"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Судьялар және әдiлет қызметкерлерiн даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 11 тамыздағы N 1246

      Әдiл сотты жүзеге асыру сапасын көтеру, жүргiзiлiп отырған нарықтық жаңартуларды ескере отырып судьялар мен әдiлет қызметкерлерiн оқыту мен олардың бiлiктiлiгiн арттырудың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақ мемлекеттiк заң университетiнiң жанындағы бiлiктiлiктi арттыру факультетiнiң негiзiнде жедел басқару құқығындағы "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiн даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiн даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiн даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын нормативтерге сәйкес техникамен, көлiкпен қызметтiк үй-жайлармен, жатақханамен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етсiн.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң институтын ұйымдастыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1994 жылғы 26 мамырдағы N 564 қаулысының P940564_ 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 23, 245-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады