Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми орталықтарының қызметi мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 28 желтоқсан N 1668.

      "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 86-құжат) орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін қоса беріліп отырған өзгерістер бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми орталығы туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 31 мамырдағы N 445 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 19, 241-бап) күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрiнiң

      бiрiншi орынбасары

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1668 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.15 N 759 қаулысымен.
      2. Күші жойды - ҚР Үкіметінің 1999.06.15 N 760 қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасының биотехнология жөнiндегi Ұлттық орталығының қызметiн қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 16 қарашадағы N 1140 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 527-құжат) 1-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасының Биотехнология жөнiндегi ұлттық орталығы (бұдан әрi - Ұлттық орталық) Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағынысты кешендi ғылыми-техникалық бiрлестiк болып табылады деп белгiленсiн".

      4. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.18. N 1299 қаулысымен.
      5. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.23. N 873 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады