"Қазаэрожоба" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 17 қарашадағы N 1594

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар  Жарлығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат) Қазақстан Республикасының авиациялық кешенiн жетiлдiру, әуежайларды, аэродромдар мен аэронавигация объектiлерiн жобалау және олардың пайдалануға жарамдылығын айқындау жөнiндегi қызметтi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. "Қазаэрожоба" қазақ мемлекеттiк азаматтық авиация жобалау-iздестiру ғылыми-зерттеу институты шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазаэрожоба" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оның заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өтуiн қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) "Қазақ азаматтық авиация басқармасын қайта құру және "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 27 тамыздағы N 741  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 33, 388-құжат): 
      2-тармақтың алтыншы абзацындағы "Қазаэрожоба" қазақ мемлекеттiк жобалау-iздестiру және ғылыми зерттеу институты" деген сөздер алынып тасталсын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады