1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды Жоспары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

      "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi iс-қимыл Жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56  қаулысының  5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. 1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды Жоспары (бұдан әрi - Жоспар) қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 
      2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық атқарушы органдар, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Жоспарда айқындалған нормативтiк құқықтық актiлердiң уақтылы және сапалы әзiрленуiн қамтамасыз етсiн және оның орындалуы жөнiндегi ақпаратты есептi айдан кейiнгi 5-шi күннен кешiктiрмей ай сайын Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне тапсырсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Жоспарды жүзеге асыру және оның жекелеген ережелерiн нақтылау жөнiндегi үйлестiрушi орган болып белгiленсiн және оған қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы мәселе бойынша ұсыныстар енгiзу құқығы берiлсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мүдделi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық атқарушы органдардың, облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң қатысуымен 1996-1998 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Iс-қимыл бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Президентiне баяндама жобасын тоқсан сайын әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн. 
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Басшысы олардың функциялық мiндеттерi айқындалғаннан кейiн Жоспар шараларының атқарылуына құрылымдық бөлiмшелердiң бақылауын бекiтсiн.
      6. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң Аппаратына жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

      Приложение к постановлению Правительства Республики Казахстан                   от 13 декабря 1996 года N 1533

           "Индикативный план социально-экономического развития                    Республики Казахстан на 1997 год"                   

      (Қосымшаның ресми аудармасы жоқ, орысша мәтіннен қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады