Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа енгiзудiң және өтеудiң ережесiн бекiту туралы<*>

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 30 желтоқсан N 1859. Тақырыбы өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437 қаулысымен. ~P010437.

      "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 23-24, 414-құжат) сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң алдындағы 1991-1997 жылдары алынған несиелер бойынша берешектерiн мемлекеттiк бағалы қағаздарға қайта ресiмдеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа енгiзудiң және өтеудiң ережесі бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Үкіметінің 2001.04.02. N 437 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелердi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы 1991-1997 жылдардағы берешектерiн өтеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң меншiгiне беру туралы келiсiм жасассын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1998 жылдың 5 қаңтарында Үкiметтiң 1991-1997 жылдардағы кезеңде алынған несиелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң алдындағы берешегiнiң сомасына тең көлемде, 36 850 374 мың теңге мөлшерiнде он жылдық айналыс мерзiмiмен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелерiн шығаруды жүзеге асырсын және оларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийлерi" ЖАҚ-да ашылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi депосының есепшотына есептесiн.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Үкіметінiң 1998.04.07. N 290 қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелерiн өтеу және оларға қызмет көрсету республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi деп белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрi

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1859 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың айналысқа енгiзудiң және өтеудiң ережесі

      Ескерту. Тақырыбы өзгерді – ҚР Үкіметінiң 2001.04.02. N 437 қаулысымен.
      Ескерту. Мәтіндегі "(мүдде)" және "(мүдденің)" деген сөздер алынып тасталды – ҚР Үкіметінiң 2001.04.02. N 437 қаулысымен.

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелерiн (бұдан әрi - арнаулы қазынашылық мiндеттеме) он жылдық мерзiммен Қазақстан Республикасының аумағында шығарудың, айналысқа енгiзудiң және өтеудiң тәртiбiн айқындайды.

      "Государственное специальное казначейское обязательство" (ГСКО) атауы қазақ тiлiнде - "Мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттеме" (МЕАҚАМ) деп аталады.

      2. Арнаулы қазынашылық мiндеттеме мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Эмитент) шығарады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздар рыногында еркiн айналыста қолданылады.

      3. Арнаулы қазынашылық мiндеттеме құжатсыз нысанда "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ (бұдан әрi - Орталық депозитарий) шот-депосындағы жазбалар түрiнде шығарылады.

II. Арнаулы қазынашылық мiндеттемелердi шығару және айналысқа енгiзу

      4. Арнаулы қазынашылық мiндеттемелердi шығаруда Эмитенттiң

      бекiтiлген шығару параметрлерiне орай, қолданылып жүрген заң

      актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі -

      Ұлттық Банк) берген ұлттық бiрдейлендiрiлген нөмiрi болады.

      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28 N 1369 қаулысымен.

      5. Арнаулы қазынашылық мiндеттемелердi шығарудың мынадай параметрлерi:

      - ұлттық бiрдейлендiрiлген нөмiрi;

      - шығару көлемi;

      - айналыс мерзiмi;

      - шығару күнi;

      - өтеу күнi;

      - арнаулы қазынашылық мiндеттеменiң бастапқы құны;

      - сыйақының (мүдденiң) ставкасы;

      - сыйақыны (мүдденi) төлеу күнi көрсетiлетiн (осы Ережеге

      қосымша) Ауқымды сертификат ресiмделедi.

      6. Ауқымды сертификат - бiрi Эмитент үшiн, ал екiншiсi

      Ұлттық Банкi үшiн екi данада ресiмделедi.

      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28 N 1369 қаулысымен.

      7. Арнаулы қазынашылық мiндеттеменiң айналыс мерзiмi аяқталғаннан және Эмитент өзiнiң мiндеттемесiн атқарғаннан кейiн Ауқымды сертификат жарамсыз болып танылады.

      8. Арнаулы қазынашылық мiндеттеменiң бастапқы құны - 1000 (бiр мың) теңге.

      9. Арнаулы қазынашылық мiндеттемелерiнiң номиналдық құнына, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап , Ауқымды сертификатта келтiрiлген сыйақы есептеледi, бұл ретте тиісті кезеңге арналған сыйақы сомасын есептеу үшін арнаулы қазынашылық міндеттемелер айналысының есептік кезеңіндегі күнтізбелік күндердің саны және жылдағы 365 күн қолданылады.

      Ескерту. 9-тармақ өзгердi – ҚР Үкіметінiң 1998.12.31. N 1391; 2001.04.02. N 437 қаулыларымен.

      10. Арнаулы қазынашылық мiндеттеменiң айналыс мерзiмi 10 күнтiзбелiк жылды құрайды.

      11. Қайталама рыноктағы арнаулы қазынашылық мiндеттемелермен жүргiзiлетiн барлық операциялар бағалы қағаздардың қайталама рыногын реттейтiн құқықтық актiлердiң нормативтерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Арнаулы қазынашылық мiндеттемелердiң иелерi оларды кепiлге беруге, РЕПО операцияларын жүргiзуге, қайталама рыногта сатып алуға және сатуға құқылы. Бұл ретте инвестор сату-сатып алу, кепiлге беру және РЕПО операциялары бойынша барлық операцияларды Орталық Депозитарийге айналысқа енгiзу жолымен Бастапқы дилер арқылы ресiмдейдi.

      13. Ұлттық Банк Эмитентке ай сайын Эмитент бекiткен және Ұлттық Банкпен келiсiлген есептiлiк нысаны бойынша арнаулы қазынашылық мiндеттемелерге, РЕПО операцияларын қоса алғанда, мүлiктiк құқықтарының ауысқаны туралы есеп ұсынады.

      14. Арнаулы қазынашылық мiндеттемелердi есепке алу, сақтау және ауыстыру Орталық депозитарий ережелерiнiң жиынтығына сәйкес Орталық депозитарийдегi шот-депо бойынша жүзеге асырылады.

      15. Есептелген сыйақыны (мүдденi) төлеу 2000 жылдың 25 маусымынан бастап тиiстi күнге әрбiр алты айдан кейiн, осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген сыйақы есептелген күннен бастап, арнаулы қазынашылық мiндеттемелердiң айналым мерзiмi шегiнде жүргiзiледi. Есептелген сыйақыны (мүдденi) төлеу күнi демалыс немесе мереке күнiне сәйкес келген жағдайда, сыйақы (мүдде) есеп айырысу күнiнен кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi төленедi.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінiң 1998.12.31. N 1391 қаулысымен.

III. Арнаулы қазынашылық мiндеттемелердi өтеу

      16. Эмитент сыйақыны (мүдденi) төлеудi және бастапқы құны бойынша арнаулы қазынашылық мiндеттемелердi өтеудi оларды шығару кезiнде өзiне алған мiндеттемелерге қатаң сәйкес жүзеге асырады.

      17. Арнаулы қазынашылық мiндеттемелердi өтеу және олар бойынша есептелген сыйақыны (мүдденi) төлеу республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен Орталық депозитарийдi өтеуге арналған жиынтық ведомста көрсетiлген, бастапқы дилерлер шотына ақша аудару жолымен жүзеге асырылады.

      18. Ұлттық Банк арнаулы қазынашылық мiндеттемелердiң айналыс мерзiмi аяқталатын және (немесе) олар бойынша сыйақы ставкаларын төлеу күнiне дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей Эмитентке арнаулы қазынашылық мiндеттемелердi ұстаушылардың кәсiпкер қатысушыларын көрсете отырып негiзгi борышты өтеу және (немесе) сыйақы ставкаларын төлеу сомалары көрсетiлетiн, Орталық депозитарийдi өтеудiң жиынтық ведомосын жолдайды.

      19. Эмитент арнаулы қазынашылық мiндеттемелер бойынша проценттердi төлеуге арналған жиынтық ведомстарды алған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бастапқы дилерлердiң шоттарына жиынтық ведомоста көрсетiлген сомалардың ақшасын аударады.

      19-1. Эмитент арнаулы қазынашылық міндеттемелерді сыйақы есептеудің кезекті кезеңінде олардың айналыста болған нақты уақыты үшін сыйақы төлей отырып, мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға құқылы. Эмитенттің мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімі мұндай өтеу күніне дейін 7 жұмыс күні бұрын Ұлттық Банкке (келісім бойынша), ал ол, өз кезегінде, 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы бастапқы дилерлерге хабарлайды.

      Егер арнаулы қазынашылық міндеттемелердің бастапқы құнын мерзімінен бұрын өтеу күні немесе өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда, егер Эмитент өзгеше көздемесе, өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.

      Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437 қаулысымен.

IV. Қорытынды ережелер

      20. Арнаулы қазынашылық мiндеттемелерге меншiк құқығының бiр ұстаушыдан басқасына ауысуы арнаулы қазынашылық мiндеттемелердi ұстаушылардың жазбаша тапсырысының және/немесе электрондық тапсырысының негiзiнде сатушының және сатып алушының шот-депосына тиiстi жазба енгiзу жолымен, тек Орталық депозитарий арқылы жүзеге асырылады.

      21. Арнаулы қазынашылық мiндеттемелермен операциялар бойынша салық салудың тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 21-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437 қаулысымен.

  Қосымша

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың АУҚЫМДЫ СЕРТИФИКАТЫ

      Ескерту. Қосымша өзгердi – ҚР Үкіметінiң 1998.12.31 N 1391; 2001.04.02. N 437 қаулыларымен.

      Осы Ауқымды сертификат Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелерiн (бұдан әрi - мiндеттемелер) шығарудың барлық көлемiне арналып ресiмделген.

      Мiндеттемелердi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1859 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шығарады.

      Мiндеттемелердi шығарудың параметрлерi:

      Ұлттық бiрдейлендiрiлген нөмiрi:

      Шығару көлемi: 36 944 127 мың теңге;

      Айналыс мерзiмi: шығарылған сәттен бастап 10 жыл;

      Шығару уақыты: 1998 жылдың 5 қаңтары;

      Өтеу уақыты: 2007 жылдың 31 желтоқсаны;

      Мiндеттемелердiң бастапқы құны: 1000 (бiр мың) теңге;

      Сыйақы (мүдделер) ставкасы: 9,75%;

      Сыйақыны (мүдденi) есептеу күндерi: 25.06.00, 25.12.00., 25.06.01, 25.12.01, 25.06.02, 25.12.02, 25.06.03, 25.12.03, 25.06.04, 25.12.04, 25.06.05, 25.12.05, 25.06.06, 25.12.06, 25.06.07, 25.12.07.

      Мiндеттемелердi шығарудың нысаны - құжатсыз. Шығару осы Ауқымды сертификатпен ресiмделген. Арнаулы қазынашылық мiндеттемелерге меншiк құқығы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийлерi" ЖАҚ-да депо-есепшоттарында жазба нысанында көрсетiледi.

      Мiндеттемелердiң айналысы Қазақстан Республикасының арнаулы қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа енгiзудiң және өтеудiң ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалған 1998 жылғы " " ________ келiсiмге сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Ауқымды сертификат - бiреуi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi үшiн, екiншiсi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi үшiн екi данада жасалады.

      Бiрiншi вице-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады