"Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926 қаулысы.

      Зейнетақы жарналарына, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерге есеп жүргізуді қамтамасыз ету, тиісті орталықтандырылған дерекқорларды қалыптастыру және қолдау, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеудің тиімді жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2013 № 551 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      1. Жедел басқару құқығындағы "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпорынның тиісті саласының уәкілетті органы болып айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2013 № 551 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      3. Мемлекеттік монополияға жатқызылған Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кәсіпорыннан төленетін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді төлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      2) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру;

      3) салымшының зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезінде нақты енгізген болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау;

      4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлын дербестендірілген есепке алу;

      5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару;

      6) жеке сәйкестендіру нөмірі және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агентке қайтару;

      7) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан өсімпұлды оның өтініші бойынша агентке және (немесе) Орталыққа қайтару;

      8) агенттердiң Кәсіпорын шотына аударылған және Орталықтан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары және (немесе) солардың өсімпұлдары бойынша төлем құжаттарының тiзілімдерін қалыптастыру және оларды салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсыну;

      9) Кәсіпорыннан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның төлемдерді тағайындауы үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар істерінің макетін қалыптастыру;

      10) Кәсіпорыннан төленетін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру және оларды дербестендірілген есепке алу;

      11) зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара іс-қимыл жасау;

      12) орталық атқарушы органның бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтiк, коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, Кәсіпорынның автоматтандырылған, орталықтандырылған дерекқорын пайдаланушы болып табылатын орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қолжетімділігін ұйымдастыру;

      14) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Кәсіпорынның қызмет түрлері бойынша ақпараттық қызметтер ұсыну;

      15) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың міндетті әлеуметтiк аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алу және олардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру;

      16) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру;

      17) құжаттарды қабылдау, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындауға, қайта есептеуге арналған істер макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша әлеуметтiк төлемдерді тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара іс-қимыл жасау;

      18) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Кәсіпорын қызметінің түрлеріне сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық қызметтер ұсыну;

      19) төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударуды, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын және (немесе) олар бойынша өсiмпұлдарды төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру;

      19-1) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтару;

      20) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей аудару;

      20-1) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;

      21) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға төлеушілерден түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың тізілімдерін ұсыну;

      22) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлері болып айқындалсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2013 № 922 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:

      бiр апта мерзiм iшiнде онда жергiлiктi жерлерде Кәсiпорынның филиалдарын ашуды көздеп Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiппен тiркесiн;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен кәсiпорынды қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Кәсiпорынның жарғылық қызметi үшiн 5 (бес) миллион теңге бөлсiн;

      1997 жылдың iшiнде Кәсiпорынға қажеттi ресми трансферттердi уақытында және толық аударуды қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.06.27. N 1030 қаулысымен.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады