Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 10 сәуiр N 526. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.05.27. N 484 қаулысымен

 


     "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан

Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 


U962828_



Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан

Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге

беру туралы ереже бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

                                  Қазақстан Республикасы

                                       Үкiметiнiң

                                  1997 жылғы 10 сәуiрдегi

                                      N 526 қаулысымен

                                         бекiтiлген


         Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру туралы

                              ЕРЕЖЕ


                     I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



 
       1. Осы Ереже "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күшi бар Жарлығына (бұдан әрi - "Жер қойнауы туралы" Жарлық) сәйкес жасалды және жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге берудiң жалпы шарттары мен тәртiбiн регламенттейдi.
      2. Осы Ережеде қолданылатын анықтамалар мен терминдердiң "Жер қойнауы туралы" Жарлықта оларға берiлгендегiдей мәнi бар.
      3. Осы Ереженiң мақсаты үшiн мыналарды бiлдiретiн мынадай анықтамалар мен терминдер қолданылады:
      кепiл берушi - Қазақстан Республикасында өздерiне тиесiлi жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беретiн жеке немесе заңды тұлға, мемлекет және/немесе халықаралық ұйым;
      кепiл ұстаушы - жер қойнауын пайдалану құқығымен қамтамасыз етiлген несие берушi жеке немесе заңды тұлға;
      жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру - борышкер жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған жағдайда оған байланысты несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген алуға, кепiл берушiнiң басқа да несие берушiлердiң алдында басымдықпен жер қойнауын пайдаланудың кепiлге берiлген құнынан қанағаттану алуға құқы болатын кепiл берушiнiң мiндеттемелерiн қамтамасыз етудiң тәсiлi:
      кепiл шарты - кепiл берушi мен кепiл ұстаушының арасындағы жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру туралы келiсiм;
      сенiм бiлдiрiлген тұлға - кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бұзылған жағдайда жер қойнауын пайдаланудың кепiлге берiлген құқығын жүзеге асыруға кепiл ұстаушыдан сенiмхаты бар жеке немесе заңды тұлға;
      Уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiнде уәкiлеттiк берген орган.
      4. Жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлдiң мәнi болып табылады.
      5. Жер қойнауын пайдаланушының кепiлге берiлген құқығы кепiлмен қамтамасыз етiлген жер қойнауын пайдалану құқығының мiндеттемесiн орындаудың бүкiл кезеңiнде, одан әрi кепiл берушiнiң кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн кепiл берушiнiң иелiгiнде және пайдалануында қалады.
      6. Жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлмен алынған несиенi кепiл берушi лицензияда көзделген жер қойнауын пайдалану мақсаттарына ғана пайдалануы тиiс.
 
          II. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ КЕПIЛМЕН РЕСIМДЕУ
 
      7. Жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлiн ресiмдеу үшiн кепiл берушi әлеуметтi мүмкiн болатын кепiл ұстаушыға:
      Лицензиялық органның жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге арналған рұқсатты;
      кепiл берушiнiң жер қойнауын пайдалануға құқығын куәландыратын құжаттарды:
      немесе барлауға арналған лицензия мен келiсiм-шартты;
      немесе өндiруге арналған лицензия мен келiсiм-шартты;
      немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және оларды пайдалануға арналған лицензия мен келiсiм-шартты;
      немесе барлауға және өндiруге арналған бiрлескен лицензия мен келiсiм-шартты;
      келiсiм-шарттық аумақтардың шегiнде кепiл берушiнiң жерге құқығын куәландыратын құжаттарды;
      Уәкiлеттi орган беретiн, жер қойнауын пайдалану кепiлi ретiнде салынған жер қойнауын пайдалану құқығының бағалық құнының актiсiн ұсынады.
      8. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру кепiл ұстаушы мен кепiл берушiнiң арасында жасалған кепiл шартының негiзiнде жүргiзiледi.
      9. Кепiл шарты Уәкiлеттi органда мiндеттi тiркелуге жатады. Кепiл құқығы - кепiл шарты жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлiнiң тiркелгендiгi туралы куәлiк беру арқылы Уәкiлеттi органда тiркелген сәттен бастап пайда болады (қосымша).
      10. Кепiл шартының негiзгi талаптары (кепiлдiң сомасы, шарттың тараптары, кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттемелердi орындау мерзiмдерi) өзгерген кезде көрсетiлген кепiл шартын қайта тiркеудi тiркеуге сәйкес тәртiпте, жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлiн тiркеу туралы жаңа куәлiк беру арқылы Уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      11. Жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындаған кепiл берушi кепiл шарттарын тiркеу тiзiлiмiндегi кепiл туралы жазбаны жоюды талап етуге құқылы. Кепiл берушiнiң талап етуi бойынша кепiл ұстаушы Уәкiлеттi органға жазбаны жою үшiн қажеттi құжаттар мен жазбаша өтiнiштi беруге мiндеттi. Кепiл ұстаушы бұл мiндеттердi орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда кепiл берушi оған келтiрiлген шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.
      12. Егер оған оның алдындағы кепiл шартында тыйым салынбаса, жер қойнауын пайдалану құқығын қайтадан кепiлге беруге жол берiледi.
 
             III. КЕПIЛ МӘНIНЕ ӨНДIРIП АЛУ ЖҮРГIЗУ
 
      13. Кепiл берушi жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлiмен қамтамасыз етiлген өзiнiң мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда кепiл ұстаушы өзiнiң талаптарын:
      жер қойнауын пайдалану құқығын сот тәртiбiмен жүзеге асыру;
      жер қойнауын пайдалану құқығын соттан тыс тәртiпте жүзеге асыру жолымен қанағаттандыруға құқылы.
      14. Жер қойнауын пайдалану құқығын сот тәртiбiмен жүзеге асыру кепiл ұстаушының талап-арызы бойынша соттың шешiмiне сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте кепiлдiң мәнi болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығын сату iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен көпшiлiк саудада сату жолымен жүргiзiледi.
      15. Заң актiлерiнде немесе кепiл шартында көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығын соттан тыс тәртiпте жүзеге асыруды сауда өткiзу жолымен сенiм бiлдiрiлген тұлға жүргiзедi.
      16. Сенiм бiлдiрiлген тұлға мынадай тәртiпте саудаластық ұйымдастырады:
      кепiл берушiге бұл хабарламаны Уәкiлеттi органда алдын ала тiркеуден өткiзу арқылы мiндеттемелердiң орындалмағандығы туралы хабарлама жолдайды;
      хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған жағдайда, бiрақ оны кепiл берушiге жiберген сәттен бастап 2 айдан ерте емес, кепiлге қойылған жер қойнауын пайдалану құқығына саудаластық өткiзу туралы құлақтандыру жасайды, оны Уәкiлеттi органға жолдайды және кепiл берушiге тапсырады;
      саудаластық туралы хабарландыруды жергiлiктi баспасөзде ресми жариялайды.
      17. Саудаластықтардың шарты жер қойнауын пайдалану құқығының бастапқы бағасын және лицензия мен келiсiм-шартта көзделген жер қойнауын пайдалану шарттарын көздеуi тиiс.
      18. Саудаластыққа қатысу ниетi хабарландыруда көрсетiлген күннен кешiктiрiлмей, сенiм бiлдiрiлген тұлғаның атына жолданған өтiнiммен расталуы тиiс.
      19. Өтiнiм:
      өтiнiм берушi туралы сауалнамалық деректердi: өтiнiм берушiнiң атауы (аты), оның мекен-жайы, мемлекеттiк тиесiлiлiгi (заңды тұлғалардың), азаматтығы (жеке тұлғалар үшiн);
      өтiнiм берушiнiң қаржылық, заңдылықтық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкiндiктерi туралы деректердi қамтуы тиiс.
      Өтiнiмдер өтiнiм берушi сенiм бiлдiрiлген тұлға белгiлеген саудаластыққа қатысуға арналған жарнаны төлегеннен кейiн қарауға қабылданады.
      20. Өтiнiм берушiнi саудаластыққа қатыстыруға жiберу туралы мәселенi өтiнiмдi зерделеудiң негiзiнде сенiм бiлдiрiлген тұлға шешедi.Саудаластыққа қатысуға өтiнiмнiң қабылданғандығы туралы өтiнiм берушi ресми құлақтандырылады.
      21. Мынадай жағдайларда:
      өтiнiм саудаластық шарттарымен белгiленген мерзiмнен кеш берiлсе;
      өтiнiм берушi құжаттамамен расталған сауалнамалық деректердi ұсынбаса саудаластыққа қатыстыру құқығынан бас тарту орын алуы мүмкiн.
      22. Кепiлге берiлген жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру жөнiндегi саудаластыққа заңды және жеке тұлғалардың, оның iшiнде шетелдiк, сондай-ақ "Жер қойнауы туралы" Жарлыққа сәйкес жер қойнауын пайдаланушы бола алатын шетел мемлекеттерiнiң, халықаралық ұйымдардың құқы бар.
      23. Кепiл ұстаушы өткiзiлген саудаластықтың нәтижесiн жазбаша

 

нысанда Уәкiлеттi органға хабарлауға және оған өтiнiм берушiнiң

барлық құжаттарын беруге мiндеттi.

     24. Саудаластықтың жеңiмпазы саудаластық өткеннен кейiнгi 1

(бiр) айдың iшiнде Уәкiлеттi органға лицензияларды қайта ресiмдеу

үшiн қажеттi материалдарды ұсынуға мiндеттi. Уәкiлеттi орган

материалдарды қарағаннан кейiн Лицензиялық органға саудаластық

жеңiмпазына лицензиялар беру туралы келiссөз жүргiзу туралы ұсыныс

енгiзедi.


                    КЕПIЛДIҢ ТОҚТАТЫЛУЫ


     25. Кепiл мынадай жағдайларда:

     кепiл берушiнiң жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлiмен

қамтамасыз етiлген мiндеттемелерiн орындауының салдарынан;

     Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген басқа да

жағдаяттар кезiнде тоқтатылады.


                                           Қосымша


         ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ

       ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ КЕПIЛIН ТIРКЕУ ТУРАЛЫ

                           К У Ә Л I К


"__" ____________                                N ___________


Қала (поселке, село) ______________________________________________

1. Кепiлге берушi (заттай тапсырушы)________________________________

                                       (аты-жөнi немесе заңды

___________________________________________________________________

          тұлғаның толық атауы, мекен-жайы)

2. Борышкер _______________________________________________________

              (аты-жөнi немесе заңды тұлғаның толық атауы,

___________________________________________________________________

                         мекен-жайы)

3. Кепiл ұстаушы __________________________________________________

                    (аты-жөнi немесе заңды тұлғаның толық атауы,

___________________________________________________________________

                   мекен-жайы)

4. Жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлiнiң шарты N ___________

"___" ______________19__ж.

5. Жер қойнауын пайдалану құқығының сипаттамасы ___________________

6. N ______________________________________________________лицензия

7. N _________________________________________________келiсiм-шарт

8. Негiзгi мiндеттемелер мен проценттердiң сомасы _________________

9. Жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлiнiң мәнiне басқа да

куәлiктерге белгiлер мен деректемелер _____________________________

10. Кепiлдi тiркеу туралы куәлiктiң берiлген күнi ___________________

"___"________ 19__ж.

___________________                             ___________________

(аты-жөнi, лауазымы)                                  (қолы)


     АЛМАТЫ 199__ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады