Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 460 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

      "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 3 қазандағы N 2475 Заң күшi бар  Жарлығын  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары, 1995 ж., N 19, 115-құжат) жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 
      2. "Ауыл шаруашылық өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1513  қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Егiндi, көпжылдық екпелердi, ауыл шаруашылығы малдарын, қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктi, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өнiмдерi мен тауарларын қолайсыз табиғи-климат жағдайларынан, iндеттерден және басқа да табиғи апаттардан мiндеттi сақтандыруды қамтамасыз ету аталған кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мақсаты болып саналсын";
      5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалау жөнiндегi комитетi сақтандыру ұйымдарына ауыл шаруашылық өндiрiсiне мiндеттi сақтандыруға рұқсат беретiн қосымша талаптарды ауыл шаруашылық өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi Ведомствоаралық кеңеспен келiсе отырып белгiлесiн" деген сөздер алынып тасталсын.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 2 сәуiрдегi
                                          N 460 қаулысымен
                                             бекiтiлген

           Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi сақтандыруды
                жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы
                                ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже "Сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 23 тамыздағы Заңына және "Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1513 қаулысына сәйкес әзiрлендi. 

                          I. Жалпы ережелер  

      1. Ауыл шаруашылығын мiндеттi сақтандырудың мақсаты қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың, табиғи апаттардың, iндеттердiң, өсiмдiк ауруларының, өрттердiң* нәтижесiнде қиын жағдайда қалған ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қаржылық қолдау алуына сақтандыру жағдайларынан туындаған зиянды толық немесе iшiнара өтеу түрiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.
       Ескерту: <*> Бұл ретте және бұдан әрi табиғат құбылыстарының 
                   нәтижесiнде пайда болған өрттер сөз етiледi.

 
      Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру шарттары заңды тұлға мәртебесi бар мемлекеттiк ауыл шаруашылығы кәсiпорындарымен шаруашылық серiктестiктерiмен және тағы басқа ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiмен (бұдан әрi - Сақтанушы), сақтандырудың осы түрiн жүргiзуге заңдарда белгiленген тәртiппен лицензия алған сақтандыру ұйымдары (бұдан әрi - Сақтандырушы) жасайды. 
      Ауыл шаруашылығына мiндеттi сақтандыру жүргiзуге құқық беретiн лицензияларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сақтандыруды қадағалау департаментi бередi. 
      2. Мiндеттi сақтандыруға мыналар жатады: 
      ауыл шаруашылығы дақылдары мен көпжылдық екпелердiң өнiмi (табиғи пiшендiктер мен жайылымдар өнiмiнен басқа); 
      көпжылдық жемiс-жидек екпелерiнiң ағаштары мен бұталары; 
      6 айлық және одан да iрi басты қой, ешкi, шошқа, 1 жастағы одан да үлкен iрi қара мал, жылқы мен түйелер; 
      құс фермаларындағы үй құстары, аң фермаларындағы 6 айлық және одан үлкен терiсi бағалы аңдар, омарталардағы бал аралары; 
      үй-жайлар, ғимараттар, аяқталмаған күрделi құрылыс объектiлерi, ауыл шаруашылығы техникасы, көлiк құралдары, өткiзгiш құрылғылар, күш және жұмыс машиналары, балық аулау кемелерi мен аулау құралдары, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң жабдықтары, материалдары мен өнiмдерi. 
      3. Мiндеттi сақтандыруға мыналар жатпайды: 
      сақтандыру шарты жасалатыннан бұрын үш-бес жыл iшiнде өнiм алынбаған көпжылдық жемiс-жидек өсiмдiктерi; 
      бақтардағы 70 және одан да көп процентке сиреген, қайта қалпына келтiруге және тамырымен жұлуға, табиғи жойылуына, бөлiнуiне, аурулармен зақымдануына (филлоксера, қара саратын), сондай-ақ 70 және одан да көп процентке дейiн тозған көпжылдық екпелер; 
      орман қорғау, сәндiк және басқа да жемiс-жидектiк емес көпжылдық екпелер; 
      қандай да бiр шаруашылық мұқтаждар үшiн пайдалануға жарамсыз уақытша ескi құбылыстар, сондай-ақ қадағалаусыз қалдырылған құрылыстар; 
      iске арналған ағаштар, ағаш кесетiн жерлердегi және ағаш ағызу кезiндегi отындық ағаштар; 
      жойылу қаупi анық төнiп тұрған мүлiк; 
      ауру мал, сондай-ақ бруцеллез, туберкулез, лейкоз және басқа да жұқпалы ауруларға соңғы рет тексерген кезде оң реакция белгiленген ауру мал; 
      жұқпалы аурулар бойынша карантин белгiленген жерлердегi мал. 
      4. Сақтандыру жағдайларына: 
      ауыл шаруашылығы дақылдары мен көпжылдық екпелерiнiң қуаңшылық, су өтiп кету, борсу, үсiп кету, бұршақ, нөсер, боран, дауыл, су басу тағы басқа да метеорологиялық және табиғат құбылыстарының, сондай-ақ аурулар, өрт жабайы жануарлардың құртуы нәтижесiнде жойылуы немесе зақымдануы; 
      табиғи зiлзалаларға байланысты электр энергиясын берудi тоқтату нәтижесiнде қорғалған топырақта өсiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдары өнiмiнiң жойылуы немесе зақымдануы; 
      белгiлi бiр жерге тән емес аяздар және жауын-шашындар, су басу, боран, дауыл, опырылып құлау, шөгу, жер сiлкiнiсi, өрт және аурулар нәтижесiнде көпжылдық жемiс-жидек екпелерiнiң толығымен немесе iшiнара жойылуы. Бұл ретте толық жойылуға ағаштардың немесе бұталардың жер астындағы немесе жер бетiндегi бөлiктерi, дiңi (сабағы) қурап қалуы немесе тамыр жүйесiнiң бұл өсiмдiктердiң тамырын шабуға тура келетiндей болып қатты зақымдануы жатады; 
      сақтандырылған малдың iндеттер, өрт, боран, дауыл, құйын, бұршақ, жер сiлкiнiсi, нөсер, су басу, шөгу, опырылып құлау, көшкiн, үсу (сол жерге тән емес аяздар нәтижесiнде организмнiң тоңазуы) нәтижесiнде өлуi, сондай-ақ жұқпалы ауруларға қарсы күресу жөнiндегi шараларға байланысты ветеринарлық қызмет маманының өкiмi бойынша ерiксiз сою (жою); 
      үй-жайлардың, ғимараттардың, бiтпеген күрделi құрылыс объектiлерiнiң, ауыл шаруашылығы техникаларының, көлiк құралдарының, өткiзгiш құрылғылардың, күш беретiн және жұмыс машиналарының, жабдықтардың, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өнiмдерi мен тауарларының өрт, жай түсу, су тасқыны, су жайылу, жер сiлкiнiсi, топырақтың шөгуi, боран, дауыл, құйын, жер ағу, опырылып құлау, көшкiн және басқа табиғи зiлзаланың нәтижесiнде жойылуы немесе бүлiнуi; 
      боран, дауыл, теңiз дауылы, тұман, су басу, өрт, жай түсу, табиғи зiлзала нәтижесiнде пайдаланыстағы балық аулау кемесi мен аулау құралдарының жойылуы немесе бүлiнуi, кеме күйреуi жатады. 
      5. Сақтандыру операцияларын жүргiзу кезiнде даулы мәселелер туған жағдайда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi тәуелсiз сарапшыларды тарта алады. 

                        II. Сақтандыру шарттары

      6. Мiндеттi ауыл шаруашылығы сақтандыру шарты дегенiмiз - екiжақты келiсiм, ол бойынша сақтандырушы сақтандыру оқиғасы болған кезде оның салдарынан келген зиянды өтеуге мiндеттенедi, ал Сақтанушы сақтық төлемдерiн белгiленген мөлшерлер мен мерзiмдерде төлеуге мiндеттенедi. 
      7. Сақтандыру шартын Сақтандырушы Сақтанушының өтiнiшi негiзiнде жазбаша нысанда жасайды. 
      8. Сақтандыру шарты әрбiр мүлiк түрi (негiзгi және айналымдағы қаражатына, мал, көпжылдық екпелерге, ауыл шаруашылығы дақылдары және басқалары) бойынша жеке-жеке жасалады. 
      Егер шаруашылық бiркелкi өнiм беретiн (дән, көкөнiс және т.б.) бiрнеше дақылдарды өсiрсе, онда қалауы бойынша бұл дақылдардың өнiмi топ бойынша тұтастай сақтандырылып, зиянда осылайша өтелуi мүмкiн. 
      9. Ауыл шаруашылығы дақылдары мен көпжылдық екпелер өнiмiн сақтандыру шарты барлық егiстiк (отырғызу) алаңына жасалады. 
      Егер нақты себiлген дақыл алаңы сақтандырылған алаңнан кем болып шықса, онда Сақтанушының өтiнiшi бойынша артық алынған төлемдер қайтарылады. 
      10. Мүлiктердi, мал мен көпжылдық екпелердi сақтандыру шарты бiр жыл мерзiмге, ал ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмi егiн орағы аяқталғанға дейiн жасалады (аумақтар бойынша қалыптасқан күнтiзбелiк мерзiмдердi ескере отырып). 
      11. Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының мүлiктерiн сақтандыру құны мынадай мөлшерлерде: 
      ауыл шаруашылығы дақылдары мен көпжылдық екпелер өнiмi (табиғи пiшендiктер мен жайылымдардан басқа) - шартта белгiленген мөлшерде, бiрақ оның құнының 50 процентiнен кем емес. Ауыл шаруашылығы дақылдары мен көпжылдық екпелер өнiмiнiң құны орташа есеппен соңғы 5 жыл iшiнде 1 га жерден алынған өнiмдiлiктi және қолданылып жүрген бағаларды (бағаның нақты мөлшерi шартта айқындалады) себу (отырғызу) алаңына шағып есептеуге сүйенiп белгiленедi; 
      ауыл шаруашылығы малы, үй құстары, терiсi бағалы аңдар, омарталардағы бал аралары - шартта белгiленген мөлшерде, бiрақ олардың баланстық құнының 60 процентiнен кем емес мөлшерде; 
      үй-жайлар, ғимараттар, ауыл шаруашылық техникасы, көлiк құралдары, өткiзгiш құрылғылар, күш және жұмыс машиналары, балық аулау кемелерi мен аулау құралдары, жабдықтар, көпжылдық екпелер - шартта белгiленген мөлшерде, бiрақ тозуын шегергендегi баланстық құнының 60 процентiнен кем емес мөлшерде; 
      дайындалған және сатып алынған ауыл шаруашылығы өнiмдерi, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тауарлары мен ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң өнiмдерi - шартта белгiленген мөлшерде, бiрақ олардың құнының 60 процентiнен кем емес мөлшерде; 
      аяқталмаған күрделi құрылыс объектiлерi, өндiру немесе өңдеу процесiндегi өнiмдер - шартта белгiленген мөлшерде, бiрақ сақтандыру шартын жасау кезiнде жұмсалған шикiзат, материалдар мен еңбек құнының 60 процентiнен кем емес мөлшерде қабылданады. 
      12. Алғашқы жылдары өнiм бермейтiн көпжылдық дақылдар өнiмiнiң құны осы дақылдар алып жатқан алаңға шаққандағы 1 гектарға кеткен шығынды негiзге ала отырып, әр дақыл бойынша жеке-жеке анықталады. 
      13. Мiндеттi сақтандыру шартының күшi заңдарда көзделген жағдайларда тоқтатылады. 

             III. Сақтандыру төлемдерiн есептеу

      14. Сақтандыру төлемдерiн Сақтандырушы шартта белгiленген тарифтiк ставкаларға сәйкес есептейдi. 
      15. Сақтандыру төлемдерi төлемдердiң толық сомасы мөлшерiнде бiр рет немесе тараптардың келiсуiмен бөлiп-бөлiп төленедi, бiрақ ол үш мерзiмнен аспауы керек. Бiрiншi төлем жасау мерзiмi 15 наурыздан кешiктiрiлмейдi. 
      Сақтандыру төлемдерiнiң мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн Сақтанушыны шартта немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген мөлшерде мерзiмi асқан әрбiр күн үшiн өсiм төлейдi, бiрақ ол белгiленген сақтандыру төлемiнің жалпы сомасынан аспауы керек. 
      16. Сақтандыру шарты көрсетiлген мерзiмнiң аяғына дейiн өз күшiнде болады немесе толық сақтандыру сомасы мөлшерiнде сақтандыру өтемi төленген сәттен бастап мезгiлiнен бұрын күшiн тоқтатады. 
      17. Сақтандыру шарты қолданылып жүрген кезеңде Сақтанушыда пайда болған мүлiктер мен мал үшiн сақтандыру төлемдерi алынбайды, ал шығып кеткендерi үшiн керi қайтарылмайды. 

        IV. Зиянды және сақтандыру өтемiн төлеудi анық тау 

      18. Сақтандыру оқиғасы болған кезде Сақтанушы: 
      мүлiктер жойылған (қираған) күннен, сондай-ақ мал табиғи зiлзалалар мен аурулар салдарынан қырылған күннен бастап үш тәулiк iшiнде; 
      ауыл шаруашылығы дақылдары мен көпжылдық екпелер жойылған (зақымданған) күннен бастап үш тәулiк iшiнде Сақтандырушыға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. 
      19. Сақтандыру оқиғасы нәтижесiнде сақтандырылған мүлiктiң, көпжылдық екпелер мен малдың жойылуы (зақымдануы) туралы Сақтанушыдан хабар мен зиянды анықтауға қажеттi барлық құжаттарды алғаннан кейiн Сақтандырушы 10 күн iшiнде акт жасайды. 
      20. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жойылуы (зақымдануы) туралы акт өнiмдi толықтай кiрiске есептеу аяқталғаннан кейiн 10 күн мерзiм iшiнде жасалады. 
      21. Сақтандырушы сақтандыру өтемiн сақтандырылған мүлiктiң жойылуы (зақымдануы) туралы акт жасалған және құзыреттi органдардан қажеттi құжаттар алынған күннен бастап 10 күн мерзiм iшiнде төлейдi. Сақтандырушы сақтандыру өтемiн уақтылы төлемегенi үшiн Сақтанушыға шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мөлшерде өсiм төлейдi. 
      22. Зиян шаруашылықтағы барлық егу (отырғызу) алаңына сақтандырылған дақылдар (дақылдар тобы) астығы шығынының құнына сүйене отырып анықталады және сақтандыру шартын жасау кезiнде қабылданған 50 процентке азайтылған өнiм құны мен осы жылы алынған өнiмнiң нақты құны арасындағы айырмашылық ретiнде есептеледi. 
      23. Жойылған көпжылдық екпелердiң зиян мөлшерi олардың баланстық құны (шарт жасаған күнгi тозуын шегерiп тастағандағы) мен қалдық құнына сүйене отырып анықталады. 
      24. Сақтандырылған қырылған мал үшiн зиян мал қырылған күнгi баланстық құнға сүйене отырып, ал ерiксiз сойғанда тамаққа пайдалануға жарамды ет пен басқа жарамды өнiмнiң құнын шегере отырып анықталады. 
      Егер малды, үй құстары ерiксiз союға әкеп соққан себептер бойынша ет тамаққа толығымен жарамсыз деп танылса, сақтандыру өтемi қырылған мал басы үшiн төленгендегiдей төленедi. 
      Малдың ауруы мен қырылуының, ерiксiз сойылуы немесе жойылуының себептерi мен жағдайлары туралы қорытындыны ветеринарлық қызмет мамандары бередi. 
      25. Негiзгi қаражат құрамына кiретiн мүлiк толық жойылған жағдайда зиянның мөлшерi оның құнынан тозу сомасын шегеру арқылы анықталады. 
      Ал осындай мүлiк бүлiнген кезде зиянның мөлшерi мүлiктi сақтап қалу жөнiндегi шығындарды қоса алғанда, оны қалпына келтiру (жөндеу), құнына сүйене отырып, құнын шегерiп тастау арқылы анықталады. 
      26. Сақтандыру өтемi шартта белгiленген мөлшерде, бiрақ: 
      ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша - зиян сомасының кемiнде 50 процентi мөлшерiнде; 
      сақтандырылған мүлiктiң басқа түрлерi бойынша - кемiнде 60 процентi мөлшерiнде төленедi. 
      27. Сақтандыру өтемi, егер: 
      Сақтанушы мүмкiндiгi бола тұрып, белгiленген мерзiмде мүлiктiң, ауыл шаруашылығы дақылдарының, көпжылдық екпелер мен малдың қырылғаны немесе бүлiнiп зақымданғаны туралы хабарламаса, осыған байланысты зиянның себептерi мен нақты мөлшерiн анықтау мүмкiн болмай қалса; 
      Сақтанушы мал дәрiгерiнiң (фельдшерiнiң) емделмейтiн ауыру малды сою туралы нұсқауын орындамаса, сөйтiп ол мал қырылып қалса; 
      сақтандырылған мүлiктiң өртке, аварияға және басқа да қолайсыз оқиғаларға байланысты жойылуы (бүлiнуi) сақтанушының мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының және басқа да құзыреттi органдардың ұйғарымын орындамауының салдарынан болса; 
      Сақтанушы сақтандыру кезiнде болмаған мүлiктердiң жойылғаны немесе бүлiнгенi туралы мәлiмдеп, құтқарылған мүлiктi немесе оның қалдықтарын жасырып немесе олардың орнын ауыстырып, зиянның мөлшерiн саналы түрде артық көрсетсе; 
      зиян Сақтанушының сақтандыру оқиғасынан кейiн қалған мүлiктi құтқару, олардың сақталуын қамтамасыз ету мен бүлiнуiн болдырмау жөнiндегi шараларды қабылдамауы нәтижесiнде келтiрiлсе; 
      зиян Сақтанушының кiнәлi әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлсе төленбейдi. 
      28. Егер сақтандыру оқиғасының нәтижесiнде көп мүлiк жойылса және зиян үшiн 10 күн iшiнде толық есеп айырысу мүмкiн болмаса, онда жазбаша өтiнiш негiзiнде Сақтанушыға сақтандыру өтiмiнiң алдын ала есептелген сомасының 50 процентке дейiн мөлшерде аванс төленуi мүмкiн. 
      Түпкiлiктi есеп айырысу тiзбесi нұсқаулықта белгiленген барлық қажеттi құжаттарды бергеннен кейiн 10 күн iшiнде жүргiзiледi.
      29. Сақтандыру өтемi Сақтанушының шартта көрсетiлген шотына ақша аудару арқылы, не тараптардың келiсуi бойынша нақты ақша қаражатымен төленедi.
      Сақтандыру өтемiн төлеу кезiнде Сақтандырушы төлем жасау мерзiмдерiнiң басталуына қарай Сақтандырушыдан өзiне тиесiлi сақтандыру төлемдерiне есептеме жүргiзуге құқылы.
      30. Сақтандырушылар қайта сақтандыру жолымен Сақтанушының басқа Сақтандырушы (қайта сақтандырушы) алдындағы өз мiндеттемелерiнiң барлығын немесе бiр бөлiгiн орындау тәуекелiн өтеуге құқылы.

                      V. Дауларды шешу

      31. Сақтандыру шартынан туындайтын даулар заңдарда белгiленген тәртiппен қаралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады