Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1390 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құрылымы 1-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне төрт вице-министр, оның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ он жетi адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.03.02. N 161 қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің қарауында қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес (2-қосымша) ұйымдардың болатыны назарға алынсын.
      5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 сәуiрдегi N 674 қаулысы;
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 398 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 866 қаулысы;
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 874 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 19, 182-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 қазандағы N 1466 қаулысының 7-тармағының 12-абзацы.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
1997 жылғы 21 қарашадағы
N 1640 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (Қаржыминi) туралы
ЕРЕЖЕ Миссиясы

      Мемлекеттiк қаржыларды тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету және тұрақты экономикалық өсуге жағдай жасау.

I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қаржыларды басқару саласындағы орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Министрлiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiктiң және оның аумақтық органдарының өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдары, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар атқаруға мiндеттi.
      4. Министрлiк өзiнiң қарауында және ведомстволық бөлiмшелерiнде болатын мүлiктi иелену, пайдалану және билiк ету құқығын жүзеге асырады.
      5. Министрлiк республикалық меншiктi пайдалану, иелену және билiк ету жөнiндегi уәкiлеттi органның функциясын жүзеге асырады.
      6. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      7. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен бланкiлерi болады.
      8. Министрлiктi және оның құрылымдық бөлiмшелерiн ұстау республикалық бюджетте көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.

II. Басымдықтары

      9. Министрлiк өзiнiң қызметiне мынадай басымдықтарды басшылыққа алады:
      салық салынатын базаны кеңейту, контрабандамен күрес жүргiзу әдiстерiн жақсарту жолымен мемлекеттiк кiрiстiң өсуiн қамтамасыз ету және салықтарды, алымдар мен кеден төлемдерiн төлеуден жалтаратын адамдарды анықтау;
      мемлекеттiк бюджеттi қалыптастыру мен атқару процесiн жетiлдiру, бюджеттiк бағдарламалау әдiстерiн енгiзу, мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуiн жақсарту; мемлекеттiк қаражаттарды пайдаланудың мониторингi мен аудиттi жүйесiн құру және дамыту;
      мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру; тiкелей және кепiлдiк берiлген мемлекеттiк борышты басқару жүйесiн жетiлдiру.

III. Негiзгi мiндеттерi

      10. Мемлекеттiк дамыту стратегиясын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу.
      11. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен және Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып, мемлекеттiң қысқа және орта мерзiмдi перспективаға арналған салық-бюджет және кеден саясатын әзiрлеу және оны жүзеге асыру.
      12. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен және Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып, республикалық бюджет және мемлекеттiк топтастырылған балансының жобасын қалыптастыру.
      13. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен және Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып, қаржылық және бюджеттiк жоспарлаудың, мемлекеттiк бюджеттi реттеу және атқарудың әдiстерiн жетiлдiру.
      14. Мемлекеттiк қаржылық есеп берудiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру.
      15. Республикалық меншiктi пайдалану, иелену және билiк ету бойынша уәкiлеттi органның функциясын жүзеге асыру.
      16. Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк қаржы тәртiбiн сақтауына бақылау жасауды ұйымдастыру.
      17. Сақтандыру қызметi саласында мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауды жүзеге асыру.
      18. Мемлекеттiк қаражаттардың, мемлекеттiк сыртқы заемдар мен гранттардың, сондай-ақ мемлекет кепiлдiгi берiлген сыртқы заемдардың мақсатты және тиiмдi пайдаланудың мониторингi және оған бақылау жасау.
      19. Бухгалтерлiк есеп пен аудит, қаржылық есеп беру және оның экономикалық барлық саласындағы үйлестiру методологиясын айқындау.
      20. Алкогольдi өнiмдi өндiруге және оның айналымына мемлекеттiк бақылау.
      Ескерту. Жаңа 20-тармақпен толықтырылды, 20-63-тармақтар тиiсiнше 21-64-тармақтар болып саналды - ҚРҮ-нiң 1998.01.27. N 39 қаулысымен

IV. Функциялары

      21. Мемлекеттiк қаржыларды басқару саласында мемлекеттiк саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу. 22. Мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды, стратегиялық және индикативтiк жоспарларды әзiрлеуге қатысу. 23. Басқарудың тиiмдi ұйымдастырушылық нысандарын әзiрлеу және енгiзу. 24. Мемлекеттiк қаржы саласындағы заңдарды қолданудың практикасын талдау және қорытындылау, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, Министрлiктiң құзыретiне жататын заңдардың және нормативтiк, құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу. 25. Халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу. 26. Мемлекеттiк қаржыларды басқару мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру. V. Құқықтары 27. Мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан, заңды және жеке тұлғалардан заңдарда белгiленген тәртiппен ақпарат сұрау және алу. 28. Өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар мен нормативтiк құқықтық актiлер шығару.
      29. Заңды және жеке тұлғалардың қаржы тәртiптерiн сақтауларын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тарту.
      30. Республикалық меншiктегi мүлiктi иелену, пайдалану және билiк ету, өз құзыретiнiң шегiнде акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқару.
      31. Қолданылып жүрген заңдарда белгiленген жағдайларда және тәртiппен лицензиялауды жүзеге асыру.
      32. Мемлекеттiк кәсiпорын құрылтайшыларының және оларды басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың функцияларын заңдарда белгiленген тәртiппен iске асыру, олардың жарғыларын бекiту, республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң оларға қатысты функцияларын жүзеге асыру.
      33. Өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру.
      34. Мемлекеттiк қаржылар мен мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасау.
      35. Бiрыңғай қазынашылық шоттың ағымдағы қалдықтарын тиiмдi орналастыру жолымен оларды басқару.

VI. Мiндеттерi

      36. Мемлекеттiк қаржыларды басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының сақтауын қамтамасыз ету.
      37. Мемлекеттiк қаржылардың пайдаланылуына талдау жасауды жүзеге асыру.
      38. Мемлекеттiк қаржыларды пайдаланудың транспаренттiгiн қамтамасыз ету.
      39. Мемлекеттiк бюджеттi жоспарлау мен атқаруды жетiлдiру жөнiнде шаралар әзiрлеу және жүзеге асыру.
      40. Мемлекеттiк бюджеттiң және мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың аудит стандарттарын әзiрлеу.

VII. Жауапкершiлiгi

      41. Министрлiктiң стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға. 42. Мемлекеттiк қаржы жүйесiнiң жай-күйi туралы ақпараттардың сенiмдiлiгiне.
      43. Мемлекеттiк қаржылардың тиiмдi және мақсатты пайдаланылуына.
      44. Мемлекеттiк қаржыларды басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент және Үкiмет актiлерiнiң сақталуына.
      45. Қаржы тәртiбiн сақтау саласында шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен тұрғындар арасындағы насихат және ағарту жұмыстарына.

VIII. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру

      46. Министрлiк пен оның аумақтық органдары Министрлiктiң бiртұтас жүйесiн құрады.
      47. Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Министрдiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын үш орынбасары - вице-министрлерi, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады. Министрдiң Парламентпен байланыс жасау жөнiндегi хатшы вице-министрi болады.
      48. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
      49. Осы мақсаттар үшiн Министр:
      - өзiнiң орынбасарларының, Министрлiктiң департаментi директорларының және басқа да қызметкерлердiң мiндеттерi мен өкiлдiктердiң аясын айқындайды;
      - Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Министрлiктi барлық органдар мен ұйымдарға бiлдiредi;
      - Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн Құрылымдар туралы ережелердi бекiтедi;
      - штат кестесi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу қоры шегiнде бекiтiледi.
      - өзiнiң құзыретiне жататын басқа да мәселелер жөнiнде шешiм қабылдайды.
      Ескерту. 49-тармақтың 6-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.03.02. N 161 қаулысымен.
       50. Министрлiкте құрамында Министр, оның орынбасарлары, департаменттер мен комитеттердiң жекелеген басшылары болатын алқа құрылады. Алқаның құрамына өзге де тұлғалар кiре алады.
      Алқаның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Алқаның дербес құрамын Министр бекiтедi.
      Алқаның шешiмi Министрдiң бұйрықтарымен iске асырылады. Алқа мүшелерiнiң дауыстары тең болған жағдайда шешiмдi алқаның төрағасы қабылдайды.
      51. Мемлекеттiң қаржы саясатын жүргiзу жөнiндегi функцияларды iске асыру үшiн Министрлiктiң құрамына министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өкiлдерiн, сондай-ақ жекелеген ғалымдар мен мамандарды енгiзе отырып, тұрақты жұмыс iстейтiн әдiстемелiк (методологиялық) кеңестер мен уақытша жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
      52. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
      53. Министрлiктiң қабылдаған шешiмдерi Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
      54. Министр болмаған кезде Министрдiң бiрiншi орынбасары оны алмастырады, Министрлiк жанындағы комитеттердiң қызметiн үйлестiредi, өзiне Министр жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
      55. Министрлiктiң орталық аппараты департаменттер мен Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдардан тұрады. Министрлiктiң құрамында заңды тұлға болып табылатын департаменттер және комитеттердiң құрылуы мүмкiн. Департаменттердiң (заңды тұлға құқығы бар) және комитеттердiң тiзбесiн Үкiмет бекiтедi. Мұндай департаменттер мен комитеттер құру туралы шешiмдi Үкiмет қабылдайды.
      56. Департаменттi Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады. Заңды тұлға болып табылатын Департаменттiң директорын Министрдiң ұсынуымен Үкiмет қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Департамент директорының ұсынуымен Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      Департамент және оның құрылымы туралы ереженi Департамент директорының ұсынуымен Министр бекiтедi. Заңды тұлға болып табылатын департаменттер туралы ереженi Үкiмет бекiтедi.
      57. Департаменттiң директоры Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуын, оның ол функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
      58. Министрлiктiң жанындағы (iшiндегi) Комитет (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      59. Комитет Министрлiктiң құзыретi және өзiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде арнаулы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын дербес жүзеге асырады. Комитеттiң өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
      60. Комитет заңды тұлға болып табылады, банкте өзiнiң шоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi болады.
      61. Комитеттiң штат санын Үкiмет айқындайды.
      62. Комитеттi Министрдiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитет төрағасының орынбасары болады.
      63. Комитеттiң төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқаруды жүзеге асырады. Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
      64. Комитеттiң төрағасы осы мақсаттарды:
      өз орынбасарының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк дәрежесiн айқындайды;
      Министр бекітетiн номенклатуралық қызмет лауазымдарына сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; тәртiптiк шаралар қолданады;
      өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
      Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi, оның аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде Комитеттi мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда бiлдiредi;
      өзiнiң құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
1997 жылғы 21 қарашадағы
N 1640 қаулысына   
1-қосымша       

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Бюджеттiк департамент
      Бухгалтерлiк есеп және аудит методологиясы департаментi (заңды тұлға құқығында)
      Ақпарат жұмысын инспекторлық-ұйымдастыру департаментi
      Қаржы жүйесi кадрларын даярлау мен қайта даярлау және қызметкерлермен жұмыс iстеу департаментi
      Қазынашылық департаментi (заңды тұлға құқығында)
      Мемлекеттiк мүлiк пен жекешелендiру департаментi (заңды тұлға құқығында)
      Фискальдық саясат департаментi
      Заң қызметi департаментi
      Сақтандыруды қадағалау департаментi (заңды тұлға құқығында)
      Салық полициясы департаментi (заңды тұлға құқығында)
      Қаржы бақылау комитетi (заңды тұлға құқығында)
      Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында)
      Салық комитетi (заңды тұлға құқығында)
      Кеден комитетi (заңды тұлға құқығында)
      Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департамент (заңды тұлға құқығында)
      Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында)
      Алкоголь өнiмiн өндiруге және оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында)
      Ескерту. Қосымша толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.01.27. N 39 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
1997 жылғы 21 қарашадағы
N 1640 қаулысына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың
ТIЗБЕСI

      Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры
      Медетшi банкi
      "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк"
      Мемлекеттiк қаржы институты
      Ақмола қаржы-экономикалық колледжi
      Рымбек Байсейiтов атындағы Семей қаржы- экономикалық колледжi
      Бас есептеу орталығы
      "Қаржы-қаражат" баспасы
      Қызмет ғимараттарын пайдалану және шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi басқарма
      Қаржы жүйесiнiң басшы қызметкерлерi мен мамандарының бiлiктiлiгiн арттырудың тұрақты жұмыс iстейтiн курстары
      Ескерту. Қосымшадан жол алынып тасталды - ҚРҮ-нің 1999.04.21. N 443 қаулысымен.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады