Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялау ереженсiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.28. N 544 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       Ескерту. Тақырыбы мен мәтіні өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095   қаулысымен , 2004.12.31. N  1450 қаулысымен .

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
     Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялау ережесі бекiтiлсiн.<*>
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095  қаулысымен .      

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң              
1997 жылғы 27 мамырдағы        
N 885 қаулысымен           
бекiтiлген               

  Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен
көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын
лицензиялау ережесі 

      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.31. N  1450 қаулысымен .

    I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережемен көлiк қызметiн көрсету рыногының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, тұтынушылардың мүдделерiн қорғау, кеме шаруашылығы мен теңiз жүзулерi қауiпсiздiгiнiң, теңiз және өзен көлiгiн пайдалану кезiнде белгiленген санитарлық нормаларды сақтаудың ережелерiн қамтамасыз ету мақсатында мiндеттi лицензиялауға жататын жолаушылар мен жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтi мемлекеттiк лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледi. 
      2. Заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыратын теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызмет лицензиялауға жатады. 
      3. Жолаушыларды немесе жүктердi тасымалдауды жүзеге асырушы адамда лицензия болуы тиiс. Жүзбелi көлiк құралын (құралдарын) меншiк құқығында немесе заңдарда көзделген өзге негiздерде пайдалану керек.<*> 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095  қаулысымен , 2004.12.31. N  1450 қаулысымен .
      4. Лицензияларды беру барлық адамдар үшiн осы лицензияның түрi үшiн белгiленген талаптарға жауап беретiн тең негiздер мен жағдайларда жүзеге асырылады. 
      Лицензияларды басқа адамдарға беруге тыйым салынған. Жүзбелi көлiк құралдарын беру кезiнде лицензия жалға алушыға осы Ережеде көзделген тәртiппен берiледi. 
      5. Осы Ережеге сәйкес берiлген лицензия, онда теңiз және өзен құралында тасымалдау түрi көрсетiлген лицензиатқа рұқсат беру туралы куәландыратын ресми құжат болып табылады.
      6. Шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияны, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары секiлдi әлi сондай жағдайларда және дәл сондай тәртiпте алады. 

  II. Лицензияларды берудiң шарттары мен тәртiбi

      7. Теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған лицензияны берудiң Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң органдары (бұдан әрi - лицензиар) жүргiзедi.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.31. N  1450 қаулысымен
     8. Лицензиялар теңiз және өзен көлiгiндегi қызметтің мынадай түрлерiне берiледi:
      жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға;
      қауiптi жүктердi тасымалдауға.
      Лицензиялар мынадай белгiлермен белгiленедi:
      жүктердi тасымалдауға - "Жүк";
      жолаушыларды тасымалдауға - "Ж";
      қауіпті жүктерді тасымалдауға (қауіпті жүктің түрі көрсетіледі) - "ҚЖ".
      Қолданылу мерзiмiне және қызметiнiң көлемiне қарай лицензиялардың мынадай түрлерi болуы мүмкiн:
      басты - мерзiмi шектелмей берiлетiн белгiлi бір қызмет түрiмен айналысуға;
      бір жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе сан шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операцияны жасауға.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095  қаулысымен , 8-тармақ жаңа редакцияда - 2004.12.31. N  1450 қаулысымен .  
     9. Лицензиялар бланкiлерiнiң нысанын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнің Көлiктiк бақылау комитетi бекiтедi.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің  2004.12.31. N  1450 қаулысымен .  
     10. Суға батқан объектiлерден фарватердi құтқаруға және кеме шаруашылығының басқа да кедергiлерiне, табиғи зiлзалалардың қарсы тұруына, олардың зардаптарын жоюға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы заңдары мен нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудi талап ететiн өрттердiң, авариялар мен басқа да апаттардың, эпидемиялардың және эпизоотиялардың зардаптарын жоюға байланысты қызмет лицензиялауға жатпайды. 
      11. Заңды және жеке тұлғалар бiр мезгiлде теңiз және өзен көлiгiнде тасымалдау қызметiнiң бiрнеше түрiне арналған лицензияға ие бола алады. 
      12. Теңiзде және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдаумен айналысу құқығына арналған лицензия, бiлiктiлiк деңгейi осы қызмет түрiнiң талаптарына сәйкес келетiн субъектiлерiне берiледi.<*>
     13. Лицензиялардың бланкiсiнiң бағалы қағаздар деңгейiндегiдей қорғаныс дәрежесi болады, қатаң есептiлiк құжаты болып табылады, есептiк сериясы мен нөмiрi болады. 
     Лицензиялардың бланкiсiн әзiрлеу, есепке алу және сақтау лицензиарға жүктеледi. 
     14. Лицензия алу үшiн заңды және жеке тұлғалар (өтiнiш берушiлер) лицензиарға мынадай құжаттарды табыс етедi: 
     белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
     лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжат;
     заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
     жеке адамның жеке басын куәландыратын құжат;
     лицензиаттың осы Ереженiң III бөлiмiнде көзделген талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар (жүзбелi көлiк құралдары болған кезде);
     көлiк құралының тұруы немесе жөнделуi үшiн базаның бар екендiгiн растайтын құжат, олар болмаған жағдайда - осы қызметтердi көрсететiн кәсiпорындармен жасалған шарттардың көшiрмесi (өзен көлiгi үшiн ол бар болған кезде);
      тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi. <*>
       Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.11.21. N 1165  қаулысымен
      15. Лицензиар ұсынылған мәлiметтердiң ақиқаттығына тексеру жүргiзуге құқылы. 
      16. Екi және одан көп көлiк құралдарының иелерi - жеке және заңды тұлғаларға лицензия ресiмдеу кезiнде әрбiр көлiк бiрлiгiне лицензияның бар екенін растайтын құжат берiледi.
       Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің  2004.12.31. N  1450 қаулысымен
      17. Лицензиялық алымның мөлшері мен оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленеді. 
      Қызметтің тиiстi түрiмен айналысудың барлық кезеңіне лицензиялар беру лицензия беру сәтінде бір жолғы лицензиялық алым төлеумен жүзеге асырылады.<*> 
       Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095  қаулысымен
      18. Лицензия беру туралы шешiм, өтiнiштi барлық қажеттi құжаттармен бiрге берген күннен бастап, айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшiн - он күн мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.<*> 
      Лицензияны беруге бас тарту кезiнде өтiнiш берушiге лицензияны беру үшiн белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi. 
       Ескерту. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095 
қаулысымен .  
      19. Егер: 
      субъектiлердiң осы санаты үшiн жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша көлiк процесiн жүзеге асыруға тыйым салынған болса;<*> 
      осы Ереженiң 14-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар табыс етiлмеген болса; 
      лицензия берiлгенi үшiн алым енгiзiлмеген болса; 
      өтiнiш берушi лицензиат пен қызметтiң осы түрi үшiн белгiленген бiлiктiлiк талаптарына жауап бермесе; 
      өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын соттың шешiмi болса лицензия берiлмейдi. 
      Өтiнiш берушi аталған ескертпелердi жойған кезде, өтiнiш осы Ережеде көзделген тәртiппен қаралады. 
      20. Лицензия беруден: 
      өтiнiш берушiге лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру құқығын берудiң орынсыздығы; 
      лицензия талап етiлетiн iске не оны жүзеге асыруға арналған жұмыстарға (қызмет көрсетулерге) рыноктың молдығы; 
      рынокта монопольдi жағдайды қамтамасыз ету; 
      өтiнiш берушiнiң жеке басының сапасы мен iскерлiк беделiне күдiктер болуы себептерi бойынша, оның iшiнде бұрынғы сотталушылығы, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға бұрын салынған тыйымдар, бұрынғы лицензияны қайтып алу, егер бұл тыйым салулар мен қайтып алулар заңда белгiленген тәртiпке сәйкес өзiнiң қолданысын тоқтатқан (өтеген) болып саналса, себептерi бойынша бас тартуға тыйым салынады.
     21. Егер лицензия белгiленген мерзiмдерде берiлмеген болса немесе бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз жасалса, ол заңда белгiленген тәртiппен шағым жасауға құқылы. 
     22. Лицензия:
     лицензия берiлген мерзiм аяқталған;
     лицензиялар қайтып алынған;
     лицензиялар берудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес белгiленетiн жағдайлардан басқа, азаматтың кәсiпкерлiк қызметi тоқтатылған бір түрдегi заңды тұлғаның екiншi түрдегi заңды тұлға болып қайта құрылуын (ұйымдастыру-құқықтық, нысаны өзгеруiн) қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
     жүзеге асыруға лицензия берiлген iс-әрекет толық көлемде жасалған;
     лицензияны лицензиарға ерiктi түрде қайтарған.  
      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің  2004.12.31. N  1450 қаулысымен .  
     23. <*>
      Ескерту. 23-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің  2004.12.31. N  1450 қаулысымен .  
     24. Егер заң кесiмдерiнде өзгеше көзделмесе, мынадай:
     лицензиат лицензиядағы лицензиялық және көлiктiк заңдар талаптарын атқармаған;
     сот лицензиатқа ол лицензиямен жүзеге асыруға арналған қызметтiң түрiмен айналысуға тыйым салған;
     лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаған;
     лицензиат лицензия алу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат берген; 
      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095  қаулысымен , 2004.12.31. N  1450 қаулысымен .
       25. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып алты айға дейiн мерзiмге лицензияның қолданылуын заңдарда белгiленген тәртiппен тоқтата тұруға құқылы. 
     26. Лицензияның қолданысы тоқтатылған себептер жойылған соң, лицензия қайта басталады. 
     27. Лицензияны қайта беру осы Ереженiң 14-тармағында көзделген жалпы негiздерде, одан айырылған соң жүргiзiледi. 
      Лицензияны жоғалтқан кезде лицензиат көшірмесін алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша он күннің ішінде лицензияның көшірмесін беруді жүргізеді. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейді. 
      Лицензиясы бар жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бір ай мерзімде осы туралы лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға міндетті. 
      Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетілсе) өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәліметтердi растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бiр айдың ішінде лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтініш беруге міндетті.
      Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап 10 күннiң ішінде лицензияны қайта ресiмдейдi.
     Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетілген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым төленеді. <*>
      Ескерту. 27-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095   қаулысымен .
     28. Лицензияның иесi осы тасымалдау қызметiн жүзеге асыру құқығын лицензияны алған күннен бастап алады. 

  III. Теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi
тасымалдаумен айналысушы субъектiлерге қойылатын
бiлiктiлiк талаптары

       29. Теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi лицензияланатын қызметтiң түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары жолаушылардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, тасымалданатын жүктiң сақталымын, кеме шаруашылығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға зиянды әсердi азайтуға, тасымалдаудың сапасын және көлiк құралдарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталуы тиiс. 
      30. Теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдаумен айналысушы субъектiлер мынадай бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болуы тиiс: 
      жүзбелi көлiк құралдары экипажының тиiстi бiлiктi кадрлармен жинақталуын қамтамасыз ету (аттестация жүргiзудiң тәртiбi мен қажеттi бiлiмдердiң көлемiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiлейдi); 
      санитарлық қадағалау органдарының жүзбелi көлiк құралдарының жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауға жарамдылығы туралы қорытындысының болуы; 
      мемлекеттiк кеме тiзілімін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның қорытындысы болуы;<*> 
      өтiнiш берушiнiң өндiрiстiк базасы кеме шаруашылығы мен экологияның қауiпсiздiк талаптарына жауап беруi тиiс. 
       Ескерту. 30-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095 
қаулысымен

  IV. Жауаптылық және бақылау 

      31. Теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тиiстi лицензиясыз, не лицензиялық нормалар мен ережелердi бұза отырып тасымалдаумен айналысу заңдарда белгiленген әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. 
      32. Лицензияның иесi: 
      қоғамның, қоршаған ортаның, азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, сондай-ақ тұтынушылар құқығының сапасы мен қорғалу кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн көлiк қызметтерiн жасаудың шарттарын сақтауға; 
      Қазақстан Республикасының көлiк, салық және антимонопольдық заңдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушылары болып табылатын халықаралық келiсiмдер мен конвенциялардың ережелерiнiң талаптарын сақтауға; 
      сақтандырудың мiндеттi түрлерiн қамтамасыз етуге; 
      өзiнiң қызметiн лицензияда көрсетiлген шарттарда қатаң сәйкестiкте жүзеге асыруға; 
      лицензиардың талап етуi бойынша лицензияланатын қызмет туралы мәлiметтердi беруге; 
      лицензиарға өзiнiң ұйымдық-құқықтық нысанының өзгергенi туралы хабарлауға; 
      жүзбелi көлiк құралдарына арналған есепке алу құжатының болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      33. Лицензиялық тәртiп белгiленген теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi лицензиясыз жүзеге асырудан алынған қаражат лицензиардың ұсынуы бойынша тиiстi бюджеттiң кiрiсiне алынып қоюға жатады. 
      34. Лицензияның тоқтатылуына немесе тоқтатыла тұруына байланысты барлық даулар заңдарда белгiленген тәртiппен шешiледi. 
      35. Заңды және жеке тұлғалар ұсынған мәлiметтердiң ақиқаттығы үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады. 
      36. Лицензиялық нормалармен шарттардың сақталуына бақылауды жүзеге асырудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiлейдi. 
      Мемлекеттiк органдар (лицензиарлар) мен олардың лауазымды тұлғалары лицензиялау туралы заңнаманы бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң кесiмдерінде белгіленген жауапкершiлiкте болады. 
       Ескерту. 36-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095 
қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады