Астананың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етумен айналысатын акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн Ақмола қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 37

      Ақмола қаласына Қазақстан Республикасының астанасы мәртебесiнiң берiлуiне байланысты және қала шаруашылығын тиiмдi басқару мен дамытуды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен:
      қосымшаға сәйкес акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк

 

пакеттерiн Ақмола қаласының коммуналдық меншiгiне берсiн;

     "KEGOC" электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан

компаниясы" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп, оны кейiн Ақмола

қаласының коммуналдық меншiгiне беру үшiн Ақмола қалалық электр

желiлерiнiң мүлкiн одан бөлектеу балансы бойынша бөлу жолымен

"Ақмола РЭК" акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыруды қамтамасыз

етсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы

                                               Үкiметiнiң

                                        1998 жылғы 27 қаңтардағы

                                            N 37 Қаулысына

                                               қосымша


             Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi Ақмола

             қаласының коммуналдық меншiгiне берiлетiн

                  акционерлiк қоғамдардың тiзбесi


     "Ақмола ЖЭО-2" АҚ

     "Ақмола жылу желiлерi" АҚ

     "Ақмола қалалық электр көлiгi" АҚ

     "N 1 автобус паркi" АҚ

     "Қалалық жол құрылысы" АҚ

     "Арнаулы автокөлiк" АҚ

     Ақмола қалалық электр желiлерiнiң мүлкi




     ЕСКЕРТУ. Қосымша толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 1998.01.30. N 58

              қаулысымен. 


P980058_



     ЕСКЕРТУ. Қосымшадан жол алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 1998.06.29.

              N 610 қаулысымен. 


P980610_







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады