Байланыс формасы

"Орталық стадион" қазыналық кәсiпорны туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 желтоқсан N 1809a. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.28. N 289 қаулысымен. ~P010289

      Қазақстан спортының деңгейiн көтеру, армиялық балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерi мен секцияларының базасында даярлау және халықаралық сыныптағы футбол командаларын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi "Орталық стадион" қазыналық кәсiпорнының уәкiлеттi органы болып айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi "Орталық стадион" қазыналық кәсiпорнын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне берудi қамтамасыз етсiн.
      3. "Мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан

 

Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 


P960790_


  қаулысына

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай

толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк

кәсiпорындардың тiзбесiне:

     мынадай мазмұнды, реттiк нөмiрi 21а жолмен толықтырылсын:

     "21а "Орталық стадион" қазыналық   Алматы қаласы";

          кәсiпорны


     реттiк нөмiрi 31 жол алынып тасталсын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады