Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 20 сәуiрдегi N 353.

      "Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 31 желтоқсандағы N 3811 U973811_ Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн, қоса берiлiп отырған, өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1520 және 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 наурыздағы N 434 P970434_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 13, 97-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1520 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 мамырдағы N 702 P970702_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 18, 160-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 тамыздағы N 1282 P971282_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 40, 373-құжат).

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1998 жылғы 20 сәуiрдегi
                                          N 353 қаулысымен
                                             бекiтiлген

            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала
            құрылысын бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр
                  шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
                           мен толықтырулар

     1.

     Ескерту. 1-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.01.26.
              N 126 қаулысымен. P020126_

     2.

     Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.08.19.
              N 918 қаулысымен. P020918_

      3. "Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы N 88 P960088_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 6, 30-құжат):
      1-тармақтағы "Алматы қаласында" деген сөздер "Ақмола және Алматы қалаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2, 3, 6-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады