Байланыс формасы

Республиканың мал шаруашылығын дамытудың жекелеген мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 9 шiлдедегi N 1089

      Мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң одан әрi кемуiн болдырмау, мал мен құстың санын тұрақтандыру, ауыл шаруашылығы құралымдарында, шаруа қожалықтарында және халықтың үй басында мал сатып алуды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару, Жекешелендiру жөнiндегi департаменттерi аграрлық секторда экономикалық реформаларды тереңдету, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң өзара тиiмдi шарттарда өнiмдер дайындау және өткiзу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi кооперативтерiн, сондай-ақ тiрi мал мен мал шаруашылығы өнiмдерiн сату жөнiндегi көтерме сауда базарларын ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстарды жалғастырсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақ акционерлiк агроөнеркәсiп банкiнiң, басқа да екiншi деңгейдегi акционерлiк банктердiң ұсыныстарының негiзiнде бiр айлық мерзiм iшiнде мал мен мал шаруашылығы өнiмдерiн сатып алу үшiн несие ресурстарын алу құқығына арналған тендер өткiзудiң тәртiбiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
      Облыстардың әкiмдерi екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi әзiрлеген шарттарда дайындаушы және қайта өңдеушi кәсiпорындардың арасында несие ресурстарын алу құқығына арналған теңдер өткiзсiн.
      Банктерге ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен өнiмдер сатып алуға арналған тендердiң жеңiмпаздарына банктердiң iшкi несиелiк саясаттарының шартымен несиелiк ресурстар бөлу ұсынылсын.

      3. Облыс әкiмдерiне:
      өндiрiстiк кооперативтермен және басқа да ауыл шаруашылығы құралымдарымен шарттық талаптарда малдары мен құстары жоқ үй шаруашылықтарын оларды үйлестiрiп беру;
      табиғи алқаптардан да, неғұрлым тиiмсiз пайдаланылған жыртылған жерлерден де оларға шабындық алқаптар мен жайылымдар бөлу жолымен мал азығымен қамтамасыз ету, ақылы шарттармен халыққа оларды дайындау жөнiнде көмек көрсету;
      өнiм беретiн аналық мал басын сақтау және көбейту, шарттық талаптармен олардың тұқымын асылдандыру және мал дәрiгерлiк қызмет көрсету жөнiнде мүмкiн болатын шаралар әзiрлеу және қабылдау ұсынылсын.

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне қосылған құнға салынатын салық жөнiндегi есепте тұрмайтын жеке адамдарға мал және мал шаруашылығы өнiмдерiн сатып алу кезiнде қосылған құнға, сондай-ақ импортталатын асыл тұқымды мал мен асыл тұқымды жұмыртқаға, жоғары құнды асыл тұқымды малдардың iшкi төлi мен ұрығына, ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыру мен олардың ұрықтарын криоконсервациялауға арналған аспаптарға салық салудың тәртiбiн қолдануды жетiлдiру туралы негiзделген ұсыныс енгiзсiн.

      5. Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп үш ай мерзiм iшiнде мал шаруашылығында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi қалыптастырудың аймақтық ұйымдастыру-экономикалық және оларды нарықтық қатынастар жағдайларында жүргiзудiң моделiн әзiрлесiн, сондай-ақ республикада мал мен құстың түрлi тұқымдарының бағалы тектiк қорларын сақтау және көбейту жөнiндегi аймақтық селекциялық-генетикалық орталықтарын құру мәселелерiн пысықтасын.

      6. Ауыл шаруашылығы министрлiгi Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының Ведомствоаралық кеңесiмен бiрлесiп: <*>
      1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн асыл тұқымды мал заводтары мен шаруашылықтарын жекешелендiру жағдайында мал тұқымын асылдандыру iсiн жүргiзудiң ұсынымын әзiрлесiн;
      Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының К.М.Мыңбаев атындағы тәжiрибе шаруашылығынан республиканың жетекшi асыл тұқымды мал өсiретiн шаруашылықтарынан 80 басқа дейiн асыл тұқымды австралиялық меринос тұқымының тоқтыларын және тұқымдық қошқарларының ұрығын жыл сайын тегiн берудi қамтамасыз етсiн, бұл ретте тәжiрибе шаруашылығының шығындары Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының есебiнен өтелсiн;
      1997 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн мерзiмде Австралиядан меринос тұқымды қойларды сатып алу, Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының К.М.Мыңбаев атындағы тәжiрибе шаруашылығының асыл тұқым шығаруда өз қайта жаңғыртуымыздағы таза тұқымды қойларды өсiру кезiндегi шығындарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң ақшыл қылшық жүндi асыл тұқымды қойларын және қойлардың бағалы тұқымдарының тұқымдық қошқарларының ұрықтарын сатуының құнын өтеудiң тәртiбiн әзiрлесiн.
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.27. N 623 қаулысымен .

      7. Азия Даму Банкiнiң бағдарламалық займын үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық кеңеске Займның екiншi траншы қаражатының бiр бөлiгiн шаруа (фермерлiк) қожалықтарын мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге қажеттi шағын механизация құралдарымен және оны өңдеу, әсiресе қылшықты жүндi және осы негiзде халықтық тұтыну тауарлары мен дәстүрлi ұлттық бұйымдарды дайындау жөнiндегi шағын технологиялармен жарақтандыруға бағытталсын.

      8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Экономика және сауда министрлiгiмен және облыс әкiмдерiмен бiрлесiп екi айлық мерзiм iшiнде мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге және қайта өңдеуге арналған қаржы-экономикалық және материалдық-техникалық шаралардың кешенiн көздейтiн селолық жерлерде шағын және орташа бизнестi дамытудың бағдарламасын дайындасын және бекiтсiн.

      9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп екi айлық мерзiм iшiнде реформаланған ауыл шаруашылығы құралымдарының бюджет пен Зейнетақы қорының алдындағы борыштарын қайта құрылымдау туралы мәселенi қарасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.

      10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару, Жекешелендiру жөнiндегi департаменттерiмен бiрлесiп "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамы олардың бөлiктенуi және қажет болған жағдайда банкроттық, тарату немесе оңалту, мемлекетке берешегiн акцияларға ауыстыру және оларды сатуға қою рәсiмдерiн қоса ала отырып берiлген шикiзат үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне берешектерiн өтеуi шартымен мемлекеттiң алдында берешегi бар ет комбинаттарының, сүт зауыттарының және жүндi бастапқы өңдеу жөнiндегi фабрикалардың борыштарын қайта құрылымдау жөнiндегi шараларды жүзеге асырсын, сондай-ақ несие берушiнiң талап ету құқықтарына тегiн жол берудi жүргiзсiн.

      11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi облыс әкiмдерiмен бiрлесiп ауыр қаржы жағдайындағы ет-сүт өнiмдерi мен жүндi қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындардың тiзбесiн, мүлкiнiң 80 проценттен асатын тозу дәрежесiн айқындасын және оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiне ұсынсын.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде көрсетiлген объектiлердi өндiрiстi инвестициялау шарттарымен берудiң, оларды қалпына келтiрудiң және өндiрiлетiн өнiмдердiң тұрақты көлемдерiне жетудiң тәртiбiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп белгiленген тәртiппен оларды заңды және жеке тұлғаларға беру туралы мәселенi қарасын.

      12. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп бұл мақсатқа Азия Даму Банкi екiншi траншының Займы қаражатын пайдалана отырып жүндi бастапқы өңдеу фабрикаларында қылшық жүндi өндiрiстiк қайта өңдеудiң көлемдерiн арттыру, одан дайындалған кунит пен басқа да өнiмдердi өткiзетiн сенiмдi рыноктарды iздестiру жөнiндегi қосымша шараларды жүзеге асырсын.

      13. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Экономика және сауда министрлiгiмен бiрлесiп мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен қайта өңдеудi дамыту үшiн кейiннен Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен оларға жеңiлдiктер мен преференциялар, оның iшiнде мемлекеттiк заттай гранттар беру үшiн келiсiм-шарттар жасасу арқылы инвесторларды тарту жөнiнде шаралар қабылдасын.

      14. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi үш айлық мерзiм iшiнде республиканың машина жасау кәсiпорындарында шаруа (фермерлiк) қожалықтары үшiн шағын механизация құралдарын өндiрудi ұйымдастырудың мақсатты бағдарламасын әзiрлесiн.

      15. Облыстардың әкiмдерi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мал шаруашылығының азық базасын нығайту мақсатында жайылымдық алқаптарды жақсарту және оларды суландыру жөнiндегi практикалық шараларды әзiрлесiн және жүзеге асырсын.

      16. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал дәрiгерлiгi комитетi және облыстардың әкiмдерi екi ай мерзiм iшiнде республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражаттың есебiнен және шегiнде мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметiнiң желiлерiн қалыптастыруды аяқтау жөнiнде шаралар қабылдасын.

      17. Облыстардың әкiмдерi бiр айлық мерзiм iшiнде мал шаруашылығы өнiмдерi рыногын талдаудың, шығындардың, өзiндiк құнның және бағалардың деңгейлерiн зерттеудiң негiзiнде мал шаруашылығын дамыту жөнiнде аймақтық бағдарламалар әзiрлесiн және оларды қарау және қорғау үшiн Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне ұсынсын.

      18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiмен бiрлесiп үстiмiздегi жылдың екiншi жарты жылдығында салық базаларын айқындау мен салық есебiн жүргiзудiң, жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге патенттер берудiң оңайлатылған жүйесiн қайта қарасын және оларды енгiзу жөнiнде шаралар қабылдасын.

      19. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жыл сайын, 1 ақпанға дейiн осы қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарлап отырсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады