Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 шiлдедегi N 1057

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455 P961455_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      "Бурабай орман шаруашылығы Көкшетау облысы" деген сөздер "Бурабай" табиғи-сауықтыру кешенi, Солтүстiк Қазақстан облысы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Мыналардың:
      "Бурабай орман-аңшылық шаруашылығының флорасы мен фаунасының қызметiн жақсарту және оны қорғауды күшейту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1968 жылғы 5 тамыздағы N 496 қаулысының;
      "Бурабай орман-аңшылық шаруашылығын қайта атау туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң 1983 жылғы 27 мамырдағы N 235 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады