Байланыс формасы

Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнаманы қолдану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысы 1998 жылғы 14 мамыр N 3.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
      "дәрежеленетіні", "дәрежеленеді", "дәрежелеу", "дәрежеленуге", "дәрежеленуді", "дәрежеленуі" деген сөздер тиісінше "сараланатыны", "сараланады", "саралау", "саралануға", "саралануды", "саралануы" деген сөздермен ауыстырылды;
      "ҚІЖК-нің", "ҚК-тің" деген сөздер тиісінше "ҚПК-нің", "ҚК-нің" деген сөздермен ауыстырылды;
      "заттарды", "заттар" "заттарға" "заттың", "затты", "зат", "заттармен", "заттардың" деген сөздерден кейін тиісінше "сол тектестерді", "сол тектестер", "сол тектестерге", "сол тектестің", "сол тектесті", "сол тектес", "сол тектестермен", "сол тектестердің" деген сөздермен толықтырылды;
      "қылмыс", "қылмыстың", "қылмысты", "қылмысы", "қылмыстары", "қылмыстарды", "қылмыстардың" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылықтың", "қылмыстық құқық бұзушылықты", "қылмыстық құқық бұзушулығы", "қылмыстық құқық бұзушулықтары", "қылмыстық құқық бұзушулықтарды", "қылмыстық құқық бұзушулықтардың" деген сөздермен ауыстырылды;
      "ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым)" деген сөздер "қылмыстық топ" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Есірткі, психотроптық, улы сол тектестерді және прекурсорларды заңсыз айналымға түсіргені үшін жауапкершілік сол сол тектестерді дайындауға пайдаланатын құрал-жабдықтар үшін жауапкершілік белгілейтін заңдарды біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатымен және осы категориядағы істер бойынша сот әділдігін жүзеге асырудың сапасын көтеруді көздей отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: <*>

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен; 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

      1. Есірткі, психотроптық сол тектестерді және оларды дайындауға немесе қайта өңдеуге пайдаланылатын сол тектестерді (прекурсорлар), 2002 жылғы 8 тамызда күшіне енген "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық сол тектестер және прекурсорлар тізіміне енгізілген сол тектестер үшін ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын түсіндіру керек. ("Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279-І Заңына (бұдан әрі – Есірткі туралы заң) 1-қосымша")

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен; 2003.07.11. N 7 қаулысымен; 31.03.2017 № 3 нормативтік (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1-1. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Жоғарыда көрсетілген сол тектестерді сатып алу, басқа товарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, туып алғанды иелену, құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы біткеннен кейінгі қалдығын жинап алуды т.б. заңсыз алу деп түсіну керек.

      2-1. Есірткі туралы заңның 1-бабының 14) тармақшасына сәйкес тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасының шегiнде есiрткiнің, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөнiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып жасалған кез келген iс-әрекеттер есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз тасымалдау болып табылады.

      Есiрткi, психотроптық сол тектестерді, прекурсорларды заңсыз пайдаланып жүрген адамдар, сондай-ақ оның тапсырмасы бойынша басқа да адамдар тасымалдауды жүзеге асыра алады. Аталған сол тектестерді орнынан көшіруді басқаларға тапсырған адам тасымалдауды ұйымдастырушы, ал егер, тасымалдауды қылмыстық заң бойынша жауапкершiлiкке тартылмайтын (мысалы, есi дұрыс емес, қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн жасы толмаған, немесе сол тектестің сипаты туралы хабарсыз) адамдарға тапсырса, онда қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушы ретiнде жауапқа тартылады.

      Есірткіні және психотроптық сол тектестерді тасымалдау олар тасымалдана бастаған сәттен бастап аяқталды деп есептеу қажет.

      Адамның өзінің жеке басының пайдалануына арналған есірткі немесе психотроптық сол тектестерді сапарға шыққан кезінде шағын мөлшерде сақтауы заңсыз тасымалдау деп саралануға тиіс емес.

      Адамның есірткіні немесе психотроптық сол тектестерді көп мөлшерде тасымалдау фактісінің өзі онда оларды өткізу, өткізу мақсатында тасымалдау немесе осы әрекеттерге бірге қатысу ниеті болғанын куәландыра алады.

      Ескерту. 2-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      3. Сол сол тектестерді кінәлінің арнайы рұқсатсыз иелігінен (өзінен, жасырын жерден, үй-жайдан, көлік құралынан, басқада орындардан) тауып алумен байланысты кез-келген қасақана әрекет заңсыз сақтау болып табылады.

      Өткізу мақсатында заңсыз сақтау пиғылымен жасалғандығы жөнінде мәселені шешу үшін, бұл сол тектестер анық өткізуге дайындалғандығын дәлелдейтін айғақтар жинағын арқау ету керек (мысалы, жоғарыда көрсетілген сол тектестер көп мөлшерде табылса, оларды өзі ғана қолданатынын жоққа шығаратын жағдайда, бөлшектеу, оларды дайындайтын және бөлуге арналған құралдар мен жабдықтардың болуы, кінәлінің өзі есірткіні қолданбайтындығы фактісі т.с.с.).

      3-1. Есірткі немесе психотроптық сол тектестерді заңсыз алу, тасымалдау немесе сақтау:

      егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз жасалса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 296-бабының төртінші бөлігі бойынша;

      егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты шағын мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса, ҚК-нің 297-бабының бірінші бөлігі бойынша;

      егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса, ҚК-нің 297-бабының екінші бөлігі бойынша;

      егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса, сондай-ақ осы әрекеттерді есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе бірнеше рет өткізу мақсатымен жасаса немесе қызмет бабын пайдаланып, лауазымды адам жасаса, ҚК-нің 297-бабының үшінші бөлігі бойынша;

      егер осы әрекеттерді есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен қылмыстық топ жасаса немесе білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмағандарға көрінеу қатысты жасалса, ҚК-нің 297-бабының төртінші бөлігі бойынша саралауға жатады.

      Ескерту. 3-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      4. Кез-келген әдейі жасалған әрекет нәтижесінде белгілі бір есірткі сол тектес Тізімге енгізілген затқа айналдырылса, заңсыз дайындау болып табылады. Ал сол сол тектестердің формасын өзгерту (ұстау, таблеткаға қалыптау, пилюли, плиткалар, пасталар т.б.) заңсыз дайындау болып есептелмейді.

      4-1. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      5. Есірткі немесе психотроптық сол тектесті дайындауға немесе қайта өңдеуге пайдалану мақсатында қолдан немесе өндірістік жолмен жасалған сол тектестер немесе соған ыңғайланған құралдар (тұрмыстық-шаруашылық бағыттағы заттардан басқа) соларды жасауға арналған құрал және аспапқа жатады деп түсіну керек.

      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен .

      6. Белгілі бір есірткі немесе психотроптық сол тектестің күшін көтеру үшін тазарту (жат қоспалардан тазарту) заңсыз өңдеу болып есептеледі. Құрамында есірткі сол тектес бар өсімдіктерді кептіру, ұсату, кейбір бөлшектерден ажырату және басқада түрлендіру (сол заттан басқа бір есірткі сол тектес алынбаса) заңсыз қайта өңдеу деп есептелмейді.

      6-1. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      7. Есiрткiні немесе психотроптық сол тектестерді заңсыз жөнелту деп оларды байланыстың кез келген түрімен, арнайы адам арқылы, сондай-ақ жануарларды, құстарды пайдаланып жіберуді түсiну керек.

      Жөнелтуді ресімдеу, яғни жүкті байланыс кәсіпорнының немесе көлік ұйымының ресми өкіліне не жөнелтуді жүзеге асыратын адамға тапсыру кезін жөнелту аяқталған сәт деп есептеген жөн.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      7-1. Есірткі немесе психотроптық сол тектестерді заңсыз әзірлеу, қайта өңдеу немесе жіберу:

      егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты шағын мөлшерде жасалса, ҚК-нің 297-бабының бірінші бөлігі бойынша;

      егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты ірі мөлшерде жасалса, ҚК-нің 297-бабының екінші бөлігі бойынша;

      егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты аса ірі мөлшерде жасалса, сондай-ақ осы әрекеттерді есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде бірнеше мәрте не адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе қызмет бабын пайдаланып, лауазымды адам жасаса, ҚК-нің 297-бабының үшінші бөлігі бойынша;

      егер осы әрекетті есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде қылмыстық топ жасаса немесе білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмағандарға көрінеу қатысты жасалса, ҚК-нің 297-бабының төртінші бөлігі бойынша саралауға жатады.

      Ескерту. Қаулы 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      8. Есірткі немесе психотроптық сол тектестерді өткізу мақсатымен заңсыз иемденіп алған, тасымалдаған немесе сақтаған не өткізу мақсатымен немесе онсыз, есірткі немесе психотроптық сол тектестерді дайындаған, ұқсатқан, жөнелткен не өткізген адамдардың әрекеттері, егер ол көрсетілген қоғамдық қауіпті әрекеттердің бірін немесе бірнешеуін бұрын жасаған және бұл үшін сотталмаған болса, қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше мәрте жасалу белгісі бойынша ҚК-нің 297-бабының үшінші бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланатыны соттарға түсіндірілсін. Егер адам бұрын жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса немесе мұндай қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетсе, қылмыстық құқық бұзушылық бірнеше рет жасалған деп танылмайды.

      Бір адамның есірткіні, психотроптық сол тектестерді бірнеше сатып алушыға не бір сатып алушыға екі немесе одан да көп рет сатуы, оның ішінде біраз уақыт өткізіп барып сатуы, егер кінәлінің өткізген сайын сатудың әрбір фактісі бойынша өзінің осындай пиғылды көздегені анықталса, есірткі немесе психотроптық сол тектестерді бірнеше мәрте сату деп сараланады.

      Ескерту. 8-тармақ алып тасталды - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22 N 19, 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11 N 7, өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      9. Есірткі, психотроптық сол тектестерді прекурсорларды бір тұлғаның билігінен басқа тұлғаларға заңсыз өткізу немесе берудің кез-келген осы бағыттағы тәсілін заңсыз өткізу деп түсіну керек (сату, сыйлау, қарызын өтеу, айырбастау, қарызға беру, басқа тұлғаға укол салу т.с.с.).

      9-1. Есірткі немесе психотроптық сол тектестерді өткізу:

      егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты шағын мөлшерде жасалса, ҚК-нің 297-бабының бірінші бөлігі бойынша;

      егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты ірі мөлшерде жасалса, ҚК-нің 297-бабының екінші бөлігі бойынша;

      егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты аса ірі мөлшерде жасалса, сондай-ақ осы әрекетті есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде бірнеше мәрте не адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе қызмет бабын пайдаланып, лауазымды адам жасаса, ҚК-нің 297-бабының үшінші бөлігі бойынша;

      егер осы әрекетті есірткі немесе психотроптық сол тектестерге қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде қылмыстық топ жасаса немесе білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмағандарға көрінеу қатысты жасалса, ҚК-нің 297-бабының төртінші бөлігі бойынша саралауға жатады.

      Кінәлі адам, сатып алушыны жаңылыстырып, есірткі немесе психотроптық сол тектестер деп өзге сол тектестерді өткізген жағдайда, оның әрекеттері алаяқтық деп саралануға жатады.

      Алдаудың әсерімен осындай сол тектестерді сатып алған адамның әрекеттері есірткіні немесе психотроптық сол тектестерді сатып алуға оқталу деп саралануға жатады.

      Есірткіні немесе психотроптық сол тектестерді өткізудегі немесе сатып алудағы делдалдың әрекеттерін оның кімнің мүддесі үшін (өткізушінің немесе сатып алушының) әрекет етуіне қарай, есірткіні немесе психотроптық сол тектестерді өткізуге немесе салып алуға қатысушы деп саралаған жөн. Егер бұл ретте делдал сатып алушының да, өткізушінің де мүддесі үшін әрекет етсе, онда ол өткізуге бірге қатысқаны үшін жауапкершілік көтереді.

      Егер адам есірткінің немесе психотроптық сол тектестердің нақты иесінің өтініші бойынша оларды өткізуге тікелей қатысса, онда оның әрекеттері өткізуге бірге қатысу деп саралануға жатады.

      Егер есірткі немесе психотроптық сол тектес тұтынушының өзінікі болса, соңғысының өтініші бойынша екінші адамның оған аталған сол тектесті егуін заңсыз өткізу деп саралауға болмайды.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11 N 7 қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      9-2. ҚК-нің 296, 297-баптарының түрлі бөліктерімен көзделген бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде, бұл әрекеттер тұтас алғанда осы баптың ең қатаң жазаны көздейтін және әрбір қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілерін қамтитын бөлігі бойынша ғана саралануға жатады. Бұл ретте қылмыстық заңның осы бабының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты белгіленген саралау белгілері бойынша айып тағылып, үкімде көрсетілуге тиіс.

      Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      9-3. Адамның есірткіні ірі мөлшерде өткізу мақсатында оны заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау және оның бөлігін бірнеше дүркін өткізу әрекеттері ҚК-нің 297-бабы үшінші бөлігінің 2-тармағы бойынша, ал оның бөлігін бір дүркін өткізуі - ҚК-нің 297-бабының екінші бөлігі бойынша саралануға жатады.

      Адамның есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында оны заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау және оның бөлігін бір дүркін өткізу әрекеттері ҚК-нің 297-бабы үшінші бөлігінің 3-тармағы бойынша саралануға жатады.

      Адамның есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау және оның бөлігін бірнеше дүркін өткізу әрекеттері ҚК-нің 297-бабы үшінші бөлігінің 2 және 3-тармақтары бойынша саралануға жатады.

      Бұл ретте кінәлі жасаған барлық әрекеттердің, яғни есірткіні өткізу мақсатында оны заңсыз алудың, тасымалдаудың немесе сақтаудың, сондай-ақ өткізудің белгілері бойынша айыптауда және үкімде көрсетілуге тиіс.

      Ескерту. 9-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      9-4. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-ХIII Заңының ережелеріне сәйкес есірткіні немесе психотроптық сол тектестерді жедел сатып алу және өзге де жедел-іздестіру іс-шаралары оларды жүргізу үшін заңмен көзделген негіздер болғанда ғана, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның хабардар болуымен және оның бақылауымен оған жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізілетінін соттардың назарда ұстағаны жөн. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде азаматтарды құқық бұзушылықтарды жасауға итермелеуге және арандатуға болмайды.

      Жедел-іздестіру іс-шарасына іске мүдделі немесе қылмыстық қудалау органдарына тәуелді не олардың қатысуымен болып жатқан әрекеттерді толық әрі дұрыс қабылдай алмайтын адамдардың, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың куәгерлер ретінде қатысуы соттың жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайтын нақты деректер деп тануына әкеледі.

      Ескерту. 9-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      10. ҚК-нің 286-бабында көрсетілген жауапкершілік, аталмыш сол тектестерді мемлекет ішіне заңсыз кіргізу немесе мемлекеттен тысқары шығарғаны үшін қолданылады, ал олардың Қазақстан Республикасы көлеміндегі бос қоймалар немесе еркін кедендік шекара аймағындағы заңсыз қозғалыс жағдайына қолданылмайды.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      11. Есірткі немесе психотроптық сол тектестердің, күшті әсер ететін, улы сол тектестердің, прекурсорлардың нақтылы түрін, атауын, мөлшерін, салмағын және көлемін анықтау, сондай-ақ оларды дайындау үшін қолданылатын сол тектестердің, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың жарамдылығын анықтау үшін сараптама жүргізу қажет.

      2002 жылғы 8 тамызда күшіне енген көрсетілген сол тектестердің шағын, ірі және өте ірі мөлшерін заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеге сәйкес белгілеген жөн (Есірткі туралы заңға 2-қосымша).

      Осы орайда, егер жаңадан бекітілген Тізім мен Жиынтық кестеге сәйкес жауаптылық немесе жаза жеңілдетілсе немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайы өзгедей жақсарса, онда осы ереженің кері күші қолданылатынын назарда ұстау қажет.

      Жиынтық кесте әр есірткінің немесе психотроптық сол тектестің мөлшері мен түрін жеке-жеке анықтайтындықтан, егер тұлға әр түрлі есірткімен немесе психотроптық сол тектестермен ұсталса, онда кінәлінің әрекетін саралау кезінде әр түрлі есірткінің немесе психотроптық сол тектестердің жалпы салмағын қосып есептеуге жол берілмейді.

      Жұлынған зығыр өсімдіктері мен апиын көкнәрінен тұратын есірткі мен психотроптық сол тектестердің мөлшері мен салмағын анықтау кезінде оның есірткісі жоқ бөліктерін (топырақ, тамырлар және т.б.) қоспай, бөліп тастаулары қажет.

      Адамнан құрамында есірткі бар (күшті әсер ететін) ерітінділер табылған кезде ерітіндінің осы мөлшерін алу үшін есірткінің немесе психотроптық сол тектестің ірі немесе аса ірі мөлшерде пайдаланылғаны сараптама жасау жолымен анықталған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық туындайтынын соттар назарда ұстаулары қажет. <*>

      Есеңгірету үшін притондар ұйымдастырғаны және ұстағаны үшін ҚК-нің 310-бабы бойынша жауапқа тарту мәселесін шешуде, есірткі немесе психотроптық сол тектес болып табылмайтын дәрілікке пайдаланылатын немесе басқа да сол тектестер, оларды пайдаланғанда адамға есеңгірету ықпалын тигізетіндігін анықтау мақсатында, осыған сәйкес сараптама жасау қажет.

      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ толықтырылды - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999.04.30. N 2 қаулысымен.

      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      12. ҚК-нің 303-бабының бірінші бөлігімен жауапқа тарту үшін сот сол тектестермен айналысу ережесін бұзу фактісі жеткілікті, қажетті жағдайда оны осыған сәйкес сараптама жасау арқылы айқындау қажет екендігі түсіндірілсін. Бұл әрекетті осы баптың екінші бөлігімен саралау үшін осы ережелерді бұзу салдары - ауыр салдарлардың туындауы немесе есірткінің, психтроптық, улы заттардың, сол текстердің ұрлануы қажетті шарт болып табылады. Абайсызда адам өліміне әкеліп соқса немесе адам өміріне ауыр зиян келтірсе, ондай әрекеттер ҚК-нің тиісті бабы бойынша қосымша саралануға жатады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      13. Есірткі, психотроптық және улы сол тектестерді қолдану тәртібін бұзу, ұрлау мақсатымен жасалса немесе ұрлыққа ұласатын болса, онда бұл әрекет ҚК-нің 303-бабының екінші бөлігі және 298-бабының осыған сәйкес бөлігінің жиынтығымен сараланады.

      Тұлға есірткі, психотроптық және улы сол тектестерді қолдану ережесін бұзумен бірге қызмет мүддесіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаса (пара алу, қызмет өкілдігін теріс пайдалану, заңсыз сыйлық алу т.б.) ондай тұлға ҚК-нің 303-бабымен және аталған қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін басқа баптардың жиынтығы бойынша жауапкершілікке тартылады.

      Ескерту. 13-тармақ өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен ; 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      14. Өздерiнiң қызмет бабы бойынша есiрткi, психотроптық және улы сол тектестерге, оларды дайындауға немесе қайта өңдеуге пайдаланатын құрал-жабдықтарға қатысы бар лауазымды және лауазымсыз тұлғалар, сондай-ақ аталғандар оларға қызмет бабы бойынша пайдалануға немесе сақтауға берiлген адамдар ҚК-нің 298-бабы екінші бөлігінің 3-тармағында, 301-бабы үшінші бөлігінің 1-тармағында және 303-бабында көрсетiлген қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъектiлерi болып табылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      15. Есірткі немесе психотроптық сол тектестерді пайдалануға көндіру деп, басқа тұлғалардың оларды тұтынуға ниетін қоздыруға бағытталған кез-келген қасақана әрекетін (үгіттеу, ұсыныс жасау, ақыл беру, адастыру, алдау, қорқыту) түсіну керек. Тұлғаға есірткі немесе психотроптық сол тектестерді қолдануға әсер ету мақсатымен, икемденуші тұлға оны қолданса да немесе басқа бір себептермен қолдана алмаса да (икемделушінің қолданудан бас тартуы, басқа тұлғалардың араласуы т.с.с.) қылмыстық құқық бұзушылық аяқталған болып есептеледі. Бұл жағдайда, икемделген тұлға бұдан бұрын сол сол тектестерді қолданғандығы оның жауапкершілігін шешуде маңыз атқармайды.

      Кінәлінің есірткіні немесе психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға ынтаны қоздыруға бағытталған, әртүрлі адамдарға немесе бір адамға қатысты әртүрлі уақытта жасалған әрекетін ҚК-нің 299-бабы екінші бөлігінің 2-тармағы бойынша, екі және одан көп адамдарға қатысты бір мезгілде жасалған осы әрекеттер – аталған баптың үшінші бөлігінің 1-тармағы бойынша саралануға жатады.

      Есірткі немесе психотроптық сол тектестерді қолдануға көндіру жәбірленушінің абайсызда өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеліп соқса, ондай әрекеттер ҚК-нің басқа баптарымен қосымша жеке адамға қарсы саралануды қажет етпейді. ҚК-нің 299-бабы төртінші бөлігінде көрсетілген ауыр зардаптарға абайсызда жәбірленушінің денсаулығына келтірілген залал, есірткіге тәуелді болу, жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі, немесе қастандық жасауы, жүйке ауруы немесе осы ауырудың күшеюі және ВИЧ инфекциясын жұқтыру және т.б. жатады.

      Егер есірткі немесе психотроптық сол тектестерді қолдануға көндіру кезінде кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зардап тигізсе, оның әрекеті ҚК-нің 299-бабы үшінші бөлігінің 2-тармағымен және 106-бабының тиісті бөлігімен саралануы керек.

      Есірткі немесе психотроптық сол тектестерді қолдануға кәмелетке толмаған тұлғаны көндіргені үшін, ҚК-нің 299-бабы үшінші бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі болып тек кәмелетке жеткен тұлға ғана табылады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      16. Притон деп есірткі немесе психотроптық сол тектестерді қолдануға берілетін және оған бейімделген тұрғын үй немесе тұруға болмайтын үйлерді айтады.

      Притон ұйымдастыру деп оларды құруға арналған әрекеттерді (іздеу, жалдау, үйлерді және жиһаздарды осыған сай етіп жабдықтау т.с.с.), ал үй болған жағдайда есірткі немесе психотроптық сол тектестерді қолдануға ниеті бар тұлғаларды тарту әрекеттері табылады т.с.с.

      Притонды ұстау, оның жүйелі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерден тұрады (оны материалдық жағынан қамтамасыз ету, күзету, жөндеу, клиенттерге қызмет көрсету, қолдану үшін құралдармен жабдықтарды табу т.с.с.).

      Егер притонды ұйымдастыру және ұстау есірткі сол тектестерді заңсыз айналымға салумен немесе оны қолдануға көндірумен ұштасса, бұл әрекеттер ҚК-нің 302-бабының соған сәйкес бөлігімен және басқа жасаған қылмыстар үшін жауапкершілікке тартатын баптар жиынтығымен сараланады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      17. Тізімде көрсетілген, құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тиым салынған өсімдіктерді кез-келген жер учаскесіне дәнін рұқсатсыз отырғызуды, ал оны заңсыз себу деп егіске күтім жүргізіп, оны пісу сатысына жеткізуді заңсыз өсіру деп түсіну керек.

      Сапасын арттыру деп өсіруге тиым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді сұрыптау яғни олардың жаңа сорттарын өсіріп шығарумен әрі қарай жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттер танылады.

      17-1. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      18. Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері ҚК-нің 296-бабына ескертпеде көрсетілген, келтірілген тізбе толық болып табылады. Сол сол тектестерді нақты қолдану мүмкіндігі бол тұра ол жергілікті билік өкіліне тапсырса, бұл өз еркімен тапсырған болып табылады. Есірткі немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымға түсуіне байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға немесе олардың жолын кесуге белсенді көмек көрсету осы қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға немесе оның жолын кесуге, істің нақты мән-жайларын, іс-әрекетті жасауға қатысы бар адамдарды, соңғылардың тұрғылықты жерін анықтауға және оларды ұстап алуға, есірткі немесе психотроптық заттарды табуға және т.б. бағытталған қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын органдардың іс-шараларына субъектінің өзінің еркімен қатысуын көздейді.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      19. Есірткі немесе психотроптық сол тектестердің заңсыз айналымға түсуіне байланысты істі қараған кезде, соттар қажетті жағдайда, айыпкерге нашақорлық немесе таксикоманиядан еркінен тыс емделуді қолдану мәселесін шешу үшін сот-наркологиялық сараптама тағайындауы қажет. Нашақорлық немесе таксикоманиядан емделуді қажет ететін тұлғаларға ҚК-нің 91-бабының талабына сәйкес еркінен тыс емдеу шараларын қолдану туралы мәселені талқылау керек.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      19-1. Соттар тергеудің заңсыз тәсілдері туралы сотталушылардың арыздарын мұқият әрі жан-жақты тексеруге тиіс. Бұл орайда қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істер жүргізу заңын бұзу және бұрмалау жолымен алынған дәлелдемелерін анықтау мақсатында олардың жедел-іздестіру өндірісінің және тергеу амалдарының тәртібін реттейтін қылмыстық-заңнама талаптарын сақтауына ерекше назар аудару қажет.

      Арызда көрсетілген уәждер анықталған жағдайда осындай жолмен алынған дәлелдемелер алып тастауға жатады.

      Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

      20. Бұл категориядағы істер бойынша айғақ сол тектестер тағдыры Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 118-бабы үшінші бөлігінің 2-тармағына сәйкес шешілуі қажет.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      21. Соттар қылмыстық құқық бұзушылық жасауға мүмкіншілік тудыратын себеп пен жағдайларға көңіл аударып, сонымен бірге алдын-ала тексеру кезінде, заң қарастырғандай, ол сол тектестерді алу немесе тарату көздерін, есірткі немесе психотроптық сол тектестердің заңсыз айналымының нәтижесінде алынған ақша қаражаттары мен мүліктерді заңдастырудың көздері мен жолдарын анықтап, оған негіз болған жағдайда ҚПК-нің 405-бабына сәйкес, жеке қаулы шығаруы қажет.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен; 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      22. Осы қаулының қабылдануына байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының:

      1988-жылғы 25-наурыздағы 2-ші санды Пленум қаулысы мен өзгертулер енгізілген 1986-жылғы 10-қазандағы "Нашақорлықпен күресуге бағытталған заңдарды қолдануға байланысты сот тәжірибесі туралы" 16-шы санды;

      1988-жылғы 25-наурыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 2-ші санды қаулысымен "Нашақорлықпен күресуге бағытталған заңдарды қолдануға байланысты сот тәжірибесі туралы" 1986-жылғы 10-қазандағы 16-шы санды қаулысына өзгерістер енгізу туралы;

      1991-жылғы 5-сәуірдегі 2-ші санды "Жамбыл облысы соттарының есірткі құралдарымен заңсыз айналысу туралы заңдар талаптарын орындау барысы туралы" қаулылары күшін жойды деп танылсын;

      - 1987-жылғы 24-желтоқсандағы КСРО Жоғарғы Соты Пленумының "Есірткі сол тектестерді ұрлау, оларды заңсыз түрде дайындау мен таратуға және басқада есірткі құралдары, күшті әсер ететін және улы сол тектестерге байланысты істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 12-ші санды қаулысы қолданылмайды деп танылсын.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Пленум хатшысы,


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады