институты                                      Қаскелең ауданы

Қазақ ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану    Ақмола облысы
және өңдеу ғылыми-зерттеу технологиялық        Алексеев қаласы
институты

Талдықорған ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу    Талдықорған қаласы
институты

Қазақ тамақ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу          Алматы қаласы
институты

Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу       Павлодар облысы
институты                                      Павлодар ауданы

Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы               Шығыс Қазақстан
облысы
ғылыми-зерттеу институты                       Глубокое ауданы

Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу         Атырау қаласы
институты

"Алмалы" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi          Алматы қаласы
(бас ұйым - Қазақ жемiс шаруашылығы және
жүзiм шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты)

"Жемшөп және жайылым" ғылыми-өндiрiстiк        Алматы қаласы
бiрлестiгi (бас ұйым - Қазақ жемшөп өндiру
және жайылым ғылыми-зерттеу институты)

"Көкшетау" эксперименттi базалы майда          Көкшетау облысы
тұқымды шөптi тазалау жөнiндегi
ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiк (бас ұйым -

Көкшетау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты)

"Қостанай" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi        Қостанай облысы
(бас ұйым - Қостанай ауыл шаруашылығы          Қостанай ауданы
ғылыми-зерттеу институты)

"Қазауылшармеханикаландыру" эксперименттi      Алматы қаласы
базалы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi (бас
ұйым - Қазақ ауыл шаруашылығы механикаландыру
және электрлендiру ғылыми-зерттеу институты)

"Тыңауылшармеханикаландыру" эксперименттi      Қостанай қаласы
базалы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi (бас
ұйым - Тың ауыл шаруашылығы механикаландыру
және электрлендiру ғылыми-зерттеу институты)

"Шымкент" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi (бас    Оңтүстiк Қазақстан
ұйым - Мемлекеттiк облыстық ауыл               облысы
шаруашылық тәжiрибе стансасы)                  Сайрам ауданы

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
1996 жылғы 9 желтоқсандағы    
N 1502 қаулысымен       
Бекiтiлген            

"Агроөнеркәсiп кешенiн ғылыми қамтамасыз етудiң"
мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының
негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерi
Проблеманың жай-күйi

      Агроөнеркәсiптiк кешен - азық-түлiк және шикiзат ресурстарын негiзгi берушi және елiмiздiң экспорттық мүмкiндiктерiнiң маңызды буыны. Соңғы жылдары онда қоғамдық жалпы өнiмнiң - 35, ұлттық табыстың - 40 және халық тұтынатын тауарлардың 63 процентi өндiрiлдi.
      Республикада ауыл шаруашылығының алқабы 222,6 млн. га құрайды, оның iшiнде егiстiк - 33,7 шабындық - 5,1 жайылым - 182,4 көпжылдық шөптер - 146, суландырылатын жерлер - 2,4 млн. га.
      Егер жер қоры мен әр аймақтың биоклиматтық әлеуетiн тиiмдi пайдаланған кезде Қазақстан ауыл шаруашылығы өнiмдерiн республиканың iшкi және экспорттық қажеттерiн қанағаттандыра алатын көлемде өндiрудi қамтамасыз ете алады. Алайда қазiр аграрлық сектор терең дағдарыста қалып отыр. Жалпы өнiм өндiрiсiнiң орташа жылдық құлдырауы 7,4 процентке жеттi. Топырақтың құнарын сақтау, өсiмдiктердi қорғау, өсiмдiктер мен малдың генофонын сақтау жұмыстары тоқтады.
      Село тауар өндiрушiлерiнiң төлем қабiлетi төмен болғандықтан, техникаға деген сұраныс күрт азайды, республиканың машина-трактор паркi жаңартылмайды, ауыл шаруашылығы техникасының 70 процентке жуығы есептен шығарып тастауға жатады. Техниканың физикалық және моральдық жағынан тозуы жұмыстың технологиясы мен агрономиялық мерзiмнiң бұзылуына, соған сәйкес ауыл шаруашылығы өнiмiнiң кем алынуына және оның сапасының нашарлауына әкеп соқтырды.
      1995 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы 1990 жылғымен салыстырғанда екi есе азайды (жаздық дәндi дақылдар мен дәндi бұршақ дақылдары тиiсiнше гектарына 10 және 5 ц/га). Малдың саны мен өнiмдiлiгi азайды. 1992 жылғымен салыстырғанда iрi қара саны - 29,5 қоймен ешкi - 46,4, шошқа - 48,8, құс 68,1 процент кемiдi. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен оны ұқсатудың тиiмдiлiгi жоғары интенсивтi технологияларын игеру тоқтады.
      1995 жылы 1990 жылғымен салыстырғанда iшек-қарын, сүйек-аяқты қоса есептегенде еттiк жартылай фабрикаттарды өндiру 30 процент, шұжық бұйымдары 22,2 процент, қаймақ алынбаған сүт өнiмдерi - 22,9, нан және нан-тоқаш бұйымдары 66,9 процент азайды. Жалпы 580 кәсiпорын 56,6 млрд. теңгенiң тамақ өнiмдерiн берген жоқ. Соның салдарынан халықтың тамақ рационында тұтынатын өсiмдiк майы, қант, көкөнiс және балық өнiмдерi 45-50 процент, жемiс-жидек үштен бiрге, ет - 21, сүт - 13, жұмыртқа 20 процент кемiдi, сөйтiп тағамда 11,5 процент белок және 34,5 процент май жетпей қалды.
      Терi және тiгiн кәсiпорындарында жағдай мейлiнше ауыр болып отыр - оларда иiрiлген жiп пен терi - 4, ал жуылған жүн 2,5 есе қысқарды.
      Пайдаланатын қызмет пен шаруашылықтар арасындағы төлем жүйесiнiң айқын тетiгi болмағандықтан, шаруашылықтар өздерiнiң шығынын өтей алмағандықтан және технологиялық әдiстер бұзылғандықтан, мұның өзi суландыру торабының бұзылуына, суландыратын каналдардың, құрғату жүйелерiнiң iстен шығуына, топырақтың қайта сортаңдануына соқтырып, соның салдарынан 256,6 мың га суландырылатын жер тыңайған жерге жатқызылды.
      Пайдаланылатын негiзгi ағаштарды жүйесiз шауып, санитарлық мақсатта кесудi күрт азайтып, зиянкестер орманды залалдағандықтан (642,2 мың га), орманның өртенуiнен (35,8 мың га) республика ормандарының экологиялық-биологиялық күйi күрт нашарлады.
      Агроөнеркәсiптiк кешендi дағдарыстан шығарып, оның тиiмдiлiгiн арттырудың аса маңызды факторы оны ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады.
      Жоғарыда айтылғандарға байланысты және "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 мамырдағы N 434 қаулысын iске асыру мақсатында "Агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми қамтамасыз етудiң" мақсатты ғылыми-техникалық (МҒТБ) бағдарламасы жасалды. Оның негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерi Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және өндiрiстiк күш мүмкiндiктерiн аграрлық секторды дағдарыстан шығаруға және оны табыспен дамытуды пайдалануға бағытталған.

                       Бағдарламаның мақсаты

      Бағдарламаның негiзгi мақсаты - халықты азық-түлiкпен және өнеркәсiптi шикiзатпен барынша толық қамтамасыз ету үшiн өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң ғылыми негiзiн жасау.
      Мақсатқа жету үшiн мына мiндеттердi шешу керек:
      жер реформасын жүзеге асыру;
      қаржы, несие, баға және салық саясатын реформалау;
      жердiң құнарын сақтап, арттыра түсу және осының негiзiнде ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыруды қамтамасыз ету;
      ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, ауыл шаруашылығы жануарлары аталықтары мен кростарының тұқымдарының үлгiлерiн, бұтақтарының, құстардың, балықтардың гендiк қорын, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын, ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық және тауарлық үйiрлерiн жақсартуды одан әрi пайдалану үшiн сақтау;
      өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң, ұқсатудың және сақтаудың қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн аймақтық, қорды үнемдейтiн, тиiмдiлiгi жоғары және бәсекелiк қабiлетi бар технологиясы мен техникалық құралдарын жасау;
      орман қорын қалпына келтiру, экологиялық жағынан қолайсыз аймақтарда ландшафтық қалпына келтiру үшiн ағаш өсiру;
      ластану процесiнiң және суландырылатын жерлердiң минералдана түсуiнiң салдарынан өсiп бара жатқан су қоры тапшылығының алдын алу.
      Осыған байланысты "Агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми қамтамасыз етудiң" мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасында мыналар көзделедi:
      нарықтық экономика жағдайында агроөнеркәсiп өндiрiсiнiң экономикалық реттеу тетiгiн негiздеу;
      Қазақстанның негiзгi табиғи шаруашылық аумақтарына арнап егiншiлiктiң агроландшафт жүйесiн және топырақтың құнарын басқарудың тиiмдi әдiстерiн жасау;
      өнiмдiлiгі жоғары, ортаның қиын-қыстау факторына (ауруларға, зиянкестерге, үсiкке, құрғақшылыққа, сортаңдануға) төзiмдi, интенсивтендiру факторларын қабылдағыш жаңа 129 сорт пен будан шығару, оның iшiнде 53 - дәндi, 3 - дәндi бұршақты, 3 - жарма, 6 - техникалық, 24 - жемiс-жидек, 8 - көкөнiс, 8 - картоп, 24 - мал азығы дақылдары;
      еңбек пен қаражатты аз жұмсап экологиялық таза өнiм алуды қамтамасыз ететiн, ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын 10-15 процентке және ауыл шаруашылығы малдарының өнiмдiлiгiн 5-10 процентке арттыруға мүмкiндiк беретiн, өнiмдi өндiруге, сақтауға және ұқсатуға арналған механикаландыру құралдарын (48 машина және құрал) жасау;
      республиканың су қорын автоматты түрде басқару жүйесiн құру және суды түрлiше интенсивтiлiкпен берiп тұратын әртүрлi әдiспен суаруға мүмкiндiк беретiн техникалық құралдар жасау;
      орман шаруашылығын жүргiзу жүйесiн, орман өсiмдiктерiнiң гендiк қорын сақтаудың, экологиялық апатқа ұшыраған жерлердегi ормандарды қалпына келтiру мұқтаждарын өтеудiң әдiстерi мен технологиялық әдiстерiн жасау;
      егiншiлiктiң аумақтық жүйесiнде қолданылатындай етiп, өнiм ысырабын 15-20%, пестицидтер жүктелуiн 20-25% азайтуға мүмкiндiк беретiн өсiмдiк қорғау жүйесiн оңтайландыру;
      iрi қараның 1 тұқымын, 6 үлгiсiн, 7 зауыттық желiсiн, шошқаның 2 үлгiсiн, қойдың 17 үлгiсi мен 7 желiсiн, жылқының 1 тұқымын, 3 үлгiсiн және 8 желiсiн, сүттi ешкiлердiң 1 отарын, тауықтың 5 кросын шығару;
      республикамыздың табиғи-климат аймақтарының ерекшелiктерiн және меншiк нысанын ескере отырып ауыл шаруашылығы мал төлiн өсiрудiң жаңа технологиясын жасау;
      екпе шабындықтар мен жайылымдықтар жасау үшiн мал азығындық дақылдар жиынтығын көбейтiп, оларды егiп өсiрудiң агротехникасын жасау, қуаңшылық аумақтардағы азған жайылымдарды жақсарту әдiстерiн жетiлдiре түсу;
      сортаңданған жерлердiң құнарын қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн өндiрiс технологиясын жасау, суландырылатын жерлерде гектарынан 12-15 мың азық өлшемiн және суарылмайтын жағдайда 2-3 мың азық өлшемiн алуды қамтамасыз ететiн егiстiкте мал азығын өндiрудiң экономикалық жағынан тиiмдi және экологиялық жағынан қауiпсiз технологиясын құру;
      су экологиялық жүйесiнiң экологиялық-биологиялық заңдылықтарының өзгерiстерiн зерттеу және анықтау, қолдан балық шығаруды өрiстету, балық шикiзатын сақтау мен ұқсатудың технологиялық процестерiн жетiлдiру;
      Қазақстанның әртүрлi табиғи аумағы үшiн дәрiлiк өсiмдiктердi iрiктеудiң принциптерiн, көбейту әдiстерi мен өндiру және ұқсату технологиясын жасау;
      өсiмдiк және жануар тектес шикiзаттардан дәрi-дәрмек және тамақ өнеркәсiбiнде пайдалану үшiн өнiм алу әдiстерiн жасау;
      экологиялық мониторинг ұйымдастыру және агроөнеркәсiптiк кешен салаларын басқарудың экологиялық және экономикалық негiздерiн жасау.

                        Жиынтық бөлiм

      Бағдарлама 5 жылға есептелген және 12 негiзгi мiндеттен тұрады. Бағдарламаның негiзгi мiндеттерiнiң тiзбесi, күтiлетiн нәтижелер, олардың ғылыми-техникалық көрсеткiштерi, қажеттi бюджет қаржысы, сондай-ақ аграрлық ғылымның тәжiрибе-эксперименттiк кәсiпорындары шығаратын өткiзiлетiн ғылыми өнiмнiң көлемi кестеде келтiрiлген.
      Бағдарламаға байқауда iрiктеуден өткен 871 ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық еңбек енгiзiлдi.
      Бағдарламаны орындау үшiн республикамызда қажеттi материалдық-техникалық база, бiлiктi ғылыми күш және ғылыми-техникалық бастамалар әбден жеткiлiктi.
      Ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық еңбектердi Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының 34 мамандандырылған және аймақтық ғылыми-зерттеу институты, 14 тәжiрибе станциясы және 44 тәжiрибе шаруашылығы, сондай-ақ оның құрамына кiрмейтiн 11 жоғары оқу орны және 21 ғылыми мекеме орындайтын болады. 1996 жылы зерттеу жұмыстарын 6340 маман орындайды, оның iшiнде 1044 ғылым кандидаты мен 202 ғылым докторы бар.
      Орталықтың ғылыми мекемелерiнде 15 институтта аспирантура арқылы 33 мамандық бойынша жоғары бiлiктi ғылыми кадрлар даярлануда, ол институттарда 5 докторлық және 2 кандидаттық арнайы кеңес жұмыс iстейдi.
      Қазақстан селекционерлерi дақылдардың 137 сорты мен буданын шығарды, ол мемлекеттiк сынақтан өтуде. Қазiр дақылдардың 103 сорты мен буданы аудандастырылды. Малшылар 3 тұқым, 14 үлгi және 38 желi шығарды. Өсiмдiк және мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру технологиясының жаңа элементтерi жасалды. Өндiрiске 10 диагностикум, 8 вакцина, 15 препарат, 7 дезинфекциялайтын дәрi ұсынылды. Ғалым-механизаторлар 24 машина жасап, машина сынайтын станцияларға оларды сериялап шығару ұсынылды. 16 машина мен құрал мемлекеттiк және шаруашылық сынақтан өту үстiнде.

                     Ресурстық қамтамасыз ету

      Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес конкурстық негiзде агроөнеркәсiптiк кешендi 1996 жылы және 2000 жылға дейiн ғылыммен қамтамасыз етудiң кеңейтiлген ғылыми-техникалық бағдарламасы жасалды. 1996 жылы iстелiп жатқан ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар басты ұйымдардың ғылыми кеңестерiнде, салалық бөлiмшелердiң ғылыми кеңестерiнде қаралып, мақұлданған. Бағдарламаның негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерi барлық мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсiлген және оны Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiнiң Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесi мақұлдаған.
      "Агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми қамтамасыз етудiң" мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылады. Бағдарламаны қаржыландыру көлемiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы айқындап отыратын болады.
      Ғылыми-техникалық бағдарламаны 1996-2000 жылдарға қаржыландыру үшiн мемлекеттiк бюджеттен тұтастай алғанда 5095 млн. теңге, оның iшiнде 1996 жылға 668,8 млн. теңге керек.
     Бағдарламаның жүзеге асырылуы жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi елiмiздiң агроөнеркәсiптiк кешенiн ғылыми қамтамасыз етуге жауап беретiн Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы жүргiзедi "Агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми қамтамасыз етудiң" мақсатты ғылыми-техникалық Бағдарламасы жөнiндегi бас ұйым - Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы, ал Бағдарламаның басшысы - Орталықтың басшысы болып табылады.

"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн
ғылыми қамтамасыз ету" атты мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерi

___________________________________________________________________
   Бағдарламаның негiзгi   |Бағдарламаның ғылыми-техникалық
      мiндеттерi           |      көрсеткiштерi
                           |_______________________________________
                           |  1996 - 1998 жылдарға арналған
___________________________________________________________________
            1              |                  2
___________________________________________________________________

01. Агроөнеркәсiптiк        Меншiк қатынастарын, өндiрiс саласындағы
    кешендегi экономикалық  кооперацияны, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн
    реформаның ғылыми       қайта өңдеудi және қызмет көрсетудi
    негiздерiн жасау        реформалауды негiздеу. Агроөнеркәсiптiк
                            өндiрiстi экономикалық реттеу,азық-түлiк
                            рыногы мен село тұрғындарының
                            әлеуметтiк-экономикалық жағдайын
                            болжаудың тетiгiн әзiрлеу
                            Ұсыныстар Ақмола облысының Шортанды және
                            Целиноград аудандарының кәсiпорындарында
                            Алматы, Талдықорған облыстарының
                            шаруашылықтарында пысықталатын болады.
                            Оларды жүзеге асыру өндiрiс көлемiн 5%
                            арттыруға және мамандандыруды қалпына
                            келтiру мен салалардың өнiмдiлiгiн
                            арттырудың есебiнен аймақаралық тауар
                            ағымын оңтайландыруға мүмкiндiк бередi.
                            Ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгi
                            10-15 % артады

02. Астықты өндiруге,       Мемлекеттiк сорт сынағына 4 жаздық,
    сақтауға және ұқсатуға  2 күздiк бидайдың, 1 сұлының сорты
    арналған аймақтық       берiледi
    жоғары тиiмдi ресурс
    үнемдеушi, табиғат
    қорғаушы технологиялар
    мен техникалық құралдар
    жасау

03. Жемiс-көкөнiс           Жемiс дақылдарының 5 жаңа және 7
    дақылдарын, жүзiмдi     интродукцияланған, картоптың 2 сорты
    және картопты           шығарылды. Мемлекеттiк сынаққа
    өндiрудiң, ұқсатудың    жемiс-жидек дақылдарының - 7, картоптың
    және сақтаудың          3 сорты тапсырылды
    тиiмдiлiгi жоғары,
    ресурс жинақтаушы
    жүйесiн жасау

04. Техникалық дақылдарды   Қант қызылшасының және қант соргосының,
    өңдеудiң ең жаңа        күнбағыстың, сафлордың, рапстың,
    селекциялық-генетикалық зығырдың және мақтаның селекциясы үшiн
    және биотехнологиялық   бастапқы материал iрiктелiп алынды;
    әдiстерi бойынша        тұқым шаруашылығының жүйесi мен оларды
    шығарылған жаңа сорттар өңдеу технологиясының элементтерi
    мен будандарының негiз. жасалды
    iнде өнiмдi барынша мол
    алуды қамтамасыз ететiн
    жоғары тиiмдi, ресурс
    үнемдеушi және
    экологиялық қауiпсiз
    технологиясын жасау

05. Мал азығы               Мемсортсынаққа мал азығы дақылдарының
    дақылдарының жаңа       3 сорты берiлдi; мал азығындық бұршақ
    шығымдылығы жоғары,     және дәндi дақылдарды шабындық пен
    ауруларға, зиянкестерге жайылымда пайдаланудың өзен
                            алқаптарындағы,
    және әртүрлi аймақтағы  көлтабандардағы және таудағы
    ортаның жағдайларына    шалғындықтарды, сортаң, тұзды жерлер
    төзiмдi сорттарын       мен құмдағы жайылымдарды шабындық пен
    шығару; шабындықтар     жайылымдық үшiн пайдаланудың әдiстерi
    мен жайылымдарды        жетiлдiрiлдi; шөл жайылымдарының жай
    пайдаланудың,елiмiздiң  күйiн айқындаудың қашықты әдiсiнiң
    аймақтары бойынша       (аэро- және ғарыштық түсiру) элементтерi
    мал азығын дайындаудың  әзiрлендi
    өңдеудiң жоғары тиiмдi
    технологиясын жасау

06. Жаңа экономикалық       Мақта және күрiш сату айналыстарында
    жағдайда су             суландыру жүйесiн зерттеу әдiстемесi.
    ресурстарын және су     Суландыру процестерiнiң дамуын бағалау
    құрылыстарын            жөнiндегi деректердiң жиынтығы; су
    пайдаланудың            ресурстарын реттеу және бөлу моделi;
    технологиясын жасау     қысымы төмен тамшылатып суаруды
                            әзiрлеудiң және оны игерудiң бастапқы
                            талаптары; Арал өңiрiндегi елдi
                            мекендерде суғару технологиясының
                            және суғаратын сулардың
                            технологиялық-экономикалық бағасы

07. Орман шаруашылығын      Екпе ағаштардың қасиеттерiн
    жүргiзудiң және         санитарлық-гигиеналық және эстетикалық
    Қазақстанның әртүрлi    бағалау, орманды зиянкестер мен
    табиғи аймақтарында     аурулардан қорғаудың технологиясына,
    ландшафт негiзiнде      негiзгi орман түрлерiнiң ормандық
    қорғаныш ағаштарын      генетикалық резерванттарына, жалаңаш
    өсiрудiң ғылыми         Арал теңiзi жерлерiнiң орман өсiретiн
    негiзделген жүйесiн     жағдайлары бойынша интродуценттердiң
    әзiрлеу                 тектiк құрамына бастапқы талаптар

08. Республика аймақтары    Сүттi малдың 14 секциялық табаны, еттi
    бойынша шаруашылықты    малдың - 1, жылқының - 1 типi, қаракөл
    жүргiзу нысанының көп   қойларының 2 зауыттық типi, австралия
    түрлiлiгiн ескере       мериносының 1 репродукторы, сүттi
    отырып, мал             түйелер табаны және Қазақстан табан
    шаруашылығы өнiмдерiн   балығы шығарылды
    өндiрудiң интенсивтi,
    ресурс үнемдейтiн,
    экологиялық таза
    технологияларының
    ғылыми-техникалық
    негiздерiн және
    практикалық амалдарын
    жасау

09. Мал шаруашылығының      Қазақстанда жұқпалы аурулардың шығуын
    мал дәрiгерлiгi         болжамдау және олардың алдын алу
    тұрғысынан амандығын    шараларын жоспарлау жөнiндегi "Мал
    және оның өнiмдерiнiң   дәрiгерлiк ақпарат" бағдарламасы.
    халық үшiн              Бруцеллездiң диагностикасына арналған
    қауiпсiздiгiн           антиген қойлардың жұқпалы эпидидемитiне
    қамтамасыз ету жөнiнде  арналған аллерген, бруцеллезге қарсы
    әдiстер мен құралдар    өлi вакцина, токсоплазмалық антиген,
    жасау                   жылқының сақауын емдеу және оның үшiн
                            "Этобиц", iрi қара туберкулезiнiң
                            диагностикасына арналған туберкулин,
                            малдың токсикоздарын емдеу үшiн
                            "Интоксан" пайдалану

010.Экологиялық таза        Ферменттiк препараттарды қолдана отырып
    тағамдық азықтар алу,   (ашу ұзақтығын 6-8% қысқарту), нан
    материал сыйымдылығы    өндiру технологиясы; сыра қайнататын
    мен жылу энергетикалық  арпаның отандық сорттарын, қант
    ресурстардың шығынын    соргосының шырынын пайдалана отырып
    төмендетудi қамтамасыз  тағамдық  азықтардың жаңа сорттарын
    ететiн жабдықтар        шығарудың есебiнен импортқа тәуелдiлiктi
    түрлерiнiң жаңаларын    төмендету (өзiндiк құнды 3-5%
    жасау және қолда        төмендету)
    барын жетiлдiру
    мақсатында болашағы
    мол технологиялар
    жасап, жаңа жабдықтар
    шығарып, қазiргi
    қолда барын жетiлдiре
    түсу

011.Дәрiлiк агрошикiзатты   Ормандардағы жабайы өскен дәрiлiк және
    егiп-өсiрудiң және      тағамдық шикiзаттың қоры есептелдi,
    қайта өңдеудiң          болашағы мол дәрiлiк өсiмдiктердi
    жоғары тиiмдiлiктi      өсiрудiң агротехникасы жасалды,
    технологиясын әзiрлеу   интродукция көшет жайларының негiзi
                            қаланды, тұқымдық қор құрылды

012.Ауыл шаруашылығы        Агроөнеркәсiптiк кешен объектiлерiндегi
    өндiрiсiн жүргiзудiң    және агроэкологиялық жүйелердегi
    және қоршаған ортаны    уытты заттардың болуын азайтуды
    қорғаудың               қамтамасыз ететiн әдiстер мен
    агроэкологиялық         техникалық құралдар
    әдiстерiн әзiрлеу
    таблицаның жалғасы:
_________________________________________________________________

        1999 - 2000 жылдарға арналған
_________________________________________________________________                            3
_________________________________________________________________
     Аграрлық саясаттың агроөнеркәсiп кешенiндегi экономикалық
     реформалардың бағдарын түзетуге бағытталған ғылыми негiздерi
     жасалады. Кәсiпорындарды реформалауды және олардың тиiмдi
     қызмет iстеуiнiң тетiгiн тереңдету жөнiнде ұсынымдар. Жер
     реформасын тереңдету және жер рыногын дамыту; жаңа баға,
     қаржы-несие салық жүйесiн жетiлдiру жөнiнде; ауыл шаруашылығы
     өнiмдерiнiң ұлттық рыногын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар.
     Зерттеулердiң нәтижелерi Талдықорған, Ақмола, Оңтүстiк
     Қазақстан, Қостанай облыстарында байқаудан өткiзiледi және
     заң шығару органдары, үкiмет және аграрлық-өнеркәсiптiк
     кешендi басқару органдары нормативтi-құқықтық негiздер мен
     агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту бағдарламаларын жасаған кезде
     пайдаланылатын болады.
 
     Жасалымдарды жүзеге асыру аграрлық өндiрiстiң деңгейiн
     тұрақтандыруға және 2000 жылға және өнiмдердiң жалпы
     көлемiн 10-20% арттыруға мүмкiндiк бередi
     Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi тұрақтандыруды
     қамтамасыз ететiн аймақтық егiншiлiк жүйелерiн
     агроландшафтық жүргiзу, топырақтың одан әрi аузының алдын
     алу және оның құнарлылығын арттыру жөнiндегi ұсыныстар.
     Жаздық бидайдың - 23 және күздiк бидайдың - 11, арпаның -9,
     сұлының - 1, дәндi бұршақтың - 3, жарма дақылдарының - 3
     сорты; 2 жүгерi буданы; қонақ жүгерi мен қонақ жүгерi-судан
     шөбiнiң будандары шығарылады және Мемсортсынағына ұсынылады.
     Бидай дәнiнiң сапасы жөнiнде Қазақстанның картограммасы
     жасалады. Технологиялық операциялардың сапасын жақсартатын
     және, материалдық және энергетикалық ресурстарды қыстартатын
     ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге, жинауға, ұқсатуға
     және сақтауға арналған машиналардың аймақтық кешендерi
     жасалады. Тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарын пайдалану
     мерзiмiн ұзартуға мүмкiндiк беретiн республикалық
     ғылыми-техникалық инженерлiк жүйе негiзделдi
     Жемiс-жидек дақылдарының - 70 сорты, картоптың - 8,
     көкөнiс-бақша дақылдарының - 8 сорты шығарылды және
     Мемсортсынағына ұсынылды. Тұқым шаруашылығы және
     отырғызылатын материалды өсiру жүйесi; механикаландыру,
     өсiмдiктердi қорғау құралдары; жемiс-көкөнiс өнiмдерiн,
     картопты және жүзiмдi өңдеудiң, сақтаудың және ұқсатудың
     аймақтық технологиясының амалдары жасалды
     Қан қызылшасының - 1; қант соргосының - 1; майлы
     сафлордың, жаздық рапстың, күнбағыстың бiр-бiрден,
     мақтаның - 2 жаңа сорты шығарылды. Тұқым шаруашылығы жолға
     қойылды, оларды өңдеудiң технологиясы жасалды.
     Мал азығындық дақылдардың 24 сорты шығарылды және
     Мемсортсынаққа берiлдi, геноқор қалыптастырылды, Әртүрлi
     табиғи аймақтарда шабындық пен жайылым экологиялық жүйесiн
     қалпына келтiрудiң жақсарту және пайдалану технологиялары
     ұсынылды. Жыртылатын жерлерде мал азығын өндiрудi
     интенсивтендiру және мал азығын консервiлеу жөнiнде
     ұсыныстар жасалды. Мал азығын өндiруге және дайындауға
     арналған технология мен техникалық құралдар жасалды.
     Энергетикалық құндылығы жоғары құрама жемдердiң жаңа
     түрлерi, агроөнеркәсiптiк кешен салаларының қосалқы
     өнiмдерiнен құрама жем шығару үшiн шикiзат ұсынылды
     Суғарудың түрлi тәсiлдерiн қолданған кезде ауыл
     шаруашылығы дақылдарының ылғал мен тұзға шыдамдылығы және
     қажет ететiн су нормалары процестерiнiң динамикасы зерттелдi.
     Суару жүйелерiнде суды пайдалануды оңтайландыру, табиғи
     кешендердi қорғау, топырақты қолдан ылғалдау жөнiндегi
     ұсыныстар

     Орман шаруашылығын жүргiзу мен қорғаныш ағаштарын өсiру
     жүйесi. Экологиялық жүйелердi кешендi басқару, орман
     өсiмдiктерiнiң генетикалық қорын сақтау және жергiлiктi
     ағаш-бұта түрлерiнiң сорттарын шығару жөнiнде, қолдан орман
     өсiру және орманды қалпына келтiру жөнiнде ұсыныстар
     Iрi қара малдың 1 тұқымы, 6 типi, 7 зауыттық желiсi; шошқаның
     2 типi; қойдың 17 типi мен 7 желiсi; жылқының 1 тұқымы, 3 типi
     8 желiсi; сүттi ешкiлердiң 1 отары; тауықтың 2 iрi кроссы,
     2 iрi селекциялық ара семьясы, маралдың 1 селекциялық табыны,
     балықтың 1 коллекциялық үйiрi шығарылады. Мал шаруашылығы
     өнiмдерiн өндiруге, ұқсатуға және сақтауға арналған тиiмдi
     технология мен техника жасалды
     9 жаңа диагностикум, 8 вакцина, 15 емдiк препарат, 5 сарысулар,
     5 дезинфекциялайтын құралдар және ауыл шаруашылығы
     жануарларының түрлi ауруына қарсы күресу жөнiнде 10 ұсыныстар
     жасалды. Бруцеллезге, туберкулезге, аусылға, лейкозға, төлдiң
     асқазан-iшек ауруларына, ауылшаруашылығы жануарларының жұқпалы
     гельминтозды және протозой ауруларына, жылқының сақауы мен
     пастереллезiне, құстың жұқпалы бурсалды аурулары мен
     пастереллезiне қарсы шаралар жүйесi ұсынылды. Балықтардың ихтио
     паразиттер фаунасы және оның балықтардың кәсiпшiлiк үйiрi
     көлемiнiң қалыптасуына ықпалы зерттеледi
     Процесстердi интенсивтендiрудi 10-15% жергiліктi шикiзаттың
     тамақ өнiмдерiнiң өзiндiк құнын төмендетудi 3-5% дайын өнiм
     шығаруды арттыруды 5-7% жабдықтардың материал сыйымдылығын
     төмендетудi - 15-20 %, энергиялық ресурстарды - 5-10 %
     қамтамасыз ететiн жаңа технологиялар
     Жергiлiктi жабайы және интродуцияланған дәрiлiк өсiмдiктердiң
     түрлерi мен нысандары iрiктелдi, оларды егiп-өсiру және
     бастапқы өңдеу технологиясы жолға қойылды.
     Өсiмдiктердiң биологиялық белсендi қосылыстары негiзiнде жоғары
     тиiмдi препараттар алудың биотехнологиялық тәсiлдерi жасалды,
     оның iшiнде биосластелiн өндiрудiң өнеркәсiптiк технологиясы
     жасалды.

     Ара шаруашылығы өнiмдерiнен дәрiлiк препараттар, оларды
     дайындаудың нормативтi-технологиялық құжаттамалары мен
     технологиясы жасалды
     Агроэкологиялық мониторингты ұйымдастыру, агроөнеркәсiптiк
     кешен мен агроэкологиялық жүйелердiң экологиялық жай-күйiнiң
     және объектiлерiн жақсартудың нормативтiк-әдiстемелiк базасы
     жасалды, экологиялық паспорттары мен карталары құрастырылды.
     Агроөнеркәсiптiк кешен салаларын басқарудың
     экологиялық-экономикалық негiздерi әзiрлендi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады