Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру мен дамытудың тұжырымдамасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 7 тамыздағы N 1229. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.08. N 1209 қаулысымен.

      Стандарттаудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру, экономика салаларындағы ғылыми-техникалық прогрестi және Қазақстан Республикасының дүниежүзiлiк ақпараттық кеңiстiкке, тауарлар мен қызмет көрсетулер рыногына кiруiн жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру мен дамытудың тұжырымдамасы бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгi 1997 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттар қорын құру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық атқарушы органдары 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн экспортталатын өнiмдер бойынша Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелерi жөнiндегi қажеттi ақпараттық базалар мен деректер банкiн құру жөнiнде ұсыныс дайындасын және оны Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау агенттiгiне ұсынсын. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
1997 жылғы 7 тамыздағы     
N 1229 қаулысымен       
бекiтiлген           

           Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттар
           қорын қалыптастыру мен дамытудың тұжырымдамасы

                           Алматы, 1997 

                              КIРIСПЕ

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру мен дамытудың тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi жоспарына сәйкес дайындалған және "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасы заңының ережелерiн, "Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясатын жүзеге асырудың ақпараттық инфрақұрылымын құру" туралы республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны, Мемлекетаралық ақпараттық кеңiстiктi қалыптастырудың тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған. 
      Тұжырымдамада Қазақстан экономикасының талаптары мен 1997 жылдан 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған сыртқы-сауда әрiптестiгiн кеңейтуге жауап беретiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттар қорын (бұдан әрi - Мемлекеттiк стандарттар қоры) қалыптастырудан және дамытудың негiзгi бағыттарын айқындауға арналған көзқарастар жүйесiн бiлдiредi. 
      Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру мен дамыту стандарттар мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарда ресми қабылданған және белгiленген нормалар мен ұғымдарға еркiн қол жеткiзудi қамтамасыз етуге және шетелдермен саудада техникалық кедергiлердi алуға мүмкiндiк беретiндiктен Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуы үшiн стратегиялық жағынан маңызды болып табылады. 
      Халықаралық рынокқа кiру және Қазақстанның күтiлiп отырған Бүкiлдүниежүзiлiк сауда ұйымына (БСҰ) кiруi жағдайында республиканың барлық қорларын бiрыңғай бiртұтас бiрiктiретiн және тарифтар мен БСҰ сауда жасаудың Бас келiсiмiнiң (оның iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары мен өнiмдердiң халықаралық нормалар мен талаптарға сәйкес келуiн бағалау мен рәсiмiн үйлестiру, сондай-ақ ақпараттық орталық құру тұрғысында) талаптарына жауап беретiн Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру және дамыту проблемасына бiрiншi кезектi көңiл бөлiнуi тиіс. 

              Мемлекеттiк стандарттар қорының 
                қазiргi кездегi жай-күйi

       Қазақстан Республикасындағы қазiргi Мемлекеттiк стандарттар қоры өнiмдерге, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге қатысты нормаларды, ережелердiң және сипаттамалардың көп мәрте қолданылуы үшiн белгiленген стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi құжаттардың жиынтығын қамтиды. 
      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Мемстандарт), оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң, республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де орталық атқарушы органдарының, заңды тұлғаларының базасында құрылатын ақпараттық қорлар Мемлекеттiк стандарттар қорының құрамдас бөлiктерi болып табылады. 
      1997 жылғы 1 мамырдағы жай-күйi бойынша Мемлекеттiк стандарттар қорында 70000-нан астам стандарттар мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар бар және өзiнiң құрамында Қазақстан Республикасының мемлекетаралық стандарттарын, мемлекеттiк стандарттарын және техникалық шарттарын, стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi ережелер мен басшы құжаттарды, техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттардың жiктеушiлерiн, санитарлық нормалар мен ережелердi (САН, ПиН, СН), құрылыс нормалары мен ережелерiн (ҚНжЕ), фармакопиялық баптар мен уақытша фармакопиялық баптарды; халықаралық ұйымдардың - ISO стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымдардың, Халықаралық электротехникалық комиссияның - ХЭК, Заң метрологиясы халықаралық ұйымының - ЗМХҰ стандарттарын шетелдердiң (Ресейдiң, Беларусьтiң, Украинаның, Қырғызстанның, Тәжiкстанның, Өзбекстанның, Түркменстанның) ұлттық стандарттарын қамтиды. 
      Стандарттар қоры мемлекетаралық стандарттармен, ISO және ЗМХҰ халықаралық стандарттармен, Достастық елдерiнiң ұлттық стандарттарымен мерзiмдi түрде толықтырылып отырылады. 
      Сонымен бiрге бұрынғы Одақта болған ақпараттық қорлар құрылымының қайта ұйымдастырылуына, Республика экономикасының салаларындағы қайта құруларға байланысты стандарттардың республикалық ақпараттық қорларының құрылымында да министрлiктердегi, комитеттердегi және ұйымдардағы бiрқатар қорларды тартуға, олардың құрамын қысқартуға, жұмыстың көрсеткiштерiн төмендетуге әкеп соқтырған айтарлықтай өзгерiстер болды. 
      Соның нәтижесiнде республика қорларының үлкен бөлiгi бүгiнде қадағаланбайды және жаңартылған жоқ, берiлетiн құжаттар олардың мәтiнiндегi өзгерiстер туралы ақпаратты қамтымайды; стандарттар мен стандарттау жөнiндегi басқа да құжаттарды сiлтемелер мен каталогтарды уақытында шығару және тарату қамтамасыз етiлмейдi. Қорларды өңдеу, жүргiзу және ақпараттарды тұтынушыларға қызмет көрсету процестерi автоматтандырылмаған. Республикада әзiрленген мемлекеттiк стандарттардың саны мен сапасының үнемi төмендеу тенденциясы байқалуда. Халықаралық талаптары бар қолданылып жүрген 18 000 мемлекетаралық стандарттардың 1500 стандарты, Қазақстан Республикасының 416 мемлекеттiк стандарттың - бiрен-сараны ғана үйлестiрiлген. 
      Республикада қолданылып жүрген, жұмыс iстеп тұрған стандарттар қорының 2/3-нiң 40 000-нан астамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес тоқтатылуға және қайта қаралуға жатады. 
      Бүгiнгi күнi ISО, ЗМХҰ халықаралық стандарттарын алатын республиканың жалғыз стандарттар қорының - Мемстандарт қорының қажеттi алаңы, аудармашылар, бағдарламашылар, дизайнерлер, көбейткiштер, компьютерлiк және ұйымдастыру техникасы штаттары жоқ. 
      Республикалық Мемлекеттiк стандарттар қорының халықаралық ұйымдардың стандарттарымен қамтамасыз етiлуi: ISО, ХЭК және ЗМХҰ 50%-ке жуықты; Ресей Федерациясы 60%, Украина 80%-ке жуықты; ТМД басқа мемлекеттерi 5%-тен 20%-ке дейiнгiнi құрайды. Қорларда басқа халықаралық ұйымдардың стандарттары, әлемнiң өнеркәсiптiк дамыған елдерiнiң: Австрияның, Бельгияның, Ұлыбританияның, АҚШ-тiң, Канаданың, Францияның, Германияның, Жапонияның ұлттық стандарттары iс жүзiнде жоқ. 
      Республиканың қорларында жүргiзiлетiн бiрыңғай ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық пен жұмыстарды үйлестiру жоқ, экономиканың салаларында қажеттi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi базалар мен деректер банкiн құру жөнiндегi жұмыстар баяу қарқынмен жүргiзiлуде. 

 

            Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру мен 
              дамытудың негiзгi мақсаттары, мiндеттерi 

 
      Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстардың басты мақсаты жалпыұлттық мүдделер ескерiле отырып, өзара тиiмдi негiзде, Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыруға қатысушы республиканың барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң өзара iс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады. 
      Мұндай мүдделердiң қатарында: 
      Мемлекеттiк стандарттар қорының жұмыстарына бiрыңғай ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз ету; 
      Мемлекеттiк стандарттар қорының құжаттары мен ақпараттарын пайдалану саласында өзара тиiмдi ынтымақтастыққа жағдай жасау; 
      ғылымның, техниканың, өндiрiстiк, мәдениеттiң, бiлiмнiң дамуына жәрдем көрсету; 
      халықаралық ынтымақтастықты кеңейту; 
      ашық ақпараттар мен ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiне, қоғамның практикалық қызметiнiң нәтижелерiне еркiн қол жеткiзiлуiн қамтамасыз ету; 
      өнiмдердiң, процестердiң, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң сапасын жақсартуға ықпал ету; 
      халықаралық стандарттардың негiзiнде стандарттау, метрология және сертификаттау саласында стандарттау, метрология, сертификаттау және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн; стандарттар қоры мен жұмыс процестерiн механикаландыруды және автоматтандыруды жетiлдiру аталуы мүмкiн. 
      Бiрыңғай Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыруға мүдделi республиканың бөлiмшелерiнiң бiрлескен күш-жiгерiмен шешiлуi тиiс бiрқатар мiндеттер бар:
     Мемлекеттiк стандарттар қорының ұйымдық құрылымы мен құрамын айқындау;
     Қазақстанда Бүкiлдүниежүзiлiк сауда ұйымының талаптарына жауап беретiн ақпараттық орталық құру;
     Мемлекеттiк стандарттар қорының ақпараттары мен құжаттарына қол жеткiзудiң тетiгiн әзiрлеу және бекiту;
     Мемлекеттiк стандарттар қоры құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысына бiрыңғай ыңғайларды көздейтiн нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және қабылдау;
     бұрын құрылған Мемлекеттiк стандарттар қорын пайдалану жөнiнде бiрлескен шараларды жүзеге асыру; 
     халықаралық стандарттарды қолданудың негiзiнде құжаттар қорын қалыптастыру, Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттар бойынша деректердiң бiртұтас компьютерлiк базасын құру. 

            Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру мен
                 дамытудың негiзгi принциптерi 

      Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру мынадай негiзгi принциптер:
      Мемлекеттiк стандарттар қоры құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметтiң бекiтiлген бағыттарына сәйкес өздерiнiң тәуелсiз қорларын қалыптастыруға арналған құқықтарын сақтау; 
      Бүкiлдүниежүзiлiк сауда ұйымының тарифтер және сауда жөнiндегi Бас келiсiмнiң (ГАТТ/ВТО) талаптарын және шетелдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделiлiктi сақтау; 
      Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру және дамыту, оның iшiнде стандарттарды өңдеу, жүргiзу және тарату мәселелерiнде бiрыңғай саясат жүргiзу; 
      Мемлекеттiк стандарттар қоры құрылымдық бөлiмшелерiнiң арасында өзара iс-қимылды қамтамасыз етудiң және олардың арасындағы функцияларды шектеудiң келiсiлген саясатын жүргiзу; 
      Мемлекеттiк стандарттар қорының қызмет көрсетулерi мен құжаттарына арналған баға белгiлеудi реттеу мәселесiне келiсiлген адамдарды пысықтау; 
      қызметтiң бекiтiлген бағыттары бойынша ақпараттар мен құжаттамаларды тарату құқығын тану; 
      ақпараттар мен құжаттамаларды Мемлекеттiк стандарттар қорының жұмысын үйлестiрудi жүзеге асыратын органға интеграциялау ескерiле отырып жүзеге асырылуы тиiс. 

 

             Мемлекеттiк стандарттар қорының құрамы және 
                      оған қойылатын талаптар 

 
      Мемлекеттiк стандарттар қоры қойылған мiндеттердi орындауды қамтамасыз етуi тиiс. Құжаттардың құрамы: 
      стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк актiлерiнiң, мемлекеттiк тiзiлiмдерiнiң, ережелерi мен ұсынымдарының; 
      мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттардың (мемлекеттiк стандарттар жобаларының), техникалық-экономикалық ақпараттардың, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдардың, өнiмге және қызмет көрсетулерге арналған техникалық шарттардың мемлекеттiк жiктеушiлерiнiң; 
      стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы халықаралық шарттардың, халықаралық ұйымдардың стандарттауы, шетелдiктердiң стандарттары бойынша стандарттардың, ережелердiң, нормалардың және ұсынымдардың болуын көздеуi тиiс. 
      Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық басқару органдары өздерiнiң құзыретiнiң шегiнде, республикада белгiленген тәртiппен стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi басқа да құжаттарды (санитарлық нормалар мен ережелердi, санитарлық және құрылыс нормаларын, фармакопиялық баптарды) Мемлекеттiк стандарттар қорының құрамына енгiзе және өз ақпарат орталықтарын жинақтай алады. 
      Мемлекеттiк стандарттар қорының сапалық құрамы мен мүмкiндiктерi: 
      пайдаланушылардың көп шеңберi үшiн қол жетiмдiлiгiн; 
      республиканың өнеркәсiбi мен экономикасының, оның iшiнде сапа саласында өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң нақты түрлерiн жүргiзетiн дүниежүзi елдерiнiң халықаралық, ұлттық мүдделерiне жауап беретiн стандарттардың құрамы бойынша оңтайлылығы және оның болуын; 
      өзектiлiгiн, дәлдiгiн, арнайы құрылған қорғау жүйелерi жолымен рұқсат етiлмеген қол жеткiзуден қорғалуын; 
      қажеттi техникалық жабдықталуы мен жарақталуын, эстетикалық ресiмделуiн, стандарттар қорын орналастыруға және сақтауға арналған бөлмелердiң болуын; 
      экономиканың салаларын бағдарламалық қамтамасыз ету талаптарына сәйкес республикада қолданылатын стандарттардың тұрғысында анықтама-iздестiру аппаратының, деректердiң жиынтық базаларының, деректердiң бөлiнген базалары мен банктерiнiң; 
      ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу, ғылыми-зерттеу жүргiзу кезiнде, өнiмдер мен қызмет көрсетулердi әзiрлеу және өндiру кезiнде және қоғам қызметiнiң басқа да салаларында ең жоғары тиiмдiлiкпен жұмыс iстеудi; 
      шетелдiк стандарттар мен құжаттарды орыс және қазақ тiлдерiне аудару мүмкiндiгiнiң болуын қамтамасыз етуi тиiс. 
      Мемлекеттiк стандарттар қоры тапсырысшылардың қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн ұсынушылардың барлық түрлерiнде оның iшiнде қағаз, электрондық, микроұсынушылардың, қалыптасуы тиiс. 

 

              Мемлекеттiк стандарттар қорының ұйымдық құрылымы 

 
      Ұйымдық құрылым мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыруға қатысатын республиканың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ортақ мақсатты мүдделердi және мiндеттердi жүзеге асыру бағытталған келiсiлген жұмысын қамтамасыз етуi тиiс. 
      Мемлекеттiк стандарттар қорының жұмысын дұрыс ұйымдастыруы үшiн Мемлекеттiк стандарттар қорының мынадай құрылымы ұсынылады: 
      Стандарттар мен стандарттық үлгiлердiң мемлекеттiк ақпараттық орталығы - уәкiлеттi органы Мемстандарт болатын мемлекеттiк кәсiпорындар; 
      Ақпараттық технологиялар саласындағы стандарттау жөнiндегi техникалық комитет; 
      Мемстандарттың мемлекеттiк кәсiпорындарының қорлары; 
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық атқарушы органдардың және өнiмдердiң, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiгiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың, оның iшiнде: Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң, Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң (Мемэнергоқадағалау), Iшкi iстер министрлiгiнiң (Мемлекеттiк жол қозғалысы қауiпсiздiгi қызметi) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, Мемлекеттiк төтенше жағдайларды, өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау жөнiндегi қызмет) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгiнiң мамандандырылған қорлары; 
      Қазақ республикалық ғылыми-техникалық кiтапханасының (ҚазРҒТК) стандарттар қоры. 
      Мемлекеттiк стандарттар қорының құрамына кiретiн республиканың ақпараттық орталықтары мен қорлары өзiнiң қызметiн, оның iшiнде қорларды жинақтау және жүргiзу, ақпараттар мен құжаттамаларды тарату, бекiтiлген ережелерге сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау салаларында деректердiң нақты базалары мен банктерiн қалыптастыру жөнiндегi олардың алдында тұрған мiндеттер мен қызметтерiнiң бекiтiлген бағыттарына сәйкес жүзеге асыруы тиiс. 
      "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңына сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың Мемлекеттiк қорын құру және оны жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру Мемстандартқа тапсырылды. Мемстандарттар мен стандарттық үлгiлердiң Мемлекеттiк ақпарат орталығы арқылы Мемлекеттiк стандарттар қоры бөлiмшелерiнiң жұмыстарына жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыратын; дүниежүзiнiң шет елдерiнiң мемлекеттiк, халықаралық, ұлттық стандарттарын; стандарттау, метрология және сертификаттау салаларында заң актiлерiн, ережелердi және ұсынымдарды; техникалық-экономикалық ақпараттардың жiктеушiлерiн жүргiзетiн; республикада қолданылатын стандарттар мен құжаттар бойынша деректердiң жиынтық анықтама-библиографиялық базасын қалыптастыратын және жүргiзетiн; Бүкiлдүниежүзiлiк сауда ұйымы талаптарының шеңберiнде жұмыстарды орындайтын; ақпараттар мен құжаттамаларға тапсырыс берушiлерге қызмет көрсететiн; стандарттардың ақпараттық көрсеткiштерiн қалыптастыратын, стандарттар мен құжаттардың, көрсеткiштердiң аталған санаттарын шығаратын және тарататын болады. 
      Өнiмдердiң, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiгi жөнiндегi арнаулы құжаттардың: санитарлық нормалар мен ережелердiң (СН, САН, ПИН), медициналық-биологиялық талаптардың, мал дәрiгерлiк ережелердiң, құрылыс нормалары мен ережелерiнiң (СН, ҚНжЕ), фармакопиялық баптардың (құжаттар қорын қалыптастыру, оларды өңдеу, жүргiзу, тапсырысшыларды анықтамалық ақпараттармен, көрсеткiштермен және құжаттамалармен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды қоса алғанда) қорларын қалыптастыруды заңдармен өздерiнiң құзыретiне кiретiн өнiмдердiң, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң номенклатураларына сәйкес өнiмдердiң, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiне қатысты нормалар мен ережелер қабылдау жөнiндегi функциялар жүктелген мемлекеттiк басқару органдары жүзеге асыратын болады. 
      Республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де орталық атқарушы органдарының арнаулы қорлары олар әзiрленген стандарттармен және құжаттармен, сондай-ақ оларға бекiтiлген, оның iшiнде жұмыстарды жүргiзу, өнiмдер шығару жөнiндегi қызметпен өзара байланысты стандарттармен және құжаттармен жинақталуы тиiс. 
      Мемлекеттiк стандарттар қорының сыртқы ұйымдармен өзара iс-қимылының принциптерiн әзiрлеудi Мемлекеттiк стандарттар қорының кеңесi жүзеге асырады. Кеңестiң құрамына өнiмнiң, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiгi жөнiндегi мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгiнiң республиканың басқа да мүдделi министрлiктерiнiң мемлекеттiк комитеттерiнiң және өзге де орталық атқарушы органдарының мамандары кiредi. 
      Ақпараттық технологиялар саласындағы стандарттау жөнiндегi техникалық комитет стандарттау, метрология және сертификаттау салаларында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн құру, енгiзу және жетiлдiру мәселелерiмен айналысатын болады. 

 

                      Мемлекеттiк стандарттар қорының 
                       нормативтiк құқықтық базасы 

 
      Мемлекеттiк стандарттар қорының нормативтiк құқықтық базасы қорларды құру, жинақтау, өңдеу жүргiзу, жою, сақтау, деректердiң базалары мен банктерiн (республикада қолданылатын стандарттар деректерiнiң жиынтық базасын қоса алғанда; құжаттардың Мемлекеттiк стандарттар қорына жатқызу; Мемлекеттiк стандарттар қорының iшiндегi және сыртқы ұйымдармен өзара iс-қимылының принциптерiн айқындау жөнiндегi жүргiзiлетiн жұмыстардың, тапсырысшылар мен жұмыс iстеудiң ұйымдық-техникалық бiрлiгiн қамтамасыз етуi тиiс. 
      Осы мақсатта стандарттау жөнiнде бiрқатар ережелер мен нормативтiк құжаттар әзiрленетiн, "Қазақстан Республикасында ғылыми-техникалық ақпарат туралы", "Қазақстан Республикасындағы ақпарат туралы", "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының әзiрленетiн жобаларына өзгерiстер енгiзiлетiн (қажет болғанда) болады. 
      Одан басқа кейiн қажеттi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу арқылы есептеу техникалары құралдарын, қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды қолданудың және олардың проблемаларының негiзiнде стандарттау, метрология және сертификаттау салаларында ақпараттық қамтамасыз етудiң автоматтандырылған жүйелерiн құруға және енгiзуге байланысты бiрқатар мәселелер пысықталатын болады. 

 

              Мемлекеттiк стандарттар қорының халықаралық 
           ынтымақтастығы мен оны қалыптастырудың көздерi 

 
      Мемлекеттiк стандарттар қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарымен, ТМД мемлекеттерiнiң және дүниежүзiнiң дамыған елдерiнiң мемлекетаралық, халықаралық, ұлттық стандарттарымен жинақталуы және ұдайы толықтырылуы тиiс. 
      Бұл жұмыстарды жүргiзу үшiн: 
      заңдарда белгiленген тәртiппен Мемстандарттың Қазақстан Республикасы үшiн мүдделi елдердiң Стандарттау жөнiндегi ұлттық органдарымен екiжақты шарттар (келiсiмдер) жасауы; 
      Белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының стандарттау және заң шығару метрологиясы (ЗМХҰ) жөнiндегi халықаралық ұйымдардағы (ISО), Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымындағы (ДДҰ), тұрақты мүшелігiн және оның Электротехникалық өнiмдердi стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымға (ХЭК) кiруi жөнiнде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету; 
      Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық кеңестiң, Ислам мемлекеттерiнiң стандарттау және техникалық нормалау жөнiндегi мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссияның жұмысына, сондай-ақ стандарттау жөнiндегi халықаралық және мемлекетаралық техникалық комитеттердiң жұмысына қолдау көрсету және қатысу жоспарлануда. 
      Мемлекеттiк стандарттар қорын қажеттi стандарттармен толық жинақтау үшiн республика экономикасының салаларымен келiсiм бойынша ұлттық стандарттары Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiретiн дүниежүзi елдерiнiң тiзбесi айқындалатын болады. 

 

                    Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесi 

 
      Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру және дамыту стандарттау, метрология және сертификаттау саласында ақпараттық қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды одан әрi жетiлдiрудi қажет етедi. 
      Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесi құжаттар қорларын өңдеу және  жүргiзу, тапсырысшыларға қызмет көрсету процестерiн механикаландыруға және автоматтандыруға бағытталуы тиiс.
     Жүйенi құрудың негiзгi принциптерi:
     пайдаланушыларды қамтамасыз етудiң жеделдiгi;
     тақырыптық және аймақтық қамтудың кешендiлiгi;
     меншiктiң әртүрлi нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдардан керi байланысты қамтамасыз ету;
     жүйенi бөлiнген деректер банкiнiң негiзiнде интеграциялық құру және модульдiк дамыту;
     ұйымдастыру-әдiстемелiк бiрлiк;
     елдiң аймақтарын қамтуды ескере отырып қазiргi кездегi телекоммуникациялық құралдар;
     жүйе буындарының техникалық және бағдарламалық сыйымдылығы;
     жаңа ақпараттық ресурстардың қосылуы үшiн ашықтық;
     қайталаушы буындардың болмауы;
     пайдаланушылардың кең шеңберi үшiн қол жеткiзiлетiн интерфейс құру болуы тиiс.
     Жүйенi құруға Мемлекеттiк стандарттар қоры негiз болуға тиiс.
     Ақпараттық жүйе мыналарды қамтамасыз етуге тиiс:
     ақпаратты және құжаттаманы құжаттар, телекстер, магнит таспалар, микрофильмдер арқылы жедел тарату және алу;
     ақпарат пен стандарттарды жинау, беру және ұсыну мәселелерiнде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану;
     тапсырысшыларға қол жеткiзудiң барлық қазiргi заманғы режимдерде қызмет көрсету;
     отандық және шетелдiк пайдаланушылардың кез келген мұқтажын қамтамасыз ете алатын экономика салаларының талаптарына (заттық, нөмiрлеу, библиографиялық, толық мәтiндiк, фактографиялық, терминологиялық, сертификатталған өнiм, сертификаттау жөнiндегi тiркелген органдар мен лабораториялар, өнiмнiң әртүрлi тарапының сапа және қауiпсiздiгiне қойылатын мiндеттi түп нұсқалары әзiрлеушiлер мен ұстаушылар туралы) шаққандағы бағдарламалық қамтамасыз етiлген электрондық базалар мен деректер банкiн құру; 
      Мемстандарттың арнайы журналын басып шығару арқылы баспалық-насихаттау қызметiн жетiлдiру, Мемстандарттың бюллетенiн, жарнамалық және ақпараттық бюллетеньдердi стандарттардың нұсқамалары мен каталогтарын жариялау нысандарын жетiлдiру, мүдделi пайдаланушылар үшiн ақпарат күндерiн өткiзу; 
      телекоммуникациялық арналар бойынша, оның iшiнде ИСОНЕТ халықаралық ақпарат желiсi, американдық - ИНТЕРНЕТ арқылы шетелдiк деректер базалары мен банктерiне қол жеткiзу мәселелерiн шешу; 
      халықаралық ақпарат кеңiстiгiне және ТМД елдерi кеңiстiгiне кiруге, стандарттау жөнiндегi халықаралық, ұлттық ақпарат қорларымен ТМД елдерiнiң қорларымен өзара iс-қимылға жәрдемдесу; 
      Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы iшкi ақпарат кеңiстiгiн ақпарат алмасудың ақпараттық желiлерiн құру арқылы қалыптастыру. 

 

                Мемлекеттiк стандарттау жүйесiн жетiлдiру 

 
      Мемлекеттiк стандарттар қорын дамыту және оның құрамын толықтыру стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды дамыту мен жетiлдiрудi, оның iшiнде қажеттi нормативтiк құжаттаманы әзiрлеудi көздейдi. 
      Таяудағы жылдарға арналған стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарының iшiнде мыналар болуға тиiс: 
      халықаралық стандарттар мен дүниежүзiнiң өнеркәсiптiк дамыған елдерiнiң ұлттық стандарттарын қолдану және мемлекеттiк стандарттарды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру; 
      өнiмнiң қауiпсiздiгi саласында заң шығару және нормативтiк базаны әзiрлеу; 
      басымдықтарды өнiмнiң, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiк нормаларын, терминологияны, өнiмдердiң жiктемесiн, өнiмнiң сапасын қабылдау мен бақылау ережелерiн, өнiмге таңба салуға, оны буып-түюге, тасымалдау мен сақтауға қойылатын талаптарды реттейтiн мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеуге қарай көшiру; 
      денсаулық сақтау өнiмiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн стандарттау; бұрғылау және шикiзат өндiру процестерiн қоса алғанда, мұнай-газ саласы; қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы экологиялық қауiпсiздiк бойынша және экономиканың бүгiнде олар болмай тұрған басқа да маңызды салалары бойынша стандарттар мен нормативтiк құжаттар кешенiн құру; 
      денсаулық сақтау (дәрiлiк заттар, дәрi-дәрмек, медициналық техника), еңбек қауiпсiздiгi және бiлiм беру ("Стандарттау және оқу орындары") саласындағы, бидай және бидай өнiмдерi, ет және ет өнiмдерi, қару-жарақ бойынша, ақпараттық технологиялар, өлшем құралдары, көлiк құралдары бойынша стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердi құру. 

 

              Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру мен 
                           дамыту кезеңдерi 

 
      Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру мен дамыту қордың барлық қатысушыларының нормативтiк және құқықтық мәселелердiң, ұйымдастырушылық және қаржы проблемаларының кең ауқымын мемлекеттiк деңгейде және республиканың нақты құрылымдық бөлiмшелерi деңгейiнде шешу барысында күш-жiгерiн үйлестiруiн талап ететiн үлкен де күрделi мәселе болып табылады. 
      Тұжырымдаманы екi кезеңге бөлiп iске асыру көзделiп отыр. 
      Бiрiншi кезеңде 1997-1998 жылдары мыналарға қатысты құқықтық, техникалық және ұйымдастырушылық мәселелердi пысықтау жүргiзiледi: 
      Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру және дамыту. Мұнда Мемлекеттiк стандарттар қорының нақты құрылымы мен құрамы, оны құру мен пайдаланудың тәртiбi, оның құрылымдық бөлiмшелерi мен сыртқы ұйымдардың арасындағы өзара iс-қимылдың принциптерi мен нысандары айқындалады; 
      Дүниежүзiлiк сауда ұйымының талаптарына сай келетiн Мемлекеттiк ақпарат орталығын құру; 
      стандарттарды басып шығару мен тарату үшiн баспахана құру; 
      Мемлекеттiк стандарттар қорының Кеңесiн құру, оның функциялары мен құрылымын айқындау; 
      Мемлекеттiк стандарттар қорымен жұмыс жүргiзудiң бiрыңғай тәртiбiн регламенттейтiн құжаттар пакетiн әзiрлеудi бастау; 
      стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелерi бойынша деректердiң бөлiнген базалары мен банктерiн құру. 
      Екiншi кезеңде 1998-2000 жылдары мыналар жоспарланып отыр: 
      Мемлекеттiк стандарттар қорымен жұмыс жүргiзудiң бiрыңғай тәртiбiн регламенттейтiн құжаттар пакетiн әзiрлеудi аяқтау; 
      Қазақстанның Халықаралық электр-техникалық комиссияға кiруi және шетелдермен ақпарат және стандарттар алмасу жөнiнде шарттар жасасу мәселелерiн пысықтау; 
      құжаттар қорын өңдеу, жүргiзу және сақтау процестерiн және тапсырысшыларға қызмет көрсетудi механикаландыру мен автоматтандыру, ақпараттық қамтамасыз етудiң автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiндегi жұмыстарды бастау; 
      республикада стандарттау және ақпараттық технологиялар саласындағы ақпарат проблемалары жөнiндегi техникалық комитет құру туралы мәселенi пысықтау; 
      республикада қолданылатын стандарттар мен нормативтiк құқықтарға шаққандағы жиынтық анықтамалық-библиографиялық деректер базасын қалыптастыру жөнiндегi жұмыстарды бастау; 
      Қазақстанның Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымының ИСОНЕТ ақпарат жүйесiне мүше болып кiруi мәселелерiн пысықтау; 
      Ұлттық стандарттары Қазақстан Республикасы үшiн қызығушылық танытатын дүниежүзi елдерiнiң тiзбесiн айқындау. 
      Қолданылып жүрген стандарттардың сапалық құрамын оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру негiзiнде жетiлдiру және стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер құру жөнiндегi жұмыстар белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 

 

                Мемлекеттiк стандарттар қорын дамытуды 
                        қаржыландыру көздерi 

 
      Мүдделi ұйымдардың қаражаты, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн басқа да көздер Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру мен дамытуды қаржыландыру көздерi болып табылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады