"Қазақмұнайқұбыры" ұлттық мұнай құбыры компаниясының жекелеген мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 21 қыркүйек N 1357

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Қазақмұнайқұбыры" ұлттық мұнай құбыры компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының осы акционерлiк қоғамның фирмалық атауын:
      "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компания" деп өзгерту жөнiндегi ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi заңда белгiленген тәртiппен "Қазақмұнайқұбыры" ұлттық мұнай құбыры компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын осы қаулының 1-тармағына сәйкес қайта атау жөнiнде қажеттi ұйымдастыру шараларын қабылдасын.
      3. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компанияның Байқаушы кеңесi мына құрамда бекiтiлсiн:

     Шүкеев Ө.Е.        - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
                          орынбасары - Қазақстан Республикасының
                          Экономика және сауда министрi, төраға

     Дәукеев С.Ж.       - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                          табиғи ресурстар министрiнiң орынбасары
                          (вице-министрi) - Қазақстан Республикасы
                          Энергетика және табиғи ресурстар
                          министрлiгiнiң Геология, жер қойнауын
                          қорғау және пайдалану комитетiнiң төрағасы

     Қалмырзаев С.С.    - Қазақстан Республикасы Қаржы
                          министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен
                          активтердi басқару департаментiнiң
                          директоры

     Қаппаров Н.Д.      - "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi
                          ұлттық компаниясының президентi

     Котлов А.Н.        - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
                          Кеңсесi Басшысының орынбасары

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын - "Южнефтепровод" және "Қазақстан мен Орта Азия арналы мұнай құбыры" өндiрiстiк бiрлестiктерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 461 қаулысына: 
      1-тармақтың екiншi және үшiншi абзацындағы және 2-тармақтағы "Қазақмұнайқұбыры" ұлттық мұнай құбыры компаниясын", "Қазақмұнайқұбыры" ұлттық мұнай құбыры компаниясы" деген сөздер "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясын", "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "Құбыр желiсi көлiгiн дамыту мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 шiлдедегi N 1176 қаулысына: 
      1-тармақтағы "Қазақмұнайқұбыры" ұлттық мұнай құбыры компаниясы" деген сөздер "КазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
       Ескерту. 4-тармақтың 6, 7, 8, 9-абзацтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.27. N 781  қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады