"Туран Әлем Банкi" жабық акционерлiк қоғамын жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 25

      Экономикалық қауiпсiздiктi қорғау, отандық қаржы институттарын реформалауды жеделдету мақсатында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының 1996 жылғы 17 мамырдағы N 120 қаулысымен бекiтiлген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесiн одан әрi реформалау бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi:
      "Тұран Әлем Банкi" жабық акционерлiк қоғамы акцияларының 100
процентiн сату жөнiнде тендер жеңiмпазын iрiктеу өлшемi ретiнде ең жоғары баға шартында белгiленген тәртiппен жабық тендер өткiзсiн;<*>
      тендер өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 1998.02.27. N 158 қаулысымен .
      2. Тендер өткiзу жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Тендер өткiзу жөнiндегi комиссия:
      1998 жылдың 23 ақпанына дейiн мерзiмде шаралар жоспарын, жабық тендер өткiзудiң тәртiбi мен шарттарын бекiтсiн, бұл ретте тендердiң тек отандық сатып алушылар арасында жүргiзiлетiнi назарды ұсталсын;
      1998 жылдың 23 наурызына дейiн мерзiмде тендердi өткiзсiн, жеңiмпазды анықтап, жеңiмпазға "Тұран Әлем Банкi" жабық акционерлiк қоғамы акцияларының тиiстi пакетiн сатып алу құқығын берсiн. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 1998.02.27. N 158 қаулысымен .
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен "Тұран Әлем Банкi" жабық акционерлiк қоғамының тиiстi акцияларын тендердiң жеңiмпазына сататын болсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң            
1998 жылғы 21 қаңтардағы      
N 25 Қаулысымен          
бекiтiлген              

            Тендер өткiзу жөнiндегi комиссия туралы
                               ЕРЕЖЕ

                         1. Жалпы ережелер

      1. Тендер өткiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Тұран Әлем Банкi" жабық акционерлiк қоғамы акцияларының бақылау пакетiн сатып алуға құқық алуға қажеттi талаптарға жауап беретiн инвесторды анықтау үшiн, отандық инвесторлар арасында тендер өткiзу мақсатында құрылады.
      2. Комиссия алқалы орган болып табылады. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының, мемлекеттiк басқарудың басқа органдарының және "Тұран Әлем Банкi" жабық акционерлiк қоғамының өкiлдерi кiргiзiледi. Комиссияның жеке құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң және нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа  алады.

             2. Комиссияның функциялары

      4. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн мынадай функцияларды жүзеге асырады:
     - жекешелендiру объектiсiнiң 1997 жылдың аудитi бойынша
айқындалған бастапқы бағасын бекiтедi;
     - отандық инвесторларды тендерге жiберудiң шарттарын
белгiлейдi;
     - тендердi өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
     - тендерге қатысуға жiберiлген отандық инвесторлардың арасында
тендер өткiзедi;
     - тендердiң жеңiмпазын белгiлейдi.
     5. Комиссияның:
     - тендерге қатысуға жiберiлген отандық инвесторлардан қосымша
ақпарат алуға;
     - Комиссияның жұмысына сарапшыларды, мамандандырылған
консалтинг және өзге де ұйымдарды тартуға;
     - өз құзыретiнiң шегiнде комиссия шешiмдерiнiң орындалуына
бақылау мен тексерудi жүзеге асыруға құқығы бар.

                3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссияны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен тағайындалатын төраға басқарады. Төраға Комиссияның қызметiн басқарады, оның жұмысын ұйымдастырады.
      7. Комиссияның отырыстары Комиссия төрағасының бастамашылығымен немесе Комиссия мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң талап етуi бойынша шақырылады. Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда Комиссия отырысы заңды болып табылады.
      8. Комиссияның әрбiр мүшесiнiң бiр дауысы болады.
      9. Комиссия шешiмдерi Комиссияның қатысып отырған мүшелерiнiң
жалпы санының қарапайым көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның даусы шешушi болып табылады. Комиссия мүшесi Комиссия қабылдаған шешiммен келiспеген жағдайда, ол өзiнiң ерекше пiкiрiн айтуға тиiс. Комиссияның шешiмдерi қаулымен ресiмделедi. Қаулыға Комиссияның барлық мүшелерi қол қояды. 

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң              
1998 жылғы 21 қаңтардағы        
N 25 Қаулысына             
қосымша                 

                 Тендер өткiзу жөнiндегi комиссияның
                               ҚҰРАМЫ

     Ертiлесова Ж.Ж.        - Қазақстан Республикасының Қаржы
                              вице-министрi, комиссия төрағасы
     Дәмитов Қ.Қ.           - Қазақстан Республикасы
                              Премьер-Министрiнiң кеңесшiсi
     Ержанов Ө.С.           - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
                              төрағасының орынбасары
     Кулинов У.Д.           - Қазақстан Республикасының бағалы
                              қағаздар жөнiндегi ұлттық
                              комиссиясының мүшесi - атқарушы
                              директор
     Николлс М.             - Еуропалық Қайта жаңарту және Даму
                              Банкiнiң Қазақстандағы өкiлi (келiсiм
                              бойынша, мемлекеттiк құпияны құрайтын
                              құжаттармен танысу құқығынсыз)
     Раханов М.С.           - Қазақстан Республикасы Қаржы
                              министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және
                              жекешелендiру департаментiнiң
                              директоры
     Шүкеев Ө.Е.            - "Тұран Әлем Банкi" ЖАҚ Басқармасының
                              төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады