Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольді өнімдер импортын лицензиялау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы  N 578 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       ЕСКЕРТУ. Мәтіні мен тақырыбындағы сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нің 1998.12.29. N 1351   қаулысымен.
        ЕСКЕРТУ. Тақырыбы мен кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.17. N 663   қаулысымен

      Этил спиртi мен алкогольді өнімдер өндiрiсi және импорты саласында мемлекеттiк бақылауды күшейту, бюджетке салықтың толық түсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық тауар өндiрушiлердiң мүдделерi мен тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольді өнімдер импортын лицензиялаудың тәртібі бекiтiлсiн.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1151  қаулысымен.
         ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.17. N 663   қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Салық комитетi осы тауарларды импорттауға лицензиясы болған жағдайда, оның iшiнде этил спиртiн және арақты Кеден одағына кiретiн мемлекеттердiң аумағынан әкелетiн жағдайларда да, әкелiнетiн этил спиртi мен алкогольді өнімдерге акциз маркiлерiне өтiнiмдердi қабылдауды және берудi жүзеге асырсын. <*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1151 
қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.17. N 663   қаулысымен .

      3. <*>
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.06.17. N 663   қаулысымен

      4. <*>
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.06.17. N 663   қаулысымен

     5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр айдан кейiн күшiне енедi. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң                
1997 жылғы 27 маусымдағы        
N 1031 қаулысымен            
бекiтiлген                

             Қазақстан Республикасында этил спиртi
     мен алкогольді өнімдер импортын лицензиялаудың тәртiбi

      ЕСКЕРТУ. Мәтіні мен тақырыбындағы сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нің   1998.12.29. N 1351   қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Ереже өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1151 
қаулысымен.
        ЕСКЕРТУ. Тақырыбы мен мәтініне өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.17. N 663   қаулысымен

      1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольді өнімнің импортын лицензиялаудың тәртiбiн айқындайды. 

      2. Осы Тәртіптiң күшi ұйымдық-құқықтық нысаны мен тiркелген орнына қарамастан, шетелдiк тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына (бұдан әрi - өтiнiм берушi) қолданылады. 

      3. Лицензиялар белгiленген нысандағы бланкiлерде ресiмделедi (1-қосымша). 
      Лицензия бланкiлерi ұсынушы үшiн бағалы қағаз деңгейiнде қорғалу дәрежесi, сондай-ақ есептiк сериясы мен нөмiрi бар, қатаң есептемелiк құжат болып табылады. Лицензия бланкiлерiн сатып алуды, есебiн жүргiзудi және сақтауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (бұдан әрi - Лицензиар) жүзеге асырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.29. N 1351   қаулысымен.
         ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2000.11.28. N 1773 
қаулысымен.
         ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.22. N 72 
қаулысымен.
         ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.17. N 663   қаулысымен .

     4. Этил спиртi мен алкогольді өнімді импорттауға лицензияны ресiмдеу үшiн өтiнiм берушi Лицензиарға мыналарды тапсырады: 
      а) лицензия алуға белгiленген үлгiдегi өтiнiш (2-қосымша); 
      б) сыртқы сауда мәмiлесiне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келiсiм-шартының (шарттың) көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы; 
      в) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк: 
      заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк; 
      жеке тұлғалар үшiн - жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк; 
      г) лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат; 
      д) этил спиртiн импорттау кезiнде алкогольдi өнiм өндiрiсiне берiлген лицензиясы; 
      е) <*>
      ж) алкоголді өнімнің импорты кезінде алкогольді өнімді  сақтауға және көтерме сатуға арналған лицензиясы. 
      "в", "д", "ж"-тармақшаларында аталған құжаттардың бiрiншi басшының қолымен, өтiнiм иесiнiң мөрiмен куәландырылған көшiрмесi;
      ж) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды сыра импорттаушылар ұсынбайды. <*> 
      Өтiнiм берушiге тапсырылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк жүктеледi.
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.29. N 1351   қаулысымен.
         ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.17. N 663   қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.13. N 860  қаулысымен .

      5. Өтiнiм берушiнiң тапсырған құжаттары Лицензиардың деректер банкiнде тiркелуге жатады. 
      Лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiкпей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он күндік мерзімнен кешікпей қабылданады.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.29. N 1351   қаулысымен.

        6. Лицензия шартқа кiргiзiлген тауарлар атауының санына қарамастан, ең кемi алты белгiсi бар коды көрсетiлiп, сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес тауардың бiр түрiне ресiмделедi. 
      Лицензия берiлген күннен бастап, ол берілген күнтiзбелiк жыл аяқталғанға дейінгі кезеңге, бiр мәмiле бойынша импортты жүзеге асыру үшiн лицензия берiледi. 

      7. Лицензия беруден бас тарту, күшiн тоқтату, лицензияны қайтып алу және кiдiрту "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200  Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 
      Лицензияны қайтып алу және оның қолданылуын кiдiрту туралы шешiм қабылданған күннен бастап 3 күн мерзiмде жазбаша түрде лицензиатқа және кеден органына жеткiзiледi. 

      8. <*>
       ЕСКЕРТУ. 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.06.17. N 663   қаулысымен

      9. Лицензия иелiгiнен алынбайтын, яғни лицензиат оны басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бермейтiн болып табылады. 
      Лицензия онда көрсетiлген мерзiмде тауардың бiр түрiн импорттауға берiлген рұқсат болып табылады. 
      Лицензиат этил спиртi мен алкогольді өнімнің импортын кедендiк ресiмдеу үшiн негiз болып табылатын лицензиялық түпнұсқаны Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырады.

      10. Лицензияның күшiнде болатын мерзiмi өтiсiмен, өзiнде оның түпнұсқасы бар кеден органы, оның орындалуы туралы тиiстi белгi қойып, мөрмен және бiрiншi басшының қолымен куәландырылған лицензияның көшiрмесiн 10 күн мерзiмде Лицензиарға жiбередi.

      11. Лицензия алымының мөлшерi мен оны төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      12. Лицензиардың этил спиртi мен алкогольді өнім импортын лицензиялауға байланысты шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. 

1-қосымша       

      ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2000.11.28. N 1773 
қаулысымен.
        ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.22. N 72 
қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.17. N 663   қаулысымен .

                 Импортқа арналған лицензия

__________________________________________________________________
|1. Лицензия N                                                     
|
|__________________________________________________________________
|2. Өтiнiм берушi ұйым, оның мекен-жайы, телефоны  |_______________
|__________________________________________________________________
|3. Тапсырумен (ұйым |__________|7. Сатушы, оның мекен-жайы
|кәсiпорын, оның                |
|мекен-жайы, телефоны)          |
|_______________________________|__________________________________
4. Тұтынушы                     |8. Сатушының елi     _____________
|_______________________________|____________________|_____________
|5. Баратын елi                 |9. Мерзiмi  |Өтiнiш   |лицензия
|                  _____________|            |бойынша  |бойынша
|_________________|_____________|____________|_________|___________
|6. Кеден                       |10. Мәмiленiң сипаты
|                               |11. Төлем валютасы
|_______________________________|__________________________________
|12. Тауардың   |13. СЭҚ ТН     |14. Өлшем   |15. Саны |16.Тауардың
|атауы мен толық|бойынша тауар. |бiрлiгi     |         |жалпы құны
|сипаты         |дың коды       |            |         |   (мың)
|               |               |            |         |төлем  |тең.
|               |               |            |         |валю.  |ге.
|               |               |            |         |тасымен|мен
|_______________|_______________|____________|_________|___________
|_______________|_______________|____________|_________|___________
|_______________|_______________|____________|_________|___________
|17. Лицензия сұрау үшiн негiз  |19. Келiсiлдi
|_______________________________|__________________________________
|18. Өтiнiм берушi ұйымнан      |20.Қазақстан Республикасы Қаржы
|_______________________________|министрлігінің Салық комитеті, 
|                               |аты-жөнi, лауазымы, қолы
|                               | М.О.        күнi
|_______________________________|__________________________________
|21. Есеп (валюта) шоттарының номерi, банк бөлiмшесiнiң атауы
|__________________________________________________________________
|22. Лицензияның айрықша шарты
|__________________________________________________________________

2-қосымша       

       ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2000.11.28. N 1773 
қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.22. N 72 
қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.17. N 663   қаулысымен .

                  Импортқа лицензия алуға арналған өтiнiш

__________________________________________________________________
|1. Лицензия N                                                    
|__________________________________________________________________
|2. Өтiнiм берушi ұйым, оның мекен-жайы, телефоны |________________
|__________________________________________________________________
|3. Тапсырумен (ұйым, |_________|7. Сатушы, оның мекен-жайы
|кәсiпорын, оның                |
|мекен-жайы, телефоны)          |
|_______________________________|__________________________________
|4. Тұтынушы                    |8. Сатушының елi    ______________
|_______________________________|___________________|______________
|5. Баратын елi                 |9. Мерзiмi  |Өтiнiш   |лицензия
|                  _____________|            |бойынша  |бойынша
|_________________|_____________|____________|_________|___________
|6. Кеден                       |10. Мәмiленiң сипаты  |___________
|                               |11. Төлем валютасы    |___________
|_______________________________|__________________________________
|12. Тауардың   |13. СЭҚ ТН     |14. Өлшем   |15. Саны |16.Тауардың
|атауы мен толық|бойынша тауар. |бiрлiгi     |         |жалпы құны
|сипаты         |дың коды       |            |         |   (мың)
|               |               |            |         |төлем  |тең.
|               |               |            |         |валю.  |ге.
|               |               |            |         |тасымен|мен
|_______________|_______________|____________|_________|___________
|_______________|_______________|____________|_________|___________
|_______________|_______________|____________|_________|___________
|17. Лицензия сұрау үшiн негiз  |19. Келiсiлдi
|_______________________________|__________________________________
|18. Өтiнiм берушi ұйымнан      |20.Қазақстан Республикасы Қаржы
|_______________________________|министрлігінің Салық комитеті, 
|                               |аты-жөнi, лауазымы, қолы
|                               | М.О.        күнi
|_______________________________|__________________________________
|21. Есеп (валюта) шоттарының номерi, банк бөлiмшесiнiң атауы
|__________________________________________________________________
|22. Лицензияның айрықша шарты
|__________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады