Байланыс формасы

"Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығын және Машина жасауды болжау жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қаңтардағы N 2 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1313 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.15 № 1313 Қаулысымен.

      Машина жасау кешенiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу және оны iске асыруды ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының, Қорғаныс министрлiгiнiң және Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағыныстағы "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығын "(СFТО)" құру туралы ұсынысы қабылдансын. "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығының (CFTO) мекен-жайы Алматы қаласы болып белгiленсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 1998.05.20. N 457 қаулысымен. P980457_
 
      2. Қарағанды ұлттық техникалық университетiнiң жанындағы машина жасау кешенiн болжау жөнiндегi арнайы ғылыми бөлiмшенiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағынысты "Машина жасауды болжау жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" мемлекеттiк мекемесi құрылсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
       4. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, Қаржы министрлiгi, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi:
      бiр ай мерзiм iшiнде "Машина жасау" салааралық ғылыми-зерттеу орталығының құрамына кейбiр бейiндiк ғылыми-зертеу және тәжiрибе конструкторлық ұйымдарды енгiзу жөнiнде ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзетiн болсын;
      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесе отырып 1998 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1998.05.20. N 457
               қаулысымен. P980457_
 
      5. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы бiр ай мерзiмде:
      құрылған мемлекеттiк мекемелер туралы ережелердi бекiтсiн және белгiленген тәртiппен олардың әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      "Машина жасаудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен аспаптар жасаудың ғылыми-техникалық проблемалары" нысаналы бағдарламасының кең ауқымды нұсқасын оның негiзгi тапсырмаларымен және көрсеткiштерiмен бекiтсiн. 6. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы мен Әдiлет министрлiгi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады