Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi жүйесiнiң ұйымдарын басқаруды жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 24 наурыздағы N 256

      Мемлекеттiк ұйымдар жүйесiн басқаруды жетiлдiру, ұтымды ету және бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Заңдарда белгiленген тәртiппен мыналар: 
      1) қосу арқылы: 
      М.Ж.Дулати атындағы Жамбыл университетi, Жамбыл технологиялық жеңiл және тамақ өнеркәсiбi институты, Жамбыл гидромелиоративтiк құрылыс институты М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттiк университетi болып; 
      Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетi, Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетi болып; 
      М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан гуманитарлық университетi мен Оңтүстiк Қазақстан техникалық университетi М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi болып; 
      Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм проблемалары институты, Оқу және әдiстемелiк әдебиет жөнiндегi республикалық баспа кабинетi Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы болып; 
      Гигиена және кәсiптiк аурулар жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстан эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы болып; 
      Радиациялық медицина және экология жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты (Семей қаласы) мен Аймақтық емдеу-диагностика орталығы (Курчатов қаласы) Семей қаласындағы Радиациялық медицина және экология жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылсын; 
      2) бөлiп шығару арқылы: 
      құрамынан Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Бiлiм комитетiнiң жанындағы Бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттары жөнiндегi республикалық орталық бөлiп шығарылып Бiлiм берудегi жаңа технологиялар жөнiндегi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталық; 
      құрамынан Атырау мұнай және газ институты бөлiп шығарылып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетi; 
      құрамынан Қазақстан Республикасының Бiлiм және денсаулық сақтау министрлiгi Бiлiм комитетiнiң жанындағы "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы бөлiп шығарылып, Республикалық Оқушылар сарайы қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақ мемлекеттiк әлем тiлдерi университетi Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттiк халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетi болып қайта аталсын. 
      3. Заңдарда белгiленген тәртiппен мыналар құрылсын: Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Мәдениет комитетiнiң жанындағы Қазақтың мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты; 
      Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Бiлiм комитетiнiң жанындағы бiлiм берудi информатикаландырудың республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы; 
      Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Туризм және спорт комитетiнiң жанындағы Спорт резервiн дайындау жөнiндегi республикалық оқыту-жаттықтыру орталығы; 
      Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Туризм және спорт комитетiнiң жанындағы Спортшылардың допингке қарсы республикалық зертханасы;
      Ақмола облысының Қаражар поселкесiнде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетiнiң биостанциясы. 
      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен: 
      Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығының; 
      Республикалық емхананың;
      Қазақтың кардиология ғылыми-зерттеу институтының;
      Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының;
      Қазақтың өкпе аурулары ғылыми-зерттеу институтының;
      Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының;
      Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының;
      Н.Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми-зерттеу орталығының;
      Терi-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтының;
      Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының;
       Ескерту. 4-тармақа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.11.10. N 1678 қаулысымен.   
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi: 
      2 ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетiнiң базасын дамыту жөнiнде ұсыныс және тиiстi шешiмнiң жобасын енгiзсiн; 
     заңдарда белгiленген тәртiппен:
     N 1 жөндеу-құрылыс басқармасын;
     Республикалық мәдениет проблемалары ғылыми орталығын;
     Бiлiм берудегi жаңа технологиялар республикалық
ғылыми-әдiстемелiк орталығын;
     Республикалық дене тәрбиесi және спорт басқармасын таратсын.
     6. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауына республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын етiп: 
     "Әзiрет Сұлтан" мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайы; 
     Отырар мемлекеттiк археологиялық қорығы;
     "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы;
     Абай атындағы "Жидебай-Бөрлi" мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы;
     Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы;
     "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорығы;
     "Көне Тараз ескерткiштерi" мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайы берiлсiн.
      7. Жану проблемалары ғылыми-зерттеу институты Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң қарауына берiлсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi осы қаулыда көрсетiлген шараларды 1998 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асыратын болсын. 
      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      10. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
      "Мәдениет проблемаларының республикалық ғылыми орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы  N 113 қаулысы;
     "Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм проблемалары институтын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 11 тамыздағы  N 1244 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 36, 346-құжат).

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
1998 жылғы 24 наурыздағы       
N 256 Қаулысымен          
бекiтiлген             

        Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
              енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      Ескерту. Өзгерiстер мен толықтырулар күшін жойды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады