"Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 шiлдедегi N 1060

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ Заң күшi бар Жарлығының 15-бабының негiзiнде "Спешиалти Металз Компани" фирмасымен 1995 жылы шiлдеде"Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамын басқару құқығына жасасылған келiсiм-шарттың табысты орындалу барысын ескере отырып, "Қазақстан Республикасының титан-магний өнеркәсiбiн одан әрi дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 26 сәуiрдегi N 517 P960517_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының титан-магний өнеркәсiбiн дамытудың 1996-2001 жылдарға арналған бағдарламасын орындау үшiн қосымша инвестицияларды тарату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi бiр апта мерзiмде "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамы акцияларының 36 процент мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетiн келiсiлген шарттарда "Спешиалти Металз Компани" басқарушы фирмасына тiкелей атаулы сатуды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiне берсiн.
      2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады